Конспектісі пәннің атауы: «Әдебиеттануға кіріспе»


ЛЕКЦИЯ.  1. ТАҚЫРЫБЫ : Реализм және Романтизм әдісі



бет30/35
Дата13.01.2023
өлшемі0,54 Mb.
#61199
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Конспект лекций дисциплины Әдебиеттануға кіріспе

29 ЛЕКЦИЯ

1. ТАҚЫРЫБЫ : Реализм және Романтизм әдісі.

2. Лекцияның жоспары:
1. Романтизм әдісін туғызатын қоғамдық және әлеуметтік жағдай. 

  1. Қазақ әдебиетіндегі романтизм. 

  1. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі ерекшеліктері. 

4. XIX ғасыр басындағы сыншыл релизм.
5. Абай реализмінің ерекшеліктері.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX бас кезінде феодалдық крепостнойлық қоғам іріп, ыдырап, буржуазия қанат жая бастаған дәуірде , орыс және Батыс Еуропа әдебиетінде қанатын кең жая бастаған әдеби ағым романтизм болды.


Қоғам өміріндегі экономикалық өзгерістер идеологиялық мәселелерде де әр алуан өзгеріс, әр түрлі көзқарастарды туғызды. Айналасында болып жатқан өзгерістерге, өмір құбылыстарына қалай қарау мәселесі, әсіресе көркемөнер, әдебиетте анығырақ байқалды.
Дамып, өсіп келе жатқан капитализмнен қысымшылық көре бастаған ұсақ буржуазия, бір жағынан, өткен күнді аңсап, өткен күнді асыра дәріптесе, екінші жағынан, қандай болары белгісіз алдағы күндерін де қиял етті. Бұл сықылды идея және көңіл күйлері ол кездегі қоғам құрылысындағы зор қайшылықтар және белгілі бір қоғамдық құрылыстың әлі толық үстемдік ете алмауымен байланысты еді.
Романтизм классицизммен, оның түр мен мазмұнға белгілі бір мөлшер қоюшылығымен және жазу жөніндегі тәртіптерімен күресе отырып қалыптасты. Романтизм кім қай тақырырты таңдайды, оны қалай суреттеп береді, бұл жағынан суретшінің ерікті болуын талап етті.
Шындық өмірден алыстап , болған нәрседен гөрі болуы керек деп аңсаған нәрсесін суреттеуші романтик жазушылардың шығармаларында дағдыдан тыс тарихи, не географиялық жағдайларды ,немесе өзгеше бір жаратылыс, не әлеуметтік орталарды алатындары өте жиі кездеседі.
Бірақ осы тұрғыдан қарағанда, бұған XIX ғасырдың бірінші жартысында Махамбетті, оның айналасын, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Абай және оның жолын қуушылардың шығармаларын мысалға келтіруге болады.
Махамбет өлеңдерінде романтизмнің элементтерін біз мол кездестіреміз. Ақын өз кезіндегі хандық-феодалдық құрылысқа жай, әлсіз түрде ғана наразылық білдіріп қойған жоқ, соны өзгерту үшін көпшілікті қарулы күреске шақырды. Оның өлеңдеріндегі романтикалық сарынның негізінің өзі халық көтерілісінің рухынан туған болатын. Халық көтерілісі де, оның жыршысы Махамбет те жеңіліске ұшырады. Бірақ ақын күштің халықта екендігіне көзі жетіп, оның келешегіне нық сеністік білдірді. Махамбеттің “Ұл туса”, “Бағанылы терек жарылса”, “Ұлы арман” дейтін өлеңдер осыны көрсетеді.
Орыс не Еуропа әдебиетіндегідей сюжетке құрылған поэмалар бізде XIX ғасырдың соңғы кезінде ғана туа бастады. Егер қазақ әідебиетінің өз материялы негізінде романтизм стилінде жазылған поэма, оның құрылысы, адам мінездерінің қалай жасалу жолдарыжағынан келгенде, Абай балалары Ақылбай мен Мағауияның “Қисса Жүсіп”, “Медғат, Қасым” поэмаларын ұсынуға болады.
Романтизм методына тән ерекшелік тек айналасына риза болмаушылық қана емес. Оның басқа да толып жатқан ерекшеліктері бар.
Бірінші, романтикалық шығармаларда Реализм әдісімен жазылған шығармалардың кейіпкерлері оқиға дағдыдан тыс мекен, өмірде кездесе бермейтін жағдайда болады. Екінші, қаһармандары болған адамнан гөрі, болуы керек не өте бір сирек кездесетін және қоынан жақсылық та жамандық та келерлік, сөзіне ісі сай, қатардағы жай адамдардан дараланып, ерекше көзге түсерлік болып келеді. Үшінші, романтикалық қаһармандарға тән мінез – мейлінше бір бет, қайсарлық; нені болсын олар жеріне жеткізе істейді. Ең ақыры бұзылса, мықтап бұзылып, түзелсе, бұрынғы әдетін мүлде қайталамай, мықтап түзеледі. Жақсы көрсе құлай, беріле жақсы көреді де, жек көрсе, енді көрмес, қайрылмас шекке шейін барады. Төртінші қаһармандардың портреттерін, не мінездерін қарама-қарсы қоюшылық, сұлулық пен сиықсыздық, ерлік пен қорқақтық, мейрімділік пен қаталдық тағы басқа осылар тәрізді екі шектегі мінез, көрік, іс-әрекеттерді шендестіріп суреттейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.
2.Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.63-92 б.
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет