Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет15/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
өскен ұлжалғас

1.4. Кірме сөздер

Кез –келген дамыған тіл құрамында болатын өзге тілден енген атаулар кірме сөздер деп аталады. Кірме сөздердің енуі әр кезеңдегі қоғамдағы өзгерістермен, өркениеттің, ғылым мен техниканың, мәдениеттің дамуымен байланысты жаңа ұғымдардың, заттардың пайда болуымен, сол ұғыммен немесе затпен бірге оның атауының да кіруімен байланысты. Бұл тілдердің бір –бірімен қарым –қатынасының көрінісі. Тілдік –қатынас тілдің ішкі грамматикалық құрылысы мен сөздік қорына әсер ететін екі не одан да көп тілдердің өзара байланысы. Тілдік қатынас әр түрлі этникалық және әр түрлі тілдерде сөйлейтін топ өкілдерінің араласу қажеттілігінен туындайды. Нейролингвистика деректері бойынша, адам баласы миының сол жақ бөлігі негізге ана тілінде сөйлеуімен байланысты да, оң жақ бөлігі басқа тілді игеруге негізгі ана тілінде сөйлеуімен байланысты да, оң жақ бөлігі басқа тілді игеруге икемді. Тілдік қатынас көрші халықтардың бір –біріне жасайтын табиғи ықпал арқылы немесе саяси ықпал ету мақсатымен басып алған елдің тілін күштеп енгізу жолымен жүруі мүмкін. Тілдік қатынасты зерттеу қазіргі кезеңде аса маңызды саналады.


Қазақ тіліндегі кірме сөздер –тек зат атаулары. Тіліміздің сөздік құрамында шеттен енген етістік, сан есім (триллоннан басқа), сын есім, үстеу, есімдік, еліктеуіш сөз жоқ. Кей ғалымдар көрсетіп жүрген, «звонда» немесе «кәмпескелеу» сияқты сөздердің өзі морфологиялық, семантикалық тұрғыдан саралағанла етістік тұлғасында емес, « звон», «кәмпеске» т.б. заттық тұлғада еніп, кейіннен – да, -ле етістік тудырушы жұрнақтар арқылы ғана қимылдық мән алғанын аңғару қиын емес.
Кірме сөздердің тек зат атаулары болуының өзіндік ішкі заңдылығы да бар, өйткені жаңадан жасалған, пайда болған, танылған денотаттық ұғымдардың атауы ғана кірме сөз ретінде енеді. Кірме сөздердің дені соңғы ғылыми прогреске сәйкес енген әр түрлі ғылым салаларына байланысты терім сөздер екені айдан анық. Өзге елдің тілінен енген лексикалық бірліктердің ана тіліне енген сіңу деңгейі мен құрылымдық –семантикалық түрленуі, тіліміздегі қолданысына байланысты былайшы бөлу орынды болмақ: 1) кірме сөздер, 2) шетел сөздері, 3) экзотикалық сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет