Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру
Рефлексивті – түзетушілік
|
Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан балақай
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
Негізгі бөлім:
Қысы-жазы бір түсте
Ол не? ( Шырша).
Шырша сөзін орысша қалай айтаймыз?
-Суретте нені көріп тұрсыңдар.- Элеваторды, экскаваторды
Элеваторда не сақтайды? Элеваторда астық сақтайды.
Ёлка және элеватор сөздерінде бірінші қай дыбыс естиміз?
-Қане Ёё,Ээ дыбыстарын дыбыстап көрейік.
- Ёё,Ээ дыбыстары бізге орыс әліпбиінен енген. Ол дыбыстарды бір таңбамен белгілесек, айтылғанда , оқылғанда екі дыбыстар шығады. Й-О, Э
-қалай айтылады.
-Біз бүгін сендермен Ёё,Ээ дыбыстарымен танысамыз.Баспа және жазба түрімен таныстыру.
Балапан дәптермен жұмыс. Ёё,Ээ әріптерін жазу.
Дәптермен жұмыс
Балалар сендер жазу жазбастан бұрын денелеріңді тік ұстап дәптерлеріңді көлбеу қойып қолдарыңа қаламдарыңды алыңдар.
балапан дәптеріндегі Ёё,Ээ әріптері бар бетті ашыңдар.қаламды дұрыс ұстап,әдемілеп жазыңдар.
2– тапсырма
«Тез тап» дид.ойыны.Ойын шарты: Ёё,Ээ дыбыстары бар сөздерді тауып, ,дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш,
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
Әріптерді жазамыз
Дәптердегі тапсырмаларды орындау:
«Балапан» дәптерімен жұмыс
Қорытынды: балалар жазған жазуларын мұғалімге көрсетеді, мұғалім тиісті бағаларын қойып мадақтайды.
Күтілетін нәтиже:
Не білу керек? қалам ұстауды білу керек
Нені игерді? Ёё,Ээ әріптерін жазуды игерді.
Не біледі? қалам ұстап жазуды біледі.
|
Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.
Оқу іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады
ёлка
оюмен
Ёё,Ээ дыбыстары
Әндетіп, созып айтамыз.
Жазған жазуларын тәрбиешіге көрсетеді
|