72
2
ЖОҒАРЫ
ОҚУ
ОРЫНДАРЫНДА
СЫР
СҮЛЕЙЛЕРІ
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ БЕЙНЕ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛІЛІК
МӘСЕЛЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1 Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларын
оқытудың педагогикалық ұстанымдары
Қай пəнді оқытуда да ғылыми негіздер оқыту филoсoфиясына,
педaгoгикaлық ұстанымдарға, білім алушы тұлғаның психo-физиологиялық
ерекшелігіне, мəдени көзқарастар мен аксиологиялық мазмұнды жалпы
тұғырнамалық негіздерге құрылатыны белгілі.
«Қазіргі жағдайда дүниені тұтас қабылдауды қалыптастыру мəселесі
өзекті бола түсуде. Жоғары білім берудің ең өзекті міндеттері – оқу-тəрбие
үдерісін ізгілендіру, даралау – сабақтас немесе əр түрлі пəндерден алынған
білімді біріктіруге жəне жалпылауға мүмкіндік беретін оқытудың интегративті
тұғырын қолдану арқылы шешілуі мүмкін. Оқытудағы бұл тұғыр білім
алушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді, ол
объектілік əрекетті тану процесінде əдістемелік бағдар болып табылады» - деп
тұжырымдайды ғалым Ш.М. Майгельдиева [114].
Осыған орай оқытудың басты ұстанымдары тұтаса келіп, қазақ
əдебиетінің қажеттілік аясын кеңейтуді, эстетикалық жəне этикалық қызметін
меңгеруді қамтамасыз етуді, оқыту үрдісі арқылы қазақ əдебиетінің бай
мұраларын игеріп, əдеби білімін қалыптастыруды көздейді. Солардың ішінде
өңірлік əдебиет те қамтылуы маңызды. Себебі өңірлік əдебиет əдеби
мұрамыздың галереясындағы өзіндік өрнек-бояуы, таным-тағылымы, əдіс-
дəстүрімен ерекшененіп тұратын тұтастың бөлшегі, айшықты өңірі деуге
болады. Сыр сүлейлері шығармаларының ерекшелігі мен бейнелі тілінен
эстетикалық əсер алу, образдардың берілу ерекшелігін терең түсіне отырып
баяндап айту деңгейіне жетуді, патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің
санасына дарытуды жауапкершілігімізге алуымыз керек.
«Көркем шығарма – əдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту –
оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау əрекетін дамыту, рухани дүниесін
байыту,
эстетикалық
талғамын
жетілдіру,
адамгершілік
қасиетін
қалыптастыру» [115] – деген ұстаз Қажым Жұмалиев.
Білім алушы əдебиет сабағында көркем шығарманың негізгі идеясын
танып, болмысымен қабылдай алуы керек. Қабылдау күрделі психологиялық
үдеріс. Ол – тыңдаушы өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани
болмысымен жүзеге асады. Қандай жақсы көркем шығарма болсын білім
алушы қабылдау үшін əрекет жасамаса, жауһар сөздің, шалқар шабыттың
бағасын тану қиын. Сөз өнерін бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына
елестетіп, келтіре алмаса бəрі бос сөз.
Жоғары оқу орнындағы білім алушының ынтасын ояту – оқытушының
қолында, яғни, білім алушыға əдеби білім беру, эстетикалық, адамгершілік
қасиеттерін дамыту үшін педагог əдебиетті оқыту барысында əр түрлі əдіс-
тəсілдерді орнымен ұйымдастыру қажет.
73
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне көркем шығарманы
қабылдау, одан əсер алу, көркем туындыны бүкіл болмысымен түсіне білу
жатады. Яғни оқытушы осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге
асырудың ең тиімді деген əдіс-тəсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек.
Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, əсерлі сезімін
дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
Білім алушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық,
интеллектуалдық,
көркемдік,
адамгершілік,
азаматтық
тəрбие
беру,
оқырмандық тұрақты ынта-ықыласты, биік талғамды қалыптастыру маңызды.
Сондай-ақ əдеби мұраны жəне онда бейнеленген құбылысты эстетикалық
қабылдауына қажетті білім жəне біліктілікпен қаруландыру қажет. Логикалық
ойын, ауызекі жəне жазбаша тіл мəдениетін қалыптастыру, бір сөзбен айтқанда,
жеке тұлғаны дамыту, əдеби білімін қалыптастыру десек болады. Сыр
сүлейлері шығармаларын оқыту педагогикалық ұстанымдарға сүйенеді десек,
оның өзі əдіснамалық тұғырларға негізделуі заңдылық (кесте 2).
Кесте 2 – Әдіснамалық тұғырлардың сипаттамасы
Тұғырдың аталуы мен авторлары
Жоғары мектепте болашақ маман даярлаудың
мазмұны мен сипаты
Тұлғаға бағдарланған (В.В. Сериков,
В.А. Сластенин, И.С. Якиманская,
т.б.)
Тұлғаға субъект ретінде қарау. Тұлғаның өзіндік
ерекшелігіне бағыттай отырып, оның əлеуетін,
өзіндік
сапаларын
аша
білуге,
дамытуға
бағдарлау.
Сана мен іс-əрекет бірлігі қағидасы
(Н.В. Кузьмина, А.Н. Леонтьев,
Л.С. Рубинштейн, Л.Ф. Спирин, т.б)
Тұлғаның мақсат қоя білуі, іс-əрекетін
жоспарлауы, орындауы, нəтижеге жете білу.
Құзыреттілік (Н.В. Кузьмина,
А.К. Маркова, Дж. Равен, т.б)
Жеке адамның нақты əрекет пен танымдық
үдерістерде тиімді əрекеттер жасай қолдануы,
қабілеттерін дамытуы, жеке даралық қасиеттері
мен сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту-тəрбие үдерісінде мəдениеттанымдық тұғырдың маңызы ерекше.
Бұл тұғыр білім алушылардың зияткерлігін, қазіргі қоғамның жалпы
құндылықтарын дамытуға мүмкіндік берді.
Тұлғалық бағдарлы тұғырды басшылыққа алудың басты мақсаты мен
қызметі – білім алушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту.
Аталмыш тұғырдың көрнекті өкілі И.С. Якиманскаяның пайымдауынша, жеке
тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тəсілі барлық білім беру үдерісінің
негізгі қағидасы, оның мақсаты – əрбір тұлғаның мүмкіндіктерін ескеріп,
танып, дамыту [116]. Бұл ойдан біз жеке тұлғалық тəсіл жағдайында білім
алушылардың өзіндік жеке даралық ерекшеліктерінің болуы, қойылған
мақсатқа жетудің, яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде əрбір білім алушының
тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты деп ой түюге болады.
Е.В. Бондаревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке
74
тұлғаны дамытуға жəне қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті
түрде болуы қажет деп атап көрсеткен [117]. Олар:
-
аксиологиялық,
-
когнитивті,
-
шығармашылық-əрекеттік,
-
жеке тұлғалық.
Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті
де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-əрекет арқылы əрбір білім алушыны
дамытуға
жағдай
жасауға,
өз
бетінше
шешім
қабылдауға
жəне
шығармашылығына, оқу əдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік
береді деп ойлаймыз.
Тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың басты шарты ретінде
қарастыратын, іс-əрекет теориясында тұлғаны дамытудың оңтайлы шарттарын
анықтауға
мүмкіндік
беретін
іс-əрекеттік
тұғырды
дамытушылар
Н.В. Кузьмина [118], Л.С. Рубинштейн [119] жəне т.б. жатады.
Әдебиетті оқытудың педагогикалық ұстанымдары оқытудың əдіс-
тəсілдерін жүйелеудің маңызды шарттары мен оқу материалын ұсынудың
қажетті байланыстарын негіздейтін объективті заңдарды ашуға тырысады. Бұл
заңдар дидактикалық үдерістің объективті даму динамикасын пайымдауға
көмектеседі. Бірақ оларда практикалық əрекетке қатысты тікелей нұсқаулар
жоқ, олар тек оның технологияларын жасаудың жəне жетілдірудің теориялық
негізі болады. Қазіргі кезде оқыту ұстанымдары дидактикалық үдерістің белгілі
бір тұжырымдамасын құра отырып жүйеге салынатыны белгілі.
Көпшілік зерттеуші-ғалымдар оқытудың қажетті жағдайлары ретінде өз
уақытындағы, бірте-бірте, органикалық, тұрақтылық, меңгеру қатаңдығы,
анықтығы, өзіндік іс-əрекеті, тым күрделі не қарапайым болмауы т.с.с.
мəселелерді анықтады. Зерттеу нəтижесінде бірнеше ұстанымдарды алға
тартты:
-
саналылық пен белсенділік;
-
көрнекілік;
-
жүйелілік пен реттілік;
-
беріктік;
-
ғылымилық;
-
ақпараттың жеткіліктігі;
-
шығармашылық-бағыттылық;
-
теорияның практикамен байланысы.
Саналылық пен белсенділік ұстанымы білім алушылардың танымдық
белсенділігін байқатып, іс-əрекет субъектісі болу арқылы оқыту тиімділігінің
артуын көрсетеді. Білім алушылар оқыту мақсаттарын сезінеді, өз жұмысын
жоспарлайды, ұйымдастырады, өзін тексереді, білімге қызығады, мəселе
көтеріп, оны шеше алады. Егер, педагогтың қызығушылығына сүйене отырып,
оқу мотивтерін қалыптастырса; оқушыларды проблемалық ситуацияларын
шешуге, проблемалық оқытуға, ғылыми жəне практикалық мəселелерін іздеуге
жəне шешуге қатыстырса; дидактикалық ойындар, пікірталас сияқты оқыту
75
əдістері қолданылса; ұжымдық жұмыс формаларын, оқудағы білім
алушылардың өзара əсерлесуін ынталандырса, онда оқытуда саналылық пен
белсенділікке кол жеткізуге болады.
Жоғары оқу орындарында əдебиетті оқытуда жалпы педагогикалық жəне
жекелеген əдістемелік принциптерге сүйенеміз. Соның ішінде бірнеше
жекелеген əдістемелік принциптерге тоқтала кетейік (кесте 3).
Кесте 3 - Педагогикалық жəне жекелеген əдістемелік қағидалардың түрлері
№ Қағидалардың түрлері
Жасалу жолдары
1
2
3
1 Әдебиетті
сөз өнері
ретінде оқыту принципі
Әдебиетті оқыту процесін ұйымдастыра отырып, оқытушы
сөз өнерімен айналысатынын əрдайым есте ұстауы тиіс,
сондықтан əдебиет оқытушысының басты міндеттерінің бірі
білім алушылардың рухани қажеттіліктері мен оларды
дербес дамыту қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Оның бірінші сатысы - білім алушының əдеби ойлауында
жанрлылықты қалыптастыру; екіншісі - білім алушының
əдебиет саласындағы эстетикалық талғамын қалыптастыру;
үшінші деңгейі - оқырман шығармашылығын оқу үрдісінің
өзінде жеке адамның рухани əлеуетін іске асыру дəрежесіне
дейін тереңдету; төртінші деңгейі - көркемдік қорыту
мəдениетін қалыптастыру; бесінші деңгейі - көркем
шығарманы коммуникативтік оқиға ретінде түсіндіру
мəдениетін қалыптастыру.
2 Көркем
шығарманы
оның
пішіні
мен
мазмұнынының бірлігі
негізінде
талдау
принципі
Көркем шығармашылықтың басты заңы мазмұн мен форма
бірлігінің заңы немесе мазмұндық нысанның заңы, ол əдеби
шығарманың формасы əрқашан мазмұнды, ал мазмұны
формалды түрде ұйымдастырылған болып табылады. Бұл
заң көркем мəтіннің барлық деңгейінде қолданылады.
Жалпы шығарма да, көркем сөз де, əдеби шығарманың өзге
де компоненттері де осы бірлікті қамтиды. Қандай да бір
ұғымға қатысты мазмұн немесе форма рөлін атқаратынын
ажырату қажет. Әдеби бейне немесе бейнелер жүйесі
автордың өмірді (мазмұнды) бағалауды білдіру тəсілімен
қызмет етеді, бірақ əдеби бейне олардың көмегімен жасалған
тəсілдерге қатысты мазмұн рөлін атқарады. Бейнені ашу
тəсілдері де мазмұнды жəне формалды сəттерді қамтиды.
Мазмұн мен форманың бірлігі кез келген деңгейде көрінеді
жəне көркем шығарманың тұтастығын анықтайды. Барлығы
пішін мен мазмұнның бірлігі негізінде қарастырылады.
3 Тарихилық принципі
Әдеби шығармаға қатысты тарихшылдық қағидасы,
біріншіден, оның өз қозғалысында - шығармашылық
процестің құбылысы ретінде, екіншіден, оның авторының
шығармашылық өмірбаянының элементі ретінде жəне
үшіншіден, тарихи-əдеби қозғалыстың көрінісі ретінде -
əдебиеттің даму құбылысы ретінде қарастырылады.
Тарихилық принципі шығарманың əдебиеттің, өнердің жəне
шындықтың басқа құбылыстарынан оқшауланып емес,
соларға қатысты қаралуын талап етеді, өйткені өнердің əрбір
76
3 - кестенің жалғасы
1
2
3
элементі сол уақытта шындықтың элементі болып табылады.
Көркем шығарманың тілі оның жалпыұлттық, əдеби тіліне,
жазушының тіліне оның барлық көріністеріне қатысты
зерттелуі тиіс. Сол сияқты көркемдік бейнелерге, сюжетке,
туындыларға да қатысты, өйткені туындының бейнелері,
сюжеттері, тақырыптары арқылы шындық құбылыстары -
бар немесе бар құбылыстар таңдалады.
4
Нақты
автор
шығармашылығындағы
дəстүр
мен
жаңашылдық принципі
Дəстүр мен жаңашылдық - əдеби процестің маңызды
құрамдас бөліктері. Әлемдік мəдениет контекстінен тыс
жасалған əдебиеттің бірде-бір ұлы туындысы жоқ. Шынайы
дəстүр əрқашан жаңашылдықты көздейді, ал жаңашылдық
дəстүр аясында ғана мүмкін болады.
5 Пəнаралық
байланыс
принципі
Білім алушының əдеби байланыстың əртүрлі түрлерін
(архетиптер, «мəңгілік мотивтер» жəне т.б.) анықтай
білуінен көрінетін курстың байланыстарын белгілеу əдебиет
сабақтарындағы пəнішілік байланыстар деп аталады. Бұл
дағды студентке бүкіл тарихи-əдеби процесті анық көруге
мүмкіндік береді. Олардың көркем мəтінді толық түсінуі
үшін оларды «интертекст», «реминисценция», «еліктеу»
жəне т.б. терминдермен таныстыруы қажет.
6
Әдебиет тарихы мен
теориясының
негізгі
ұғымдарын
меңгеру
принципі
Пəн курсына енгізілген ғылыми ұғымдар негізінен
теориялық-əдеби сипатқа ие: олар тарихтың орасан зор
кезеңдерінде немесе тіпті өнердің бүкіл тарихи өмірінде өз
маңызын сақтайтын сөз өнерінің негізгі заңдары туралы
түсінік береді.
7
Тарихи-мəдени ақпарат
пен
рухани-
эстетикалық
ұғымдарды
түсіну
принципі
Әдеби білім берудің негізі - көркем шығармаларды оқу жəне
зерделеу, сөз шеберлері туралы өмірбаяндық мəліметтермен
жəне бағдарламаға енгізілген шығармаларды түсіну үшін
қажетті тарихи-мəдени фактілермен танысу. Оқу шеңберін
кеңейту, оқу сапасын, қабылдау деңгейін жəне көркем
мəтінге ену тереңдігін арттыру əдебиетті зерттеудің барлық
кезеңдерінде осы негізді қолдау үшін маңызды құралға
айналады.
8
Қазақ тілінде сөйлеудің
көркем
тəсілдерін
меңгеру принципі
Жоғары
адамгершілік
идеалдары
мен
эстетикалық
қажеттіліктері бар рухани бай, үйлесімді дамыған тұлғаны
қалыптастыруда көркем əдебиеттің маңызы зор. Әдебиет
курсы өнердің өмірмен байланысы, формасы мен
мазмұнының бірлігі, тарихшылдық, дəстүр мен жаңашылдық
қағидаттарына негізделеді.
Тарихи-мəдени мəліметтерді, адамгершілік-эстетикалық
көріністерді ұғыну, əдебиет теориясы мен тарихының негізгі
ұғымдарын меңгеру, көркем шығармаларды бағалау жəне
талдау дағдыларын қалыптастыру, қазақ əдеби тілінің аса
бай мəнерлі құралдарын меңгеру.
Оқу пəні ретінде əдебиет мазмұнының алуан түрлілігі оқытудың əдістері
мен тəсілдерінің де түрлі болғанын талап етеді, бұл ретте оқытушы қолданатын
əрбір оқыту əдісі білім алушылардың осы əдіске сəйкес келетін қызмет
77
түрлерімен тікелей байланысты. Әдеби білім берудің міндеттерін шеше
отырып, оқытушы жалпы педагогикалық жəне жеке əдістемелік қағидаттарға
сүйенеді, бұл ғылыми-педагогикалық заңдылықтарды өңдеу жəне əдебиетті
оқытудың практикалық тəжірибесі нəтижесінде пайда болған бағыттар.
Сыр өңірі қаламгерлерінің шығармаларын оқытудың сапалы негіздемесін
анықтау жалпы дидактикалық жəне əдістемелік заңдылықтарға сүйенеді жəне
Сыр сүлейлері шығармаларын талдап тану мен оқыту бағыттарын, жетістіктері
мен кенжелеген тұстарын жоғары оқу орнының білім алушыларына
меңгертудің тиімді жолдарын жүйелеу кезек күттірмес мəселе.
1991 жылдан бергі кезеңде қазақ əдебиетін оқытудың жаңа
технологиялары қалыптасып келеді. Дегенмен, осы практикалық қордың
теориялық тұрғыдан жүйеленіп қарастырылуы кешеуілдеп, бірізділікпен
жинақталған əдістемесін қолдана алмай келе жатқаны белгілі.
Бұл олқылықтың орнын толтыру жəне қазақ əдебиетін жоғары мектепте
оқытудың заманауи əдістемесін қалыптастыру – уақыты озыңқыратып бара
жатқан маңызды мəселе екені белгілі.
Сыр сүлейлері шығармаларын оқыту əдістемесінің дидактикалық
негіздерін анықтауда мындай жалпы дидактикалық ұстанымдар басшылыққа
алынады:
- Сыр сүлейлері шығармашылығын оқытудың жүйелілігі жəне
жоспарлылығы ұстанымы;
- Сыр сүлейлері шығармашылығын оқытудың білімгер саналылығы мен
белсенділігі ұстанымы;
- Сыр сүлейлері шығармашылығын оқытудың қолжетімділік ұстанымы;
- Сыр өңірі қаламгерлерінің шығармашылығын оқытудың пəнаралық
байланысы ұстанымы;
- Сыр сүлейлері шығармашылығын оқытудың көрнекілілігі ұстанымы;
- Сыр сүлейлері шығармашылығын оқытудың тəрбиелік ұстанымы.
Бұл жалпы дидактикалық қағидалар: Сыр өңірі қаламгерлерінің
шығармашылығын жоғары оқу орындарында т.б. оқу орындарда оқыту
үдерісінің негізгі қағидалары ретінде қарастырылады.
- Сыр сүлейлері шығармашылығын оқытудың жалпы дидактикалық
қағидаларына қоса, өлке əдебиетін орта мектепте оқытудың жеке қағидалары да
басшылыққа алынады:
- Сыр сүлейлері шығармашылығын қазақтың ұлттық сөз өнерінің жаңа
дəуірі жəне оның дамуы, өркендеуі бағытында оқыту қағидасы;
- Сыр өңірі ақындары шығармашылығын қазақ əдебиеті тарихы жəне
тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңнің тарихы бағытында оқыту қағидасы жəне
оның тұтас «Тəуелсіздік идеясымен» тығыз байланысы;
- Сыр сүлейлері шығармашылығын Қазақстан Республикасының
тəуелсіздік алу тарихы мен еліміздің мəдени даму туралы мəліметтерді
жинақтай отырып, оқыту қағидасы;
78
- Сыр сүлейлері шығармашылығын қазақтың ұлттық жəне адами
адамзаттық адамгершілік-эстетикалық құндылықтары бағытында оқыту
қағидасы;
- белгілі бір жазушы шығармашылығындағы дəстүр мен жаңашылдықты
меңгерту бағытында оқыту қағидасы;
- Сыр сүлейлері шығармашылығын пəннің тарихы мен теориясына
қатысты негізгі ұғымдарды меңгерту бағытындағы оқыту қағидасы;
- Сыр сүлейлері шығармашылығын жаңа оқыту технологияларын кең
арнада қолдана отырып оқыту қағидасы.
Сыр сүлейлері шығармашылығын оқыту мазмұны қазақ əдебиетін
жоғарғы мектепте оқыту бағдарламасымен анықталады. Ол бағдарлама
оқытушылар үшін қазақ əдебиетінен білім берудің жетекші құралы болады
десек орынды.
Осы ретте əдіскерлер шешуі тиіс маңызды мəселе бой көтереді. Ол –
қазақ əдебиетінде белгілі бір өңір əдебиетінің ерекшелігін таныту, оның қазақ
əдебиетіндегі орнын белгілеу бағытында берілетін білім мазмұнын түбегейлі
жаңа тұжырымдамалық негізде қайта жүйелеу. Осы кезге дейін мұндай
маңызды мəселе шешімін таппай келе жатыр. Дидактиканың үлкен саласы –
білім мазмұнын іріктеу мен сұрыптау жəне талдау болса, онда осы кезге дейін
жинақталған Сыр сүлейлерін сұрыптау, оған теориялық талдау жасау, жоғары
мектеп бағдарламасына енгізу - кезек күттірмес мəселе.
Оқу материалдарын сұрыптау мен талдау – терең теориялық білімді,
əдіскерлік шеберлікті, мол тəжірибені қажет етеді. Бұл мəселені əдебиеттанушы
ғалымдардың өздері де айтып жүр. «Әрине, жаңа кезең көркем əдеби
кітабының бəрі бірдей қалам ұшына іліккен жоқ. Кейбір татымды туынды
əртүрлі себеппен назарға түспей қалды да. Түспей қалуының бір себебі, əдебиет
тарихы баспа жүзін көрген шығарманың құнын айырмай, шетінен тықпалай
беруді көтермейді. Қазір не көп – қағаз топаны көп. Проза əлеміне де, өлең
өлкесіне де кіруге лайықсыз, əдебиетпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын
шалажансар шимайлардың бүгіндері қаптап кеткені жасырын емес. Қара нөпір
басылым арасынан ауыз тұшырлық кісі қызығарлық дүниені айырып алудың
өзі бірталай жұмыс. Дəмі жоқ, татуы жоқ сүреңсіздіктің насихатталуы бос
əурешілдік»,-дейді Т. Әбдікəкімұлы [120].
Ал қазіргі барынша шынайы, мүмкіндігінше өмірдің өзі алға қойып
отырған тұрмыс күрмеулерінен шыға алатындай амал-тəсілдердің қазақ
əдебиетін оқыту əдістемесіне кешеуілдеп келуі – əдіскерлер тарапынан уақыт
оздырып алып жатқаны айқын да ашынарлық жағдай. Соның ішінде қазақ
əдебиетіндегі өңірлік шығармаларды оқытудың əдістемесін жасау да маңызды
ғылыми жобалардың бірі деп ойлаймыз.
Сыр сүлейлері туындылары арасында кеңес дəуіріндегідей авторитарлық
пікір орын алмауы керек. Сондықтан білім алушылардың болашақ əдебиетші
ретіндегі өзіндік көзқарасы, білім алушы субъект ретіндегі өзіндік ізденіс
арқылы білім алу əдістері, жеке тұлға ретіндегі дүниетанымдық ұстанымдары
қалыптасуына жəне олардың адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тұрғыдан
79
жаңа заман адамына лайық болуын қамтамасыз ету – қазақ əдебиетін оқыту
əдістемесі əдіскерлері мен ғалымдардың парызы болып саналады. Бұл ретте
əдебиет теориясы бойынша меңгертілетін ғылыми аппараттар – терминдердің
де жүйесі айқындалуы керек.
Әдебиет пəнінде қолданылатын көрнекіліктер мол емес, алайда оны
тиімді ұйымдастырып, жүзеге асыру педагогтың шеберлігінде. Яғни, АКТ
құралдарын пайдаланып, слайд, схемалар, кластерлер құрастырып білім
алушыларға көрсете аламыз. Тиісінше білім алушыларға түрлі көрнекіліктер
ұйымдастыруды тапсыруға болады.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген ынталандыру, проблемалық оқыту,
дамыта оқыту жəне тəрбиелеу бірлігі, ізгілендіру, жас жəне дара ерекшеліктерін
назарға алу əдістері де оқу процесінде аса маңызға ие болып табылады. Осы
тұрғыдан қарағанда əдебиетті жоғары мектепте оқытуда қалыптасқан
дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, жаңа технологияларға
негіздеп оқытудың маңызы ерекше. Жоғары оқу орындарында білім беруде
интербелсенді əдістерді қолдану болашақ мамандардың кəсіби дамуына ықпал
етеді. Интербелсенді оқытуға қатысты белгілі əдіскер-ғалым А. Әлімов:
«Таным
əрекеттерін
ұйымдастырудың
арнаулы
əдістемесі
ретінде
интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-
қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «interaktiv» сөзі де осы
ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «akt» - «əрекет
жасау» дегенді білдіреді»,- дейді [121]. Яғни «интербелсенді» дегеніміз білім
алушымен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе əрекет жасау,
диалог құру.
Ғалым В.В. Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру
тұжырымдамасының мəні төмендегідей: «Жеке тұлға дегеніміз – адамның
арнайы білім алу жəне даму аясын білдіретін педагогикалық категория; адам
«жеке тұлға болу» тəжірибесін, яғни жеке тұлға қызметтерін атқара білу
тəжірибесін меңгеруі тиіс. Оқыту - оқытушы мен білім алушының бірлескен
қызметі бола отырып, білім беру субъектілерінің өмір сүру тəсілі ретінде
танылады [122]. Автордың келтірілген тұжырымдамалық идеясы қазіргі кездегі
бірлескен оқу əрекетін ұйымдастырудың басты қағидасы десек қателеспейміз.
Тек осындай заңдылықтар басшылыққа алынған жағдайда жеке тұлға да, басқа
субъектілер де бірлесе дамуға мүмкіндік алады деп есептейміз. Әдебиетті
оқытуда негізге алынған келесі іс-əрекеттік тұғыр ұғымы психология
ғылымына 20-30 жылдары қолданыла бастаған. Интербелсенді оқыту - білім
алушының мотивациясын жоғарылатуда да үлкен қызмет атқарады.
Интербелсенді іс əрекеттің негізгі мақсаты – өзара түсіністікке,
ынтымақтастыққа негізделген оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-
қатынас, пікірлесім, тілдесім. Бүгінгі таңда білім беру саласындағы жаңа
технологияларды меңгермейінше, сауатты, жан-жақты дамыған, кəсіби
құзыреттілігі жоғары маман болу мүмкін емес. Осы ретте, А. Әлімов:
«Интербелсенді оқуда/оқытуда үйренушілер қомақты нəтижелерге өзара
қарым-қатынас пен əрекеттесу, бірлескен əрекеттер арқылы жететіндігін біледі,
80
сол себепті де олар үйренудің нəтижесіне деген өз жауапкершіліктерін түсінеді.
Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климаттың, сенім
атмосферасының алатын орны аса маңызды. Интербелсенді оқуда/оқытуда
педагог бұрынғыдай барлық күш-жігерін үйретуге жұмсамай, білім
алушылармен бірлесе отырып, өздігімен білім алуына тиімді жағдайлар
жасайды» [121, б. 94], – дей келе оқу үдерісінде пайдаланатын бірнеше
интербелсенді əдістерін ұсынады. Олар: проблемалық лекция, пікірталас
лекция, лекция-консультация, лекция-конференция, лекция пресс-конференция,
сұрақ-жауап-талдау лекциясы, қатені түзету лекциясы, екі оқытушының
лекциясы т.б. Аталған интербелсенді əдістер оқу үдерісінде жағымды əсер мен
қолайлы атмосфера қалыптастыратыны анық. Проблемалық лекция турасында
ғалым Н.В. Бордовская, А.А. Реан: «Бұл лекцияда жаңа білім проблемалық
сұрақтар, міндеттер мен жағдаяттар арқылы енгізіледі. Білім алушылардың
таным үрдісі мен оқытушының диалогтық ынтымақтастығы зерттеушілік
əрекетке жақындайды. Мəселенің мазмұны оның шешімін табуды ұйымдастыру
немесе дəстүрлі жəне жаңаша көзқарастарды жинақтау əрі талдау жолымен
ашылады» [123], – деген анықтама береді. Ал А. Әлімов: «Проблемалық
лекцияларда қарастырылып жатқан тақырып бойынша бір-біріне қарама-қарсы
пікірлер мен көзқарастар немесе қалыптасқан түсінікке қайшы теориялар
көтеріледі. Әрине, олардың барлығы да негізгі мəселелерді қамтитын əрі
мазмұнды тұрғыдан ғылыми жəне тəжірибелік тұрғыдан маңызды болуы шарт.
Зерттеу барысында пайда болған, қалаған сұрақтарды өзіндік жұмысқа
тапсырып
немесе
семинар
сабақтарда
пікірталас,
дөңгелек
үстел
форматтарында қарастырса болады» [121, б. 82], – деп тұжырымдайды.
Әдіскер-ғалымдардың бұл пікірлерінен проблемалық дəрістің белгілі бір
мəселеге құрылып, білім алушыларды зерттеушілік əрекетке бағыттайтынын
жəне белсенділікке баулитыны белгілі. Әрбір педагогтың оқыту ұстанымы –
оқу үдерісінің талаптары мен заңдылықтарын ескере отырып, білім алушыны
дамытуды көздейтін дидактикалық əдістерден тұратыны сөзсіз. Жоғары оқу
орнында əдебиетті оқыту білім алушыларды адамгершілікке тəрбиелеп, рухани
дүниетанымын кеңейтеді. Қазақ əдебиетінің асыл маржандары болашақ
мамандардың тұлғалық жетілуіне үлкен септігін тигізеді. Сондықтан, білім
беру үдерісінің қай кезеңінде де əдебиетті оқыту өзектілігін жойған емес.
Білім алушылардың жеке қабілеттерін ескеру – cабақ үдерісіндегі ең
маңызды ұстанымдардың бірі. Себебі, əр білім алушының ойлау қабілеті, ақыл-
ой мүмкіндігі бірдей емес. Сондықтан білікті ұстаз ретінде əр оқытушы
əрдайым сабағында білім алушылардың жеке қабілеттерін үнемі ескеріп
отыруы қажет. Көрнекті əдіскер-ғалым Т. Ақшолақов: «Оқыту - екі жақты
процесс. Оның бір басқышында педагог, екінші жақ басқышында білім алушы
тұрады» [124] - деуінің мəнін түсіну маңызды. Сондықтан оқытушының білімі
мен білігі, сол білімді түсіндірудегі шеберлігі, əдіс ұтымдылығы, əр білім
алушының қабілеті мен дарынын шыңдауы оны түпкілікті нəтижеге əкеледі.
Білім алушының жеке тілдік тұлға ретінде өзіндік пікірі, көзқарасы
қалыптасқан. Сондықтан оқытушы оның ақыл-ой қабілетін одан əрі қалай
81
дамытып, дүниетанымын тереңдетуге бағытталған тапсырмаларды жиі беруі
қажет. Ол үшін интербелсенді əдістерді қолдану өте тиімді. Мəселен, «Ойлан.
Жұптас. Пікірлес», «Болжау», т.б. секілді жаңа стратегияларды қолдану
сабақтың сапасын арттырады.Поэтикалық мəтінмен жұмыс істеу деңгейі
күрделі тапсырмаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, оқылған
шығармадан алған əсерді талқылау, иллюстрациялар жасау, шығарманы
тарихи-əдеби контекстке енгізе отырып, мəтінге поэтикалық талдау жасау т.б.
Жалпы оқыту қағидаларын (принциптерін) жүйелі жəне жан-жақты
қолдану өте тиімді. Себебі, барлық қағидалардың талаптары бір уақытта
орындалады жəне де барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл қағидалар
сабақ үрдісін тиімді жоспарлау мен өткізуге басшылық жасайды жəне оқытуда
жақсы нəтижеге жету мүмкіндіктерін нақтылап береді.
Жоғарыда айтылған əдебетті оқытудың негізгі ұстанымдарын ескере
отырып, келесі тараушада нақты Сыр сүлейлері шығармаларындағы бейне жəне
бейнелілік мəселесін оқытуға арналған əдістемелік нұсқау ретінде құрастырған
құрылымдық-мазмұндық модельге тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |