Куанжанова кундыз тугелбаевна



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата30.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#10604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1.2 
Білім 
беру 
субъектісі 
тҧрғысынанЖОО 
оқытушыларыныңтҧлғалық-кәсіби қасиеттеріне сипаттама 
Барлық уақытта да білім беру үдерісінің негізгі мақсаты болып халықпен, 
қоғаммен,  ӛркениетпен  жинақталған  қоғамдық  тәжірибені  сақтау  және  әрі 
қарай  дамыту  табылды.  Білім  беру  белгілі  бір  оқу  орындарында  білімдерді 
меңгеру,    ақпараттарды  жеткізу  және  қабылдау,  аталған  тәжірибені  игеруді 
ұйымдастыру үдерістері арқылы жүзеге асырылады. 
Қоғамның  қазіргі  кезеңіндегі  білім  беру  біртұтас  тұлғаны  қалыптастыру 
мен дамытудың факторы және нәтижесі тұрғысынан  анықталып отыр. Осыған 
орай    кәсіби  білім беру  мемлекет  тарапынан  жүргізіліп  жатқан реформаларды 
дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарының біріне айналды.  
Болашақ  маманды  кәсіби  даярлау  мәселесінің  тиімді  де  табысты  шешілуі 
білім беру үдерісінің субъектілеріне тәуелді екендігі анық.  
«Субъект» ұғымының тұлға тұрғысындағы мәні осы диссертацияның 1.1 
бӛлімінде 13-17 беттерде жан-жақты талданған болатын. Тұлғаның таным 
субъектісі,  еңбек  субъектісі,  қатынас  субъектісі  болып  табылатындығы 

36 
 
мазмұнды  баяндалған.  Сол  талдаулар  нәтижесінде  біз  зерттеу  пәнімізге 
сәйкес педагогикалық  сӛздіктегі «субъект – іс-әрекетті ӛзгертіп, түрлендіре 
алатын,  жеке  кӛзқарасын  айтатын,  шешім  қабылдап,  ӛзінің  іс-әрекеттерін 
бағалап,  ӛзін  ӛзгертіп,  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыра  алатын  белсенді  саналы  адам 
немесе ұжым», делінген анықтаманы басшылыққа аламыз. 
Ӛйткені  мұнда  субъектінің  ӛзінің  іс-әрекеттеріне  есеп  бере  алатындығы, 
ӛзін-ӛзі тануға қабілеттілігі, ӛзінің санасы мен жауапкершілігі туралы айтылып 
тұр. Ол ӛзінің ӛткен, осы және келер шақтарын сәйкестендіре алады. Ал оның 
ӛзгеруі  оның  ойларына,  ӛзіндік  стратегиясына  сәйкес  жүзеге  асырылады. 
Субъект  психологияда  «белсенділіктің,  тұтастықтың,  автономдылықтық 
жоғары деңгейіндегі адамдар» деп түсіндіріледі. Ал бұл болса, бізге білім беру 
субъектісі туралы сӛз қозғауымызға мүмкіндік береді. 
Психологияда  жан-жақты  зерттеліп  келген  субъект  категориясы 
(А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, К.А.Абулханова-Славская, А.В.Брушлинский) 
философиядағы  (Аристотель,  Декарт,  Кант,  Гегель)  басты  ұғымдардың    бірі 
болып санады. Білім беру  субъектісі мен субъектілерарасындағы қатынастарды  
зерттеуде біршама қиындықтар туындайды. Ӛйткені субъектілердің әрбірі басқа 
субъектімен және бір мезгілде «ӛзін-ӛзі» жасау атты ортамен қатынасқа түседі. 
Осы  мәселе    ғылымда  «субъект-субъектілік  қатынастар»  деп  белгіленіп, 
педагогика мен психологиядағы маңызды және жете зерттеле қоймаған  мәселе 
болып қалып отыр.  
Ж.Пиаже 
субъектінің 
ӛзінің 
ішкі 
құрылымы 
ӛзіне 
түгелдей 
«бағынбайтындығын»,  ӛзін-ӛзі  шындыққа  айналдыратындығын,  ӛзобъектісі 
мен операцияларын ӛзі ұйымдастыратындығын айтады.  Ал,  біздің ойымызша, 
субъектінің ықпалды белсенділік пен қайта жасауға бейімділік сипаттарыаса 
маңызды  саналады.  Белгілі  бір  сипаттарды  бойына  жинақтай  алған 
субъектілікті  жеке  бір  функция  ретінде  қарауға  болады.  Білім  кеңістігіндегі 
субъектілік  кӛпфункционалды  саналады.  П.Ф.Каптеревтің  пікірінше:  «білім 
беру  үдерісіндегі  субъектілер  ӛзін-ӛзі  дамытуға  міндетті,  оның  ішкі  қайрат-
күші  басқаның  дамуының  бастауы  мен  қуат  беруші  импульсы  бола  алады» 
деген қорытындыға келген [98, 171 б]. 
«Адам  -  адам»  типтегі  мамандықтардың  кәсіби  әрекеті  тиімділігінің 
субъективті  кӛрсеткіштерін  қарастырған  Ю.Е.Якунин  «субъект  -  іс-әрекет  – 
объект  -  қоршаған  әлем»  ұғымының  орнына  енді  «субъект  (1)  -  іс–әрекет,  
субъект  (2)  -  қоршаған  әлемді»  қойды.  Субъект  (1)  -  еңбек  субъектісі  болып 
табылады,  субъект  (2)  –  еңбекті  тұтынушы,  бірақ  кәсіби  әрекеттің  субъектісі 
тек кәсіби  маманы (субъект (1)) ғана бола алады, ӛйткені ол белсенді, барлық 
үдерісті жоспарлайды, реттейді, бақылап түзету енгізеді. Субъект (2) - субъект 
(1)  қатынасына  бағынышты  іс-әрекеттер  кейпінде  ғана.  Бірақ  іс-әрекеттерінің 
мақсаттарына  жететін  ортақ  нәтижелері  екі  субъектінің  ӛзара  біріккен  іс-
әрекеттеріне тәуелді [99].  
И.А.Зимняя білім беру үдерісіндегі субъект категориясын психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан былайша сипаттайды: «1) субъект үшін объект қажет; 
2) ӛзінің  іс-әрекеті (танымдық немесе эксперименттік)  формасында (құралдар, 

37 
 
тәсілдер)  субъект  қоғамдық  болып  табылады;  3)  қоғамдық  субъектті  жүзеге 
асырудың  нақты  жекелік  ӛзіндік  формасы  болады;  ұжымдық  субъект  әр 
индивидтің  бойында  және  керісінше  орын  алуы  мүмкін;  4)  саналы  реттелетін 
ӛзара  әрекет  әрқашан  субъективті,  сол  әрекеттің  ӛзінде  субъекттің  ӛзі  де 
қалыптасады; 5) жекелік әрекеттің субъектісі – саналы іс-әрекеттенетін жан; 6) 
субъектілік  ӛзге  адамдармен  қарым-қатынас  барысында  анықталады  – 
белсенділік,  біреуге  баулушылық;  7)  субъектілік  қарым-қатынастың,  іс-
әрекеттің,  ӛзіндік  сана  мен  болмыстың  ажырамас  тұтастығы;  8)  субъектілік 
ӛзара  әрекеттен  тыс  жүзеге  асырылмайды,  динамикалық  басталады, 
тұрақталады және ӛзгереді; 9) субъектілік - интрапсихикалық категория [98, 128 
б]. 
И.А.Зимняяның  тұжырымдауынша  субъектінің  іс-әрекеттеріне  мақсат  қоя 
білу, жоспарлау, орындаушылық іс-әрекеттер, ӛзін-ӛзі бақылау, ӛзін-ӛзі бағалау 
жатады.  Осыған  сәйкес  білім  беру  субъектісі  тұрғысынан  ЖОО 
оқытушыларының    кәсіби  іс-әрекетте  мақсат  қоя  білуі,  жоспарлай  алуы,  оны 
жүзеге  асырудың  тәсілдерін  білуі,  ӛзбетімен  нәтижелерін  бағалауы,  кәсіби 
әрекеттің  талаптары  мен  ӛзінің  мүмкіндіктерін  білуі,  қиыншылықтар  пайда 
болғанда  оларды  талдау  және  жеңу  жолдарын  таба  білуі  сынды  қасиеттермен 
сипатталады [98]. 
Сонымен  білім  беру  субъектісі  дегеніміз  оның  іс-әрекетінің  нәтижесі, 
ортаны ӛзгертуші, оны жасаушы немесе түрлендіруші. 
Ӛзіндік  әрекеттер  жасай  алған  адам  субъектінің  мәніне  айналады.  Адам 
ӛмірінде  осы  ӛмірдің  субъектісіне  айналатын  белгілі  бір  сәті  (жол  басы) 
болады.  Мүмкін  тұлғаның  даму  динамикасы  осындай  сәттен  басталып, 
«субъектілік»  іс-әрекетке  түседі,  соның  нәтижесінде  тұлға  ретінде 
дамығаны  байқалады.  Ал  бұл  әрекет  субъектілік  қарым-қатынастар  (яғни, 
эмпатиялык,  фасилиттенген)  арқылы  ӛзіндік  ішкі  жағдайдың  табиғатына  сай 
туындауы  тиіс.  Осыған  орай,  білім  беру  кеңістігіндегі  субъект-субъектілік 
қатынастарды  түсіну  негізінде    білім  мен  тәрбие  пассионарлықты  (баланың 
еңбектегі,  танымдағы,  еркін  рухты  тұлға  ретінде  қалыптасуындағы  жекелей 
әлеуметтік  қажеттіліктерін  дамыту)  жүзеге  асыруға  болады,  сондай-ақ 
синергиялықты  (үдеріске  қатысушы  –  мұғалім,  оқушы,  ата-ана  арасындағы 
ӛзара  әрекеттесуден  туындайтын  энергетика)  ӛркендетуге  де  мүмкіндік 
туындайды.  
Біздің түсінуімізше субъект-субъектілік қатынастардағы басты ұстаным  
қатарында    ӛзіне-ӛзі  қызығушылығы  (ата-ананың,  мұғалімнің,  баланың)  және 
ӛзіне  қарама-қарсы  адамға  қызығушылығының  (ата-анаға,  мұғалімге,  балаға) 
болуы тиіс. 
Зерттеуші  И.А.Зимняя  ұстаздың  шәкірттерімен  ӛзара  тең  серіктестік, 
сенімге 
құрылған 
қарым-қатынас 
орнатудағы 
субъект-субъектілік 
маңыздылығын  айта  отырып,  мұндай  ӛзара  қатынас  болған  жерде  білім 
алушылардың барлық оқу жағдаяттарында ерікті түрде ӛзін-ӛзі кӛрсетуіне жол 
ашатынын,  олардың  бойында  жеке  ӛзіндік  бағалау  мен  жеке  дамуын 
қамтамасыз ететінін ерекше атайды [98]. 

38 
 
Оның  жұмысында  субъектілердің  сипаттамалары  туралы  мәліметтерді 
психология-педагогикалық  тұрғыдан  жүйелендіруге  талпыныс  жасалған.  Атап 
айтқанда,  ол:  «субъективтілік  –  бұл  қарым-қатынас,  ӛзіндік  сана  мен  болмыс 
құндылықтарының бӛлінбес біртұтастығы» және «субъектілік – бұл бірде пайда 
болып,  бірде  жоғалып  тұратын,  ӛзара  әрекеттесуден  тыс  ӛмір  сүре  алмайтын 
динамикалық  бастау»  деп  атап  ӛткен.  Бізге  автордың  субъектілікті  қарым-
қатынас жүйесіндегі белсенділік және ынта деп айтқан пікірлері құнды болып 
отыр.  Қарым-қатынастағы  субъект  пен  субъектілікті  дамыту  бұл  субъектілер 
мен оны жасаушылардың дамуы деп түсінген дұрыс. 
Л.С.Выготский  болса,  оқытушы  мен  студент  қана  араласуға  мүмкіндік 
алатын  ерекше  бір  ақиқаттың  болатындығын  мойындамайды,  ол  үнемі  екеуін 
байланыстыратын динамикалық ортаны бӛліп алып: «... білім беруші белсенді 
болса,  білім  алушы  да  белсенді,  сондай-ақ  олардың  арасындағы  орта  да 
белсенді»  -  деп  тұжырым  жасаған.  Ӛздігінен  белсенді  орта  болып  табылатын 
білім  беру  кеңістігіндегі  ӛзара  әрекеттеріндегі  психологиялық  табиғат  оның 
кӛзқарасының «секіріс кейіптегі және революциялық» даму үдерісінде болуына 
ықпал етеді [100, 89 б]. 
Біздің ойымызша, аяқасты, мүлдем жаңа, субъектінің іштей ӛзгеруіне, ӛзін-
ӛзі 
тәртіпке 
салуына 
және 
В.А.Петровский 
дәлелдеген 
«ӛзінше 
интериоризациялы басқа субъектілер тұрғысынан» даму үдерісіне алып келеді. 
Ол  «әлеуметтік  қарым-қатынастарды  белсендіру  мен  интериоризациялауды 
қолға  алу  керек  деген  логиканы  ұстанатын  болсақ,  онда  тұлға  осы  индивид 
бойындағы  сапаның  ӛзіндік  синтезі  және  ӛзіндік  құралдық  актілермен  қатар 
берілетін 
басқа 
индивидтердің 
субъекті-интенционалдық 
жолмен 
интериоризацияланатын  сапаларды  бойына  жинаған  күйге  түседі»-деп  айтқан. 
Әлеуметтік  қарым-қатынастарда  кӛрініс  табатын  ӛзіндік  субъектілік  сәттерді 
интериоризациялау  идеясы  біздің  зерттеуіміздің  сипатын  анықтап  берді. 
Л.С.Выготский  интериоризациялау  актісі  негізінен  қарым-қатынасқа  түсу 
кезінде  жүзеге  асатынын,  демек  нақты  индивидтер  арасындағы  қарым-
қатынастың  мәні  болып  отырған  әлеуметтік  қатынастардың  жекелікке  әсер 
ететінін айтады [100]. 
В.В.Давыдов  еңбектерінде  оқу  ісін  ғылыми,  эстетикалық,  әдептілік  пен 
құқықтық  секілді  адам  бойындағы  теориялық  ілімдердің  әртүрлі  салаларына 
бағдар  ұстанған  адамның  қабілетін  ашудың  жалпы  формасы  екенін  баса 
айтады. Л.С.Выготский жеке бағдарланған оқытуға – «бала ӛз ісінің субъектісі 
бола  алатындай  етіп  баланың  дамуын  ұйымдастыру»  қажет  деген  анықтама 
береді [101]. 
Біз  де  субъектінің  білім  беру  кеңістігіндегі  қарым-қатынастар 
арасындағы  ӛзара  байланысты  дамыту  актісін  жүзеге  асырудағы  орнын 
жоққа  шығармаймыз.    Осы  тұрғыдан  Б.Д.Элькониннің  тұлғаны  дамыту 
психологиясын  басшылыққа  аламыз.  Әрбір  субъектінің    ӛзін-ӛзі  дамытуда  
ӛздігінен  оқуы,  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеуі,  яғни  ӛзін-ӛзі  маңыздылыққа  айналдыруы  
аса мәнге ие болуы қажет. 

39 
 
Э.Н.Гусиньский  мен  Ю.А.Турчинскийдің  «тұлға  шығармашылық  еңбек 
арқылы ӛседі, ер жетеді, ол маңызды деген рӛлдерге енеді, әлеуметтік орынға 
үйреніседі,  сонымен  қатар  ол  ӛзін-ӛзі  ұстауда  тұлғаға  жараса  бермейтін 
кейіптерден бас тарту арқылы қалыптасады» деген мәндегі тұжырымдамалары 
біз зерттеуіміз үшін маңызды болып табылады[60, 46б].  
Білім  беру  жүйесіндегі  субъект-субъектілік  қатынастарды  дамыту 
мәселесіне «білім берудің екі парадигмасының (ӛзіндік-алыстаған және ӛзіндік-
бағдарланған)  айнасы  арқылы»  қараған  И.Л.Вахнянская  [49,  41б]  аталмыш 
мәселені  «дамытушы  және  дамушы  үдеріске  қатысты»  шешуді  ұсынды.  Ол 
тұлғалық  ӛсуді    (бұл  білім  беру  кезіндегі  ӛзара  әрекеттесудің  ӛзіндік-
бағдарлану  ісі  «ӛнімінің»  мәні)  «күнделікті  тұрмыс  пен  дұрыс  пиғыл  секілді 
кӛзқарастардан  жоғары  тұрған  жаңа  мағыналық  ұстанымға»  қол  жеткізу  деп 
түсіндіреді. 
Н.Н.Хан 
жоғары 
оқу 
орнындағы 
 
педагогикалық 
үдерістің 
ынтымақтастықтығына  берген  негізгі  сипаттамасында  субъект-субъектілік 
қарым-қатынасты  оқытушы  мен  студент  арасындағы  ӛзара  іс-әрекет  деп 
түсіндіреді [29, 210 б].  
Ӛйткені 
педагогикалық 
үдеріске 
қатысатын 
субъектілер 
тек 
ынмымақтастықта ғана белсенділік танытады. Адам тек белсенділікпен әрекет 
еткенде  ғана  жаңа  нәрсеге  үйренеді,  білім,  іскерлік,  дағдыларды  игереді, 
құзыреттілігі  дамиды,    шығармашылығы  артады.  Біздің  осы  ойымызды 
В.Н.Петрованың  «Егер,  бүгін  педагогикалық  ынтымақтастық  мәселесі  басты 
болса, бұл ертеңгі күні біргеліктегі шығармашылыққа ұласады» деген пікірі де 
айғақтай түседі [102]. 
Осы тұрғыдан білім алушы мен білім берушінің шығармаластық мәселесі – 
ағымдағы педагогиканың ғасырлық мәселесіне айналып отыр. Ынтымақтастық 
– білім беру үдерісінің алдында тұрған міндеттерді шешудің бірінші кезеңі бола 
отырып,  ол  білім  беру  үдерісіндегі  теңдік  мәселесіне  тәуелді  саналады.  Яғни 
оқытушы студентті білім беру субъектісі ретінде қабылдап, ӛзін осы үдерістің 
субъектісі етіп сезінуіне жағдайлар жасаумен анықталады. 
Жалпы 
алғанда, 
ғалымдар 
субъектінің 
негізгі 
кӛрсеткіштеріне 
шынайылықты,  дұрыс және адекватты ӛзара кері байланыс негізінде ӛзін және 
ӛзгелерді  ӛзгерте  алу  қабілеттерін  жатқызады.  Демек,  білім  беру  субъектісі  - 
білім  мен  білікті  үйретуге  қабілетті,  ӛзінің  кәсіби  іс-әрекетін  ӛзгерте  алатын, 
түрлендіретін,  ӛзіне-ӛзі  баға  бере  алатын  тұлға  болып  табылады. 
Оқытушылардың  субъективтілігін  біз  кәсіби  педагогикалық  кеңістіктің 
маманы  тұрғысынан  оның  ӛзіне  және  іс-әрекетіне  қатынасында  кӛрінетін 
кіріктірілген  тұлғалық  қасиеттері  деп  түсінеміз.  Оқытушының  субъектілігі 
ӛзіне  құндықатынасымен  және  студентке  ӛзіндік  құндылық  және  жеке  білім 
алушы субъект тұрғысынан қатынас жасауынан тұрады. Ол сонымен қатар тек 
педагогикалық емес, кез келген басқа әрекеттің субъектісі  де болуы мүмкін. 
Е.А.Климов  тұлғаның  субъективтік  сипаттамасына    оның  бағыттылығын, 
мотивін;  қоршаған  ортаға,  іс-әрекетіне,  ӛзіне  қатынасын;  ӛзін-ӛзі  реттеуін; 
креативтілігін; эмоционалдығын жатқызады [103, 89 б]. 

40 
 
Білім  беру  субъектілерінің  (тәрбиеші,  мұғалім,  оқытушы)  тұлғасына, 
тұлғалық-кәсіби  қасиеттеріне  қатысты  білімдер,  эксперименттік  зерттеу 
нәтижелері күннен күнге толықтырылып отыр. Аталған субъектілердің бойына 
қажет  маңызды  тұлғалық-кәсіби  қасиеттер  ерте  заманғы  философтардың 
еңбектерінен  бастап,  қазіргі  педагогика  мен  психология  саласындағы 
ғалымдардың еңбектерінде жалғасын тапқан. 
Оқытушының   кәсіби құзыреттілік деңгейіне баға беру үшін оның кәсіби 
іс-әрекетінің мазмұнын анықтау қажет болады.  Сол үшін де алдымен, ЖОО 
оқытушыларының  кәсіби  іс-әрекетіне  қойылатын  талаптарға  тоқталуды  жӛн 
кӛрдік. 
Оқытушылардың  негізгі  кәсіби  іс-әрекеті  педагогикалық  іс-әрекет 
болғандықтан,  алдымен  педагогикалық  іс-әрекеттің  мәнін  ашуға  ден  қойдық. 
Кәсіби  педагогикалық  іс-әрекеттің  мазмұны  мен  атқаратын  қызметтері 
Н.Д.Хмель, 
Э.Ф.Зеер, 
А.К.Маркова, 
Л.М.Митина, 
Н.В.Кузьмина, 
В.А.Сластенин,  В.Д.Шадриков  және  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде 
қарастырылған. 
Педагогикалық  іс-әрекет  дегеніміз  ықпал  ету  құралдарының  кӛмегімен 
оқыту  мен  тәрбиелеудің  міндеттері  шешілетін  педагогтың  кәсіби  белсенділігі 
(А.К.Маркова),  оқыту-тәрбиелеу  міндеттерін  шешетін  үдеріс  (Ю.Н.Кулюткин, 
Г.С.Сухобская),  тұлғалық,  зияткерлік  сапаларды  дамытуға  бағытталған, 
сонымен  қатар  ӛзіндік  даму  мен  ӛзін  жетілдірумен  айналысатын,  мұғалімнің 
оқушыны  тәрбилеу  және  оқытудағы  ықпалы  (И.А.Зимняя),  адамның 
мамандығына сәйкес құралдары арқылы ӛзге адамның тұлғасын қалыптастыра 
алу  шеберлігін  игеруі  (Н.В.Кузьмина),  педагогикалық  жүйедегі  тәрбиелеудің 
объектісі  мен  субъектісінің  ӛзара  қарым-қатынасымен  шартталған  байланыс 
(Л.Ф.Спирин).  
Қазақстандық  белгілі  ғалым  Н.Д.Хмель  [17]  педагогикалық  үдеріс  – 
қызметтік  мақсатқа  бағытталған  жүйе,  оның  барлық  компоненттері  қатаң 
тәртіппен  бір-біріне  тәуелді  және  бір  компонентінің  бұзылуының  ӛзі  қалған 
барлық  педагогикалық  үдерістің  нәтижелері  мен  жағдайында  әсер  етеді  деп, 
оның маңызын айқындаған. 
Оқытушы бүгінгі таңда үлгі емес, оны ӛзгенің түсінгенін қалайтын және ол 
үшін  барлық  амалдарды  пайдаланатын  тұлға  болып  саналады.  Бірақ  осындай 
тұлға  ӛзінің  білім  алушыларын  жеке  пікірі  бар,  сыни  ойлай  білетін,  ӛзгелерді 
түсіне  алатын    тұлға  болып  қалыптасуын  қалайды.  Осыған  балйланысты 
педагогикалық  іс-әрекеттің  әр  түрлі  құралы,  амалы,  әдіс-тәсілдері  жүзеге 
асырылады. 
Біздің зерттеуіміз үшін оқытушылардың іс-әрекетінің мазмұнын кӛрсетуге 
тырысқан  А.К.Маркованың  тұжырымдамасы  маңызды.  Ол  оқытушылардың 
кәсіби 
іс-әрекетінің 
компоненттеріне: 
кәсіби 
психологиялық 
және 
педагогикалық  білімдер,  кәсіби  педагогикалық  біліктіліктер;  кәсіби 
психологиялық  кӛзқарас;  мұғалімнің  қондырғысына  кәсіптің  тарапынан 
қойылатын  талаптар;  кәсіби  білім  мен  біліктілікті  игеруге  мүмкіндік  беретін 
тұлғалық ерекшеліктерді жатқызды [104].  

41 
 
ЖОО-ның  оқытушылары  үшін  әсіресе  педагогикалық  және  ғылыми  іс-
әрекеттерге  қатысты  жұмыстар  тән,  атап  айтсақ,  ғылыми-зерттеу  жұмыстары 
олардың  ішкі  әлемін  кеңейтіп,  шығармашылық  әлеуетін  дамытады, білімдерін 
жаңа деңгейге кӛтеруіне мүмкіндік береді. 
С.Д.Смирнов барлық ЖОО оқытушыларын шартты үш топқа бӛледі: 
1. Педагогикалық бағыттылығы басым оқытушылар (жалпы санының 2/5-н 
құрайды); 
2. Зерттеушілік бағыттылығы басым оқытушылар (1/5); 
3.  Педагогикалық  және  зерттеушілік  бағыттылығының  бірдей  мүмкіндігі 
бар оқытушылар (шамамен 1/3-ке жуық) [105, 216-217 б]. 
Ал  педагогикалық  іс-әрекеттің  қызметтеріне  қатысты  жіктемелерге 
Н.Ф.Кузьмина  [106]  (гностикалық,  конструктивті,  ұйымдастырушылық, 
коммуникативті, 
жобалаушы), 
А.И.Щербаков 
[102] 
(ақпараттық, 
дамытушылық,  бағдарлық  және  ұтқырлық),  В.И.Гинецкий  (презентативті, 
интенсивті,  түзетуші  және  диагностикалау),  Э.Ф.Зеер  [107]  (мақсаттық  және 
операционалды),  Г.Ф.Красноженова  (педагогикалық  еңбектің  кезеңдеріне 
байланысты келесідей қызметтер тобын бӛледі: талапкердің мүмкіндігін, білім 
алу  қажеттілігін  диагностикалау,  оқыту  мен  бақылау  формаларын,  әдістерін, 
құралдары  мен  оқу  үдерісін  жоспарлау  және  жобалау;  ӛзіндік  тәжірибиені 
талдау және жеткізе алуы; оқыту үдерісін зерттеуді ұйымдастыру) еңбектерінде  
талдау берілген. 
Сонымен оқытушылардың педагогикалық іс-әрекетіне қойылатын талаптар 
ауқымды  және  сан-алуандығымен  ерекшеленеді:  оқуға  түсуге  келген 
талапкердің  мүмкіндігі  мен  қабілетін  анықтаудан  бастап,  кәсіби  маман 
тұрғысынанбойынан  табылуға  тиісті  білім,  білік,  дағдыларды  қалыптастыруға 
байланысты талаптар енеді. 
Білім  беру  үдерісінде  адамның  рухани  бейнесі  моралдық  және  рухани 
құндылықтардан  тұратын  оның  мәдени  игіліктері  мен  тәрбиесі,  ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеуі негізінде, яғни, адам бейнесін қалыптастыру үдерісін ӛңдеудің әсері 
арқылы  жетіледі.  Бұл  жағдайда  білімділікпен  қатаркісби  маман  боында 
тұлғалық қасиеттердің қалыптасып дамуы да аса маңызды саналады. 
Оқытушылардың  тұлғасы  педагогикалық  іс-әрекеттің  субъектісі 
тұрғысынан  ӛзін-ӛзі  ұйымдастырушы  субъект  болып  табылады  және 
мынадай  сипаттамалармен анықталады: 

 
 заттар әлемі мен идеяларын игеріп қана қоймай, оларды қайта жаңғырту, 
жаңашыландыру, түрлендіру мен ӛзгерте алуы; 
–  іс-әрекетті  жүзеге  асырудың  барлық  кезеңдеріндегі  міндеттерін  саналы 
түсініп,  қабылдау,  қажетті  жағдайларда  оларды  анықтай  алу  қабілеті  мен 
ұмтылысы

 
 қарама-қайшылық жағдайларда адамгершілікті таңдауға қабілеті, ӛзіндік 
ішкі «МЕН»-ін таңдауын негіздей білуі, анықтай алуға ұмтылысы; 

 
 рефлексияға  қабілеті,  бір  жағынан,  қабылданған  мақсаттары  мен 
тілектеріне сәйкес ӛзінің мінез-құлығы мен іс-әрекеттерін саналы реттей алуға 

42 
 
қажеттілігі,  екінші  жағынан,  «ӛзінің  басы  бостық  еместігінің  шегін  саналы 
түсінуі»; 

 
 тұлғаның  белсенділігі,  ұмтылысы,  іс-әрекеті  мен  қарым-қатынасының 
нәтижелерін сын тұрғысынан ойлауы және рефлексияға қабілеті

 
 ӛзін-ӛзі дамытуға бағыттылығы

 
 ӛзінің  іс-әрекетіне  ӛзбетіндік  түзетулер  еңгізе  алу  қабілеті,  «сыртқы 
әлемге»  ішкі  тәуелсіздік.  Кӛзқарастарының,  ниеттерінің  тұрақтылығы  оларды 
түзету және ӛзгерте алуы; 

 
 Шығармашылық әлеует, әмбебаптылық, қайталанбастық. 
Білім  беру  субъектісі  тұрғысынан  оқытушылардың  іс-әрекетті  орындауға 
қабілеті  мен  дайындығы  оның  табыстылығын  айқындайтын  кіріктірілген 
тұлғалық-кәсіби  қасиеттерден  тұрады.  В.С.Мерлиннің  айтуы  бойынша,  адам 
ӛзінің алдына қойған мақсатын, іс-әрекетінің ақырғы нәтижесін болжауы, осы 
мақсатқа жетудің жолдары, құралдары мен шарттарын саналы түсінгенде ғана 
адам  субъект  бола  алады  [108,  82  б].  Яғни,  жоғарыда  аталғандардан  біз  білім 
берудің  субъектісі  –  педагогикалық  іс-әрекетті  жүзеге  асырудың  әдіс-
тәсілдерін білуі, ӛзбетімен шығармашылық шешімдерді қабылдау мен шешуге 
дайындығы және ұмтылысы деп түсіндіреміз. 
Осыған  байланысты  жоғары  оқу  орны  оқытушыларының тұлғалық-кәсіби 
дамуы мәселелерін қарастыруда тұлғалық және кәсіби қасиеттердің мәні мен 
мазмұнын зерттеп, талдаудың қажеттілігі артады. 
Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау педагог тұлғасы, 
оның  тұлғалық-кәсіби  қасиеттері  мен  сапаларының  сипаттамасы,  мәні 
менқұрылымыжан-жақты қарастырылғанын кӛрсетті. Сондай-ақ, білім берудің 
негізгі  субъектілерінің  бірі  болып  табылатыноқытушының  кәсіби,  тұлғалық-
кәсіби дамуы, түсініктері анықталып олардың факторлары, қозғаушы күштері, 
жағдайлары, механизмдері әлі де зерттеле түсу керектігін байқатты. 
Олай  болса,  біз  алдымен  зерттеудің  базалық  ұғымы  «тұлғалық-кәсіби 
қасиет»  түсінігінің  мәнін  ашып  алуды  жӛн  санадық.  Диссертацияның  1.1 
бӛлімінде  тұлға  ұғымы  жан-жақты  талданған  болатын.  Ал  кәсіби  ұғымы 
маманның  шеберлігіне  қатысты  айтылады.  Бұл  түсінік  теория  мен 
практикада жеткілікті талданып, санамызға сіңіп кетккендіктен, бұл сӛздің 
семантикалық  мағынасына  талдау  жасап  отыруды  жӛн  санамадық.  Ал, 
зерттеу  жұмысымызда  бұл  ұғым  жоғары  оқу  орны  оқытушысының  кәсіби 
сапалары, қасиеттері  тұрғысынан осы бӛлімде сӛз етіледі.  
Зерттеудің  негізгі  ұғымдары  қатарында    

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет