Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру
Орындаған: Алпысбай Айша Ерланқызы
Топ: БК080-223нп
Мақсаты
Кредиттік оқыту технологиясы және оқу үдерісін ұйымдастырудың ережелерімен таныстыру.
Жоспар
1. Жалпы кредиттік оқыту жайлы түсінік
11. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
1. Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің
оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары
2. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру 3.ЕСTЅ түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың қазақстандық жүйесі
4. Модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастыру
ІІІ. Қорытынды
Charles William Eliot (1834-1926)
Кредиттік жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болды. Оның негізін 1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып, «кредит-сағат» ұғымын қоғамға енгізген болатын. Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит- сағат>> болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында, оку бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе бастады
Кредиттік оқыту жүйесі - даралану, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.
Қазақстан Республикасында кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының <<Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында No66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген.
Кредиттік оқыту технологиясы - бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып, табылады
Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
Кредиттік
оқыту технологиясын пайдалану арқылы оку үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) білім көлемін біріздендіру;
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
Жалпы ережелер
1. Осы Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту
технологиясы іске асырылады.
3. Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
4. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады.
5. Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесінен ерекшеліктері
- дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру;
- білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы көп еркіндігі, әр студенттің өз жеке оку жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және таңдау курстарының көптігі;
- "студент-оқытушы" қарым-қатынасының "субъект-субъект" болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы,
- студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін академиялық консультанттардың енуі;
- оқу үрдісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үрдісін қажетті әдістемелік материалдармен (баспа және электронды) қамтамасыз ету қажеттігі;
- әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;
- студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін СӨЖ және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ) болып бөлінуі;
- игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;
- оқу уәждемесінің артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, академиялық мойындау кепілдігі;
- оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;
- білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі бағалаудан өзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару механизмінің болуы, бағалау жатады.
Яғни, әр пән бойынша студенттер мен оқытушылардың еңбегін бағалауға сынақ бірлігінің (немесе кредиттер жүйесінің) енгізілуі жатады. Оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық- рейтингтік әріптік жүйе қолданылады.
Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары
Білім беру бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді:
1) үлгілік оқу жоспарлары; 2) оқу жұмыс жоспарлары;
3) жеке оку жоспарлары.
Оку жоспарларының барлық нысандарында әрбір оқу пәніне әріптік және сандық белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.
ҮОЖ-да (білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді) міндетті компоненттегі әрбір оқу пәнінін еңбексыйымдылығы кредиттермен анықталады, ал тандау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
ОЖЖ-да әрбір оқу пәнінің тізбесі және міндетті компонент пен тандау бойынша компоненттегі еңбексыйымдылығы кредиттермен, оларды оқыту тәртібімен, оқу сабақтарының түрі және бақылау
нысандарымен анықталады.
ОЖЖ оқытушының оқу жұмысының еңбексыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады. ОЖЖ-ның және ЖОЖ-ның нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы дербес айқындайды.
ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім траекториясын бөлек айқындайды (үш данасы).
Үлгілік оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу пәндерінің жүйелі қысқаша сипатталған тізбесін көрсететін элективті пәндердің каталогы (ЭПК) әзірленеді, оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) және күтілетін нәтижелері (білім алушылрдың алған білімдері, іскерліктері, дагдылары, және біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі. Аталған каталогта әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін көрсетіледі. Және білім алушыларға элективті оқу пәндерді баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымы оқу үдерісін ақпараттық көздермен толық көлемде қамтамасыз етеді: оқулықтар, оку құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар және әзірленімдер, көп таратылатын материалдар және өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік. Әрбір білім алушы оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі.
Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген академиялық күнтізбе негізінде іске асырылады: академиялық кезендер (семестр үшін 15 апта, триместр үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта), аралық аттестаттау кезендері (ұзақтығы кемінде 1 апта), демалыстар (ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы) және практикалар.
Жазғы семестр - қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оку жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін оқу және студенттердің өз жоғары оку орнында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруымен басқа жоғары оқу орындарында несиелерді игеру, үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру үшін жазғы семестрді (бітірушілер курсын есепке алмағанда) енгізу
Бір академиялық сағат дәрісханалық сағаттың 50 минутына тен. Білім алушылардың практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір академиялық сағаты, қорытынды мемлекеттік аттестаттау 50 минутка тен.
Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит 15 академиялық сағатқа тең.
Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 (студиялық сабақтар) немесе 100 минутқа (зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары) тең болғандықтан, білім алушылардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісінше БӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша білім алушының семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі бакалавриатта 3 сағатқа тең болады.
Оку сабақтары басым түрде белсеңді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).
Білім алушылардың кредиттік технологиядағы өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (ОБӨЖ) және бірыңғай өзі орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ- БӨЖ). БӨЖ-дін барлық көлемі білім алушылардан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен
расталады.
ОБӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланыстылығы дәрісханадан тыс жұмыс түрі болып табылады. ОБОЖ оку сабақтарының жалпы кестесіне кірмей, жеке графика бойынша орындалады. Оқу бағдарламаларына ең қиын сұрақтар, үй тапсырмаларының орындалуы, курстық жобалар (жұмыс), семестрлік жұмысты бақылау, есептер және БӨЖ-дің басқа да тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді.
Пәнді оқуға білім алушыларды тіркеуді (Enrollment) офис Регистратор ұйымдастырады. Сонымен қатар, әдістемелік-ұйымдастыру және консультациялық жұмыстарды өткізу үшін құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлер тартылады.
Акылы негізде білім алушы тиісті деңгейдегі оқу бағдарламаларын игеру үшін жеке қабілеттілігін өзінің ЖОЖ-да аз мөлшеріндегі кредиттермен қалыптастыруға болады, сонымен қатар оқу мерзімін ұзартуға болады. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу пәндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады.
Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа білім беру ұйымдарында оку үшін кредиттер санының жоғарғы шегін айқындайды.
Шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікте бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары қазақстандық кредиттерге және ECTS-ке барабар әріптес жоғары оку орындарында игерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізуді жүзеге асырады.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан -ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F).
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыруды офис Регистраторы жүзеге асырады.
Офис регистратор білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын оқу кезені бойы жүргізеді, транскрипте айқындалады.
Оқытушы ағымдық және аралық бақылау және білім алушының ағымдағы бағасына сәйкес үлгерімінің барлық түрлерін жүргізеді (ағымдағы орташа арифметикалық бағасы және аралық бақылау). Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні бойынша үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем құраса,
білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды.
Он корытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады.