Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру
Рефлексивті – түзетушілік
|
Шаттық шеңбері:
Достармен күнде біз,
Мектепте біргеміз
Оқып еңбек етеміз,
Кейде ойнап кетеміз.
Сәлеметсіңдер ме, достар!
1– тапсырма
Негізгі бөлім:
Жұмбақ:
Сәлем алып алыстан
Туысынан таныстан
Келетұған хат-хабар
Қай әріптен басталар. Хат
Хат сөзінде бірінші қай дыбыс
Х дыбысы.
Х әрпінің баспа және жазба түрімен танысу, көрсету
-Қане, х дыбысын дыбыстап көрейік.
-Хх қандай дыбыс?
-дауыссыз,себебі кедергіге ұшырап айтылады
Айдаһардың суретін көрсету. Айдаһар сөзін буынға бөлу. Һ әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Сөздік - хат- письмо- ерте заманнан келе жатқан- хабарласу байланысу тәсілі.
һ дыбысы бар сөздерді ойлап тауып, буынға бөлу. Ай-да-һар, қа-һар, жи- һаз, жа-һан, жау-һар..
Балапан дәптермен жұмыс. Хх,һ әріптерін жазу.
Дәптермен жұмыс
Балалар сендер жазу жазбастан бұрын денелеріңді тік ұстап дәптерлеріңді көлбеу қойып қолдарыңа қаламдарыңды алыңдар.
балапан дәптеріндегі Хх,һ әріптер і бар бетті ашыңдар.қаламды дұрыс ұстап,әдемілеп жазыңдар.
2– тапсырма
«Сөз ойла, тез ойла » д.о.ойын шарты.
Хх,һ дыбысы бар сөздерді атау .
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш,
Жинап алып күш.
Қолғақалам аламыз,
Әріптерді жазамыз
Дәптердегі тапсырмаларды орындау:
«Балапан» дәптерімен жұмыс
Неше сөз бар? Д.о Мен ағама хат жаздым. Анам жиһаз сатып алды. Х,һ дыбыстары туралы білімдерін бекіту.Өткен дыбыстарды қайталау
Қорытынды: балалар жазған жазуларын мұғалімге көрсетеді, мұғалім тиісті бағаларын қойып мадақтайды.
|
Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.
Оқу іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады
Керекті құрал- жабдықтарды түгендейді, тексереді
Жазған жазуларын тәрбиешіге көрсетеді
|