Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы кластарымен танысу


Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері



бет3/17
Дата03.12.2023
өлшемі30,86 Mb.
#133874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Аида Әбдурасилова 13 дәріс

Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері

Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі – гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлте жапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп кеткен, жоғары бөлігінен бес тісше көрініп тұрады. Себетгүлдегі тілше гүлдерден 5 ұсақ тісшелері бар тақташалардың жазылып тұрғанын көреміз. Ал жалған тілшелігүлде 3 тісшелі жазылған тақташа болады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі – айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар. Күрделі гүлділердің формуласы: Т0К(5)А(5) Ж(2) (бақбақ гүлі).

Гүлдерінің құрылысы


Гүлдерінің құрылысы өте күрделі және алуан түрлі болғандықтан, кейбір өсімдіктердің гүл формуласын ұсынамыз.
Кәдімгі бақбақ тілшегүлі: Т0К(5)А5Ж(2).
Мыңжапырақ (тысячелистник) себетіндегі түтікшелі гүлі: Т0К(5)А5Ж(2);
жалған тілшегүлі: Т0К(5)А5Ж(2).
Дәрілік түймедағы (ромашка лекарственная) түтіктелі гүлі:
Т0К(5)А5Ж(2) жалған тілшегүлі: Т0К(0+3)А0Ж(2).
Күнбағыстың себетінде де түтікшелі, тілшелі гүлдер бар. Жалған тілшелі гүлдері себет гүлшоғырының жиегінде (шетінде) орналасады, ол жеміс бермейді; формуласы: Т0К(0+3) немесе 3А()Ж().
Сонымен күрделігүлділер тұқымдасы гүлдерінің құрылысы бойынша 2 тұқымдас тармағына топтастырылады:
  • түтікшелі гүлділер (күнбағыс, түймедағы, мыңжапырақ, жусан, ермен, гүлкекіре және т. б.),
  • тілше гүлділер тұқымдас тармағы (бақбақ, шашыратқы, қалуен және т. б.).

Күрделігүлділер тұқымдасы гүлдерінің құрылысы бойынша 2 тұқымдас тармағына топтастырылады:


Трубкагүлділер (подсемейство трубкоцветные) — Tubiflorae
Тілшегүлділер (подсемейство язычкоцветные) — Liguliflorae


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет