Деңгейлері:
жоғары
орта
төмен
1)
«
Оқытушылардың Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне
бейнелілік» сауалнамасы;
2) Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті контент –
талдау əдісі;
3) Студенттерге ЖОО-да Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне
бейнелілікті оқытудың
маңыздылығын анықтауда авторлық сауалнамалар жүргізу
4) Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнеліліктіконтент -
талдау əдісі (қосымша 3);
5) Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті ЖОО-да
интербелсенді оқытудың тиімді жаңашылдық əдістері мен технологияларын контент-
талдау
6) А.В. Карповтың рефлексияның жекедара өлшемдерін анықтауға бағытталған
психодиагностикалық сұрақнамасы
7) Өзін-өзі жетілдіру А. Маслоу (Болашақ тіл мамандарының Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті меңгеруін білдіретін кəсіби мəнді
қасиеттерін анықтау
Б
ір
тұ
та
с
ш
ы
ға
рм
аш
ы
л
ы
қ
құ
бы
л
ы
с
Нәтижесі:
ЖОО-да Сыр сүлейлері шығармаларындағы әдеби бейне және бейнелілік мәселесін оқытудың ғылыми-
әдістемелік негіздері арқылы қалыптасқан кәсіби болашақ тіл мамандарын даярлау
Мазмұн
Тұғырлары
Қағидалары
Т
ұт
ас
пе
да
го
гика
л
ы
қ
үд
ер
іс
84
Суретте көрсетілгендей, бұл компоненттер қоғамдық ортада дамып,
тұлғаның қазақ əдебиеті тарихында өзіндік орны бар Сыр сүлейлері атанған
бірнеше ақын-жыраулар, жыршы, термешілердің шығармаларын көркемдік-
стильдік жағынан заманауи педагогикалық техниканы меңгеруге мүмкіндік
береді, білім алушылардың өзін-өзі дамытуына көмектеседі. Кəсіби
құзіреттілігін жетілдіруге негізделген жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселесін оқыту арқылы
болашақ кəсіби тіл мен əдебиетші мамандарды қалыптастырудың тұтас
педагогикалық процесі, атап айтқанда сабақтан тыс «Ә. Қоңыратбаев»
атындағы əдебиет үйірмесінде, «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби
бейне
жəне
бейнелілікті
оқыту»
таңдаулы
курсында,
«Ақындар
мүшəйрасында», «Сыр сүлейін сұрасаң» ашық тəрбие сағаттарында,
«Қызылордалық ақындармен кездесу» кеші сияқты бағдарламаларында
қолданылады.
Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби
бейне жəне бейнелілікті оқыту үрдісінде болашақ қазақ тілі мен əдебиеті
мамандықтарында оқитын білім алушыларға интербелсенді əдістер мен
оқытудың жаңа технологияларын, АКТ қолдана отырып дəріс, практика жəне
БАОӨЖ, БАӨЖ сабақтары өткізілді.
Зерттеу тақырыбымыз «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне
мен бейнелілікті оқыту». Бұл мəселе туралы біршама ғалымдар зерттеу
жүргізгенімен, бейнелілік пен бейне жасаудағы ерекшеліктерін арнайы
зерттемеген. Әдебиетке берілетін басты бағаның бірі - көркемдік сипатқа
қатысты болатынын ескерсек, біз қарастырып отырған мəселенің маңыздылығы
талас тудырмайды. Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне мен
бейнелілік мəселелерін зерттей отырып, жоғары оқу орындарының білім беру
бағдарламаларына ендіріп, тиімді əдістермен оқыту, Сыр сүлейлері
шығармаларын кең тарату үшін керек деп тұжырымдаймыз.
Зерттеудің ғылыми болжамында қарастырылғандай, Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік мəселесін жоғары оқу
орындарында оқытуды теориялық-əдіснамалық тұрғыда негіздеп, элективтік
(таңдау) пəн ретіндегі ұсынылатын мазмұны мен əдістемелік жүйесі
айқындалса, онда болашақ тіл, əдебиет пəні мұғалімдерінің мəдени-танымдық,
кəсіби құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беріледі əрі білім алушылардың
пəнге деген қызығушылығы артады, соның арқасында мамандар даярлаудың
сапасы көтеріледі. Ол тұлғаның мəдени-ұлттық танымдық қатынастар жүйесіне
толық кіруге, қоғамда қазақ ұлтының толыққанды субъектісі ретінде ұлттық
кодты қабылдауға, өз ұлтының мүддесін қорғауға, ұлттық құндылықтарды
игеруге жəне саналы түрде түсінуге мүмкіндік береді. Ұлттық мəдениеттің
дамуына өзіндік үлес қосып, оқытудың əлемдік білім тəжірибелерімен
сабақтаса, үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа ала отырып, білім
алушылар «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті
оқыту» таңдау курсын оқу барысында қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғаліміне
тəн іскерліктер мен кəсіби құзыреттіліктерді қалыптастырады.
85
Е.В. Бондаревскаяның жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында
жеке тұлғаны дамытуға жəне қалыптастыруға қажетті компоненттерді
нақтылағанын жоғарыда айттық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың
мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-əрекет
арқылы əрбір білім алушыны жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше
шешім қабылдауға жəне шығармашылығына, оқу əдістері мен мазмұнын
таңдауға толық мүмкіндік береді деп тұжырымдаймыз. Біздің зерттеуімізде
автордың ұсынған компоненттерінің ішінен когнитивті, яғни (танымдық),
шығармашылық-əрекеттік, жеке тұлғалықты таңдауымызға негіз болды, соның
ішінде тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті ішінен
үшеуін таңдадық, атап айтқанда сөйлесу, шығармашылық іс-əрекет арқылы
əрбір білім алушыны жекелеп дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім
қабылдау
мен
шығармашылығын
арттыруға
жəне
Сыр
сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті ЖОО-да оқытудың оқу
əдістері мен мазмұнын таңдауға мүмкіндік жасады [125, б. 57].
Осыған
орай,
жоғары
оқу
орындарында
Сыр
сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселесін оқытудың ғылыми-
əдістемелік негіздері арқылы болашақ кəсіби тіл мамандарын қалыптастыратын
келесі компоненттердің өлшемдері мен көрсеткіштерін қарастырамыз.
1. Когнитивті (танымдық) компонентінде
қазақ əдебиеті тарихында
өзіндік орны бар Сыр сүлейлері атанған бірнеше ақын-жыраулар, жыршы,
термешілердің
шығармаларын
көркемдік-стильдік
жағынан
заманауи
педагогикалық
техникамен
оқыту,
білім
алушылардың
өзін-өзі
қалыптастыруына, əдеби білімін тереңдетуіне ықпал ете отырып, ең алдымен,
өз ұлтының тілі мен мəдениетін білуге деген қызығушылығын арттыру керек
деген тұжырымдарды ескерген жөн. Бұл компонент негізінен білім
алушылардың танымдық мүдделерін анықтайды.
Жоғары
оқу
орындарында
Сыр
сүлейлері
шығармаларын
қалыптастыратын танымдық компонентте білім алушыларды тəрбиелеу
көрсеткіштері: өз ұлтын терең тануға деген қызығушылығы (Сыр сүлейлерінің
шығармаларын білу қажеттілігі, ондағы «əдеби бейне», «бейнелілік»
категориялары жайлы білім ұғымдарын ұғыну, оларды өмірде пайдалануға
ұмтылу, оқу-тəрбие процесінде Сыр сүлейлерінің мұрасының игерілуі,
шығармаларын жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне қарай сараптай алуы)
қалыптасады.
Маңызды педагогикалық шарттардың бірі – қазіргі заманғы материалды
пайдалану кезінде танымдық компонентті қалай сақтау керек. Мысалы, білім
алушыға «əдеби бейне», «бейнелілік» мəнін түсінуге, ақын-жыраулар, жыршы-
термешілердің
шығармаларын
көркемдік-стильдік
жағынан
заманауи
педагогикалық техникамен меңгеруге, өзін-өзі жетілдіруге жетелейді.
Оқытушының педагогикалық шеберлігіне байланысты əртүрлі əдістерді
қолданудың көптеген жолдары бар.
Бұл жағдай Сыр сүлейлерінің шығармашылығы туралы, оның бағыттары,
өзгешелігі, жаңалығы мен жетістігі, ерекшеліктері мен ұқсас тұстары туралы
86
шығармаларын қолдана отырып, мəселеге қатысты зерттеулермен, пікірлермен
танысуы білім алушылардың үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге деген талпынысын
туғызумен қатар, болашақ кəсіби қазақ тілі мен əдебиетші мамандығын
қалыптастыру
параметрлерінің
жоғары
мотивациялық-танымдық
көрсеткіштерін сипаттайды.
2. Шығармашылық – іс-əрекеттік компонентінде оқыту үрдісінде
оқытушының сапалы білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін білім
алушылардың іс-əрекеті түрлерінің бірлігі ретінде мақсатты түрде
ұйымдастырылған жəне педагогикалық білім беру үдерісін талқылауды
көздейді: оқу үрдісі; сабақтан тыс іс-шаралар; қоғамдық – мəдени іс-шаралар.
3. Жеке-тұлғалық компонентінің ерекшелігі (өлшемі – рефлексивті –
бағалау, кəсіби жетілдіру) əр түрлі іс-əрекетте жүзеге асырылатын Сыр өңірі
қаламгерлерінің шығармаларын, оның мазмұнын қолдана отырып, білім
алушыларға кəсіби, коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мəдени жəне
əлеуметтік-қызметтік құзіреттілігін қалыптасуын сипаттайды. Осылайша, Сыр
сүлейлерінің шығармаларын қолдана отырып, болашақ қазақ тілі мен əдебиеті
мұғаліміне тəн білімдерді, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыратын
танымдық, шығармашылық іс-əрекеттік, рефлексивті бағалау компоненттерінің
бірлігінен, тұтастық – жүйелілік, мазмұндық – маңыздылық бірлігінен тұрады.
Сонымен бірге болашақ тіл мамандарының Сыр сүлейлері шығармаларындағы
əдеби бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу орындарында оқытудың тиімді əдіс-
тəсілдері моделінің үш компоненттері (танымдық, шығармашылық-іс-əрекеттік,
жеке тұлғаға
бағдарланған рефлексивтік-бағалау) бойынша білім алушылардың
Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу
орны жағдайындағы оқу үрдісіндегі меңгерген деңгейлерін (жоғары, орта,
төмен) айқындау болып табылады.
Қарастырылып отырған мəселе бойынша философиялық, психологиялық-
педагогикалық
əдебиеттердегі
талдау
көрсеткендей,
Сыр
сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті жоғары оқу орны
жағдайында жаңаша əдістемелік технологиялық əдістер жүйесімен оқыту
арқылы осы компоненттердің ерекшеліктерін анықтайды Олар: мəдени –
танымдық (Сыр сүлейлері шығармаларының негізінде), шығармашылық – іс-
əрекеттік (қазақ тілі мен əдебиеті педагогтеріне тəн іскерліктерді
қалыптастыру), (нəтижесі, оқыту үрдісінде Сыр сүлейлері атанған бірнеше
ақын-жыраулар, жыршы-термешілердің шығармаларын көркемдік-стильдік
жағынан заманауи педагогикалық техниканы қолдану, шығармашылық
ізденістері, өзін-өзі кəсіби жетілдіруі, кəсіби құзыреттілігін қалыптастыруы
(білім алушылардың көркем əдебиетте, суреткер заманды адам арқылы, адамды
оның характері арқылы, ал адамның характерін оның іс-əрекеттері арқылы
танытатындығын көркем шығармалар негізінде теориялық тұрғыдан талдауы);
тілдік-мəдени қатынас өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін субъектінің
ұлттық болмысына тəн тілдік-мəдени қатынастар жүйесін қалыптастыру.
Осыған байланысты, біз Сыр сүлейлерінің шығармаларымен (мəдени
танымдық, шығармашылық-іс-əрекеттік (тілдік-мəдени қатынасы), жеке-
87
тұлғаға бағдарланған компонентінде рефлексивтік бағалауды қалыптастыратын
мазмұндық-құрылымдық модель негізінде болашақ қазақ тілі мен əдебиеті
мамандарына Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік
мəселесін жаңа технологиялық тəсілдермен оқытуды тереңірек қарастырдық
[126].
Осы тұрғыдан аталған бөлімде жоғары оқу орындарында Сыр
сүлейлерінің шығармаларындағы көркемдік тəсілдерді оқыту жағдайында тіл
мамандарына кəсіби-тұлғалық сапаларын тиімді дамытуда қолданылатын
формалар, əдістер, құралдар көрсетіледі. Формаларға инновациялық дəріс,
семинар-тренинг, мастер-класс, бірлескен жоба, дəріс-конферецния, debate жəне
т.б. əдістерге диалог, өзара-əрекеттестік, SWOT analysis жəне т.б. құралдарға
пəндер мазмұнына қосымшалар, психотренингтік бағдарламалар, ережелер,
ақпараттық, коммуникациялық, электрондық құралдар, цифрлық платформалар
жəне т.б. таңдалып алынды. Бұлардың барлығының да білім алушыларды
жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне
бейнелілікті оқыту жағдайында кəсіби-тұлғалық сапаларын нəтижелі дамытуда
ықпалы үлкен.
1.
Достарыңызбен бөлісу: |