Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет13/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Әдеби KZ 

мүмкін.  Оның  үстіне  әкесі  Қасым  Көкшенің  киесі  ақ  бураны  атқан  деген  лақап 

бар, Кенесары ел қарғысынан да сескенеді. 

 

Ал  Ақмола  бекінісін  алып  өзінің  мықтылығын  көрсетсе,  абыройының 



өршігені.  Біреуді  мақтаса  айын  аспанға  шығарып,  жер-көкке  сыйғызбай 

көтермелейтін  қазақ  Кенесарының  даңқын  алты  алашқа  таратады.  Серкеге 

ерген  қойдай  соңынан  ереді.  Осылай  болатынына  сұлтан  кәміл  сенеді.  Оған 

тағы  бір  себебі  бар.  Кеше  ғана  хабар  алған.  Осы  бүгін-ертеңдер  арқа 

өкіріктерінің  қазақтарынан  жаңа  устав  бойынша  биылдан  бастап  салық 

жиналсын деген патша жарлығы шықпақ. Бұл жарлық бойынша жүз қарадан бір 

қара салық алынып егер ол ақшадай төленетін болса, жылқы басы 35 сомға, өгіз 

жиырма  сомға,  қой  екі  сомға  бағалансын  делінбек.  Бұл  жарлық  шықса,  дәтке 

қуат, онсыз да патша  үкіметінен қыспақ көріп жүрген қазақ, Кенесары жағына 

қойдай тоғытылады... 

 

Патшаның  Көкшетау  мен  Қарқаралы  өкірігінің  қазақтары  жайындағы  бұл 



Указы Кенесары көтерілісінің қызу шағында Қарашаның жиырма сегізі күні сол 

Ит  жылы  шықты.  Бірақ  ұзынқұлақ  бұны  қазақ  аулына  екі  ай  бұрын  жеткізді, 

Кенесарының да дәтке қуат көріп отырғаны осы Указ... 

 

«Ал  Ақмола  бекінісін  ала  алмаса?  Соңындағы  бес  мың  атты  әскерін 



қырғынға  ұшыратса?  Онда  Кенесарының  артынан  кім  ереді?  Бірден  тауы 

шағылған  жұрт,  басқа  ұрған  мал  секілді  шегіншектей  бермек.  Жауын  жеңе 

алмайтын батыр — құр батыр, ел қорғаны емес. 

 

Сондықтан  осы  ең алғашқы  үлкен  айқаста  Кенесары  өзінің  қамал  бұзар  ер, 



ел  бастай  алатын  кемеңгер  екенін  жұрт  көзіне  көрсетуі  керек.  Өйтпесе  ол 

жұртты  соңынан  ерте  алмайды,  ойлаған  мақсаты  —  хан  тағына  да  жете 

алмайды. Ал мұны істей алмаса?». 


161 

Әдеби KZ 

 

«Жоқ,  жоқ,  қайткен  күнде  де  Ақмола  бекінісін  алу  абзал.  Бірақ  бес  жүзге 



таяу жасағы, зеңбірек, карабин, іштесер қаруы бар, биіктігі бес сажын қорғанды, 

жан-жағын  қоршай  қазған  терең  орлы  бекіністі  Қоңырқұлжа  мен  Қарапұшық 

Иван  оп-оңай  бере  сала  ма?  Айлаң  жетсе,  бермеймін  дегеніне  қоясың  ба, 

аласың!..  Башқұрт  әшірап  айтқан  бекіністі  алу  айласы  Кенесарының  бұрынғы 

ойына ой қосты емес пе? Иә, сөйтті. Әттең, дүние-ай, әшірап екі күн өтпей жоқ 

жерден мерт болды. Бірақ айтқан ақылы көкірегімде сайрап тұрған жоқ па? Ай, 

Қараүлек-ай, қолың гүрзіден де ауыр-ау, сорлы башқұрттың мойын омыртқасын 

бірден  үзіп  жіберіпсің.  Сәл  жеңіл  қимылдасаң  нетті,  жазығы  қамал  алуды 

үйреткені  ме?  Нойыс  неме,  менің  ойымды  дұрыс  түсінбегенсің  ғой.  Саған 

әшірапты  ертіп  жібергендегі  ойым  қарамайды  дұрыс  қайнатуды  үйретсін 

дегенім  еді  ғой.  Ал  сен  менің  бұрынғы  тәсілімнен  шыға  алмапсың...  Өлтіріп 

