71
– түрлі кейіпкерлердің мінезін ашуда диалог пен монологты басты тəсіл
ретінде қолданған;
– ақындар қолданған тілдің көркемдегіш құралдары теңеу, эпитет,
метафора, метонимия, символ т.б.
ойды ықшамды, образды барынша бейнелі
етіп суреттеуде ерекше қызмет атқарған.
Бұл қалыптасқан жəйттің бүгінгі мəнісіне көз жеткізу үшін кез-келген
сүлейлердің зертханасын бұрынғыдай сараптамай,
біртұтас шығармашылық
құбылыс ретінде қарастырған орынды деп білеміз.
Түйіндей келе, əдебиет үшін аса маңызды зерттеу əдіснамасына
байланысты сараптамалар жасалды. Сыр сүлейлері шығармаларындағы
бейнеліліктің көрінісі, қалыптасуы, заңдылықтары, диалектикасы сөз етілді.
Сыр сүлейлері мұрасы жалпы қазақ əдебиетінің тарихымен, ұлттық
дəстүрлі мəдениетімен тамырласып жатқан түркілік дербес танымның жаңаша
тұрпатты жалғасы. Сондықтан да, Сыр сүлейлерін тануда олар қолданған
бейнелі сөздердің ерекшелігін саралауда, ой-танымға белгілі дəрежеде ықпал
еткен еңбектер қамтылды. Сыр сүлейлерінің ұлттық мүддеге
негізделген
танымдары мен бейнелі сөз қолданудағы ерекшеліктерін тереңдете зерттей
түсіп, өзіндік қырларын ашу əдебиеттану саласында қолға алынуы тиіс
жұмыстар деп түйіндедік.
Достарыңызбен бөлісу: