Көркем жазу (сиқырлы әріптер) Мақсаты


Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған



бет21/34
Дата15.02.2023
өлшемі7,14 Mb.
#68198
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 31.01.2017ж
Бөлімі: көркем жазу
Тақырыбы: Сс,Зз әріптерін жазу
Мақсаты: Сс,Зз әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Балаларды сөздік, дыбыстық талдау жасауға назар аудартып, олардың сөздік қорын молайту. Балалардың калиграфиясына назар аудару.
Міндеттері: Балалардын қолын жазуға жаттықтыруға, ұқыптылыққа баулу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Балапан дәптерін дайындау, тақпақ жаттау.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, жазуға баулу.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің
іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру

Рефлексивті – түзетушілік




Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Әже тілін аламыз,
Әдепті боп әрқашан,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Үлкенменен кішімен
Сәлемдесіп аламыз.
Сәлеметсің бе мектебім,
Сәлеметсіңдер ме,достарым!
1– тапсырма
Негізгі бөлім:
Жұмбақ шешу:
Сақинаны салғызды
Сарымсақты,сәбізді
Бастап тұрған қай әріп?
Сапсыз орақ тәрізді.(С әрпі).

Ләззатта бар,


Жанатта жоқ
Азатта бар,
Қанатта жоқ. З әрпі
-Қане, с дыбысын дыбыстап көрейік.
-С-с-с.
-Бұлай не ысылдайды?
-жылан.
-С қандай дыбыс?
-дауыссыз,себебі кедергіге ұшырап айтылады
З әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. З әрпін жазу.
Балапан дәптермен жұмыс. З әрпін жазу.

Дәптермен жұмыс


Балалар сендер жазу жазбастан бұрын денелеріңді тік ұстап дәптерлеріңді көлбеу қойып қолдарыңа қаламдарыңды алыңдар.

  • балапан дәптеріндегі Сс,Зз әріптер і бар бетті ашыңдар.қаламды дұрыс ұстап,әдемілеп жазыңдар.

2– тапсырма


«Сөз ойла, тез ойла » д.о.ойын шарты.
Сс,Зз дыбысы бар сөздерді атау .

Сергіту сәті:


Бір,екі,үш,
Жинап алып күш.
Қолғақалам аламыз,
С дыбысын жазамыз

Дәптердегі тапсырмаларды орындау:


«Балапан» дәптерімен жұмыс
Қорытынды: балалар жазған жазуларын мұғалімге көрсетеді, мұғалім тиісті бағаларын қойып мадақтайды.



Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.

Оқу іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады


Керекті құрал- жабдықтарды түгендейді, тексереді

Жазған жазуларын тәрбиешіге көрсетеді




Күтілетін нәтиже:
Не білу керек? қалам ұстауды білу керек.
Нені игерді Сс,Зз әріпін жазуды игерді.
Не біледі? қалам ұстап жазуды біледі.




.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет