Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна


Зерттеудің теориялық-практикалық маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет12/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

Зерттеудің теориялық-практикалық маңыздылығы: 
Диссертациялық 
жұмыстың материалдары мен нəтижелерін жоғары оқу орындарындағы «Қазақ 
филологиясы», «Қазақ тілі мен əдебиеті» білім беру бағдарламаларында «Сыр 
сүлейлері шығармаларын оқыту» атты семинар сабақтарда пайдалануға болады. 
Сондай-ақ, өлке əдебиетін зерттеуде, ұлттық танымдық ерекшеліктерін 
айқындауға негіз болып табылады. 
 
- Жоғары оқу орындарының «Қазақ тілі мен əдебиеті», «Қазақ 
филологиясы» БББ-да «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне 
бейнелілікті оқыту» тақырыбында таңдау курсы бағдарламасы, пəнді 
жүргізудің əдістемесі жасалып, тəжірибеден өтті, білім алушыларға арнап 
əдістемелік құрал жасалынды.
- Зерттеудің бұл практикалық нəтижесін сондай-ақ, орта арнаулы оқу 
орындары тəжірибесінде, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау 
институттары мен жалпы орта білім беретін мектептердің білім беру үдерісінде 
пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 
- Сыр сүлейлері қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосты жəне 
ұлттық əдебиетте ғасырлар бойы қалыптасқан көркем ойлау мен оны ұлттық 
болмысқа сай көрікті етіп жеткізуде бейне жəне бейнелілікті кеңінен қолданды. 
- Сыр бойы ақындарының шығармалары өзінің идеялық бағыты, 
танымдық қырлары, көркемдік кестесі жағынан қазақ əдебиетін жаңа бір даму 
сатысына көтерді, ұлттық болмысқа негізделген тіл, бейнелілік, қазақы 
дүниетаным көрінісі біртұтас байланысқа, бірлікке айналды. 


12 
- Оқытудың жалпы принциптерін негізге ала отырып, əрбір жекелеген 
пəнді оқытуда білім алушыда қалыптасатын құзыреттіліктерді нақтыласа, сол 
пəнді оқытуда басшылыққа алатын негізгі ұстанымдар (пəнді оқытудың 
жекелеген ұстанымдары) айқындалып, оқытылатын пəннің мақсаты анық 
болады. 
Біз құрастырған Сыр сүлейлері шығармаларындағы бейне жəне 
бейнелілікті оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен элективті курстың 
мазмұны кез келген ел əдебиеті мен жекелеген қаламгерлердің 
шығармашылығын оқытуда тиімді əдістемелік нұсқаулық деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет