Ізбасарларға жаңа көзқарас Ізбасарлық жөнінде зерттеулерді одан әрі тереңдетіп, осы үрдісті жа-ғымды қырынан көрсетуге тырысқан Карстен және т.б. (2014) ізбасарлық туралы бірнеше практикалық көзқарасты алға тартады. Бұл көзқарас түрле-рі ұйымдардың ізбасарларды, ал жеке адамдардың ізбасар болудың жақсы жағын түсінуіне көмек беруге арналған. 1-көзқрас. Ізбасарлар ісіне тиянақты. Мейндл (1995) айтпақшы, бұрын көшбасшылықтың маңызын және оның топтың не ұйымның қызметіндегі орнын биік қоятын «көшбасшылық романтикасы» болатын. Ал істі тындырудағы ізбасардың маңызы аса мойын-дала қоймайтын. Көшбасшыға азырақ мән берген көзқараста, көшбасшылық ізбасарлардың интерпретациялауына байланысты қалыптасатын құбылыс ретінде бағаланады. Бұл көшбасшының жеке қасиеттеріне азырақ, алайда ізбасардың көшбасшыға реакциясына көбірек мән береді. Ол ұйымдық өзге-рістердің агенті ретіндегі көшбасшы рөлінен назарды бұрып, керісінше, ізба-сарлардың мінез-құлқы ұйымдық нәтижелерге қалай әсер ететініне айрық-ша мән береді. Ізбасарлар топтың және ұйымның миссиясын орындайды. Тоқетерін айтқанда, олар істі аяғына дейін жеткізеді. Олар ұйым өмірінде басты рөлге ие. Бұдан былай ізбасарлардың жеке қасиеттеріне, когнитив қа-білетіне, тұлғааралық қарым-қатынас машығына және проблема шешу қа-сиеттеріне көңіл бөлген жөн.
2-көзқарас. Ізбасарлар ұйым мүддесіне жұмыс істейді. Ізбасарлардың бәрі болмаса да, проактив ізбасарлар өз ұйымының не тобының мақсатына жетуге бел шеше кіріседі. Көшбасшының айтқанына құлдық деуден әрі аспайтын пассив болудан гөрі, мұндай ізбасарлар өзін ұйым мақсатымен cәйкес келетіндей қалыпта ұстайды. Олар ұйым мұра-тын көшбасшы мақсатынан биік қояды. Проактив ізбасарлардың артықшы-лығы – олар пайдакүнем, дөрекі басшылардан сақтанып жүреді. Мысалы, егер АҚШ президенті кабинет мүшелерінен тек президенттің өзіне пайда келтіретін әлденені істеуді сұраса, ол өзі қызмет ететін мемлекетінің тиімді мүддесіне қайшы келетін істі өтініп тұрғанын айтып, оны орындаудан бас тартуы мүмкін. Мұндай ізбасарлар ұйымды билікті асыра пайдаланудан қорғап, көшбасшы билігін тежеуші және қарсы күш ретінде қарекет етеді. Проактив ізбасарлар ұйымды жұрт назарында ұстайды.