Сабақ басында өткен сабақта өтілген дүниелерді анықтау үшін немесе жаңа тақырып бойынша сабақ соңында қолданыңыз.
СЕРІКТЕСІҢІЗБЕН ТАЛҚЫЛАҢЫЗ:
Өзіңіз үйренген үш нəрсе туралы; Не нəрсе оңай болды?
Не нəрсе қиын болды? Не білгіңіз келеді?
635тəсілі Бұл идеялар мен ұсыныстарды генерациялау əдісі.
6 қатысушы, 3 идея, 5 минут. Дөңгелене отырған əрбір қатысушы қағазға 3 идеядан жазады да келесі қатысушыға береді, ол алған қағазға тағы да 3 идеяны тіркеп, ары қарай береді. Жаңа идея таусылғанша 5 минут аралығында үдеріс тоқтаусыз жүріп отырады.