Күнбағыс туысы Helіanthus
Жусан туысы (полынь — Artemisia)
Гүлкекіре туысы (василек — Centaurea)
Сарықалуен туысы (бодяк — Cirsium)
Трубкагүлділер (подсемейство трубкоцветные) — Tubiflorae
Гүлдері негізінен трубка тәрізді, кейде тек шеткі гүлдері ғана жалған тілше немесе воронка төрізді болады. Біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер, тамаққа және малға азық ретінде, сәндік мақсатта және дәрілік мақсатта пайдаланылады. Трубкагүлділерге : күнбағыс, жусан, дәрмене жусан, сарықалуен, биік андыз және тағы да басқа өсімдіктер жатады.
Күнбағыс Жусан Биік андыз Жусан туысы Күнбағыс туысы Топинамбур және топинамбур грушасы Дәрмене жусаны Трубкагүлділер (подсемейство трубкоцветные) — Tubiflorae
Жусан туысы (полынь — Artemisia)
400-дей туысы бар, БОР-дың территориясында 134 түрі, ал Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Туыстың ареалы негізінен Европаның, Азияның және Солтүстік Американың қоңыржай климатты облыстарын алып жатады. Шөптесін (көпжылдық, екіжылдық, біржылдық) өсімдіктер немесе жартылайбұталар. Бүтақтары тік немесе жоғары қарай өседі, жапырақтары кезектесіп орналасқан болады. Жапырақтары қатты тілімделген, сиректеу тұтас (бүтін), көп мөлшерде эфир майын шығарады. Гүлдері тек трубка тәрізді.