3.Арыстан-баб кесенесі Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. – Арыстан баб 7-8 ғ. өмір сүрген. Кесене құлап қалған соң, Əмір Темір 14ғ. қайта салғызды.Екі бөлмеден тұрады, төбесі күмбезбен көтерілген. 19 ғасырда бірнеше рет жөндеуден өтті
Қожа Ахмет Йасауи кесенесіƏмір Темір 1397 ж. бұйрық берген. Түркістан қаласының дəл ортасында салынған Кесене аумағы 46,5x65,5м. биіктігі 37,5м. қасбеті шығысқа қарап, екі биік күмбезді. Орталық бөлме арқылы кесененің ішіндегі үлкенді-кішілі 35 бөлмеден тұрады. Ең негізгісі – кітапхана. 1399ж. залдың ортасында үлкен тайқазан орнатылған. Оңтүстік жағында үлкен ақсарай, кіші ақсарай бар. Олардың ішінде атақты адамдар жерленген. Басты бөлме – көрхана Ахмет Йасаудің мүрдесі қойылған.
Көккесене Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында, Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқанБір күмбезді кесене. Қасбетінде кіре беріс аркасы сүйірленіп, өте сəнді жасалған.
Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілдіқыштан, кілем өрнегң үлгісіне ұқсатып қаланған. Қазіргі кезде жұрнағы ғана қалған
Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тəуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс əскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Сол хаттарының бірінде: "Ата — бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмүрын, Орал, Торғайға дейінгі жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті", - деп көрсетеді. Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша əкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды. 1838 жылы Кенесары əскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дəріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы əскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының əскері бекіністі өртеп, жаудың біраз əскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады. 1847 жылы Кенесары хан 10 мың сарбазымен қырғыз жеріне басып кіріп, оларды Қоқан езгісіне қарсы қазақтармен бірігіп күресуге шақырады. Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы— 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1]Ел Президенті Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тəуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Ассамблеяның негізгі міндеттері
этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен жəне азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді жəне толеранттықты одан əрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау жəне дамыту;
қоғамдағы экстремизмнің жəне радикализмнің көріністері мен адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған əрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жəрдемдесу; азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мəдениетін қалыптастыру; Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномəдени жəне өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
Қазақстан халқының ұлттық мəдениетін, тілдері мен дəстүрлерін өркендету, сақтау жəне дамыту болып табылады.
Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиіміндегі бұйым.Аң стилінде жасалынған.
Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тəрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тəрбиенің бірлігі болып табылады. Мəңгілік Ел – біз үшін ортақ тағдыр.Мəңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.Мəңгілік Ел - барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар. «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары:
Қазақстанның Тəуелсіздігі жəне Астана
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
Зайырлы қоғам жəне жоғары руханият
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы
Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы
XVІІІ ғасыр жыраулары қат-қабат қайшылығы мол,аумалы-төкпелі дəуірде өмір кешті,олардың жырлап өткен жырлары да тарихшылар тарапынан зертелінбеген тың тақырыптардың бірі болып табылады, тіптьі əдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың өзі бұл тақырыпқа көп көңіл бөлмеген. Мұны тарихтағы тұлғаларды таптық,партиялық жəне саяси көсқарас шеңберінде зерттеген Кеңес дəуіріндегі ғылымды, ислам дінін мақтаған,отырықшы езгіге қарсы жыр жырлаған жырауларымыздың еңбектерін зертеудің қиын болғандығмен түсіндіруге болады. Бірақ,идеологиялық қатаң қысымшылыққа қарамастан XVІІІ ғасырда өмір сүрген жырауларымыз зеттеушісіз қалмады. Жұмат Тілепов, М.Əуезов, Х.Сүйіншіəлиев, Р.Бердібаев т.б. ғалымдарымыздың еңбектерінде жарияланды. Х.Сүйіншіəлиевтің «Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері», «Қазақ əдебиеті, XVІІІ-ХІХ ғасырда» зертеулерінде қазақ-жоңғар соғысына қатысып,өздері куə болған жоңғарлардың басқыншылық саясатын өз жырларында жырлап өткен жыршыларға қысқаша тоқталып өткен. Сондай-ақ кейбір шығармалары «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «VІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Əдеби мұра» жинақтарында басылды. XVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгендеел басына «ел болу,не табанға түсіп құл болу» күн туды.Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда кеөініс тапқан. Олрда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды.Əсіресе, бұл екі шайқастың қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр деген жерде жəне кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жəй жапсарына қатысты.Қазақ-жоңғар қатынастарының ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, Ə.Бөкейхановтың күш-жігер салу арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723-26 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси жəне экономикалық ауыр жағдайы,басқа да мəселелер ХХ ғасырдың 70- 80жылдарындағы тарихнамада: И.Я.Златкиннің В.А. Моисеевтің т.б. монографияларында ғана ғылыми тұрғыда көрсетілді.
Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген жəне əр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар əскери тұтқындардан тұратынқұлдарұстаған.
1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тəжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды
тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылдыІІ Александар патша 1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарынбасқару туралы, 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы
«Уақытшаережелер» жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал- губернаторлыққабағындырылды. Олар- Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс-Сібір генерал- губернаторлығына -Ақмола, Семей, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай, Түркістан генерал- губернаторлығына– Жетісу, Сырдария облыстары кірді.1870ж.Маңғыстау приставтығы -Кавказ əскери округына, ал 1872ж.Бөкей ордасыАстрахан губерниясына қарады.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:− Мемлекеттік басқару формасы;− Қазақ облыстары автономиясын құру;− Жер мəселесі;− Халық милициясын құру;− Білім беру;− Сот ісі;− Рухани-діни мəселе;− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру;− Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны туралы.”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық- аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды. Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ə. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.«Алаш» партиясының бағдарламасы: - Басқару түрі; - Автономия; - Азаматтың негізгі құқықтары; - Дін ұстану туралы мəселе; - Соттар туралы; - Қорғаныс; - Салық; - Жұмысшы мəселесі; - Халық ағарту; - Жер мəселесі.Бағдарлама жобасының маңызы: 1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.
Наймандар – VIIІ ғасырдағы жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралағында өмір сүрген