жіберіпсің. Өлу — өмір заңы. Енді оқасы жоқ. Өлтіргенің дұрыс та. Қарашының 

ақылымен қамал алғанымды жұрт білсе, менде қандай абырой қалады? Енді ол 

әдісті... Жоқ, жоқ, ең алдымен бар батырымнан бекіністі қалай алу керек екенін 

сұраймын,  әрине  әрқайсысы  әрқилы  жолға  сілтейді...  Ең  соңында  барып,  өз 

ойымдай айтамын. Ел бастайтын қаһарманның аузынан шығатын сөзді айтуым 

керек. Бұның өзі маған ерген жұрттың бірден көңілін көтеруі сөзсіз. Содан кейін 

мен  айтқан  әдіспен  Ақмола  бекінісін  алсақ,  одан  артық  абырой  болар  ма?! 

Соңымнан ерген жұрт құрмет тұтса, хан тағының да жақындай түскені. 

 

Осыдан  үш  күн  бұрын Ақмола  бекінісін  қалай  алуды ойлап,  ордада жалғыз 



отырғанында Кенесарының үстіне Жоламан батырдың жасағынан Байтабынмен 

бірге  келген  әшірап  деген  башқұрт  жігіті  кірген.  Дәулетші  екеуі  зеңбірек  құя 

біледі дегеннен кейін, Кенесары осы башқұрт жігіттерімен жиі кездесіп тұратын. 

Өзінің  ордасына  да  әлсін-әлсін  шақырып,  зеңбірек  құю  жайын  әңгімелесетін. 

Сөйлесе  келгенде  зеңбірек  құюды  білетін  Дәулетші,  ал  әшірап  —  Салауат 


162 

Әдеби KZ 

Юлаевтың  көтерілісіне  қатынасқан,  белгілі  жауынгерлердің  бірінің  баласы  боп 

шыққан, әкесінің айтуы бойынша бекіністерді алудың әдісінен хабардар екенін 

аңғартқан. Кенесары зеңбірек құйғызамын деп бірнеше ауылдың қазан-ошағын 

жинатып,  Дәулетшінің  қасына  қазақтың  асқан  шебер  бес  ұстасын  қосып, 

Қорғасынды  дейтін  жерден  көрік  ашқан.  Ал  әшірапты  жанына  алып  қалған 

Кенесары  оған  Ақмола  бекінісінің  қандай  бекініс  екенін  айта  келіп,  осындай 

қамалдарды Салауат Юлай қалай алды екен деп сөз тастаған. 

 

— Өздеріңіздің қандай ойларыңыз бар? — деген әшірап. 



 

 Кенесары жасырмаған. 

 

— Қалың әскер жүздік, мыңдық саппенен кәдімгі жарды ұруға келе жатқан 



толқындай  лек-лек  боп,  барынша  айқайлап  ұран  сап,  бірінің  соңынан  бірі 

қамал-ға шабады, — деген ол. — Мұндай жағдайда гуілдеген, шуылдаған, атой 

қойған  қалың  топты  көріп,  қамал  қорғаншылары  шыдай  алмайды,  қарадай 

зәре-құты  қашып,  қамалды  қорғамақ  түгіл,  бекініс  үстінде  де  отыра  алмай, 

көбіне-ақ қаша жөнеледі. Бұл әдісті ата-бабаларым ежелден қолданып келеді. 

 

—  Мұндай  ескі  әдіспен  зеңбірегі  бар,  жақсы  қаруланған  әскерге  толы 



Ақмола секілді қазіргі заман бекінісі алынбайды, — деген әшірап. 

 

— Неге? — деп Кенесары оған тесіле қараған. 



 

әшірап түсіндіре жауап берген. 

 

— Жаңа өзіңіз айттыңыз ғой, Ақмола бекінісін қоршап қазылған ор бар деп. 



Лақылдап  келе  жатқан  сарбаздарыңыз  сол  орға  келгенде  амалсыз  тоқтайды. 

Алдыңғы қатарын артындағы шауып келе жатқандары итеріп, кейбіреулері орға 

құлап,  қалың  қол  іркіліп  қалады.  Дәл  осы  кезде  қорған  үстіндегі  жауларыңыз 

төрт  зеңбіректі  бірдей  атып,  мылтық  біткеннен  жаппай  оқ  жаудырып,  бар 

әскеріңізді  жусатады  да  салады.  Сондықтан  бұл  әдіс  қазіргі  жағдайда  бекініс 

алуға келмейді. Басқа жол табу керек... 



163 

Әдеби KZ 

 

— Қандай жол? 



 

—  Бекіністің  ішінде  ағаш  үйлер  көп...  дедіңіз  ғой.  Салауат  Юлай  ұлы  бір 

амалды осы жағынан ойлаған болар еді.. 

 

әшірап  мұндайда  Салауат  Юлай  ұлы  менің  әкемнің  айтуы  бойынша  былай 



істер еді деп өзінің ойын айтып берген. Оның айтқаны Салауат Юлай ұлы ғана 

емес,  көне  сақтардың,  беріректегі  қыпшақтар  мен  монғолдардың  қамал  алу 

әдісі еді. 

 

Башқұрт  жауынгерінің  ақылы  Кенесарыға  өте  ұнаған.  Шындап  қимылдаса 



Ақмола  бекінісінің  алынатынына  көзі  анық  жеткен.  Еңсесі  көтеріле  бастаған. 

Бірақ  көңілінде  жанын  жегідей  жеген  бір  күдік  туған.  «Сонда  қалай  болады, 

деген ол ішінен, Ақмоланы алуда... мен қарашының ақылынан аса алмағаным 

ба?» 


 

Үш  күннен  кейін  дүлей,  мылқау,  алпамсадай  зор  денесіне  қарап  жұрт 

Қараүлек  деп  атап  кеткен  Кенесарының  бас  жендетімен  бірге  тоғай  ішінде 

қарамай  қайнатып  жатқан  әшірап  «ағаш  құлап»  ажал  тапқан.  Ел  болып  аққа 

орап  әшірапты  құрметтеп  жерлеген.  Зират  басында  сұлтанның  өзі  де  болған. 

Күйзеле  «топырағың  торқа  болсын»  деп  ең  бірінші  боп  қашқын  жігіттің  жас 

қабіріне бір уыс топырақ тастаған. «Кешір, азаматым, Қараүлекке ойымды анық 

түсіндірмегендіктен  сенің  ажалыңа  мен  айыптымын»,  —  деген  ол  ішінен. 

Әшірап  ажалы жайында Кенесары одан әрі қынжылмаған. Қалай қынжылсын, 

«қанішер  Абылай»  атанған  қанды  көйлек  арғы  атасы  кісі  ажалы  мен  қой 

бауыздағанды тең көрген. Бергі атасы хан Абылай құлдық кезімнің куәсі болып, 

бетіме шіркеу келтіреді деп, ажалдан аман алып шығып, ерлік жолға қайраған 

Ораз құлды өз қолымен бауыздаған. Өз әкесі Қасым төре анасынан қолына қан 

шеңгелдеп    туған.  Осы  үшеуінің  ұрпағы  Кенесары  кімді  аяйды?  Ел  билеймін 



164 

Әдеби KZ 

деген  адамға  кейде  жазықсыз  ажал  жазықты  ажалдан  құнды.  «Адамды  аяу  — 

әлсіздіктің белгісі» деп ұғады ол. 

 

Қазір  Кенесары  әшірап  туралы  ойлап  тұрған  жоқ.  Сол  әшіраптың  айтқанын 



қалай пайдалануды ақылға салуда, оны толықтыра түсуде... 

 

Кенет  сықырлап  есік  ашылғандай  болды.  Кенесары  жалт  бұрылды. 



«Ойымды бұзған қандай жүрек жұтқан жан?!» Бәйбішесі Күнімжан екен. «Бәсе, 

бөтен адам батып кіре алмаса керек еді». Ой үстінде отырғанда өзі шақырмаса 

тірі  пенденің  Кенесары  ордасына  кіруге  қақы  жоқ.  Бұл  —  әлі  хан  болмаған 

сұлтанның  осы  бастан  өзін  өзгеден  ерекше  ұстай  бастаған  дәстүрі.  Бұл  салтты 

Күнімжан ғана бұза алады. 

 

Ерінің  түнерген  қабағынан оның  ашулы  екенін  аңғарған  Күнімжан,  еркелей 



күліп: 

 

— Төрем-ау, әлгі... қалай деп атап ең... — деді. — Кеңес деп пе ең батырлар 



бас  қосатын  жиынды...  Сол  Кеңеске  келген  батырларыңның  өзіңді  күтіп 

отырғанына бие сауымдай мезгіл болды... Бармайсың ба? 

 

Кенесары ойын бөлместен басын изеді. 



 

— Барайық... 

 

Кенесары  мен  Күнімжан  тіркестіре  тігілген  «Ереуіл  кеңес  үйі»  деп  аталатын 



қос  ақ  боз  үйге  кіргенде,  сұлтанның  батырлары  мен  ақылгөй  серіктері  тегіс 

жиналған  екен.  Мұнда  Наурызбай,  Ағыбай,  Құдайменді,  Кіші  жүздің  Сыр 

бойындағы  Табын  тарауынан  келіп  қосылған  бойсапат  тобылғы  күрең  ұзын 

мұртты  Бұқарбай,  Атығай  руынан  шыққан  алшақ  кеуделі  балуан  Басықара, 

Алтай руының атақты батырлары Жанайдар мен Төлебай, Кіші жүздің Есентемір 

руынан шыққан жас Байтабын батырлар бар. Олардан басқа қарындасы Бопай, 

Кенесарының  өзімен  тетелес  інісі  әбілғазы  сұлтан,  Нысанбай  ақынмен  дізелес 

есікке  таман  қойылған  қазақы  дөңгелек  столдың  жанында  қолына  қауырсын 



165 

Әдеби KZ 

қалам ұстап бұқарлық қожа, ұзын бойлы, арық, қошқар мұрын Сидақ Оспанұлы, 

Польшада  ереуілге  қатысып  жер  аударылып  келген,  қазақтар  Жүсіп  деп  атап 

кеткен ақсары, көгілдір көзді Иосиф Гербурт деген ақын жігіт отыр. Соңғы екеуі 

Кенесарының хатшысы болып қызмет істейтін. Бұлардан жоғарырақ тұрған кең 

маңдайлы,  ақ  құба  келген  ойлы  көзді  мыңбасы  татар  жігіті  Ягуда  ұлы  әлім. 

Босағада, төренің қырық адамнан құралған қарауыл жасағын басқаратын, ауыл 

Батырмұрат  деп  ат  қойған,  қазақтан  әйел  алып  қазақ  болып  кеткен  башқұрт 

Мәлкет  баласы  Кішік  пен  Наурызбайдың  шабарманы  қашқын  орыс  солдаты 

Николай Губин тұр. Үйдегі адамдардың ішінен Ереуіл Кеңесінің мүшесі емес тек 

Жүсіп, Бопай, Батырмұрат, Николай. Бірақ бұл төртеуі де ереуілге шын берілген 

адам  болғандықтан  Кенесары  оларды  мұндай  үлкен  мәжілістің  біреуінен  де 

қалдырмайды. 

 

Кенесары  кіріп  келген  кезде  үйде  отырғандардың  бәрі  қол  қусырып 



орындарынан  түрегелді.  Сұлтан  тәжім  етіп  амандасты  да  өзінің  жасыл  туының 

астында  тұрған,  үстіне  жібек  түкті  сәнді  бұқар  кілемі  жабылған  төрдегі  үлкен 

сандыққа  барып  отырды.  Өзгелер  де  малдас  құрып  жастарына  қарай  алқа-

қотан жайғаса бастады. 

 

—  Үш  жүздің  ардагер  батырлары,  —  деді  —  Кенесары  жұртты  сынай  көз 



тастап, — қолымызға найза ұстап, атқа қонғаннан бері бір күн тыныштық көрген 

жоқпыз.  Соңыңнан  ерген  жұрт  та  сондай.  Ал  елім,  жерім  деп  көтерілген  біраз 

қазақ  баласы  қазір  жазғытұрымғы  тасуға  дайын  дариядай  кемеріне  жетіп, 

дұшпанға  қарсы  шабуға  тұр.  Бұл  —  жаудан  өш  алуға  ең  қолайлы  шақ.  Енді 

соңымыздан  ерген  жұртты  уақ-түйек  айқаспен  әуре-сарсаңға  сала  берсек, 

абыройсыз  қалатын  түріміз  бар.  «Жау  қайда?»  деп  қолына  түкірініп  отырған 

ерлердің көңілін суытуымыз күмәнсіз. Сондықтан халық мүддесінен шығу үшін 

біз Ақмола бекінісіне қарсы аттануды шештік. 



166 

Әдеби KZ 

 

— Дұрыс, — деп отырғандар сәл қозғалып қойды. 



 

— Шабуылға шықпастан бұрын, бір-екі ауыз сөзбенен жалпы жағдайымызға 

үңіле  өтелік.  —  Кенесары  аспай-саспай  мойнын  Иосиф  Гербуртқа  бұрды,  — 

Жүсіп,  мына  батырларға  жаудың  биыл  жазда  бізге  қандай  қиянат  жасағанын 

қысқаша ғана естіртіп өт, — деді. 

 

Жүсіп орнынан түрегеліп қолындағы қағазын оқи бастады. 



 

—  Біздің  бұл  көтерілісімізді  ақ  патша  генералдары  бұзақылық,  ел 

тонаушылық  деп  есептейтін  көрінеді.  Омбы  болысының  бастығы  генерал 

Талызин өзінің берген нұсқауында шекарада тұртын басты бекіністердің бәріне 

де күрделі жасақтар шығарылсын дейді. Және бұл нұсқауында: «Сендердің бар 

міндеттерің  Кенесары  қарақшыны  құртып,  көшіп  кеткен  болыстарды  кейін 

қайтару»  деп  бұйырады.  Осы  нұсқауды  орындау  үшін  бізге  қарсы  бірнеше 

арнаулы жасақтар шықты. 

 

— Олардың істеген басты-басты қылмыстарын айт, — деді Кенесары. 



 

—  Атаман  Лебедев  бастаған  бес  жүз  солдатты  жасақ  осы  жылы  маусым 

айында  Торғай  өзені  мен  Жәнтөре-Керубе  бойында  көшіп  жүрген  Қарпық, 

Темеш  руының  ауылдары  мен  Саржан  сұлтанның  ауылын  шауып,  төрт  жүз 

адамды өлтіріп, жүз адамды ұстап әкетті. Оның ішінде Баянды би бар. 

 

 Кенесарының көзі сұрғылттанып, қабағы түксиіп: 



 

— Тағы? — деді. 

 

—  Аға  сұлтан  Қоңырқұлжа  мен  войсковой  старшина  Карбышев  басқарған  



бес жүз кісілік жасақ шілде айында Айырқұмда көшіп жүрген Күшік сұлтан мен 

Сидақ мырзаның ауылдарын шауып, жиырма бес еркек, сегіз әйел, жиырма бір 

қыз  баланы  оққа  ұшырып,  сексенге  таяу  адамды  тұтқын  етіп  алып  кетті.  Оның 

ішінде... 

 

Кенесары жауар бұлттай түнеріп кеткен. 



