Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет3/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Әдеби KZ 

түскеннен  кейін  ұрған  болулары  керек,  қомақты  жұлынған  омырауының ашық 

жерінен кеудесінің көк ала еті көрінеді. 

 

Кешегі  ел-жұртының  қамын  жеп  ақ  патшаға  қарсы  шыққан  адамның  бүгін 



мұндай сұмдыққа ұшырауы Таймастың жан сезімін өртеді. Оның мұндай күйге 

түсердей  не  жазығы  бар  екенін  білгісі  келді.  «Барлық  айыбы  жұртына  қамқор 

болғаны ма? Ақ патшаның тегеурініне көнгісі келмегені ме? Егер бар күнәсі сол 

болса онда мұндай мүсәпірлікке ұшырайтын жалғыз Сейтен ғана ма? Аң да, құс 

та өз інін, ұясын қорғайды. Адам неге өйтпеуі керек? Өз мекенін, өз  жерін неге 

қорымасқа?  Сондай  бір  әділ  қылығың  үшін  де  айыптысың  ба?  Жоқ,  айыпты 

емессің». 

 

Таймас  Сейтенмен  қанша  сөйлескісі  келсе  де  реті  түспеді.  Тұтқынды  қалт 



етпей күзеткен сыпайлар жуытпады. Лебедев пен Шыңғыс екеуі ауыл төңірегіне 

де, Ожар мен Сейтен жатқан үйге де сақшы қойды. Өзге сыпайларын да алысқа 

ұзаттырмай  сол  маңайдағы  көрші-қолаңдардың  күрке,  лашықтарына 

орналастырды. 

 

Түн жылы еді. Лебедев Таймасқа өз үйінің іргесіне төсек салып жатуға рұқсат 



етті. 

 

Түн  тастай  қараңғы.  Үстіңнен  түйе  жүн  қалың  көрпе  жауып  қойғандай 



тымырсық  ыстық  сезіледі.  Қобалжи  тынышталған  ауыл  мызғымас  бір  өлік 

тәрізді, тек анда-санда қаңтарып суытып қойған сыпай аттарының пысқырғаны 

мен  күзетшілердің  еміс-еміс  күбірі  естіледі.  Басын  шырмаған  алуан  ой,  қанды 

айқаста  қолға  түскен  мынау  Сейтен  мен  Ожардың  аянышты  халдері  мазалап, 

Таймас көз ілмей дөңбекшумен болды. 

 

Кенет құлағына бір күйзелген, күңіренген қоңыр дауыс келді. Таймас тыңдай 



қалып  еді,  бұл  —  «Елім-ай»  әуенімен  зар-өлең  айтып  жатқан  Сейтен  екенін 

білді. Таймас тына қалды. Енді Сейтен салған ән сөздері айқын естілді. 



25 

Әдеби KZ 

 

 



Қош аман бол, кең жайлау, өскен жерім, 

Қайтқан қаздай қалың ел көшкен жерім. 

Есіл қазақ есейіп ел бола алмай

 

Ит пен құсқа таланып өшкен жерім, — 



 

деп күңіренеді ол. 

 

Сейтен тағы да айтпақшы еді, Ожардың сәл ашулы даусы оны бөліп жіберді. 



 

— Сейтеке, ішке сыймай бара жатыр ма күйігіңіз?.. 

 

Сейтен  қолға  түсер  сәтте  көзі  көрмесе  де,  даусын  шырамытып,  өзін 



байлағандардың  бірі  Ожар  деп  ұққан.  Бірақ  оның  да  мұндай  күйге  түсіп, 

өзіменен  бірге  айдалынып  келе  жатқанына  таң  қалып  ол  ойынан  қайтқан. 

«Япырмау,  бұған  даусы  ұқсас  кім  болды  екен!»  деп  басы  қатқан.  Әйткенмен 

күпті  көңіл  ырық  бермеді,  сөз  тартып  сыр  ашқысы  келді.  Енді  ол  алыстан 

орағытып сөзге кіріскен: 

 

— Ожар, айтылмаған өкпе — іште жатқан Ескендірдің қос мүйізімен тең... 



 

— Шер тарқатар уақыт болар әлі. 

 

— Уақытымның бітуге айналғанын біле тұра, кекетесің ғой, — деп Сейтен сәл 



ашулана  күліп  ақырын  ғана  күрсінді  де  сөйлеп  кетті.  —  Боз  торғайдай  

кішкентай  болғанмен  биік  ұшар  халқым  бар  еді,  сол  сорлыны  бір  құзғын  іліп 

кетпесін  деп,  ана  жылы  жалғыз  бауырым  Тайжан  ақ  патшаға  қарсы  жасақ 

құрғанда сен де келіп қосылып едің... 

 

Ожар  жауап  қайырмады.  Тайжанның  да  қолға  түсуіне  Ожардың  себепкер 



екенін  Сейтен  білмейтін.  Сондықтан  «Жазықсыз  болса  ренжітпейін»  деп 

ақтарыла сөйледі. 



26 

Әдеби KZ 

 

—  Жұртың  үшін  жан  пида  ете  аларыңа  сол  кезде  көзім  жеткен  тәрізді  еді. 



Құмбелдегі ауылдан бастап, кәрлі қылыштың қаһарынан талай елді аман алып 

қалдыңдар.  Есіңде  ме,  жау  әскері  сендерді  Қаражал  бұйратындағы  жылғаға 

қуып  тыққаны?  Сендер  онда  Саржан  төлеңгіттерін  арғы  бетке  шығарып  келе 

жатқан  едіңдер.  Сен  жүздігіңмен  кәрлі  қылышты  екі  күндей  бөгеген 

болатынсың. 

 

Сейтен сонау бір алыс күнді есіне түсіргендей тағы ақырын күрсінді. 



 

— Басар жерің көк мұзға айналып, қатын біткен Баян тауының өрлеуіне киіз 

төсеген. Сол жолы екі жүздей шаңырақты қорғап қалдыңдар... Әттең, дүние-ай, 

қияңқы қыс қаһарлы келіп, баспанасыз жалаң жұрт сол жұт жылы ажал тапты... 

 

Ожарда  әлі  үн  жоқ.  Сейтеннің  шаршап-шалдыққан  даусы  енді  тіпті  анық 



естілген: 

 

— Сол жолы еді ғой, Тайжан қолға түсіп өлім жазасына бұйырылғаны... Сені 



де  сыпайлар  ұстап  алатын  еді,  ауылдың  елуге  таяу  қыршын  жасын  жолыңа 

құрбан етіп мен араша түстім... Аман алып қалдық. Кәрі тарлан қанша шабады, 

бізден соң жұртты сен тәрізді жастар басқарады деп сенетін едім. Сондықтан да 

о жолы өзіңді көзіміздің қарашығындай сақтап қалдық емес пе? — Сейтен сәл 

бөгелді де, Ожардың жауап қайтармағанына қарамай тағы сөйлеп кетті: 

 

—  Сен  жас  едің.  Бірақ  асыл  тастан,  ақыл  жастан,  жұрт  білмегенді  сен 



білетінсің.  Бүкіл  Қаржас  елу  күн  ертегі  етіп  бітіре  алмас  жәйтті,  сен  бір  түнде 

айтып  бере  алатынсың...  Бұрын  ділмәр  едің.  Қазір  көшпелі  елдің  тұмшалаған 

бұзауындай  үндемейтін  болыпсың...  Өлсем  шайт,  өлтірсе  қазы  деген  жанмын. 

Мойнымда  шын  қазақтың  бір  тамшы  қаны  жоқ.  Өз  қолыңнан  ажал  тапсам, 

өкінбеймін, арым таза. Ал сенің ше? 

 

Ожар аунап түсіп еріне жауап берген: 



 

— Менің де... 



27 

Әдеби KZ 

 

Сейтен үзіліп қалған ойына қайта оралды. 



 

—  Иә,  сол  жолы  мен  тірі  қалдым.  Бірақ  одан  не  таптым?  Жалғыз 

бауырымнан айырылдым. Ел-жұртымды талан-тараж еткіздім. Бар ұтқаным сол 

ма? Міне, соңымнан ерген жұрт қалған жоқ па тағы тотиып? 

 

Ожардың шапшаң қимылмен түрегеліп отырғанын Таймас байқап қалды. 



 

— Көрмес түйені де көрмес, — деген оның сәл ренжіген даусын естіді: — бар 

қазақты өзіңе балама... Сен ақ патшаға қарсы шыққанмен, оны құшағын жайып 

қарсы алғандар аз ба? Олардың ұпайы түгел. 

 

— Ау, сен не айтып отырсың? 



 

 

—  Есітіп  жатқан  жоқсың  ба?  —  Ожар  кекете  күлді.  —  әлін  білмеген  әлек 



деген... Айтшы кәне, қолыңнан не келді? 

 

 Таймас  қалшия  тыңдап  қалған.  «Япырмау,  мына  Ожар  не  дейді?  Жүрек 



соғысы бөлек пе, қалай?»  

 

Сейтен кенет күңірене үн қатты: 



 

— Жүрегім бір сұмдықты сезіп еді... Қателеспеген екенмін ғой... 

 

Тағы  да  екеуі  үн-түнсіз  тына  қалды.  Енді  сөздері  бітті  ғой  деп  Таймас 



жастыққа басын қайта қоя бергенде, Ожардың ашулы даусы шықты: 

 

— Қазір жер қорғайтын заман емес, жан қорғайтын заман... Тағы құландай 



ру-ру боп жалпақ даласында шұбырған қалың қазақ, ту тігіп ел болудан қалған. 

Осыны неге түсінбейсіңдер. 

 

— Ел болуды ақ патша жендеттерінен үйренбексің ғой?  — деген Сейтеннің 



ызалы күлкісі ап-айқын жетті. 

 

—  Үйренсе  несі  бар?  Үйренем!  Сен  үйренбеймін  десең  де  ол  күшпен 



үйретеді. 

 

—  Үйрен,  үйрен...  —  деді  Сейтен  кекесін  үнмен.  —  Сен  секілділер  барда 



оларға  үйрету  жеңілге  түседі.  —  Ол  енді  күлкісін  тыя  қойды.  —  Жоқ,  Ожар,  

28 

Әдеби KZ 

оның  болмайды,  —  деді,  —  сен  құлан  дейтін,  мен  қыран  дейтін,  екеумізге 

бірдей ортақ қазақ деген жұртың бар... Қарға баласын аппағым деп сүйеді, кірпі 

баласын жұмсағым деп сүйеді. Сен қазағыңды неге жек көресің? Ал мен... 

 

— Иә, сен? Айт, айт... 



 

—  Мен  оны  халқым  деп  ардақтаймын.  Сондықтан  ол  үшін  ажалдан  да 

қорықпаймын,  —  деді  Сейтен  сөзін  жалғай.  —  Ата-ананы  таңдауға  болмайды, 

туған  халқыңды  да  таңдай  алмайсың!  Оны  әлжуаз  де,  тағы  де,  бірақ 

маңдайымызға жазылғаны сол халық, мен оны сен айтқан әлжуаз қалпында да 

жақсы  көрем.  Кімде-кім  сол  қазақ  деген  қыранды  қанатын  кесіп,  жем-құсына 

айналдырғысы келсе, ол менің қас жауым, туған балам болса да аш тамағынан 

ала түсіп, өз қолыммен бауыздауға бармын. 

 

Ожар тағы да кекете сұраған: 



 

— Онда мені неге бауыздамадың? 

 

Сейтен кенет демі таусылғандай әлсіз жауап берген:  



 

— әттең, дүние, кеш білдім ғой! 

 

—  Жеңілген  адам  құсалы  болатын  әдеті.  Өкіне  бер,  Сейтен.  Бұл  түнде 



екеумізден  бөтен  сөзімізді  естір  жан  жоқ,  сондықтан  анығын  біліп  өт.  Мен 

сендер секілді тұлыпқа мөңіреп бос жүрген жан емеспін... 

 

— Иә, енді түсіндім, мені байлап берген де өзің едің ғой... 



 

Екеуі ұзақ уақыт үндемей қалды. Әлден кейін Сейтен: 

 

 

— Адамға мың жасаса да аз болатын шығар, өйткені адам баласында арман 



көп  қой...  —  деп  аунап  түсті:  —  Ал  мен  ұзақ  өмір  сұрамаймын.  Шіркін-ай,  бір 

сәттік қана еркіндік берсе 

 

— Мені өлтіру үшін бе? 



 

— Иә, сені. Елін, жерін, бауырлас туғандарын сатқан сен секілді қанішерді өз 

қолыммен бауыздасам бұл жалғаннан армансыз өтер едім! 


29 

Әдеби KZ 

 

—  Бірақ  ол  арманыңның  орындалмайтынын  өзің  де  білесің  ғой,  несіне 



таусыласың? 

 

 



—  Бар  өкініштің  өзі  сонда  ғой!  әттең,  дүние-ай,  сенің  бізді  ұстап  бергеніңді 

бір қазақ білсе!.. 

 

—  Үмітіңді  үзе  бер.  Қараңғы  түнге  тіл  бітпесе,  менің  сырым  өзіммен  бірге 



көріме кетер!.. 

 

Жоқ,  Ожардың  сыры  ашылмай  қалған  жоқ.  Оны  күтпеген  жерден  Таймас 



естіді. 

 

Таймас  заты  сабырлы  жан.  Сол  түні  қабыл-құбыл  қимылдап  Ожардан  кек 



алуды жөн көрмеді. Қаптаған солдат тұрғанда өзінің орынсыз мерт болатынын 

да  ойлады.  Және  жұртын  тағы  да  бір  қанды  уақиғаға  душар  еткізермін  деп 

қорықты.  Бірақ  Ожардың  сонау  жан  түршігер  қылығы,  бұның  да  шыңырау 

түбінде мүлгіп жатқан ұйқылы-ояу сезімін оятты. Тыныш көңілін әлем-тапырық 

етті.  Сейтен  тәрізді  ел-жұртының  тілегін  арман  еткен  аяулы  жанның  тағдырын 

есінен шығармасқа өзіне өзі ант берді. 

 

Таң ата көп сыпайлар Сейтен мен Ожарды бірге матап тағы да жолға шықты. 



Ожардың Сейтенмен неге бірге байланып бара жатқанын Таймас әбден ұқса да, 

түндегі әңгімені естімеген пішін көрсетіп, екеуіне бірдей: 

 

— Қош болыңдар! — деп теріс бұрылып кетті. Анандай жерге барып көзінен 



танадай боп домалап-домалап кеткен жасты жеңімен сүртті. 

 

Бұл Сейтенмен жау көзінше ашық қоштаса алмаған достың көкірегіндегі ыза 



жасы еді. Таймас осы жасын өле-өлгенінше жүрегінде кек етіп сақтамақ. 

 


30 

Әдеби KZ 

ІІ 

 

 

 



Шағын келген Елек өзені жыландай сумаң қағып тынбай ағып жатыр. Кейде 

қамысты,  кейде  ұсақ  талды  болып  көмкерілетін  құмайт  жағаға  жас  баладай  

былдырлап  әлденені  айтып  сылқ-сылқ  күледі.  Осы  өзеннің  сонар  басына, 

Қандыағаш  тұсына  қаптаған  қалың  көш  келіп  қонды.  Бұл  Тіленші  баласы 

Жоламан  батыр  бастаған  Табын  руының  көші  еді.  Қатарлас  қонғандар 

Жағалбайлы,  Шөмекей,  Шекті  ауылдары.  Табын  көші  сонау  Елек  өзенінің  Ақ 

Жайыққа  құятын  жағасынан  шығысқа  қарай  өрлеп  келе  жатыр.  Өзге  рулар 

бүйірден, немесе Жайықтың жоғарғы сағасынан келіп қосылған. 

 

Жоламан көші Сейтен көшіне мүлде ұқсамайды. Кигіз үйден бөтен, шоқшита 



тігілген  қараша  лашықтар  мен  ақ  шатырлар  көрінеді.  Малдың  дені  түйе  мен 

қой.  Үйір-үйір  жылқы  да  бар.  Бұлардың  да  кейпі  өзгеше.  Алысқа  талмай 

шабатын сүмбіл жалды қазақтың мықты жылқысымен аралас қаз мойын, сидаң 

аяқты,  көтеріңкі  кеуделі  түрікменнің  ақалтеке,  текежаумыт  тұқымдастары  да 

көзге  түседі.  Көштің,  малдың  да  сәні  түйе.  Шудалары  сала  құлаш  желкілдеген 

қос өркешті буралармен бірге, ор қояндай сидиған жаңа туған құлындай тықыр 

жүнді, арабы қызғылт нарлармен аралас, үстіне сегіз қанат үй тиесең де мыңқ 

етпейтін  лөк  тұқымдас  аруаналар...  Қой-ешкінің  көпшілігі  түбіт  жүнді,  арқар 

мүйізді  теке,  емшектері  көнектей,  мол  сақалды  тұқыл  ешкі,  топтан  әлсін-әлсін 

бөліне жайылған бөрте лақ, жібек жүнді сек... 

 

Адамдарының киімдері де Арқа өңірінікінен басқаша. 



 

Бастарына  кигендері  кеуделеріне  дейін  жабатын  түйе  жүн  далбағай,  етек 

жағы  айбалтаның  жүзіндей  қайқиып  келген  әшекейлене  кестеленген  оқшима 

қалпақ... Тымақтары да бөтен. Үстін барқытпен тыстап, етегін терімен көмкерген 

киіз. Шошайған төбесінің құлақ тұсынан бастап жоғары қарай алты салалы етіп 


31 

Әдеби KZ 

оқа ұстаған. Жарғақ шалбар, түйе жүн шекпен, кең құлаш етік, ақ таңдақ, арша 

не  болмаса  тобылғы  түстес  етіп  боялған  жұмсақ  тонның,  шолақ  сәнді 

пешпенттердің етек, өңіріне оқалап зер салған... 

 

Ал  әйелдерінің  киімі  Арқа  киімдерімен  тектес.  Оқалы  қамзол,  зерлі  шапан. 



Кәмшат бөрік, күміс тізген үкілі  сәукеле. Оқамен  зерлеген, күміс теңге қадаған 

жер сүзген мол қос етекті барқыт, бәтес көйлек. Анда-санда шетіне ши барқыт 

тұтқан, белі қыналған, жібін жіңішке етіп иірген шекпен қамзол, пешпент. Күміс 

шолпты,  алтын  жүзік,  меруерт  алқа,  сом  білезік,  сәнді  сырға  —  бәрі  де  бүкіл 

қазақ  әйелдеріне  жарасты  дүние.  Дегенмен,  әйелдерінің  де  киімінде 

өзгешеліктер бар. Кіші жүзде кимешек орнына күнгейлік киеді. Жас келіншектер 

осы  бір  кестеленген  сәнді  жаулықтың  кейде  құлақ  тұсына,  төбесіне  үкі  де 

тағады.  Ал  қыздары  Орта  жүздің  қыздарындай  аш  белін  қынар  күміс  белбеу, 

үкілі тақияға әуес емес. 

 

Қалың  ел  бұл  араға  кеше  кешке  таман  келіп  қонған.  Түйенің  қомын  алып, 



қос шатырлар тігіп екі-үш күн тынығуды ұйғарған. 

 

Алыс  жолға  түйеден  гөрі  қолайсызырақ  жылқы  малы,  кешеден  бері,  өзен 



жағасындағы  қурай  аралас  көгал  шөп  пен  қырқа  бетіндегі  жусанды  бозға 

тойынып, тез-ақ белі көтеріліп қалған. 

 

Бұл  көш  те  жайшылықтағыдай  серуенді  көш  емес,  дүрліккен,  үрейленген, 



ата-мекен  кең  жайлауынан  босқан  көш.  Ойдым-ойдым  болып  қонған 

ауылдардың етек-жеңі жинақты. Бұларды көшірген жаяу борсаң, жеңіл желкем 

дау-шар емес, бүкіл Жайық пен Елек, Жем бойын  дүрліктірген, елге келген зор 

апат.  Ер  азаматтары  жау  басар  жүйріктерінің  ер-тоқымын  алмай  түнде  қос 

маңайында  оттатып  отыр.  Әлі  жауға  түспеген  жігіттері  де  бейқам  болмайық 

дегендей  әлсін-әлсін  күнбатыс  жаққа  көздерін  тігіп,  семсерлерін  қыса  ұстап 

қояды.  Ал  кейбір  жүрек  жұтқан  батырлары  күрке,  лашықтардың  қасында 


32 

Әдеби KZ 

жіңішке найзағай меңзелдес көгілдір құрыш алдаспандарын қамсыз қайрауда... 

Жас балаларда да рең жоқ. Олар әдеттегісіндей асыр салып ойнамайды, топ-топ 

болып  жиналып  бұлар  да  әлденені  өзара  сыбырласа  сөз  етеді,  Тобылғы  күрең 

сұлуларында  да  ақжарқын  бейне  жоқ,  әдеттегідей  сүлделері  құрып  бота 

көздерін  көңілдестеріне  қадамайды.  Қара  су  секілді  тұнжыраған  ауыл  үстіне 

төнген  ауыр  қайғыны  тек  анда-санда  сылдырлаған  қыз  шолпысының  үні  мен 

көк аспанда тізбектеле ұшқан қаз-үйректің сұңқылы ғана бұзады. 

 

Расында  бұл  ауылдар  сонау  күнбатыс  жақтан  хабар  күтіп  тыпыршуда  еді. 



Сондықтан  ер  азаматтар  құбыла  жаққа  жиі  қарайды.  Әсіресе  ана  төбе  үстіне 

жиналған қарттардың ішіндегі қапсағай денелі, қара сақалды, орта жасқа келіп 

қалған тұлғалы кісі дегбірсіз отыр. Құбыла жаққа қадалып қалған. Оның үстінде 

темір  торлы  шолақ  сауыт.  Басында  темір  тор  далбағай.  Сауытының  жеңі 

шынтағына  ғана  жетеді.  Білегін  ішінен  киген  көк  барқыт  пешпентінің  жеңі 

жауып  тұр.  Оюланған  көк  барқыт  кең  балақ  шалбар.  Аяғында  күмістеген  кең 

қонышты  саптама  етік.  Сауытын  ышқырланып  алған.  Күміс  белбеуінде  жез 

сағалы,  қынына  алтын  жалатқан  көк  семсер.  Сол  қолының  шынтағына  ілген 

болат қалқан. Қазір қауіпсіз бір тыныштық шақ болғандықтан шетіне зер ұстаған 

көк барқыт шапанын иығына жамыла салған... Осы бір сұсты адамның айбынды 

түрінде қазір бір үлкен қобалжу бар. 

 

Бұл  —  осы  көптің  қолбасшысы.  Табын  руының  биі,  мың  жылқы  айдаған 



сұлтан Тіленші ұлы Жоламан батыр еді. 

 

Ол  кенет  қиядан  қызыл  түлкі  көрген  бүркіттей,  оқыс  қимылмен  алға 



ұмтылып барып тоқтады. Ағына сәл қызғылт қан тараған үлкен қырағы көздерін 

көкжиекке қадап тырп етпей мелшиді де қалды. Өзге жұрт та солай қарай көз 

жіберді.  Енді  олар  да  Батыс  жақтағы  ақ  шаңдақты  көрді.  Әрі-беріден  кейін 


33 

Әдеби KZ 

соңынан  шаңға  көме  сызылта  шауып  келе  жатқан  салт  аттыны  бәрінің  де  көзі 

шалды. 

 

Бұл  кезде  алтын  сәулесін  адыр,  төбенің  басында  жамыратып  күн  де  батып 



кеткен еді. Әйелдер шақпақ қудан от тұтатып қазан көтере бастаған. Көштің әр 

жеріне көк түтін көлбей ұшып, жұрттың көбі кешкі жабдыққа кіріскен. 

 

Төбедегі  шағын  топтың  көзіне  түскен  салт  аттыны  енді  бар  ауыл  көрді. 



Барлық назар шаң шыққан жаққа ауды. 

 

Көбінің жүзінде үміт нұры ойнап шыға келген. Кей көңілде күмән да бар. Әр 



тұстан үміт, жорамал аралас дауыстар естіле бастаған: 

 

— О құдай, жақсылыққа болса игі еді! 



 

— Ақсарбас, ақсарбас! 

 

— Тым күрт келе жатыр-ау! 



 

— Артынан жау қуғандай! 

 

— Жоқ, қуаныш әкеле жатқан жан тәрізді! 



 

— Аузыңа май! 

 

Астындағы  сүліктей  жараған  қылаң  бедеуі  қара  терге  малынған  кісі 



Жоламандар  тұрған  төбенің  етегіне  келіп  тоқтады.  Алыстан  шапқан  жүйрік  екі 

бүйірі  солқылдап,  оқтын-оқтын  дем  шығарып,  екі  танауы  желп-желп  етеді. 

Үстінен шыққан ақ таңдақ көбік жерге үлпілдеп, үзіліп-үзіліп түседі. Ат үстіндегі 

қара  торы,  жас  қайыңдай  берік,  шымыр  денелі  жігіт  екі  иінінен  демін  алады. 

Ұзақ  шабысқа  шыдамды  болу  үшін  қара  санынан  бастап  кеудесіне  дейін  бар 

денесін  тұтастыра  қыл  арқанмен  айқыш-ұйқыш  шандып  тастаған.  Тек  екі  қолы 

ғана бос. Ерні кезеріп, күн шалған қоңыр жүзін ақшаңдақ сор топырақ жапқан.  

Бірақ отты көздері ұшқын атып жалт-жұлт етеді. 

 

—  Жарқыным-ау,  жақсылық  па,  жамандық  па?  —  деп  Жоламан  елегізе 



таяды. 

34 

Әдеби KZ 

 

—  Жамандық,  көке,  жамандық!  —  деді  жігіт  тілі  күрмеле  әзер  сөйлеп.  — 



Бізді қуып Орынбордан қалың әскер шығыпты! 

 

— О, тоба... 



 

— Не қылмайсың дейді сонда бізге? 

 

— Қай тұста екен шыққан қол? 



 

Жоламан түнеріп кетті. 

 

— Біздің хатымыздан не хабар бар? 



 

— әзір еш хабар жоқ. 

 

—  Тағы  да  баяғы  әдеттеріне  басқан  екен  ғой,  —  деп  Жоламан  жас  жігітке 



қарады.  Сүмбідей  сұлу  бедеуінің  үстінде  қорғасын  құйған  құлжа  асығындай 

берік  отырған  осынау  жас  жігіттің  сымбатына  сүйсінгендей  көзінде  бір  сәуле 

жалт  етті  де,  кенет  үрлеп  сөндірілген  білте  шам  жарығындай  жоқ  болды.  Ол 

әлгіндегідей емес, ішкі ахауалын сабырға жеңдіргендей: 

 

—  Жә,  енді  атыңнан  түс,  шаңыңды  қақ,  —  деді,  —  сонсын  бәрін  тәптештеп 



айтып берерсің. — Жоламан жанындағы ақсақалдарға бұрылды. Сірә, бұлар ел 

бастаған  ақылгөй,  ізетті  адамдары  болуы  керек.  —  Суық  хабар  сұрқымызды 

қашырар  әлей  болмай  тұра  тұрсын,  —  деді  ол.  Енді  оның  үні  шиыршық  атқан 

қажырлы шықты, — кеңескен жөн. 

 

— Иә, мұндайда иек артпа жол табар ақыл керек. 



 

—  Ана,  Шекті,  Жағалбайлы,  Шөмекейлердің  де  жақсыларын  шақырған 

абзал. 

 

— Дұрыс лебіз. 



 

— Көппен кеңесіп шешкен тон келте болмас 

 

— Қайрат, Қанат, сендер ана Мұқаметәлі, Тайман, Жүсіпқали ақсақалдар-ға 



хабар беріңдер, Жетіқарақшы шөміштене осы арада табысайық. 

 

— Мақұл. 



35 

Әдеби KZ 

 

Егіз қозыдай томпиған екі бала жігіт жұрттан бөлініп шыға берді. 



 

—  Сірә,  Үркер  тарар  кезде  көтерілерміз,  —  деді  Жоламан  қасындағыларға, 

— түн қатар алдында жұрт көз шырымын алсын. 

 

— Жөн ғой. 



 

— Шай-суларыңды ішіп қайта оралыңдар. Қатын-қалаштың үрейі ұшар, суық 

хабарды білдірмеңдер. 

 

— Табылған ақыл. 



 

Ақсақалдар тарай бастады. Жоламан хабаршы жігітке: 

 

—  Байтабын,  әжеңнің  көзіне  көрін  де  менің  қасыма  қайтып  кел.  Әкелген 



хабарыңның мән-жәйін тегіс айтып берерсің, — деді. 

 

— Жарайды. 



 

Жоламан  жалғыз  қалды.  Ымырт  жабылып  түн  қараңғысы  қоюлана  түсті. 

Алыстағы  көкжиек  үстінен  алабұртып  табақтай  боп  қызыл  жалқын  ай  көрінді. 

Жоламанның ішін өртеп бара жатқан қып-қызыл ашу шоғындай. Сұмдық хабар, 

ел  басына  төнгелі  тұрған  бүліншілік  төмен  тұқыртып  жіберген  Жоламан  енді 

еңсесін басқан салмақты кейін серпіп тастағысы келгендей кенет бойын жинап 

алды. 

 

— Ереуіл атқа тағы да ер салатын күн туды, — деді күйіне дауыстап, — халық 



кегіне суарылған ақ семсер жүзі мұқалмай бетімнен қайтпаспын. 

 

Жоламан батырдың бұлайша серт беруінің ерекше себебі бар. Табын — аса 



бай ру емес. Көп жылдан қонар көлі де, ұшар көгі де Електің Ақ Жайыққа құяр 

сағасынан  бастап,  Рын  құмы  мен  Үшөзеннің  малға  жайлы,  бидайықты,  бозды 

шалқар  жағасы  болатын.  Бұл  ара  ежелден-ақ  қазақ  жері  саналатын.  Россия 

патшасының  ана  жылдардағы  рұқсаты  бойынша  Кіші  жүз  Жайықтың  арғы 

бетінде  де  мал  жайып,  шөп  шабуға  ерікті  еді.  Ал  1810  жылдан  бері  қарай  бұл 

жай  бұзылып,  патша  үкіметінің  отаршылық  саясаты  Табын  руының  ежелгі 



36 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет