Алтайы
түлкі алам десе (эпитет),
Бүркіттей
шеңгел салам десе бастар (теңеу),
Төменарық түбегінде,
Шəкей салдан алсын хабар.
Сыр сүлейлерінің хаттарында метафоралық сөз қолданыстар өте көп. Бір
нəрсені екінші нəрсеге баспа-бас мағыналық жақындық бойынша ауыстырады.
Жаманның өзі-жерде, көзі-көкте,
Көңілі үрген местей ісік болар.
Сырты – адам, сыйқы – адамдай болмаған соң,
Сұп-суық, көзі көзіне үсік болар [92].
Бұл өлең жолдарындағы сырты – адам, сыйқы адамдай емес, өзі – жерде,
көзі – көкте сөздері бір нəрсені екінші нəрсеге балау арқылы жасалып тұр.
Шəкей салға Жұманазардың жауап хатында:
Өлім – қасқыр, пенде – қой,
Аңдыған ажал артында, – деп метафора жасаған.
Шораяқтың Омарының Шайхыға жазған хаттарында:
Әр кезде уағызыма қойғын құлақ,
Сен – көжек, менің қоян – болған кезім.
Есіңе ал, ертелі-кеш бұл кеңесті,
Жауырға нағыз жампоз берер төзім, – дейді.
«Сен – көжек», «мен – қоян» сөздері арқылы балама метафора жасалып
тұр. Сол сияқты бір шумақ өлеңде тілдің көркемдегіш құралдары «нағыз
жампоз» эпитетін де қолданған.
Керейт Даңмұрынның Шəкей салға жазған жауап хатында:
Бай – ақыл, бəйбіше – ашу, ой – пəкизат,
Дегенің отыз бақан ораза екен.
Байды – ақылды адамға, бəйбішені – ашуға, ойды – пəкизаттыққа ұқсату
арқылы метафора жасаған.
Кете Жүсіптің Тұрмағанбетке жазғаны:
Секілді тағат – атаң, сауап – анаң,
Аштық жоқ қанағатпен сүтін емсең.
Қаңлы Жүсіптің Шəкей салға хатында:
Өмірі адамзаттың – соққан желдей,
Бір кетсе, өкінтеді қайтып келмей.
Үстінде жүріп тұрған шаңы пəлек,
Аспан, Жер, Ай менен Күн туып теңдей – десе [93]
Найман Жұманазардың жауабы:
Өлім – қасқыр, пенде – қой,
Аңдыған ажал артында.
Керейт Даңмұрын:
Аға – үлкен жар, іні – лақ,
46
Секіргенмен кемтілмес.
Білгірлердің – білдірем деп,
Ақылы дана Аплотон,
Не боп еді адам жеңбес.
Қарасақал Ерімбеттің Омарға жазғаны:
Ұлғаяр кішкенеден екі нəрсе,
Бірі – от, біреуі – су абайласаң [92, б. 110].
Жекей қыз:
Сен – шөлдегі біз бұлдырық,
Мен – көлдегі қоңыр қаз.
Сүлейлер жазған хаттардан осылай мысал келтіріп, тізе беруге болады.
Сыр сүлейлерінде халықтық стиль басым, бір сөз өлеңнің басында не
соңында бірнеше қайталанып, оның əсерін, мəнін күшейтіп тұрады. Стильдік,
тілдік өзгешілік сөйлемнің əсерлілігін күшейтуде қолданылатын бұл əдіс,
негізінен, жазба əдебиетке тəн құбылыс десек, Сыр сүлейлері осы əдісті
орынды қолдана білген.
Шораяқтың Омары Таубайдың Жүсібіне жазған жұмбақ хатында:
Аз деген не?
Көп деген не?
Жер деген не?
Көк деген не? – деп сұрайды [94, б. 66].
Өлеңнің соңында не деген сұраулы сөз бірнеше рет қайталанады, бірақ
сөз қайталаудан өлең маңызы жоғалмай, қайта оған əсірелегіш, күшейткіш рең
беріп тұр. «Не» деген сөз арқылы эпифора жасалған.
Шəкей салға Шораяқтың Омарының жауап хатында:
Қырық парыз əр пендеге мейман шығар,
«Қоралы қой дегенің» иман шығар,
Осы жер өлшеуіне сыйған шығар,
Бұзбаққа ойды қадам ұрған шығар.
Ақын осы өлеңде «шығар» деген сөзді сөз соңында он жеті рет қайталап
тұрғанмен, өлеңнің əсері мен мəні күшті, тыңдаушысын баурап алады əрі
сөйлемнің əсерлілігін күшейтіп тұр. Сөз қайталау арқылы өлең өрнегін жасау -
есте сақтауға, тиянақты ұғуға, оның əсерін күшейтуге пайдалы. Еспе қайталау
арқылы ақын ойын үстемелетіп отыр.
Академик З. Қабдолов: «Сөз өнерінде жай қайталау, еспе қайталау, əдепкі
қайталау, кезекті қайталау болады», – деп оны төртке бөледі [9, б. 156]. Осы
пікірді негізге алсақ, Сыр сүлейлерінің шығармаларында қайталаудың барлық
түрлерінің кездесетінін байқадық. Өлеңнің басындағы сөздердің қайталануы да
(анафора) жиі кездеседі. Сыр сүлейлерінің хат жанрындағы шығармаларында
нақыл-ғибрат, бейнелі ой, қанатты сөздерді көп кездестіреміз. Оқырман қауым
ғибрат алатын тəрбиелік мəні, тағылымы мол, ықшамды жазылатын бұл үлгі
ұлт, ұрпақ тəрбиесіне өнеге болады. Мысалы: 1. Өнер, білім туралы.
Шораяқтың Омары:
Ғылым – қыз, өлең – ұры, ойла інім,
47
Айырылып тура жолдан қапы қалмай [94, б. 61].
Т.Ізтілеуов: Ақылды азамат қасиеті жайлы:
«Ашсын» деп ақылы толық кілтін тауып,
Көмкердім күміс қаптап, алтын жауып [91, б. 249].
Сабырлы болуға шақырған өлеңдер:
Сабырлылық байқау артық,
Қапыл шошып секіргеннен [91, б. 264].
Адам мінезі туралы:
Деген бар: əлін білген əлек болмас,
Сондай-ақ, сен де əліңді білсең мақтан [91, б. 250].
Береке, бірлік, сыйластық туралы:
Сіз-біз деп бір-біріңді сыйласпасаң,
Маған кел күні ертең қи баспасаң [91, б. 259].
Қарасақал Ерімбет: Достық, жолдастық жайлы:
Сауапты іс – сарқылмайтын кең дария,
Қайғырып досың үшін жортып желсең.
Әйелдің бейнесін жасау:
Сүмбіл шаш, сұңқар мойын, пісте мұрын,
Беріпті иілдіріп айдай пішін.
Сүйріктей судан шыққан бəрі мүсін,
Қиғаш қас, оймақ ауыз, ақық ерін.
Сұлу əйелдің, ару қыздардың бейнесін ақынның сүйрікке теңеуі тіл
қорына қосылған жаңалық еді. Сыр сүлейлерінің хат өлеңдерінен ұлағатты
ғибрат алатын үлгілік нақылдарды молынан кездестіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |