Конспектісі ikmbzh «Инженерлік кәсіпкерлік, маркетинг және бизнес-жоспарлау»



бет8/15
Дата25.11.2023
өлшемі72,71 Kb.
#127647
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
конспект лекции ИПиМБ

3) жобаны құқықтық қамтамасыз ету.


Егер сіз жобаңыз іске асыру кезеңіне шыға отырып, рифтерге ұшып кетуді қаламасаңыз, онда сіздің жобаңызбен байланысты барлық заңды қырларын түсіну қажет.



Сізде бар немесе болуы тиіс барлық құқықтық құжаттаманы жинаңыз:

  • кәсіпорынның жарғысы;

  • құрылтай шарты;

  • қызмет түрлеріне және инженерлік жабдықтауды жүзеге асыруға (газ, су, жылумен жабдықтау) барлық қажетті лицензиялар);

  • сіздің кәсіпорыныңыздың өніміне патенттер;

  • сапа және сәйкестік сертификаттары;

  • салық салу ерекшеліктеріне қатысты құжаттар;

  • контрагенттермен және серіктестермен шарттар, кепілдік хаттар;

  • сатып алу-сату, жалдау, лизинг шарттары.

4) жобаны жүзеге асыру кестесі.


Сіздің қолыңызда негізгі кезеңдер мен оларға қол жеткізу мерзімдері көрсетілген сіздің жобаңызды іске асырудың күнтізбелік жоспары болған кезде, сіз жұмыстың барлық барысын үнемі бақылай аласыз. Сіздерде тәуекелдердің пайда болуын, жұмыста іркілістерді көздеу мүмкіндігі болады. Сіз бүкіл жобаны анық ұсынасыз.


7-тақырып. Маркетинг бизнес-жоспардың маңызды бөлігі. Маркетинг жоспарын әзірлеу.Маркетингтің мазмұны, функциялары, объектілері және түрлері. Маркетинг тұжырымдамасының қалыптасу тарихы: оның негізгі өкілдері мен мектептері-4сағат.
Дәріс жоспары
1. Маркетингтің пайда болу және дамуының экономикалық алғы шарттары.
2. Маркетингтегі негізгі түсініктер.
3. Маркетингті жоспарлау маңызы мен рөлі. Маркетинг жоспарын тиімді құру мен табысты жүзеге асыруға әсер ететін факторлар.
4. Маркетинг жоспарын өңдеу кезеңдері.
5. Маркетингтік жоспарлардың жіктелуі.

Маркетинг жоспарының негізгі бөлімдеріне келесілер жатады:


1. Бақылау көрсеткіштері.
2. Ағымдағы маркетингтік жағдайдың бейнесі.
3. Қауіптілік тізімі мен фирма мүмкіндіктері.
4. Шешетін міндеттер мен мәселелер тізімі
5. Маркетинг стратегиясы
6. Әркет бағдарламасы
7. Маркетинг бюджеті
8. Шаралардың орындалуын бақылау тәртібі
Кәсіпорынның нарықтық қызметі маркетинг жүйесі деп аталатын ауқымды құрылымдар шеңберінде жүргізіледі. Жүйе кәсіпорындардың нарықтағы қызметінің әдістері мен нәтижелеріне әсерін тигізетін жабдықтаушылар, тұтыну­шылар, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар сияқты элементтердің маңызды стандартын құрайды.
Маркетингте ең бастысы - біртұтас және өзара толық­тырушы қадамның болуы. Бұл, бір жағынан нарықты, сұранымды, талғам мен қажеттілікті, сол арқылы бағдар­лауды, шығарылатын өнімдердің нақты кімге арналғанын мұқият және жан–жақты зерттеп үйренуді білдіреді. Екіншіден – нарыққа және сұранымға, қажеттілік пен сатып алудың артықшылықтарын қалыптастыруға белсенді өзара әрекет болып табылады. Өнім шығарушы мен тұтыну­шыны байланыстыру, оларды бір–бірін табуына көмектесу және сол арқылы алғашқының еңбегін өнімді ету – кәсіп­орынның маркетингтік қызметінің негізгі мақсатын құрайды.
Маркетинг – бұл тауарды итермелеу және күштеп сату емес, қайта сатып алушылардың талап – тілектерін талдау мен оның есебін жүргізудің ғылыми негізделген тұжырым­дамасы, нарықтың нақты сегментінің талаптары, жаңа тауарларды дайындау, оны сатуды ұйымдастырудың жүйе­сі, ынталандыру және жарнама жөніндегі шаралар болып саналады. Бұл сондай–ақ тауар қозғалысы арналарының тиімді жүйесін ұйымдастыру.
Ф.Котлер мынадай анықтама береді: «Маркетинг айыр­бас арқылы мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағат­тан­дыруға бағытталған, адам қызметінің бір түрі». Қажеттілік­термен қатар: тауар, айырбас, мұқтаждық, сұраным, ке­лі­сім- маркетингтің негізгі категориялары.
Маркетинг негізіне жататын бастапқы идея адамдардың мұқтаждық идеясы болып саналады. Мұқтаждық – адамға қандай да бір нәрсенің жетіспей тұрғандығын білдіретін сезім. Адамдардың мұқтаждығы алуан түрлі және күрделі. Бұл жерде тамаққа, киімге, жылуға, қауіпсіздікке деген не­гізгі физиологиялық мұқтаждық және әлеуметтік мұқ­таж­дықтарды айтуға болады.
Жоспарлау – бұл әрбір кәсіпкерлік жұмыстардың нормасы болып табылады. Бизнес–жоспарлау фирманың жеке кәсіпкерлік жұмыстарының әділ бағасы бола отырып, нарық талаптарын шешудегі қажетті құрал ролінде атқарады, яғни кәсіпорынның негізгі аспектілері сипатталады. Бизнес–жоспарлау – бұл ғылыми зерттеу және жобаларды жасау жұмысы болып табылады.
Маркетингтік жоспарлау деп өзгермелі сыртқы ора мен нарықтық конъюнктуралық жағдайларда тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттаныра отырып, фирма қызметін үнемі жетілдіру жолдарын үздіксіз ізедстіру процессі. Жүйелі түрде жасалып отыратын жоспарлау фирмаға келесі түрдегі артықшылықтар береді:

  • жоспарлау жетекшілерді перспективалық тұрғыданжұмыс істеуге итермелейді;

  • жоспарлау фирманың барлық бөлімшелері арасында анық және тура координацияның орнауына әсер етеді;

  • фирма өз мақсаттары мен міндеттерін тура анықтай алады;

  • өз қызметін жүйелі түрде жоспарлап отыратын фирма көптеген кездейсоқ жағдайларға анағұрлым дайын болып келеді;

  • жоспарлау мен пада арасында корреляциялық байланыс бар.

Жоспарлаудың басты мақсаты- анықсыздық дәрежесін төмендетет отырып, кәсіпкерлік тәуекелділіктің алдын ала отырып, фирма ресурстарын ең маңызды деген бағыттараға жұмылдыру.
Жоспарлаудың негізгі міндеттері әр фирма тарапынан атқаратын қызмет түріне, көздеген мақсаттарына, алдына қойған міндеттеріне қарай анықталады. Дегенмен де барлық фирмаларға тән келесі реттегі міндеттерді нұсқауға болады:

  • қоршаған ортаның факторларын зерттеу;

  • мүмкін болатын тәкелділіктер мен қауіп-қатерлерді талдау;

  • болашақтағы даму стратегиясын жасау;

  • өндіріс және жабдықтау жоспарларын жасау;

  • қаржыландырулардың қайнар көздерін анықтау;

  • күтілетін қаржы нәтижелерін алдын ала болжау;

  • жоспарлаудың іске асуын бақылайтын жоспаларды өңдеу.

Жалпы жаспарлау екі бөліктен тұрады- стратегиялық жоспарлау және маркетингті жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау болшаққа бағытталған жоспардың бір түрі, бірақ оны ұзақ мерзімді жоспармен шатасытрмау керек. Мұндағы басты айырмашылық стратегияның негізіне уақыттық критерий емес, жоспардың негізгі мазмұны қойылады.
Маркетинг жоспарын тиімді құру мен табысты жүзеге асыруға әсер ететін факторлар:

  1. Мақсаттарды дұрыс анықтау.

  • Мақсаттар нақты және өлшенетіндей болуы тиіс;

  • Мақсаттар уақытына қарай бейімделген болуы керек;

  • Мақсаттар қол жететтінде болғаны дұрыс.

2. Сыртқы ортадан болатын мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер
3. Маркетингтік жоспарды тиімді құруға және іске асыруға ұйымдық мүмкіндіктер жасау;
4. Қаржыларды мақсаттарға сай жұмсау үшін бюджеттті дұрыс орналастыру;
5. Фирма саясатын дұрыс анықтау;
6. Қызметкерлер мен жұмыскерлерді көздеген мақсаттарына тамаша нәтижелермен қол жеткізетіндей етіп дұрыс мотивациялау;
7. Көздеген нәтижелер мен еңбек ақы арасындағы байланысты ң болуы;
8. көздеген мақсаттарға қол жеткізу үшін компания ішінде қалыпты және ашық атмосфера орната білу.
9. Бұрынғы стратегияларды, олардың артықшылықтар мен кемшіліктерін дұрыс қоя білу;
10. Тәукелділік деңгейі;
11.Акционерлердің рекциясы.
12. Уақыт факторы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет