Психотехнологияның дамытушы-түзетуші бағдарламасының құрылымы
II.
1
Диагностикалық-жобалаушы
құрылым
тұлғалық-кәсіби
қасиеттердің даму деңгейін анықтау және кейінгі оны дамытудың жобалау
үлгісін қарастырады. Аталған құрылымның қызметі сандық және сапалық
мәліметтерді талдап, соның негізінде дамыту жобасын құрастыру.
II. 1.1 Диагностикалық деңгейде жүргізілетін зерттеу әдістерінің
нәтижелеріне сәйкес кӛрсеткіштер анықталады.
Аталған жұмыстар ғылыми мәліметтерге сүйенген эксперименттік іс-
әрекеттерден тұратын психологиялық диагнозды құруға негізделген.
Психологияда диагноз – тұтас және жан-жақты зерттеудің негізінде қызмет ету
барысындағы тұлғаның жеке кӛрсеткіштеріне баға беру. Диагностиканың
нәтижелері оқытушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту бойынша болашақ
жүргізілетін жүмыстарды даярлауға қызмет етеді.
II. 1. 2 Оқытушылардың тҧлғалық-кәсіби қасиеттерін дамытуды
жобалау.
Зерттеу мәселесіне сәйкес психотехнологиялық әдістердің жиынтығын
қамтитын «Білім беру субъектілерін тұлғалық-кәсіби дамыту» атты
психотехнологиялық
бағдарламаның
құрылымдық-мазмұндық
жүйесін
логикалық ұйымдастыру, тәжірибеде қолдану оқытушылардың тұлғалық,
кәсіби-маңызды қасиеттер тарапынан қойылатын талаптарды қанағаттандыруға
мүмкіндік береді.
Психотехнологияның дамытушы-түзетуші бағдарламасының мақсаты:
Оқытушыларды тұлғалық-кәсіби ӛсуін психологиялық қамтамасыздандыру
(Қосымша З).
Тұлғалық ӛсуге бағытталған психотехнологиялық дамытушы-түзетуші
бағдарламаны жүзеге асырудың әдістемесі мазмұны [170]:
Кҥн 1. Тҧлға және кәсіби маман ретінде «Мен»
114
Сабақтың мақсаты:
1.
Тұлға, индивид, субъект, даралық ұғымдары туралы ақпарап беру.
2.
Психологиядағы негізгі тұлға теорияларымен таныстыру.
3.
Топ мүшелерімен жақын танысу.
4.
Қатысушылардың қызығушылықтарын ояту.
Жоспар:
1.
Шетелдік тұлға туралы теориялар.
2.
Ресейлік, Отандық зерттеушілердің еңбектеріндегі «тұлғаның»
мәні.
3.
Индивид. Субъект. Тұлға. Даралық.
Сабақ алдында оқытушылардың мазасыздану, үрей, қорқыныш, қобалжу
сезімдерін тӛмендетіп, психологиялық барьерді жеңуге кӛмектесетін дайындық
кезеңі жүргізіледі.
Топ жетекшісі (ТЖ) бастайды: «Бүгін бәріміздің бірге жиналғанымызға
қуаныштымын. Қазір демалып, ӛзіміз және достарымыз туралы ақпарат алатын
мүмкіндігіміз бар. Ең бастысы бір-бірімізбен кездескенімізге қуанышты
сезімімізді айта аламыз. Қазір бәріміз орнымыздан тұрып, осы қуанышты
сәтімізбен бӛлісейік!».
Пікір алысу: Сізге кімнің сәлемдесуі ұнады және қандай әсер қалдырды?
Қыздыру сәті. ТЖ: «Қазір нұсқау бойынша мен айтқан пікірлерді
қолдайтын адамдар ӛзара орындарымен алмассын».
1. Таңертең қуанышты сезіммен ояндым. 2. Биыл теңіз жағалауында
демалдым.
3. Менің кӛңіл-күйім керемет! 4. Орманға саңырауқұлақ теруге бардым. 5.
Мен әлемдегі ең сұлу жанмын! 6. Биыл егін жинадым. 7. Бүгінгі күн керемет
ӛтетініне сенімдімін! (Рахмет!)
Танысу: ТЖ: Біздің алдымызда біріккен іс-әрекеттерден тұратын
жұмыстар тұр. Сол себепті бір-бірімізбен жақын танысып есімдерімізді
жаттайық. Осы тренингте шынайы ӛмірімізде енді мүмкін болмайтын ӛзімізге
«Есім» таңдау сәті бұйырып тұр. Кӛбіне бізге ата-анамыздың қойған есімі
немесе біреулердің атаған есімдері ұнамауы мүмкін. Қазір 30сек ішінде ӛздерін
қалаған, армандаған, ұнаған ойын есімін атауға болады. Алдағы сабақтарда топ
мүшелері бір-бірімен осы айтылған есім бойынша қарым-қатынас жасайды.
ТЖ: Есімді анықтап болсақ, бір-бірімізді кӛре алатындай, шеңбер құрып
отырамыз. Барлығымыз ойын есімдерімізді тез жаттап алу үшін, бірінші есімін
айтқан қатысушыдан соң, екінші қатысушы ӛзінің ойын есімімен қатар, алдағы
бірінші қатысушының ойын есімін қоса айтады. Жаттығу барлық қатысушылар
ӛздерінің есімдерін айтып болғанға дейін жалғасады, соңғы есімін айтқан
қатысушы алдында айтылған есімдердін барлығын қайталайды. Жазып алуға
болмайды, есте сақтап есімдерді бір-бірінің кӛзіне қарап айту қажет.
Танысудан кейін ТЖ әр қатысушының алдағы сабақтардан күтетін және
қалайтын тақырыптары туралы сұрайды. Топ мүшелері келесі сӛз тіркесін
жалғастырады: «Мен мұнда ... .... келдім». ТЖ топ мүшелерінің барлық
ұсыныстары мен тілектерін жазып алады.
115
Дәрістің алдында аңыз оқылады:
«Жас адам туралы» аңыз (ертегі терапиясы)
Бір елде қазіргі әлемдегі жағдайлар ұнамайтын және барлық ӛзінің
мүмкіндігімен әлемді ӛзгертуге шешім қабылдаған ересек адам ӛмір сүреді.
Мектепті, халықаралық қарым-қатынастар институтын алтын медальмен
бітіріп, дипломат атанып, бар күшімен әлемді ӛзгертуге тырысады. 15 жыл
ӛткен соң, күйінішпен әлемнің ӛзгермегендігін байқайды. Осыдан соң, ӛзінің
әсер ететін кеңістік шекарасын кеміту туралы ойланып, туған ӛлкесіне оралады.
Осы жерде мақсаттарын жүзеге асырады: адамдарға жаңа үй салады,
материалдық жағдайларын жақсартады т.б. Тыным таппай жұмыс жасайды.
Бірақ 10 жыл ӛтсе де ауылындағы ӛмірінің ӛзгермегенін, адамдардың баяғы
күйінше іс-әрекеттенгенін күйінішпен кӛреді. 5 жылдан кейін де еңбегінің
нәтижесін кӛрмейді. Содан, ӛзін ӛзгерту туралы ойланып, ӛзінің әлемге деген
кӛзқарасын қайта қарайды. Адамдарға деген қатынасын ӛзгертеді, нәтижесінде
адамдардың, әлемнің және қоршаған ортаның ӛзгергенін байқайды.
Пікір-талас: «Адам ӛзін ӛзгертуі керек пе?»
Пікір алысып болған соң, келесі сұрақтар қойылады:
1.
Қандай белгілі тұлғаларды білесіздер?
2.
Олардың есімдері неліктен белгілі және бойындағы қандай
қасиеттерді ерекше атап ӛтер едіңіз?
3.
Сізді тұлға ретінде қандай қасиеттермен сипаттауға болады?
«Ӛмір туралы шындық» аңыз әңгіме
Бір данышпан аспанға түсіп періштемен кездеседі.
Жерде қалай ӛмір сүрдің? - деп сұрады Періште.
Мен үнемі шынайы дүниелерді, әділдікті іздеумен келем..., - дейді
Данышпан.
Бұл керемет! — деп мақтайды Періште.
Ал, осы шыңдыққа жету жолында не істедің?
Білімді, даналықты ақылды адамдардан сұрап, жазып отырдым, кӛп кітап
оқыдым, — деп данышпан Періштеге жауап береді. Періште жымияды.
Данышпандық дін адам арқылы беріледі, сол себепті қасиетті жерлерге
барып, жазбаларды талдадым, мешіттерді араладым, - деп Данышпан сӛзін одан
әрі жалғастырады...
Періштенің кӛңіл-күйі кӛтеріледі.
Мен жер шарын араладым, басқа данышпандармен айтыстым, соның
нәтижесінде жаңа шыңдықтарды таптым.
Періште бар кӛңілімен күледі. Данышпен үндемей қалады... Періштенің
жүзі күңгірттеніп, жүзіндегі күлкісі басылады...
Мен дұрыс жасамадым ба? - Данышпан таңқалып сұрайды.
Дұрыс, бірақ Сен Махаббат туралы ешнәрсе айтпадың, - дейді Періште.
Менің оған уақытым болған жоқ, себебі үнемі шыңдық іздеумен болдым!
– деп Данышпан маңғазданып жауап береді.
Махаббат жоқ жерде шыңдық та болмайды... Шыңдық махаббаттан
туындайды, - деп Періште мұңлы күйінде жауап қайтарып жоқ болып кетеді.
116
Пікір-талас: «Махаббаттың біздің ӛмірімізде орны»
Психологиялық ӛмірбаян
Мақсаты: ӛткен шақтың осы сәтке ықпалын саналы түсіндіру.
Ӛмірбаян сыртқы жағдайларды тізіп қана қоймайды, ішкі ойларды,
толғаныстарды, іс-әрекеттерді суреттеу болып табылады. Жазудың стилі
ауқымды болуы мүмкін: хронологиялық тұрғысынан, яғни ӛмір жылдарына
сәйкес: маңызды ӛмір кезеңдері немесе екеуінің синтезі.
Егер ӛмірбаянның мазмұны ұзаққа созылып, байланыссыз жазылса, Сіз ӛз
ӛміріңіздің жолын елестете алатындай қысқа, нұсқа орналастыруға болады.
1.
Сіздің дамуыңыз.
Әр ӛмір кезеңін суреттеңіз... Қалай ӛзгердіңіз? Қоршаған ортаның Сіз
туралы кӛзқарасы ӛзіңіз туралы пікіріңізбен сәйкес пе? Қоршаған ортаның
сүйіспеншілігіне бӛлену үшін немесе олардан алшақ болу үшін бойыңызда
қандай қасиеттерді түзеттініз?
Бойыңызда ұнайтын және ұнамайтың қасиеттер? Басқа жыныста болсаңыз,
Сіз ұнайтын және ұнамайтын жақтар?
2.
Арнайы сҧрақтар.
Балалық шақта есте қалған оқиға? Оның шынайылығы немесе қиялдан
туындағаны маңызды емес. Жағымсыз сезімді тудырған сәтті еске түсіріңіз
(мысалы, ауру, ӛлім, ата-ананың ажырасуы, зорлық т.б) Олардың Сізге
қалдырған әсері?
3. Жол және ӛмірдің мәні.
Ӛміріңізді суреттей отырып, ӛмірлік жолыңыздың архетипін анықтауға
тырысыңыз. Ӛміріңіз туралы миф, метафора немесе ертегі ойлап шығаруға
болады. Архетип формасында негізгі кейіпкерлерді жазыңыз. Оларға қандай
тақырып берер едіңіз? Ӛмірлік тәжірибеңізге қосар едіңіз бе? Ӛміріңіздің
мақсаты мен мағынасын қалай кӛресіз?
Дәрістің қысқаша мазмҧны:
Іс-әрекеттік амал (А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн
т.б). Гуманистік теория (А.Маслоу, К.Роджерс). Акмеологиялық амал
(А.А.Деркач, А.А.Бодалев, В.Г Зазыкин). Ж.Ы.Намазбаеваның кешендік амалы.
Индивид. Субъект. Тұлға. Даралық ұғымдары.
Қорытындылау
Ҥйге тапсырма: 1. Белгілі ғалымдардың жеке адам, тұлғаға байланысты
цитаталарын талдау.
2. Әсер ету саласы. Әр салаға барынша кӛп проблемаларды жазу.
А саласы – ӛзім шеше алатын проблемалар;
В саласы – ӛзім шеше алмайтын, бірақ оларға әсер ете алатын
проблемалар;
С саласы – басқара алмайтын проблемалар;
А саласы
В саласы
С саласы
А
және
В
саласына
әсер
ететін,
кеңейте
алатын
мүмкіндіктерім____________________________________________________
117
Ӛзім
әсер
ете
алмайтын
факторларды
қалай
қолдануға
болады?___________________________________________________________
Кӛп адамдар ӛздерін ӛзгерте алмаймыз деп ойлайды. Нақты тұлғалық
ерекшеліктерге байланысты кәсіби салада немесе әлеуметтік қарым-қатынаста
қиыншылықтарды сезіп, ӛздерін тұрақты ӛзгермейтін абсолютті тұлға деп
қабылдауға бейім келеді («Менің осылай үнемі жолым болмайды»).
Ӛзін-ӛзі бағдарлау неғұрлым иілгіш болған сайын, адам соғұрлым толық
жетіле алады.
Кеңес! Ӛзінің кӛңіл-күйі мен мінез-құлығынды белсенді басқару үшін
ӛзінің қабілеті мен мүмкіндігінді жаттықтыру қажет.
Күн 2.
Мақсаты: 1.Топпен жұмыс жасау үшін үйлесімді орта құру;
2. Қатысушылардың ӛзін-ӛзі тану мотивациясын қалыптастыру;
3. Кәсіби іс-әрекеттің тұлғалық және жалпы мағынасын саналы түсінуге
кӛмектесу;
4. Тиімді кәсіби іс-әрекетті стимулдайтын немесе кедергі болатын ӛзіндік
тұлғалық ерекшеліктерді саналы түсіндіру.
Қыздыру сәті: «Алтылық» жаттығуы
Қатысушылардың
тез жинақталуына және
зейіндерін
аударуға
кӛмектесетін ӛте қарапайым және кӛңілді ойын. Барлық қатысушылар шеңбер
жасап тұрады. Топ мүшелері 99-ға дейін кезекпен санайды, 6-ға бӛлінетін және
соңында 6-сы бар сандар кездескен сәтте үндемей жай ғана орнынан секіріп,
қолдарымен шапалақтап, санауды жалғастырады. Қателескен қатысушы
ойыннан шығады. Жаттығуды үш зейінді қатысушы қалғанға дейін
жалғастыруға болады.
«Әткеншек» жаттығуы
Қҧрал - жабдықтар: дәптер және қалам.
Тренинг барысында топ мүшелерінің адамдардың алғашқы байланыстағы
сезінген күйлері арқылы ӛздеріне қатысты ақпарат ала алады. Ӛзі туралы кері
ақпарат алу үдерісі келесідей ұйымдастырылады: әр қатысушы ӛзара іс-
әрекеттегі алғашқы күйлерін сезінуі қажет. Барлық қатысушы қолдарына бір
дәптерден алып жұптарға бірігеді және қарсы серіктесіне дәптерлерін ұсынады.
Серіктестер дәптерге дәптердің иесі туралы алғашқы сезінген сезімдерін,
күйлерін жазады. Дәптер ӛзінің иесіне оралған соң, басқа қатысушыға беріледі.
Осылайша, жаттығу барлық қатысушылар бір-бірі туралы ақпарат алғанға дейін
жалғасады.
ТЖ бір қатысушыдан екінші қатысушыға дәптердің берілу және
тапсырманың дұрыс орындалу ретін қадағалайды.
Жаттығу барысында ТЖ белгі беретін сӛздері:
1.
Дәптерлеріңмен алмасып, жазуға кӛшіңіздер...
2.
Дәптерлеріңізді қайтарыңыздар ...
Жаттығу үнсіз орындалады. Кӛп жазудың немесе «Не жазамын?» - деп
ойланудың қажеті жоқ. Бұл Сіздің алғашқы сезіміңіз, басқалар үшін оқыс
118
болғанымен құнды болуы мүмкін. Біз әр адамның бізді түрлі қабылдайтынын
байқаймыз. Мұны әрқашан есте сақтау қажет.
Орындауға қажет екі ереже:
–
Жаттығудың соңына дейін дәптерге қарамау;
–
ТЖ бұйрығымен ғана дәптерді келесі адамға тапсыру.
«Адамзат ҥшін мен сыйлықпын» жаттығуы
Әр адам – әмбебап жан. Әрқайсымызға тән ерекшеліктер бар. Қазір
адамзат үшін сыйлық бола алатын бойымыздағы әмбебаптығымыз және
қайталанбастығымыз туралы ойланайық.
Келесі сӛз тіркесін жалғастырыңыз: «Мен ... ... , сондықтан адамзат үшін
сыйлықпын».
«Бес қадам» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың ӛмір жолындағы және кәсіби іс-әрекетіндегі
мақсаттарын
жоспарлауға
дайындау,
ӛзінің
кәсіби
мақсаттарын
мүмкіндіктерімен сәйкестендіру.
Жаттығу шеңберде орындалады.
Кезеңдері:
•
Топ жетекшісі қызықты бір кәсіби мақсатты анықтауды ұсынады.
Мысалы, жұмыстың тиімділігін немесе сапасын қалай жоғарылатуға болады?
Топтың мақсаты анықталса, тақтаға ілінеді.
•
Топ жетекшісі осы мақсатқа жету үшін адамда болуы қажет қасиеттерді
анықтауды тапсырады. Қатысушылар оның негізгі ерекшеліктерін келесі
ретпен суреттеуі тиіс: жынысы, жасы, кәсіби және тұлғалық қасиеттері,
жағдайы, әлеуметтік статусы. Мінездемелер қысқаша тақтаға ілінеді.
•
Әр қатысушы жеке параққа мақсатқа жету үшін бес негізгі қадамды бӛлуі
керек. Оған 5 мин. уақыт беріледі.
•
Айтылған пікірлер 4-5 адамнан құралған топтарда талқыланады. Топ
ішінде мақсатқа жету әдісі қызықты, ұтқыр деп танылған ұсыныстар
анықталады. Кейін мәселе талданып, жаңа параққа ең тиімді бес қадам
жазылады. Оған 5-7 минут уақыт беріледі.
•
Әр топ ӛкілі топтық пікірталаста бӛлінген маңызды бес қадам туралы
ӛздерінің пікірлерін айтады. Қалған қатысушылар анықтаушы қосымша
сұрақтар қояды. Уақыт қалса дискуссия ұйымдастырылады.
•
Сабақ соңында әр топтың ұсыныстарын қорытындыланып, ұқсас
нұсқалар анықталады. Аталған қадамдардың қаншалықты тиімді, ұтымдылығы,
шынайылығы туралы пікір алысады.
«Бізді біріктіреді» жаттығуы
Қҧрал-жабдықтар: доп
«Сіздің жұмыс күніңіз аяқталғалы жатыр... . Сіз бүгін жақсы жұмыс
жасадыңыз, белсенділік таныттыңыз, ӛзара тәжірибемен алмастыңыз, ӛзіңізді
кӛрсеттіңіз. Осы күнге дейін бір-біріңізді жақсы таныдыңыздар. Біздің топқа
қараңыздар. Бір-біріңізді не біріктіреді? Отырғандардың ішінде қасиеттері
Сізге ұқсайтын тұлғалар бар ма?
119
Нҧсқау: Допты ұстап тұрған оқытушы ӛзінің бойындағы бір қасиетімен
ұқсас топ мүшесіне: «Біз екеумізді ... ... біріктіреді», - деп допты лақтырсын.
Допты қабылдаған қатысушы келіссе «Рахмет», ал келіспесе «Мен ойланамын»
деп жауап береді. Сонымен бір-бірімізге қарап, ортақ қасиеттерді тауып
кӛрейік!
«Менің кәсіби іс-әрекетім» топтық пікір-талас
Мақсаты: ӛзінің тұлғалық, кәсіби әлсіз және күшті жақтарын саналы
түсіндіру.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.
«Кәсіпке сай маман» дегенді қалай түсінесіздер?
2.
Мен ӛзімнің кәсіби болашағымды қалай елестетемін?
3.
Кімнің кәсіби іс-әрекеті маған демеу, үлгі бола алады?»
4.
Ӛзімнің әлеуетімді толық ашу үшін маған әсер ететін кедергілер?
5.
Мен ӛз уақытымды тиімді пайдалана аламын ба?
6.
Менің жұмысымның және ӛмірімнің маңызды неде?
7.
Менің оқытушы болғаным дұрыс па?
8.
Маған оқытушылық қызмет ұнайды ма?
Қорытындылау
Кҥн 3. Тҧлғалық-кәсіби қасиеттер
Мақсаты: 1. Ӛзіндік диагностика және ӛзін-ӛзі кӛрсету тәсілін игеру;
2. Ӛзінің тұлғалық ерекшеліктерін саналы түсініп, ӛзіне және ӛзінің
тұлғасына жағымды қатынасты қалыптастыру.
Қыздыру сәті: «Шиеленіскен бау»
Топ мүшелері шеңберге тұрады. Кӛздерін жұмып, оң қолдарын алға қарай
созады. Түйіскен қолдар бірін-бірі ұстайды. Кейін топ мүшелері сол қолдарын
алға қарай созып, ӛздеріне серіктес іздейді. ТЖ қолдардың бірін-бірі ұстауына
кӛмектеседі және қатысушының бір емес екі адамның қолын алуын
қадағалайды. Топ мүшелері кӛздерін ашпай, шиеленісуі керек.
«Мен қандаймын?» жаттығуы
Қҧрал-жабдықтар: әр қатысушыға парақ және қалам
Нҧсқау: Бұл сұраққа сын есім арқылы жауап беруге тырысыңыз.
Бойыңыздағы қасиеттер тӛменде аталған бӛлімдердің қайсысына жататынын
анықтаңыз:
«Мен-
физикалық»
«Мен-
интеллектуалды»
«Мен-
эмоционалды»
«Мен-
әлеуметтік».
..., ..., ... .
..., ..., ... .
..., ..., ....
..., ..., ... .
Егер бӛлімдер арасындағы айырмашылық 1-2 балды құраса, бұл қалыпты
болып саналады. Демек, Сіз ӛзіңізді адекватты, дұрыс бағалайсыз. Белгілі бір
бӛлімнің басқа бӛлімдерден басым болуы адамның ӛзіне және қоршаған
ортасымен қарым-қатынасына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Барлық бӛлім
арасындаға қасиеттер тең болуы қажет.
«Ҥйшіктер» жаттығуы
120
Нҧсқау: «Үш адамнан құралған топ құрыңыздар. Әр үштік бір үйшікті
құрайды - ортасындағы адам сол үйдің тұрғыны. Жан – жағындағы адамдар
бірінің қолын бірі ұстап, үйшікті құрайды.
Біздің ӛмірімізде түрлі жағдайлар болып жатады. Біз солардың үшеуін
қазір кӛрсетуге тырысамыз. «Кӛш!» деген бұйрықта үйдегі адамдар үйлерімен
алмасады, яғни басқа үйге қоныстанады. Үйшіктер бір орында тұрады.
«Жӛңдеу!» дегенде үйдегі адамдар бір орында қалады, үйшіктер ӛзара
алмасады. «Жер сілкінді!» дегенде үй адамдары мен үйшіктер жаңа үштік құру
қажет. Зейін қойыңыздар, бастаймыз!».
«Ҥстел ҥстіндегі әңгіме» жаттығуы
Топ мүшелері бӛлмеде еркін қозғалады. ТЖ жағымды атмосферасы бар,
дәмханасы керемет ресторандағы үстел үстіндегі әңгімені суреттейді. Кейін ТЖ
«Екі адамға арналған үстел» деген бұйрықта әр қатысушы ӛзіне жақын жұпқа
бірігіп, «Мен күшімді қалай қалпына келтіремін?» тақырыбында әңгіме
қозғайды. Кейін «Тӛрт адамға арналған үстел!» деп айтқанда әр жұп басқа
жұппен бірігуі қажет. Олар ӛздерінің есімдерін айтып, «Бос уақытымда ...
айналысқанды жақсы кӛремін» атты тақырыпта әңгімелеседі. Ойынның келесі
кезеңі – «Сегіз адамға арналған үстел!» деп аталады. Барлық квартеттер келесі
квартетке бірігеді. Қатысушылар бір-бірімен танысып «Менің міндетті түрде
баратын жерім» атты тақырыбында әңгіме ӛрбітеді.
Алған әсерлермен бӛлісу:
1.
Топ мүшелері туралы мен не білдім?
2.
Ең қызық және кенеттен пайда болған жағдайлар?
«Менің бейнелерім» жаттығуы (Ролдік ойын технологиясы)
Мақсаты: ӛзі туралы ақпаратты толықтырып, ӛзіне үйреншікті емес
ақпаратты қалыптастыруға икемділікті дамыту.
Құрал-жабдықтар: фломастер немесе қарындаш, әр топтың мүшесіне А4
форматтағы парақ.
Ӛткізу барысы: Қарындаш немесе фломастер, парақ алып, топ мүшелері
аудиторияның кез-келген жеріне орналасады. Мүмкіндігінше бір-бірінің қасына
отырмасын. Парақтың бетіне «Мен - осы сәттегі оқытушы» және «Мен -
идеалды оқытушы» ретінде ӛздері туралы сурет салуы керек. Суретке кәсіби
күйді бейнелейтін, салыстыратын картинаны, табиғатты, фантастикалық
әлемді, күрделі сюжетті оқыс оқиғаны салуға болады.
Суретті салу үшін нақты уақыт беріледі, топ мүшелерінің қалауымен сурет
салу тоқтатылады.
ТЖ суреттерді жинап, араластырады. Кейін бір суретті алып топта
демонстрациялайды. Әр қатысушыдан суретті салған адам туралы пікірлерін
сұрайды. Біреулер бір ғана сӛзбен, басқалары жан-жақты сипаттауы мүмкін.
Барлық топ мүшелері қатысады, суреттің авторы ӛзінің салғанын білдірмей
пікірлерді жалғастыруы қажет.
«Қарым-қатынастағы бетперде» жаттығуы
Жаттығу шынайы және ашық қарым-қатынастағы ӛзінің дербес іс-әрекетін
саналы бақылауға арналады. ТЖ келесі жазулары бар карточкаларды ұсынады:
121
а) Қарым-қатынасқа түсуден қашамын;
ә) Салқынқандымын;
б) Ӛзімді жоғары бағалаймын;
в) Агрессивтімін;
г) Тыңдаймын, айтқанды орындаймын;
д) Мейірімдімін немесе эмоционалды күйін түсіне аламын;
е) Қалыпты кӛңілді күйдемін.
Енді топ мүшелері ӛздерінің бетперделерін ашады.
1 нұсқа. Әр қатысушы бетпердені бейнелейтін жағдайды ойдан
құрастыруына болады немесе еске түсіруі керек.
2 нұсқа. Әр қатысушы ӛзіне серіктес алып, бетпердеге сәйкес сӛзсіз немесе
сӛзбен бір жағдайды ойдан шығару. Бетпердені бетте екі минуттан кем ұстау
қажет.
3 нұсқа. Жаттығудан соң үйге тапсырма: Сіз ӛміріңізде қандай
бетперделерді жиі киесіз? Оның қарым-қатынастағы маңызы қандай?
«Менің кәсіби іс-әрекетім» топтық пікір-талас
Мақсаты: кәсіби ӛзіндік сана деңгейін жоғарылату.
Топ мүшелері жоғары оқу орны оқытушы жұмысының жағымды және
жағымсыз жақтары туралы пікір алысады: қандай кәсіби және тұлғалық
сапалар, қасиеттер кәсіби іс-әрекетті дамытады; топ мүшесінің ортақ жұмысқа
қосатын үлесі қандай және ӛзінің университетінің, факультетінің,
кафедрасының жұмысын жетілдіру үшін не істей алады; неліктен жұмысында
тұлға болу қажет секілді сұрақтарға жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |