Көшпенділер 2



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата12.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9265
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Әдеби KZ 
жағасы  мен  жеңдері  қырқылған.  Тек  үкілі  домбырасы  ғана  жап-жаңа.  Сірә,  хан 
ордасына Қазықұрттан жол шегерінде домбырасын әдейі жаңартқандай... 
 
 
Жиембет сарай жырауы болғысы келмеген. Ол Індір маңынан Қаратау тұсына 
көшіп  келгенмен,  хан  ордасына  анда-санда  ғана  қатынап  тұратын.  Келген  сайын 
Тәуекел оған ат мінгізіп, шапан жаптыратын. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» 
дегендей,  Тәуекелдің  өзі  қашқын  болып  жүрген  кезінде  жас  Жиембет  оның 
соңына  ерді.  Ноғайлы  жерінде  Тәуекелді  алғашқы  мадақтаған  да  осы  Жиембет. 
Жыраудың одан басқа да Тәуекелге керек жері бар. 
 
Жиембет  жырау  қызық  адам.  Ол  Тәуекел  хан  болған  күннің  ертеңіне  жоқ 
болып  кетті.  Соңынан  хан  жіберген  қуғыншылар,  жырауды  әрі-бері  іздеп  таба 
алмай қайтқан. Сол Жиембетті екі жыл өткеннен кейін әлдекімдер қол-аяғын қыл 
шылбырмен матап, Тәуекелдің алдына алып келді. Тексерген уақытта оқиға былай 
болып шықты. Еліне қайтқан Жиембет Байұлы руының атақты бір шонжарының он 
жеті  жасар  Есенбике  атты  қызымен  көңіл  қосады.  Астындағы  жалғыз  аты, 
қолындағы  екі  шекті  домбырасынан  бөтен  қалың  мал  төлер  қайраты  жоқ 
Жиембет Індір тауына қызды алып қашады. 
 
Қанша  от  ауызды,  орақ  тісті  болғанменен,  жырауды  өзіне  тең  көрмей  бай 
жігіттерін жіберіп, қызы мен Жиембетті ұстап әкелдіреді. Бірақ жыраудың Тәуекел 
ханға  жақындығы  барын  естіген  қыз  әкесі  ата  ғұрпын  бұзған  ақынын  өзі 
жазаласын деп, қол-аяғын байлап хан алдына алып келген. 
 
— Иә, сөйле жырау! — деген, Тәуекел күрсініп Жиембетті көрісімен. 
 
—  Қол-аяғы  байлаулы  жырау  қалай  сөйлейді?  —  деді  Жиембет  ханға  тесіле 
қарап. 
 
Тәуекел жігіттеріне «босат» деген ишарат білдірді. 
 
Босанған  Жиембет  керегеге  сүйеулі  тұрған  хан  домбырасын  алып,  шырқай 
жөнелген: 
 
 
«Үш ай тоқсан кезінде 
Қақ көктемнің кезінде 

109 
Әдеби KZ 
Қошқар менен бура мас, 
Айғыр менен бұқа мас. 
Жас болжамы жеткенде 
Қыздар менен жігіт мас — 
Сол мастықтың жөнімен 
Алдыңа келген мен бір жас, — 
Кессеңіз, ханым, міне бас!» 
 
 
Сонда Тәуекел езу тартып: 
 
— Қыз бен жігіт екеуі де айыпты екен, екеуі де жастыққа мас болған екен,  — 
деген қыз әкесіне қарап, — екі балаңды бірдей дүрелеп, байеке, елге жақсы ат ала 
алмассыз,  болған  іс  болып  қалған  екен,  бұларды  айырғанмен,  сынған  тобатай 
қайта бүтінделмес. Бір жолға күнәсін кешіріңіз. 
 
Жазадан  құтылғанмен  байдың  ашуынан  сескенген  Жиембет  сүйген  жары 
Есенбикемен  Індір  жағына  бармай,  Қазықұрт  маңындағы  ел  арасында  қалып 
қойған. Ол той-думанда тек жарлының жоғын жоқтап, халықтың сүйікті жырауына 
айналған. Кеше хан кеңесі кезінде Үстірт жағынан Тәуекелге көмекке келген Кіші 
жүздің  шағын  қолының  ішінде  Жиембет  жырау  да  бар  дегенді  Тәуекел  естіп 
қалған.  Ел  аралаған  ақын,  жыраудан  қарамағындағы  жұрттың  өзіне  деген  ойын, 
алғысын,  қарғысын  біліп  тұру  хандардың  қашаннан  бергі  әдеті.  Осы  дәстүр 
бойынша  «халық  құлағы,  көзі»  деп  саналатын  жырауды  өзіне  шақырып,  жорық 
алдында жұрт аңысын білгісі келді. 
 
Амандасып болғаннан кейін Тәуекел: 
 
—  Сөйле,  жырау!  Біздің  жорығымыз  жайында  ел-жұртың  не  деп  жатыр?  — 
деді. 
 
— Қуанышты ел-жұртты көрмедім... 
 
— Айта бер, жырау. 
 
—  Бізге  бөтен  елдің  жері  керек  емес  деп  жатыр  жұртың.  Бұхар,  Самарқантты 
аламыз деп — халықтың қанын төгу қиянат, хан мен сұлтандардың бұл әділетсіз 

110 
Әдеби KZ 
жорығын  қостамауымыз  керек.  Алда-жалда  Ташкент,  Самарқанттағы  хан 
сарайлары керек болса, сұлтандардың өзі барып соғыссын дейді халқың. Расында 
да, Тәуекел хан, сен жақсылыққа бастап отырған жоқсың. Соңыңнан жұрт ерсе, өз 
елін,  өз  жерін  қорғаймын  деп  ерді.  Ал  сен...  Бұл  бүліншіліктің  аяғы  неге  барып 
соғатынын білесің бе? Енді өзбек қалалары ғана өртеніп қоймайды, қазақ даласын 
да өрт алады! 
 
 
Хан сұп-сұр боп кетті, бірақ сыр берген жоқ. 
 
— Айтарың болса тағы айт! 
 
—  Қыс  ұзаққа  созылса  мал  қырылады,  хан  ием.  Далада  иін-тірескен  шөпті 
шабудың  орнына,  ер  азаматтарың  соғысқа  аттанғалы  жатыр.  Бұдан  жұртыңа 
қандай пайда бар? 
 
— Айт, айта түс, жырау! 
 
Жиембет кілт тоқтады. 
 
—  Жоқ,  мен  болдым,  —  деді.  —  Сен  бұйырсаң  да  хан  ием,  бұл  сөзді  айтып 
жүрген адамдардың атын мен саған естіртпеймін. 
 
—  Естіртіп  қажеті  жоқ,  —  деді  Тәуекел  езу  тартып,  қазір  оларды  өз  көзіңмен 
көресің... Сөздерін өз құлағыңмен естисің... 
 
— Сосын!? 
 
— Олардың күмәндануы дұрыс па, төрелігін өзің айтасың... 
 
Тәуекел есік алдындағы күзетшілерге ишарат етті. Сол сәтте есіктің ар жағынан 
шынжырдың шылдырлаған үні естілді. 
 
Аздан  кейін  он  шақты  күзетші  қоршаған  екі  батыр  үйге  кірді.  Аяқ,  қолдары 
кісендеулі. Жиембет жыраудың жүрегі ойнай жөнелді. Бұл атақты егіз жігіт  Қияқ 
пен  Тұяқ  еді.  Жақында  ғана  хан  екеуін  мың  басы  еткен.  Тәуекел  Ақ  Орданың 
қалдығын  жинап,  қазақ  хандығын  қайта  құрғанға  дейін,  екеуі  де  оған  аянбай 
қызмет етіп келген. Тәуекел Қияқ батырға өмір бойы борышты да еді. Сөйткен қос 
батыр, міне, енді хан алдында айыпты боп, кісендеулі тұр. 
 
—  Жорық  алдында  халық  арасында  сенімсіздік  туғызып,  әлгі  сөзді  айтып 
жүрген ерлерің, міне, мыналар, — деді Тәуекел, — «Құм жиылып тас болмас, құл 

111 
Әдеби KZ 
жиылып бас болмас» деген де, міне осы! Қан майданда қан төгілсе тек құлдардың 
ғана қаны төгіле ме? Айқаста ажал қарасың ба, төресің бе, таңдап жатпайды. Қан 
төгілмей хандық құруға болады дегенді кім айтқан?! 
 
Жиембет  бар  сырды  бірден  ұқты.  Еңгезердей  күзетшілердің  ортасында 
шоқтығы  анағұрлым  биік  қос  батыр  тапжылмай  тұр.  Қол-аяқтары  кісендеулі. 
Сонда  да  тәкаппар  бастарын  төмен  иер  емес.  Осындай  ұлы  жорықтың  алдында 
Қияқ  пен  Тұяқ  секілді  халықтың  сүйікті  батырларын  біржолата  құртып  жіберуге 
Тәуекелдің де көңілі дауаламаған. 
 
Хан ишарат етті. Күзетшілер үйден шығып кетті. Сонда ғана Тәуекел: 
 
—  Егер  сендерді  бұрыннан  білмесем,  сөздеріңнен  Абдолланың  алтын 
ақшасының сылдыры естіледі дер едім... — деді қос батырға ренжи қарап. 
 
—  Біздің  мына  ақылсыз  бастарымызды  бірден  алдырып  тастамағаныңызға 
рақмет, тақсыр хан, — деді Қияқ батыр. Оның даусынан мысқыл білінді. 
 
—  Басымыз  алынбай  қалады  деп  қорықпаңдар!  —  деді Тәуекел  кекесін  сөзге 
кекесін жауап қайтарып. — әйтсе де, Абдоллаға неге сонша жандарың аши қалды. 
Қияқ? Соны айтшы? 
 
— Біз қазақпыз, хан ием. 
 
— Иә? 
 
— Қазақ болғанда жай қазақпыз. Бізге басқаның жерінің мүлде керегі жоқ. 
 
— Ал Абдоллаға ше? 
 
—  Келіп  көрсін.  Біздің  шаһарларымызды  аламын  деп  екі  рет  келді  емес  пе, 
одан не шықты? Оны өзің де білесің. Ал бізге басқа елдің қаласының керегі жоқ. 
Мұны жалғыз біз емес, қарамағыңдағы барлық жұрт айтады. 
 
— Дәшті Қыпшақ елінің жорықтарын ұмыттың ба, Қияқ батыр? Еліміздің ерлігі 
көне  жырлардың  бәрінде  де  айтылған.  Ата-бабамыздың  атын  естігенде,  сонау 
Стамбул, Рум дірілдеген! 
 
— Ол хандардың жыры, хан ием. 
 
— Ал атағы ше? 
 
— Ол хандардың атағы, хан ием! 

112 
Әдеби KZ 
 
— Бәрін бізге бергенде, өзіңе не қалды? 
 
—  Ата  мекен  жерім  қалады!  Оған  қоса  сонау  менің  қараша  үйімнің  жанында 
жайылып  жүрген  елу  қой,  төрт  түйе,  жауға  шабар  бір  жүйрігім  қалады!  Со  да 
жетеді маған. Ал егер жұт келіп, сол күн көрісімнен айрылсам, менің үй ішімді еш 
ханның  атағы  аштықтан  алып  қала  алмайды.  Тіпті  қос  мүйізді  Ескендір 
Зұлхарнайынның атағы да! 
 
— Ал Тұяқ батыр, сен не дейсің? 
 
—  Біздің  бәріміздің  тілегіміз  бір.  Өзбектің  де,  қазақтың  да,  қырғыздың  да. 
Ташкентте жақыны жоқ Түркістан тұрғындарын кездестіре алмайсың. Өз күнін өзі 
әзер көріп жүрген Бұхар ұстасын жалғыз атты Тұяқ барып шапқанда не табады? 
 
—  Тек  Бұхар  ұстасын  ғана  шабамысың?  Қолыңды  қышытып  жүрген  хан 
сарайын да тонайсың ғой. 
 
— Одан маған не тиеді? Хан сарайының мүлкі — хандардың үлесі... 
 
Ханның  жарылып  кете  жаздап  ашуланғанын  Жиембет  жырау  көріп  тұр. 
Тәуекелдің бетінен қаны қашып, отты көзі ұшқын атады. 
 
—  Соғыс  бола  ма,  болмай  ма,  оны  сендер  емес,  хан  шешеді,  —  деді.  —  Тек 
мынаған ғана жауап беріңдерші. Ташкентте де туысымыз бар дедіңдер ғой жаңа. 
Ал сол Ташкенттен қазақ жеріне жүздеген адам неге қашады? 
 
— Ол жақта бір кедейдің терісін екі рет сыпырады, ал мұнда... 
 
— Тоқтама, аяғына дейін айт! 
 
— Ал мұнда бір жарым рет қана! — деді Қияқ батыр, ханның бетіне тіке қарап. 
 
—  Ұмытпаспын  бұл  сөзіңді,  батыр,  —  деді  Тәуекел  ызадан  тұншыға,  — 
жарайды,  бұл  жайында  тағы  да  сөйлесерміз.  Тек  сендер  маған  мынаны 
айтыңдаршы... Ташкент жорығына бармай-ақ қойыңдар. Сонда Бұхар әміршісінің 
құлдығынан  құтыламыз  деп  бізді  күтіп  отырған  ағайын-туыстарыңның  үмітін 
сатқандарың ба, қалай болғаны?.. 
 
Мұндай сұрақты күтпеген қос батыр бірден жауап таба алмай қысылып қалды. 
 
— әрине, біз оларға жәрдем беруге тиістіміз... — деді Қияқ күмілжи. 

113 
Әдеби KZ 
 
—  Бәсе,  солай  шығар!  Ташкентті  алсақ,  Абдолла  ханның  шаһарларымызға 
шабуыл  салатын  қаласы  қалмайды.  Көрдіңдер  ме,  бұл  жорықтың  не  үшін  керек 
екенін?  Жә,  болды  енді,  батырлар...  Барыңдар...  Тезірек  Ташкент  жорығына  
дайындалыңдар. 
 
Тәуекел  күзетшілерді  шақырып  алып,  екі  батырдың  аяқ-қолдарындағы 
кісендерді  алуды  бұйырды.  Қияқ  пен  Тұяқ  ханға  ләм-мим  деп  тіл  қатпай,  құр 
бастарын иіп тәжім етті де, үйден шығып кетті. 
 
—  «Қилы-қилы  заман  болар»  деген  міне,  осы  —  деді  Тәуекел  Жиембет 
жырауға  бұрылып.  —  Бұрынғыдай  емес,  хан  қарамағындағы  адамдарына: 
«Жорыққа бірге жүріңдер» деп өтінетін күйге жетті... 
 
— әйтсе де, әлгі екеуін дұрыс босаттың, хан ием. 
 
— Ташкент жорығына олар аттанады, — кенет, оның жүзі тағы сұрланып кетті, 
— содан кейін жолыма бөгет болып көрсін! Абдолланың маған ойлаған қастығын 
өмір-бақи ұмытпаспын. Самарқантын да, Бұхарын да аламын! Балқы мен  Хиуаға 
да  барамын!  Абдолланы  үрім-бұтағымен  бірге,  табанымның  астына  саламын. 
Мойнына  арқан  байлап  Бұхардың  о  шеті  мен  бұ  шетіне  сүйретіп  өтем.  Ақсақ 
Темірдің туы желбіреген Самарқант пен Бұхарда Ақ Орданың ақ туын желбіретем! 
Бар әлемге атағымды шығарам! 
 
Екі  иығын  кере,  орнынан  қалай  тұрып  кеткенін  Тәуекел  өзі  де  сезбей  қалды. 
Көзі сәл жұмылып кеткен. Не айтып, не қойғанын білер емес. Аузы ақ көбіктеніп, 
бір  қолын  жоғары  көтеріп,  тұншыға  сөйлеп  тұр!  әлден  уақытта  өзіне  тіксіне 
қараған жыраудың көзіне көзі түсіп кетіп кілт тоқтады. 
 
Ақ Орда ханы созыла барып орнына отырды. 
 
—  Көкейкесті  армандарымның  аузымнан  шыққаны  шошытқан  жоқ  па  сені, 
жырау? 
 
Жиембет басын шайқады. 
 
—  Жоқ.  Тек  бұл  кеселді  саған  дәл  осылай  тым  ерте  келеді  деп  ойлаған  жоқ 
едім. 
 
 — Қандай кесел? 

114 
Әдеби KZ 
 
— Хан кеселі... Тым ерте келді. Соңыра-ақ келсе төгілетін қан да аз болар еді, 
хан ием... 
 
Екі жақ Ташкент шаһарының күнбатыс тұсында кездесті. Абдолла хан алпыстан 
асқанына қарамай ақ боз атын ойнақтатып, қан майданға өзі шықты. Бұл айқаста 
әбді-Мумин  қатысқан  жоқ.  Ол  өзінің  әскерін  Балқы  шетінде  ұстап  қалды.  Қазақ 
қолынан  екі  есе  кем  Абдолла  лашкарлары  барынша  ерлік  көрсетті.  Бұл  кездегі 
олардың ең сенімді қарулары Ташкент шаһарларының ең биік қамалының үстіне 
орнатқан  «Қара  бура»  зеңбірегі,  бықыған  қазақ  қолына  ажал    тасын  жаудыра 
бастады.  Қазақ  әскері  шыдай  алмай  кейін  шегінді.  Дәл  осы  мезгілде  Ташкент 
шаһарындағы бұрынғы Бабасұлтан жағындағы көп тұрғындар қаланың түкпіріндегі 
темір қақпаны ашты. Осы қақпадан кірген Қияқ пен Тұяқтың екі мың әскері шаһар 
ішіндегі  Абдолла  қолын  күл-талқан  етіп,  ескі  қамал    үстіндегі  қатар  тұрған  төрт 
«Қара  бура»  зеңбірегін  қиратты.  Кейін  шегінуге    айналған  Тәуекел  хан  әскері 
қайтадан  шабуылға  шықты.  Есім  мен  Құджек  сұлтанның  екі  бүйірін  ала,  қиялап 
шапқан  жауынгерлерінен  қоршауға  түсіп  қалады  екенбіз  деп  сескенген  Абдолла 
әскеріне  кейін  шегінуге  бұйырды.  Сол-ақ  екен,  «жау  қашты»  деп  сойыл,  шоқпар 
ұстаған  қалың  қазақ  лап  қойды.  Бұдан  бұрын  бетіне  жан  қаратпаған,  қорасан 
құрышына  бөленген  Бұхардың  атақты  лашкарлары,  бүкіл  Орта  Азияға  әйгілі 
Ұбайдолла,  Асфандияр,  әбді-Латиф,  Ходжа-Кули-құшбегі,  Құдайберді  жасауыл, 
Құлбаба-кЇкілташ  секілді  әскер  қолбасшыларынан  айрылып,  тым-тырақай  шегіне 
бастады. 
 
әлі  де  болса  лашкарларын  тоқтатам  деп  әуре  болып,  жасақтарының  орта 
шенінде  жүрген  Абдолла  ханға  кенет  әлдекім  сауыт  бұзар  жебесін  жіберді, 
Аралары садақ оғы жетердей жерде емес, алыс еді. Сөйтсе де ысқыра ұшқан жебе 
«жеттім  бе  саған  да»  дегендей,  екі  қабат  тор  сауыттан  өтіп  Абдолла  ханның  қақ 
бүйірінен кеп қадалды. Ат үстінен құлап бара жатқан ханды күзетші жігіттері қағып 
алып,  жау  қолына  түсірмей  әкетті.  Енді  Абдолла  әскерінің  әлі  де  болса  жауына 
төтеп беріп жүрген топтары қарсыласуын қойып, аттарының басын Бұхарға қарай 
бұрды. 

115 
Әдеби KZ 
 
—  Маған  оқ  атқан  сол  жігіт.  Тек  соның  ғана  оғы  менің  сауытымды  бұзып  өте 
алады, — деді қансырап жатқан Абдолла. 
 
Иә, дәл Абдоллаға арнап көк құрыш сауыт бұзар оғын Сайрам айқасынан бері 
сақтап келген Қияқ батыр еді. Бұ да ұзақ күткен арманына жетті. 
 
Қазақ  әскерлері  осы  қарқынымен,  тасыған  өзендей,  жолдарында  кездескен  
бөгеттердің  быт-шытын  шығарып,  Ақсақ  Темірдің  ордасы  Самарқантты  алды. 
Бұдан екі жүз жыл бұрын бүкіл әлемді тітіреткен Ақсақ Темір көреген Алтын Орда 
астанасы  Сарайға  қандай  айбармен  кірген  болса,  енді  сол  Алтын  Орда 
хандарының  ұрпағы  Тәуекел  хан,  сары  алтынмен  қақтаған  ер-тұрманды  сүліктей 
қара  арғымағын  ойнатып,  сондай  айбармен  Самарқантқа  кірді.  Қожа  Ахмет 
Яссауи, Қожа Нахшбанди мешіттерін салдырған әлем әміршісі Ақсақ Темір гүлдей 
жайнаған Сарай шаһарын, бір кезде Батый мен Берке тұрған Гүлстан сарайларын 
жермен-жексен  етіп  қиратса,  көшпелі  елдердің  әскерін  басқарған  Тәуекел  хан 
Самарқант  шаһарының  бірде-бір  кірпіші  бүлінбесін  деп  жарлық  берді.  Бұнысы 
Тәуекелдің  болашақ  ұрпақтың  қарғысынан  қорыққаны  емес-ті.  Бұхар  хандығына 
қарсы  шықса  да,  қазақ  елі  Самарқант,  Бұхара,  Хиуа,  Хорезм  шаһарларын  пір 
тұтатын.  Оның  салтанатты  сарайларын  көргенде,  көріктеріне  таң  қалып,  жас 
баладай  қуанатын.  Тәуекел  хан  соңынан  ерген  осы  халықтың  рухани  сезіміне 
қарсы  шығып,  оны  өзіне  өшіктіргісі  келмеді.  Сол  себептен  Самарқанттың  алтын 
күмбезді сарайлары аман қалды. 
 
 
 
 
Әлемді  тітіренткен  Ақсақ  Темір  әмірші  зираты  «Гөр  әмірдің»  қасында,  өзімен 
бірге  алып  жүрген  сырлы  хан  тағында  қазақ  даласының  әміршісі  Тәуекел  отыр. 
Күншығыс жағындағы Ұлықбек мұнарасының үстінде жылқы құйрығының қос уыс 
қылы  байланған  Ақ  Орданың  ақ  туы  желбірейді.  Хан  жанына  Есім,  Құджек,  тағы 
солар  секілді  сұлтан,  би,  батыр,  ақсақалдар  бірінен  соң  бірі  келіп,  тәжім  етіп 
жатты. Хан көзі әлдекімдерді іздеп, ақыры қалың топ мырзалардан шеттеу тұрған 
Қияқ пен Тұяқты тауып алды. 

116 
Әдеби KZ 
 
—  Жауды жеңуге  тетік  болған,  міне  мынау  қос  бөрі,  —  деп  Тәуекел  Қияқ  пен 
Тұяқты  көрсетті.  —  Жауға  бұлар  аш  бүркіттей  шүйілді,  көкжал  қасқырдай  шапты! 
Бұхар маралының төсін қанжардай тырнағымен жыртқан қанды көз барыстай, жау 
шебін күл-талқан етті! 
 
Хан ишаратымен бұл екеуіне уәзірлері олжаға түскен қазынадан Бұхардың екі 
асыл қанжарын әкеп берді. Саптары сом алтыннан, бетіне ең қымбат гауһар тастар 
орнатқан.  Үстеріне  жағасы  бұлғын,  алтын  зерлі  Бұхар  шапандарын  жапты. 
Алдарына бақтри тұқымдас екі ақ боз арғымақ тартты. 
 
— Ақ Орда — сендерден бұдан да зор ерлік күтеді! — деді Тәуекел. — Қандай 
тілектерің бар, айтыңдар? Бәрін де беремін! 
 
Сөзге жақындау Қияқ батыр сәл алға шығып тізесін бүкті. 
 
— Біздің қарамағымыздағы екі мың жігіттің көпшілігі малшы-егінші... Іштерінде 
темір  ұстасы,  ағаш  шеберлері  де  бар.  Соларға  елге  қайтып,  өз  шаруаларына 
кірісуге рұқсат етіңіз, тақсыр хан. 
 
Қарадан  туса  да  Қияқ  батырдың  даусы  тегеурінді  шықты,  құлаққа  ұрған 
танадай  тына  қалған  тыныштықта,  жұрт  ызалана  қалған  хан  тісінің  шықыр  ете 
түскенін ап-анық естіді. 
 
Бұхар ханы Абдолла бұл күндері оқ тиіп жараланған жолбарысқа ұқсайтын еді. 
Хан  Бұхар,  Хиуа,  Балқы,  Қорасан  түгіл,  өзіне  бағынышты  жердің  бәрінен  әскер 
жинауды бұйырған. Бір ай өтпей сан жетпес қалың әскер Самарқант пен Бұхардың 
ортасындағы  Зеравшан  жағасына  шатырларын  тікті.  Бір  күні,  жарасы    әлі 
жазылмаған Абдоллаға бүлік шығарып жүрген баласы әбді-Мумин келді. Шатырға 
кіре тізе бүгіп отыра қалды. 
 
—  Сенің  жүрегіңе  жара  салған  менің  бір  білместігімді  кешір,  әке,  —  деді.  — 
Бүгіннен бастап ең адал ұлың боламын. Міне нан, міне құран, бұдан былай қарай 
сенің айтқаныңды екі етпеймін! 
 
Абдолла хан шын қартайған болуы керек, көзіне жас алды. 

117 
Әдеби KZ 
 
—  Қартайғанымда  жалғызымды  көрсетіп,  қатесін  кешіруге  мүмкіндік  бердің, 
алла  тағала,  мұныңа  да  шүкіршілік,  —  деді  ол  шын  жүректен.  —  Мұрагер 
жалғызым қасымда, бар тілегім орындалды, қазір өліп кетсем де арманым жоқ! 
 
Бұхар  секілді  қасиетті  хандықты  басқаруда  қандай  жолдар,  қандай  сырлар 
барын  кәрі  хан  ұлына  ұзақ  жыр  етті.  Құпия  сырлар  да  аз  емес  екен.  Содан  кейін 
барып  шаршап  кеткен  хан  ұлынан  анандай  жерде  тұрған  құмырадағы  жүзім 
шырынын  құйып  беруді  сұрады.  Ұлы  әкесінің  өтінішін  орындады.  Сәл  бұрыла 
тұрып,  жүзім  шырынын  кесеге  құйып  әкеп  берді.  Алла  тағала  оның    жаңа  ғана 
«қазір өліп кетсем арманым жоқ» деген тілегін орындағысы келген  болуы керек, 
баласы  берген  шырынды  ішісімен,  Абдолла  хан  қырылдай  беріп  жастыққа 
шалқасынан  түсті.  Әбді-Мумин  әкесінің  бетіне  тесіле  қарап,  ұзын,  жіңішке 
саусақтарымен  көзін  жапты.  Содан  кейін  кесенің  түбінде  қалған    шырынды 
шатырдың  бір  бұрышына  құйып,  орнына  апарып  қойды.  Далаға  шыққан  соң 
«ұйықтап кеткен ханды оятпаңдар» деп бұйрық берді де, әскеріне қарай аяңдады. 
 
Тек  кеш  таянғанда  ғана  күзет  бастығы  хан  шатырына  кірді.  Жастық  үстінде 
шалқасынан  жатқан  Абдолланың  бетіне  көзі  түсіп  кетісімен  өн-бойы  дір  ете 
қалды.  Бүкіл  әлемге  аян  сәл  езу  тартып  күлімсірейтін  ишараты  езуінде.  Тағы  да 
біреуге өлім жазасын айтып жатқандай. 
 
О  дүниеге  сапар  шеккен  әкесінің  жанына  әбді-Мумин  бірінші  боп  келді. 
Сақалынан жасы сорғалап отырып, ұзын саусақтарымен әкесінің езуіндегі күлкісін 
уқалап  кетірді.  Әмірдің  неден  өлгенін  білуге  шақырған  Бұхардың  ғалым 
дәрігерлері  «Патшаның  патшасы  Абдолла  жүрегінің  кенет  тоқтауынан  қайтыс 
болған»  деген  қорытынды  шығарды.  Сөйткенмен,  қалың  бұқара  арасында 
«баласының  ауру  әкесіне  берген  жүзім  шырыны»  жайындағы  қауесет  сөздер  де 
тарап жатты. 
 
Пәуескеге  жегілген  сегіз  қара  ат  Абдолланың  пырағын  Бұхарға  алып  келді. 
Қасиетті діни Бұхардың мыңдаған мешітінің қасындағы минареттерден мыңдаған 
ишан, молдалар алла тағаладан Абдолланың күнәларын кешіруін сұрап, шаһарды 
азан-қазан  етіп  басына  көтеріп  азан  шақырды.  Екі  күннен  кейін  Абдолланың 

118 
Әдеби KZ 
табыты  Қожа  Нахшбандидың  атақты  мазарының  тас  еденіне  қойылды.  Бұл 
христиан  есебі  бойынша  1598  жылы,  ал  хаджири  есебі  бойынша  1006  жылы 
болды.  Ертеңіне  Бұхар  тағына  Мұхаммед  дінінің  жаңа  қорғаншысы,  мәртебелі 
әбді-Мумин әмір келіп отырды... 
 
Самарқантты  алған  Тәуекел  қаралы  Бұхарды  шабудан  құдайдан  қорқып  бас 
тартқан жоқ. Мұндай сылтауды сол кездегі тарихшылар ойлап тапқан-ды. Ханның 
Бұхарға  аттанбауына  себеп  болған  Қияқ  пен  Тұяқ  батырлардың  және  солардың 
соңынан  ерген  жұрттың  қылығы  еді.  Самарқант  шаһарын  алу  тойы  бітісімен,  қос 
батыр  өздерінің  жігіттерін  ертіп  кейін  қайтқан.  Өзге  қазақ  батырлары  басқарған 
әскердің  көбі  бұлардың  соңынан  ерді.  Жауынгерлер  жат  елге    барып  қала 
тонағаннан  гөрі,  елдеріне  қайтып,  қатын-балаларын  асырағанын  жөн  тапқан. 
Ырқына  көнбеген  жандарды  жазалауға  Тәуекелдің  батылы  бармады.  Өйткені 
шегінушілер тым көп еді. Көпке топырақ шаша ала ма, ақыры Самарқанттан кетуге 
бұйрық берді. 
 
Ташкентте  де  қазақ  атты  әскері  көп  кідірген  жоқ.  Бұлардың  көпшілігі  көшпелі 
рулардан  болғандықтан  қыс  қыстауға,  жаз  жайлауға  шығу  керек  екенін 
жадыларына  ұстап,  ауылдарына  жеткенше  асықты.  Тәуекел  ханға  шаһардың 
қақпасын ашқан Ташкент тұрғындарының арасында да күңкіл көбейе бастады. Хан 
уәдесін бұзып, жеңілген қалаға салған салығы бұқараға ауыр тиген. 
 
Ал  салықсыз  соғысты  жүргізе  алмайтынын  білген  Тәуекел  осылай  істеуге 
мәжбүр  болған.  Тәуекелдің  бұл  әрекетіне  қарсы  топты  басқаруға  Абдолланың 
жақын  туысы  Хазретсұлтан  мүфти  кіріскен.  Әбді-Мумин  де  тыңшылары  арқылы 
Ташкент  тұрғындарына  алым-салықтан  мүлде  босатамын  деп  өтірік  уәде  беріп, 
жаңа бықсып жана бастаған халық наразылығын үрлей түскен. Тәуекел әрі ойлап, 
бері ойлап Түркістанға қайтуды жөн көрді. Өз ордасына келгеннен кейін Ташкент 
уәлиетінде  не  болып  жатқанын  тек  алыстан  бақылап  қана  отырды.  Кей 
жағдайларда болмаса, Ташкент ісіне көп кіріспеді. 
 
Алты ай өтпей, төсегінде ұйықтап жатқан әбді-Муминді бұхарлықтар балтамен 
шапқылап  өлтірді.  Әбді-Мумин  Шайбани  ұрпағынан  шыққан  ең  ақырғы  Бұхар 

119 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет