Әдістеменің кілті:
«Эмоциядан хабардарлық» шкаласы – 1, 2, 4, 17, 19, 25.
«Ӛзінің эмоцияларын басқаруы» шкаласы – 3, 7, 8, 10, 18, 30.
«Ӛзіндік мотивация» шкаласы – 5, 6, 13, 14, 16, 22.
«Эмпатия» шкаласы – 9, 11, 20, 21, 23, 28.
«Басқа адамдардың эмоцияларын басқару» шкаласы - 12, 15, 24, 26,
27, 29.
Әдістеменің нәтижелерін ӛңдеу: Нәтижеге сәйкес әр шкала бойынша
эмоционалды интеллектінің деңгейлері: «14 және одан жоғары» — жоғары; «8-
13» — орташа; «7 және одан тӛмен» — тӛмен деп бағаланады. Эмоционалды
интеллектінің кіріктірілген деңгейі (барлық шакла бойынша нәтижесі): 70 және
90
одан жоғары — жоғары; 40–69 — орташа; 39 және одан тӛмен — тӛмен екенін
кӛрсетеді.
1. Эмоциядан хабардарлық – эмоцияларын саналы түсінуі, үнемі ӛзінің
эмоция қорын толтыруы. Ӛзінің эмоциясын жақсы білген адамдар ӛздерінің
ішкі күйлерін де жақсы сезінеді.
2. Ӛзінің эмоцияларын басқаруы - эмоциясын тез реттеп, эмоционалды
иілгіштігі басым, басқаша айтқанда эмоциясын ерікті басқара алуы.
3. Ӛзіндік мотивация – эмоцияларын басқара отырып, нәтижесінде мінез-
құлқын басқара алуы.
4. Эмпатия – ӛзгелердің эмоциясын түсінуі, басқа адамның ағымдағы
эмоционалды күйіне ортақтасуы, қолдау кӛрсетуі. Адамның күйін бет, қимыл-
қозғалыстары, сӛз бен дене тұрғысынан түсіне алуы.
5. Басқа
адамдардың эмоцияларын басқару – ӛзге адамдардың
эмоционалды күйіне әсер ету біліктілігі.
7. Ассоциативті эксперимент [170].
Мақсаты: Оқытушылардың «Мен» және «Тұлға» ретінде сипаттайтын
қасиеттерін анықтау.
Эксперименталды психологияда ассоциативті әдістерді XIX ғ. соңында кең
қолдана бастады. Ассоциативті тест (Word Association Test) тұлғаны зерттейтін
жобалау әдістерінің бірі. Ассоциативный тест алғаш рет Ф.Гальтонмен (1879)
ассоциативтік идеяларды» зерттеуге байланысты зерттелінді. Кейін ол
Крепелин (1892), К.Юнг (1906), Г.Кент және А.Розанова (1910)], В.Вундт
(1911), А.Р.Лурия (1932), Д.Рапапорт және оның шәкірттері (1946)
зерттеулерінде әрі дамыды. Ассоциативті экспериментті ұйымдастыру
қарапайым: зерттеуші айтылған сӛзге байланысты (стимул) ойланбастан ойға
бірінші келген сӛздермен (реакция) жауап береді. Осылайшастимул (S) және
реакции (R) түсініктеріне сүйенеді: стимул – экспериментатордың
зерттелінушіге ұсынатын сӛзі, реакция – вербалды қоздырғышқа жауап беретін
сӛздер.
Ассоциативті тесттің ынталандырушы материалы бір-біріне байланыссыз
ынталандырушы-сӛздерден тұрады, әрбірін оқу барысында зерттеуші ойына
бірінші келген сӛздерді айтады (сӛз-ассоциация, сӛз-реакция). Эксперимент
барысында реакцияға кеткен уақыт және зерттелінушінің мінез-құлығында
орын алатын іс-әрекеттері, физиологиялық реакциялары хаттамаға тіркеледі.
Ассоциативті экспериментті ӛткізу үшін экспериментаторда кӛп және
үнемі қолданатын қарапайым сӛздердің тізімі, ассоциациялар мен реакцияға
кететін уақыттың жылдамдығы туралы мәліметтер болуы тиіс. Аталған
реакцияға баяу жауап беру, сӛз-қоздырғышты дұрыс түсінбеу, механикалық
қайталау, жалпы мінез-құлығында (оқыстан күлу, ұялу, қызару, шағым айту)
орын алатын іс-әрекеттер зерттелінушінің тым эмоционалды екендігін
кӛрсетеді. Ассоциативті эксперимент кӛбіне топтарда ӛткізіледі. Оны ӛткізу
үшін тізімдегі әр сӛзге қарапайым, кӛп қолданылатын мағынаны анықтау керек.
Жүргізілу барысы: Тапсырмалар жұпта ӛткізіледі. Қатысушылардың бірі
зерттеуші, екіншісі зерттелуші рӛлін орындайды. Зерттеуші тізімдегі сӛзді
91
оқиды, ал зерттелінуші айтылған сӛзге сәйкес ойларына келген
ассоциацияларын айтады. Біз зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес
оқытушылар үшін стимул болатын екі сӛзді ұсындық. Олар: «Мен» және
«Тұлға».
8. Стреске тұрақтылық типін бағалау (Қосымша Л) [170].
Мақсаты: Оқытушылардың стреске тұрақтылық қасиеттерін анықтау.
Нұсқау: Әр сұрақ үш жауаптан тұрады: «иә», «жоқ», «білмеймін».
Мүмкіндігінше «білмеймін» жауабын пайдаланбауға тырысу қажет. Егер «иә»
немесе «жоқ» жауаптарына қиналсаңыз ғана қолдануға болады.
Нәтижелерді интерпретациялау: «иә» - 2 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай, «білмеймін»
- 1 ұпай. Тестте жиналған ұпайлар қосылып, ортақ нәтижесі шығарылады.
0-10 ұпай. Б типті жан. Бұл типтегі адамдар ӛздерінің іс-әрекеттерінің
мақсатын және оларға жету жолын жақсы біледі. Қиыншылықтармен ӛздері
күресе алады, кез-келген қиыншылықты талдап, дұрыс шешімдер қабылдай
алады. Үлкен күшпен кӛп уақыт жұмыс жасай алады. Уақытты дұрыс
пайдалануға ұмтылады. Кездейсоқ жағдайларға қалыпты мінез-құлық
танытады. Б типтегі адамдар стреске тұрақты келеді. 10-20 ұпай – Б типтегі
адамдарға бейім. Кӛбіне стреске тұрақты болады, бірақ барлық уақытта ӛздерін
бақылай алмайды. 30-40 ұпай – А типті жан. Мұндай типтегі адамдар
мақсаттарына, бәсекелестікке ұмтылады, әдетте ӛздеріне және жағдайға кӛңілі
толмайды, нәтижесінде бір мақсаты екінші мақсатқа ауысып отырады. Кӛбіне
олар агрессивтілік, шыдамсыздық, гипербелсенділік танытады, сӛйлеу манері
тез, үнемі бет бұлшық еттері мазасыздану кейіпінде болады. 20-50 ұпай – А
типке жақын. Стреске тұрақтылық қабілеті тұрақты емес.
Сонымен, біз эксперименттік зерттеу жұмысымызда авторлық 2
сауалнаманы ӛңдедік және тұлғалық-кәсіби қасиеттерді анықтауға мүмкіндік
беретін валидтілігі мен сенімділігі бар 7 әдістемелер мен сауалнамаларды
іріктедік.
Осы сауалнамалар негізінде анықтау экспериментін жүргіздік. Анықтау
экспериментін талдау нәтижелеріне тоқталып ӛтуді жӛн санадық.
Авторлық сауалнаманың қорытындысы:
Студенттердің сабаққа мотивациясын арттыратын бірден бір фактор
оқытушылардың білім беру ортасын дұрыс қалыптастыра алу біліктілігіне
тәуелді екендігі белгілі. Білім беру үдерісіндегі оқытушылардың басты іс-
әрекеттерін білу мақсатымен келесі сауалнама жүргізілді:
Кесте 5 – Оқытушылардың білім беру үдерісіндегі қызметі:
Білім беру үдерісіндегі оқытушы:
Оқыт.
Студ.
Қарым-қатынаста эмоционалды оңтайлы орта қалыптастыру
керек
15%
40%
Студенттің сұрақ қоюына мүмкіндік беру керек
13%
9%
Еркін ӛз ойын білдіруге мүмкіндік жасау қажет
22%
30%
Студенттің белсенділігін тудыру, қызығушылығын арттыру 50%
21%
92
керек
Кестеден (4) оқытушылар мен студенттердің жауаптарының арасында
қарама-қайшылықтың бар екенін байқаймыз. Оқытушылардың тең жартысы
(50%-ы) студенттің белсенділігін, қызығушылығын арттыруы қажет деп жауап
берді. Бұл қазіргі оқытудың кредиттік технологиясының талабы бойынша
оқытушылардың хабардар екендігін кӛрсетіп тұр. Ал студенттердің 40%-ы
оқытушылар қарым-қатынаста эмоционалды оңтайлы орта қалыптастыру керек,
яғни оқытушы мен студент арасындағы ӛзара қарым-қатынастың үйлесімдігін
қалайтындарын анықтадық. Расында да, ӛзара қарым-қатынастың жағымды,
үйлесімді болуы студент пен оқытушы арасында сенімді байланысты құруда
маңызы зор.
2. 2-ші сұрақ: Менің ойымша, оқытушыларға қажет қасиеттер» атты
сұраққа оқытушылар білімді, теория мен тәжірибені ұштастыра білуді,
қабілетті, адалдықты, жауапкершілікті, толеранттылықты бастапқы бестікке
қойса, студенттер оқытушылардың кемшіліктеріне шыдамды болуды,
эмпатияны, ӛзін-ӛзі тану мен ӛзін-ӛзі дамыту бойынша кӛмек кӛрсетулерін
қалайтындарын жазды.
3.
Оқытушылардың
студенттермен
қарым-қатынастағы
тұлғалық
ерекшеліктерін анықтау үшін ӛзін-ӛзі белсендіруі дамыған тұлғаны
бейнелейтін қасиеттердің тізімін кесте түрінде беріп, аталған қасиеттердің
ӛзара қарым-қатынаста орын алуына байланысты бағалауы сұралды.
Оқытушылар мен студенттердің жауаптары тӛмендегідей нәтиже берді (Кесте
6):
Кесте 6 – Оқытушылар мен студенттердің бағалауындағы оқытушылардың
ӛзара қарым-қатынастағы қасиеттерінің ерекшеліктері
Қасиеттер
Бағалау
4-үнемі,
%
3-кӛбіне,
%
2-кейде,
%
1-ешқашан,
%
Оқыт
Студ
Оқыт
Студ
Оқыт
Студ
Оқыт
Студ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Сыйластық
сезімі
76
33
15
49
9
10
-
8
Шыдамды
47
18
8
39
5
31
-
12
Сыпайы
46
30
37
59
17
11
-
-
Жауапкершілікті 42
16
49
42
9
33
-
9
Толерантты
64
7
32
43
4
45
-
5
Адал
60
13
36
55
4
32
-
-
Эмоционалды
37
7
44
33
19
40
-
20
Белсенді
34
11
50
42
16
36
-
11
Сабырлы
33
31
56
46
11
20
-
3
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Кӛңіліме
(кӛңіліне)
31
11
49
22
10
50
-
17
93
ортақтасады
Түсіне
алу
қабілеті бар
33
22
56
38
11
31
-
9
Қамқор болу
31
10
45
48
24
32
-
10
Алынған мәліметтерді талдай отырып, студенттер оқытушылардың
сыйлауы, қамқор болу, жауапкершілік, шыдамдылық, түсіне алмау
қабілеттерін кейде байқататындарын атады. Әсіресе, қарым-қатынаста
эмоционалдық пен кӛңіл-күйлерін түсіну деңгейлерінің тӛмен екендігі
анықталды. Бұдан оқытушылардың эмоционалды ригидті екенін байқадық.
5. Оқытушылардың студенттермен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылысы
ӛзара біріккен іс-әрекеттің табыстылығының кӛрсеткіштерінің бірі екендігі
белгілі. Студенттердің оқытушылармен және оқытушылардың студенттермен
қаншалықты ӛзара қарым-қатынасқа түсуді қалайтындарын анықтау
мақсатымен келесі сұрақ құрастырылды:
Студенттер үшін оқытушылармен және оқытушылар үшін студенттермен
қарым-қатынасқа түсу маған ұнайды: бәрімен - 1, кейбірімен - 2, білмеймін - 3,
мүлдем ұнамайды – 4 шкала бойынша ұпайлар санын белгілеу қажет еді.
Сурет 3 – Оқытушылар мен студенттердің ӛзара қарым-қатынасқа түсу
ерекшеліктері
Студенттердің оқытушылармен қарым-қатынасқа түсу 18%-ы «бәрімен»,
51%-ы «кейбірімен», 22%-ы «білмеймін» және 9%-ы «мүлдем ұнамайды» десе,
оқытушылардың студенттермен қарым-қатынасқа 48%-ы «бәрімен», 32%-ы
«кейбірімен», 12%-ы «білмеймін» және 8%-ы «мүлдем ұнамайды» деп жауап
берді. Шамамен есептегенде 10 студенттің 2-еуі ғана оқытушылардың бәрімен,
5-еуі кейбірімен, 2-еуі білмейді және 1-уіне қарым-қатынасқа түсу мүлдем
ұнамайды екен.
0
10
20
30
40
50
60
оқытушылар
студенттер
бәрімен ұнайды
кейбірімен
білмеймін
мүлдем ұнамайды
94
6. Оқыту барысында оқытушылардың студенттерге қатынасы маңызды
болып табылады. Аталған қатынас эмоционалды оңтайлы орта құруда маңызы
зор.
Кесте 7 – Оқыту барысындағы оқытушылардың тұлғалық ерекшеліктері
Пікірлер
Бағалау
4-үнемі,
%
3-кӛбіне,
%
2-кейде,
%
1-ешқашан,
%
Оқыт
.
Студ. Оқыт
.
Студ. Оқыт.
Студ.
Оқыт
.
Студ.
Студентті тұлға
деп
қабылдайды
33
14
57
28
10
51
-
7
Студенттердің
кәсіби
құзыреттілігін
арттыруға кӛңіл
аударады
29
13
56
32
15
33
-
22
Студенттердің
бейімделуіне
кӛмектеседі
40
33
22
12
38
43
-
12
Студенттердің
болашағына
қызығушылық
танытады
23
15
72
36
15
30
-
19
Студенттің әлсіз
және
күшті жақтарын
тануға мүмкіндік
береді
16
8
44
34
31
45
9
13
Оқытушы
мен
студент
арасында ӛзара
түсіністік
орнатылған
23
11
54
43
23
42
-
4
Сонымен, оқытушылардың білім беру үдерісіндегі субъектілердің
арасында сенімді, ашық қарым-қатынасты құрудың маңызын, тиімділігін
саналы түсінетіндері анықталды, ал студенттердің жауаптарында оқытушылар
студенттің тұлғасына емес, пәнге бағытталатынын байқадық. Мұндай нәтижені
профессор Н.С.Ахтаева (2008ж) эксперименттік зерттеу барысында ЖОО
оқытушыларының жасы ұлғайған сайын олардың студенттердің тұлғасын
дамытуға емес, пәннің мазмұнын беруге іс-әрекеттенетінін айтады. Студент
пен оқытушы қарым-қатынасындағы ерекшеліктерді бағалаудағы қарама-
қайшылықтар оқытушылардың ӛзіндік санасы мен ӛзін-ӛзі түсінуі тӛмен
екенін, қоғамның сұранысынан туындаған міндеттерді орындай аламыз деген
пікірлеріне сенімділігі жоғары және студенттермен ӛзара іс-әрекет
95
барысында орын алатынын, кәсіби іс-әрекеті мен мінез-құлығындағы
қателіктерін, кемшіліктерін саналы түсінбейтінін кӛрсетті. Бұдан
оқытушылардың ӛзін-ӛзі белсендіруі мен ӛзіндік дамуын ӛздері тежейді деген
қорытындыға келеміз.
7. Оқыту үдерісіндегі оқытушының стилін суреттеп беріңіз атты сұраққа
студенттер оқытушылардың 70%-ы субъективті қарым-қатынас жасайтынын,
яғни авторитарлық стильдің басым екендігін, ал оқытушылардың басым
кӛпшілігі (90%) ӛздерін демократиялық стилді ұстанатындарын жазды.
8. Сабақ барысында оқытушы қандай жағдайды тудырады атты сұраққа
студенттердің шамамен 60%-ы оқытушының ағымдағы кӛңіл-күйіне
байланысты десе, оқытушылар жағымды, позитивті деп жауап берді.
9. Оқытушылардың студенттің әдеттегі жағымсыз іс-әрекеттеріне
қолданатын тәсілдерге студенттердің бірінші бестікке дауыс кӛтеру,
студенттің аудитория алдында намысын түсіру, аудиториядан шығару мен
студентке ескерту айтуды жатқызатыны, оқытушылардың ескерту жасау,
дауыс кӛтеру, мәселені шешу үшін жекеше сӛйлесу, қосымша жазбаша
тапсырмалар беру мен тәрбиелеу шарасын қолданатыны анықталды.
10. Тұлғалық-кәсіби даму үшін оқытушылардың 11%-ы кітаптар оқимын,
6%-ы тренингтерге қатысамын, 58%-ы –ӛзімді жетілген тұлға деп есептеймін
десе, 13%-ы ештене істемейтіндігін кӛрсетті, Ал, қалғандары телидидардағы
бағдарламаларды қараймын, фитнеске барамыз деп жауап берді. Студенттердің
9%-ы тұлғалық ӛсу, даму бойынша кітаптар оқимын, 5%-ы тренингке
қатысамын, 22%-ы ӛзімді жетілген тұлға деп есептеймін деп кӛрсетсе,
қалғандары «ештеме жасамайтындығын» жасырмады.
11. «Неліктен» деген сұраққа оқытушылардың 66%-ы және студенттердің
56 %-ы уақыттың тапшылығы десе, қалғандарына тұлғалық-кәсіби даму
қызықтырмайтыны белгілі болды. Бір қызығы студенттер арасында 4-ші курста
оқитын 3 студенттің жауабында дәріс оқитын оқытушысының мәселеге
байланысты қызығушылықтарын қалыптастырып және тұлғалық ӛсуге
байланысты кітаптардың авторларын беріп, оқуларын сұрағаны анықталды.
Бұдан біз тұлғалық-кәсіби ӛзін-ӛзі белсендіретін оқытушының студенттің
тұлғалық ӛсуіне себеп болатынын байқаймыз. Ал, ӛзін тұлғалық-кәсіби дамыту
бойынша оқытушылардың тек 11%-ның кітап оқуы мен 6%-ның тренингтерге
қатысуы бізді алаңдатты.
Сонымен,
сауалнаманың
нәтижелерін
қорытындылай
келе,
оқытушылардың студенттермен қарым-қатынас жасау барысында эмоционалды
ригидті және ӛздерін тұлғалық-кәсіби дамыту бойынша ӛзін-ӛзі белсендіруі
мақсатты дамытпайтыны анықталды. Қарым-қатынас барысында ӛзара
түсінісуі, мінез-құлықты тану қасиеттерінің тӛмендігі басым. Студенттер
оқытушы жағынан эмоционалдық, кӛңіліне ортақтасу (эмпатия), шыдамдылық
қасиеттерін жеткілікті сезінбейтінін анықтадық. Аталған қорытындылардың
ішіндегі негізгісі - оқытушылардың бойында қалыптасқан таптаурындардың
бейсана деңгейде студенттерге беріліп, нығайтылуында. Студенттердің
тұлғалық даму қажеттілігін түсіне отырып, ӛзіндік тұлғалық дамуға ұмтылу
96
керек екендігіне оқытушылардың есеп бермейді деген қорытынды шығардық.
К.Г. Юнг: «Ӛзі тұлға [245, 185 б] болып қалыптасқан тәрбиеші ғана бала
бойындағы тұлғалық ӛзін-ӛзі белсендіруінің негізгі факторы (ата-ана, мұғалім)
болып табылады. Бойында тұлғалығы жоқ адам баланы тұлға ретінде тәрбиелей
алмайды» дейді, демек ӛзінің бойында қалыптаспаған қасиеттерді оқытушы
студент бойына дарыта алмайды, ӛзімен қоса студенттің тұлғалық-кәсіби
дамуын тежейді.
Аталған тұлғалық-кәсіби қасиеттерді біз ӛзін-ӛзі белсендіру деңгейлеріне
сәйкес ӛзара байланысын қарастырамыз.
Оқытушылардың тұлғалық қасиеттер контексінде тұлғалық-кәсіби
деформациямен шартталған агрессия, агрессиялық күйлер, мазасыздану,
фрустрация және ригидтіліктің деңгейлері:
Кесте 8 – Басса–Дарки және Айзенк сауалнамаларының нәтижелері
Тұлғалық
қасиеттердің
кӛрсеткіштері
Жоға
ры
Орташа
Тӛмен
Б
ас
са
–Д
арк
и
са
уа
лн
ам
ас
ы орташ
ас
ы
Физикалық
агрессия
21%
37%
42%
Жанама агрессия
42%
24%
34%
Ашушандық
29%
44%
27%
Негативизм
27%
51%
22%
Ӛкпе
35%
42%
23%
Күдіктенушілік
39%
47%
14%
Вербалды агрессия
37%
39%
24%
Кінә сезімі
32%
43%
25%
Агрессивтілік
31%
35%
34%
Ӛшпенділік
38%
43%
19%
Айзенк
сауалнамасы
Мазасыздану
53%
34%
13%
Фрустрация
42%
39%
19%
Ригидтілік
35%
37%
28%
Кестеде кӛрсетілгендей, біз оқытушылардың бойындағы тұлғалық
қасиеттердің
ішінде
мазасыздану,
фрустрация,
жанама
агрессия,
күдіктенушілік, вербалды агрессия шамаммен есептегенде 10 оқытушының 4,
5-де жоғары болатынын анықтадық.
2. А.В.Лазукиннің Н.Ф.Калин бейімдеген «Тұлғаның ӛзін-ӛзі белсендіруін
диагностикалау» тесті бойынша оқытушылардың жалпы ӛзін-ӛзі белсендіру
деңгейінің орташа балы - 63-ті құрады. Алынған орташа бал негізінде
оқытушылардың ӛзбелсенділік деңгейлеріне сәйкес үш фактор анықталды: А
(жоғары) – 70-81 балл, В (орташа) – 60-70 балл, С (тӛмен) – 48-59 балл.
97
Кесте 9 – А.В.Лазукиннің Н.Ф.Калин бейімдеген «Тұлғаның
ӛзбелсенділенімін диагностикалау» тестісінің нәтижелері
Ӛзбелсенділенім деңгейі
Жалпы зерттелінушілер саны n=174,
100%
С, %
62, 36%
В,%
61, 35%
А,%
51, 29%
барлығы
174, 100%
Сурет 4 - Оқытушылардың ӛзін-ӛзі белсендіру деңгейлерінің кӛрсеткіштері
Оқытушылардың ӛзін-ӛзі белсендіру деңгейінің нәтижелерін үш топқа
біріктірдік: тӛмен, орташа және жоғары. Оқытушылардың ӛзін-ӛзі белсендіруі
тӛмен (С) - 36%, орташа (В) - 35% және жоғары (А) 29%-ды құрады.
Әдістеменің нәтижесі бойынша ӛзін-ӛзі белсендіру деңгейі жоғары тұлғаларға
ӛмірдің мәнін түсіну, белсенділік, негізгі құндылыққа даму мен ӛсуді қоятын,
ӛзін, басқаларды, мамандығын жағымды қабылдайтын, шығармашылық
ойлайтын, оқуға, білім алуға, дамуға ашық, қабілеттерін, дарындылығын,
мүмкіндіктерін толық пайдалану сынды қасиеттер тән. Ӛзін-ӛзі белсендіруі
тӛмен деңгейге конформдылық, субъектінің жеке пікірінің болмауы, шешім
қабылдай алмау, нақты уақыт аралығына бағытталу, ӛзінің қабілеттерін,
мүмкіндіктерін, сезімдерін саналы түсіне алмау, қоршаған адамдармен ӛзара іс-
әрекеттесу барысында және мінез-құлығындағы құндылықтарын жүзеге асыру
иілгіштігінің тӛмең деңгейі, ӛзгерістерге дереу және дұрыс бейімделу
қабілетінің тӛмен деңгейлері тән. Ӛзін-ӛзі белсендіруі орташа оқытушылар
98
үшін аталған қасиеттердің кӛрсеткіштері жағдайға байланысты тұрақсыз болып
келеді. Бұл тұлғаның жағдайды қабылдау деңгейіне байланысты анықталады.
Ӛзін-ӛзі белсендіруі жоғары, орташа және тӛмен деңгейлері бойынша
оқытушылардың ӛзін-ӛзі белсендіру шкалаларының арасындағы байланысты
Спирменнің корреляциялық критерийі арқылы анықтадық:
Кесте 10 – «Тұлғаның ӛзін-ӛзі белсендіруін диагностикалау» тестінің
нәтижелері
Ӛзін-ӛзі
белсендіру
шкалалары
Ӛзін-ӛзі белсендіру деңгейлері
А
(n=51)
В
(n=61)
С
(n=62)
Ӛзін-ӛзі белсендірудің орташа
балы
77
-
66
-
53
-
1
Уақытқа бағдарлану
10,4 *
0,3
6,1
-
5,1 *
0,31
2
Құндылықтар
8,4
-
6,4
-
6,1 *
0,33
3
Адам
табиғатына
кӛзқарасы
7,7
-
6
-
5,3
-
4
Танымға қажеттілігі
9,2
-
9
-
8
-
5
Шығармашылыққа
ұмтылу
немесе
зияткерлік
9,8 *
0,27
8,3
-
7 *
0,3
6
Автономдылық
10, 3 *
0,28
7
-
6
-
7
Спонтандылық
10, 3
0,28
6,4
-
5,8 *
0,37
8
Ӛзін-ӛзі түсіну
8,6 *
0,26
6,2
-
6
-
9
Аутосимпатия
9 *
0,26
7
-
6,6
-
10
Контактілік
9,8
-
6,8*
0,24
6
-
11
Қарым-қатынастағы
иілгіштік
10,2 *
0,31
6,8 *
0,25
5,8 *
0,28
Спирмен критериясы
бойынша, «*» - p =
0.05 , «**» - p = 0.001
маңыздылық деңгейі
p=0.27(0.05 ),
p=0.35(0.001 )
p=0.23(0.05 ),
p=0.3
(0.001 )
p=0.3
(0.05 ),
p=0.39
(0.001 )
Сонымен, А фактор: «Уақытқа бағдарлану» шкаласының орташасы 10,4-
ге тең. Оқытушылар ӛздерінің осы уақыттағы сәттерін шынайы, дұрыс
қабылдайды. Құндылық бағдар шкаласының орташа балы 8,4-ке тең. Осыдан,
топтың тұлғалық құндылықтардың қалыптасқанын байқаймыз. Адам
табиғатына кӛзқарасы орташа деңгейден жоғары, оқытушылардың адамдарға
сенуі мен мінез-құлықтарында шыдамдылығы басым. Контактілік шкаласы -
9,8-ді құрайды, тиімді ӛзара іс-әрекеттесуде сенімді, достық, эмоционалды
қаныққан тығыз байланыс орнатуға ашық. Қарым-қатынастағы иілгіштік (10,2)
жоғары, демек күрделі, қарама-қайшылықты жағдайлар барысында тез жауап
беру қабілеті жоғары. Спонтандылық, автономдылық шкалалары бойынша
орташа балл -10,3 ке тең, демек, ӛзінің табиғи кейпін, эмоционалды мінез-
құлқын кӛрсетуде қорқыныш жоқ. Креативтілік шкаласы қалыпты.
|