167 

Әдеби KZ 

 

— Жетеді, — деді ол ашуын әзер басып, — ал біз қандай қайрат көрсеттік? — 



Сидақ мырза, соны айтыңыз,  

 

Сұлу мұртты, биязы қимылды Сидақ қожа орнынан асықпай тұрды да: 



 

— Біз де есемізді жіберіп жатқан жоқпыз, — деді қолындағы қағазына қарап 

тұрып:  —  Ақтау  коменданты  войсковой  старшина  Симонов  шығарған  бірнеше 

уақ  отрядтарын  құрттық,  көптеген  қару-жарақты  қолға  түсірдік!  Войсковой 

старшина Симоновтың өзі бізбен бір айқасқанында он тапанша, тоғыз мылтық, 

он  үш  қылыш,  жеті,  найза,  төрт  жүз  тоқсан  бес  мылтық  оғын,  төрт  жүз  тоқсан 

тапанша  оғын  тастап  қашты.  Қазір  біздің  қолымызда  осындай  ұрыстан  түскен  

жүз  елу  мылтық,  тоқсан  тапанша,  екі  жүз  он  қылыш  бар.  Кенесары  батыр 

бастаған  қолдың  қаһары  әсіресе  халқын  сатқан  сұлтан,  билердің  ауылдарына 

тігілулі.  Биылғы  жылдың  жеті  айының  ішінде  орта  есеппен  мұндай  жағдайда 

қолға бір миллион сомнан астам мал-мүлік түсті. 

 

— Соның бәрі тек сұлтан ауылдарынан ғана тоналған ба? 



 

—  Жоқ,  бұның  ішінде  ұсталған  керуендердің  мүлкі  мен  патша  қызметіндегі 

тілмәш,  пристав,  урядник  секілді  шенеуніктердің  және  Ақтау  бекінісіндегі 

адамдарының да мал-мүлкі мол. 

 

— Орыс қарашекпендерінен қанша ақша кірді? — Кенесары тесіле қарады. 



 

—  Азғантай.  Бар  болғаны  жүз  сомға  жетер-жетпес,  онда  да  Қарқаралы 

маңынан.. 

 

—  Дұрыс,  —  деді  Ағыбай  Кенесарымен  құрдастығын  пайдаланып,  еркін 



сөйлеп,  —  жазығы  жоқ  орыс  мұжықтарын  шабудың  қажеті  қанша.  Бұдан  бізге 

зияннан басқа түсері жоқ, бұқараны босқа өшіктіріп аламыз. 

 

— Жөн, — деп екі-үш батыр басын изеді. 



 

Кенесары үндеген жоқ. 



168 

Әдеби KZ 

 

—  Негізгі  үлес  халқын  сатқан  аға  сұлтан,  ел  тонап  жүрген  саудагер,  патша  



қызметкерлерінікі,  —  деді  сөзін  қайта  жалғап  Сидақ  қожа.  —  Бір  ғана 

Құдайменді  балаларының  аулынан  жиырма  мың  жылқы  қуып  алдық.  Қазір 

сәйгүлік жүйрік мінбеген бірде-бір сарбаз қалмады.   

 

Кенесарының иіні көтеріле түсті. 



 

—  Қоңырқұлжа  Омбыға  жазған  хатында  бізден  он  екі  мың  жылқы  алынды 

депті ғой... 

 

Сидақ қожа мұртынан күлді. 



 

—  Енді  не  десін?  Қоңырқұлжа  қазақтың  қара  бұқарасы  түгіл,  генерал-

губернаторлардың өздерін де алдап жүрген саудагер, патша єызметкерлерінікі, 

—  деді  сЈзін  бес  мыңнан  асса  аға-сұлтандарға  да  салық  салатын  болған  соң 

Құдайменді балалары барымыз он екі мың жылқы деп көрсеткен. Ал біз тайлы-

таяғына  дейін  айдап  алдық  десек,  арғы  түбекте  әлі  де  үш  мыңдай  кілең  ақ 

шағала  асаулары  қалыпты.  Ағыбай  батыр  сол  жылқыны  қуып  әкелуге 

Кенекеңнен қашан рұқсат болады деп күнде сұрайды... 

 

Кенесары байсалды жауап берді. 



 

—  Арғы  түбек  бізден  шалғай...  Әзірге  оны  қоя  тұрыңдар,  қазір  басқа 

шаруалар да жеткілікті. Тағдыр жазса алысқа кетпес. 

 

—  Япырай,  —  деді  шын  таңданған  жалғыз  атты  Бұқарбай  батыр,  —  адам 



баласының да Қоңырқұлжадай байы болады екен-ау!.. 

 

— Ақ патшаға жағынып, жаны шығып жүргенінің өзі де сол емес пе? — деді 



Бопай сәл қабағын шытып, — патша жанаралдары бекініс салып, келімсектеріне 

аздаған үлес бергені болмаса, жердің шұрайлысы әлі де Сәмеке, Нұралы, Бөкей, 

Уәли хандардың ұрпақтарында ғой. Мал үшін олар қазақтың  жері түгіл, жанын 

берер.  Бірі  бүкіл  Есіл,  Нұра  бойын  жайласа,  бірі  сонау  Сырымбет  тауының 

Құсмұрын мен Шұбарға дейінгі кең алқабын алып жатыр. Ал өзгелері бір Уәли 


169 

Әдеби KZ 

ханның  ана  Айғаным  қаншығы  жайлап  отырған  бөктерге  үш  болыстың  малы 

сыяды,  —  Бопай  кенет  ағасына  ашулана  қарады.  —  Қашанғы  ол  қаншықты 

басымызға  шығарып  қоямыз?  Қоңырқұлжадай  оны  да  шабатын  мезгіл  жетті, 

жібермейсің бе бір батырыңды. 

 

Кенесары қасқыр көрген бүркіттей түйіле қалды. 



 

— Қатын аулын батыр шаппас. Қайын атам жұрты демесең, өзің шап! 

 

Табылған сөзге үйдегілер шу ете қалды. 



 

— Жөн. 


 

— Тапқан ақыл. 

 

— Қатынды қатын шаппаса, батыр шапқаны ерсі. 



 

—  Уәлиханның  аулына  жолай  соғасың,  —  деді  Кенесары  аз  сөйлей,  —  ең 

алдымен арғы беттегі Аманқарағай приказының малын бері айдап өтесің. 

 

Қуанғаннан Бопайдың екі көзі жарқ етті. 



 

—  Мен  дайын.  Қарамағымдағы  алты  жүз  адаммен  мен  бүгін  түнде  жүруге 

бармын. 

 

—  Жөн,  —  деді  Кенесары,  сөйтті  де  Сидақ  қожаға  қарады,  —  солай  деп 



жарлық  берілсін.  Аманқарағай  приказына  жетуге  бес  күн  керек.  Бір  күн 

төмендегі тоғайда тынығуға мұрсат берілсін. Жетінші күні приказ шабылсын. — 

Сұлтан  бірдеме  ойланғандай  сәл  бөгеліп  қалды  да,  жұртқа  бұрылды.  — 

Аманқарағай  приказы  шабылғаннан  іле-шала  біз  де  Ақмола  бекінісіне  ат 

қоямыз. 

 

—  Дұрыс,  —  деді  күндікке  үндемей  отырған  келбетті,  ақсары  жүзді 



Жанайдар  батыр,  —  Аманқарағайды  Кенесары  әскері  шауыпты  деген  лақапты 

естісімен  Омбыдан  Ақмолаға  шыққалы  жатқан  әскер  солай  қарай  бұрылады. 

Дәл  осы  кезде,  алла  жазса,  біз  Қоңырқұлжа  мен  Қарапұшық  Иванның  да 

сазайын тартқызармыз. 



170 

Әдеби KZ 

 

— Менің де ойлағаным осы, — деді Кенесары. 



 

Батырлар тағы да қошеметтеді. 

 

— Ақыл. 


 

— Жөн. 


 

— Құба-құп. 

 

Кенесары енді Ереуіл Кеңесінің бүгінгі жиналған себебіне тікелей кірісті. 



 

—  Ал  Ақмола  бекінісін  алу  оңайға  түсе  ме?  —  деді  ол  отырғандардың 

әрқайсысының бетіне сәл тоқтай қарап, — қорғанының биіктігі әжептәуір, және 

оны жүз қадамдай жерден қоршай қазылған ордың кеңдігі он құлаш, тереңдігі 

бес құлаш. Тек қорғанға кірер екі қақпаның алдында ғана төрт салт атты қатар 

өте алар жіңішке жал бар... 

 

— Сол жал жетпей ме бізге?  — деді Наурызбай, — жау өтер жерден біз де 



өтерміз. 

 

—  Қоңырқұлжа  мен  Қарапұшықтың  қарамағындағы  бес  жүз  карабін 



мылтықты  солдат  пен  төрт  зеңбірек  бізге  құр  қарап  тұрады  дейсің  бе, 

Науанжан?  Олардың  да  аңдығаны  осы  екі  жіңішке  жал  менен  ордың  жағасы 

болар. Ордан өткенменен қорғаннан өте алмайсың. Көптігімізге сеніп топырлап 

шапсақ  құр  қырғын  боламыз.  Сонда  Ақмола  бекінісін  қалай  аламыз?  Кімнің 

қандай ақылы бар? Бірден он адамның ақылы артық, кеңеселік. 

 

Жиһазды,  дүниелі  ақбоз  үйдің  ішінде  өлік  жатқандай,  жұртта  үн  жоқ. 



Бастарын салбыратып, төмен қарап, көбі жер шұқылай береді. Әркімнің ойы әр 

тарапта. «Қол болып жиналуына жиналдың ғой, ал енді жауды қалай жеңеміз? 

Бәсе, қалай жеңеміз? Ақмола бекінісі — алғашқы қамал. Ал бізге деген мұндай 

ондаған  қамал  бар...  Төрт  зеңбіректі,  бес  жүз  карабінді  бекіністен  осыншама  

абыржығанда, бұдан әрі күйіміз не болмақ? Ал ақ патшада мыңдаған зеңбірек,  


171 

Әдеби KZ 

жүз мыңдаған карабін бар... Осы біз көл үстіндегі қаз-үйректей бір мылтықтың 

даусынан зәреміздің кетерін білмей тым босқа еркінсініп жүрген жоқпыз ба?» 

 

Жұрттың  еңсесі  түсіп  кеткенін  Кенесары  көріп  отыр.  «Қамалға  шабуыл 



жасамай жатып қас батырлардың түрі  мынау, ал  қамалды ала  алмасақ күйіміз 

не болмақ?»   

 

Кенесары тұнжырай түсті. 



 

— әлде «жеткен жеріміз осы болды» деп Қараөткелден бас тартамыз ба? — 

деді ол сәл қабағын шытып. — Сондай да күйлерің бар ма, қалай? 

 

—  Жоқ,  төре,  —  деді  басын  көтеріп  алып  Ағыбай,  —  бүйірден  қадалған 



тікендей болып отырған Ақмола бекінісін қалай да алуымыз керек. 

 

— Қалай «алу керек?» 



 

—  Ел  бастаған  дана  емеспін,  қол  бастаған  батырмын.  Демек,  қыран  жете 

алмас қия жоқ, жаужүрек өте алмас мия жоқ, маған салсаңдар Ақмола бекінісін 

қоршап  алып  сыртқа,  жан  шығармай  аңду  керек.  Қорған  үстінде  көрінгеніне 

садақ оғы жалынсын... 

 

— Тағы қандай ой бар? — Кенесары қолын сәл көтерді, — көсе ақылы жақсы 



ақыл,  бірақ  онымен  Қарапұшық  пен  Қоңырқұлжаны  жеңе  алмайсың...  Біз 

қоршағанмен,  сырттан  келер  көмек  бар,  тұзақ  құрып  ұзақ  күтер  жай  жоқ. 

Бекіністі алар болсақ, шапшаң, тез алуымыз керек. Ақмола маңында бір күннен 

артық аялдау күнә. Өзге бекіністерден жәрдем келулері сөзсіз. 

 

 — Бекініске түнде шапқан жөн бе деймін, — деді Бұқарбай батыр, — Тентек 



төре Сайрам мен Созақты алғанда қалың қолмен түнде кірген екен. 

 

— Түн сөзсіз жау, екі жаққа бірдей, — деді Кенесары, — Созақ пен Сайрамда 



Тентек төренің бекініс қақпасын ашқан адамдары болды. Ал біздің кіміміз бар? 

Қарапұшақ  пен  Қоңырқұлжа  тек  өздерінің  сенімді  нөкерлері  мен  сыпайларын 

ғана  қалдырып  отыр.  Қарасу  бойындағы  балықшы  мұжықтарға  біздің 


172 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет