11
- зерттеу жұмыстың нысанға алынған шығармалардағы ұлттық сипат пен
мінез жəне көркемдік ойлау формалары жинақталып, жүйеленіп жəне сыр
сүлейлері қолданысындағы көркем бейне дəйегі айқындалып, жазба айтыстар
мен мысал, дастандардағы Сыр сүлейлерінің көркемдік кестесі, бейнелілік
нақыштары ғылыми тұрғыдан негізделді.
-
сыр өлкесі қаламгерлері шығармашылығын оқытудың дидактикалық,
жеке пəндік ұстанымдарын айқындау арқылы сыр өңірі қаламгерлерінің
шығармашылығын оқытудың мазмұндық-құрылымдық моделі жасалынып,
оқытудың тиімді əдіс-тəсілдері жүйеленді;
-
сыр сүлейлері шығармаларын оқытуға арналған таңдау пəні
бағдарламасы, силлабусы жəне қазақ əдебиетін оқыту бағдарламасы бойынша
кешенді жұмыс түрлері жүргізіліп жəне оқытуда білім алушылардың кəсіби
қарым-қатынас дағдыларын дамыту əдістемесінде жаңа заманға лайықталған
онлайн жəне офлайн оқытуда қолданылатын интерактивті желілік технология
атты жаңа əмбебап технология ұсынылды;
-
алынған қорытындылар мен негізгі тұжырымдар əдебиетті оқыту
курсында қолданылып, тəжірибеден өткізіліп жəне «Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқыту» таңдау курс
бағдарламасы жасалынып, тəжірибелік-эксперименттік жұмыста оның
тиімділігі дəлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: