1.3 Сыр сүлейлерінің жазба айтыс, мысал, дастандарындағы
көркемдік сипат пен символдық бейне
Ұлттық мінез бен көркемдік ойлау, символдық бейне жасауда Сыр
сүлейлері соны ізденістерге барған. Автор мен тыңдаушы бейнесі жазбаша
айтыста өзіндік сипатқа ие болады. Шыңдалу жолында ақындар үлкен үйрену
мектебінен өткені жəне дəстүрді шеберлікпен жалғастырғаны байқалады. Сыр
сүлейлерінің қай шығармасында болсын ұлттық бейне жасауға ұмтылған. Осы
негізде қазақ əдебиетінің əлемдік əдебиеттегі орнын ұлттық мінезді
шығармашылық даралығымен бейнелеген.
Қазақ əдебиетінің теоретиктері көркем символ қай халықтың болмасын
сөз өнерінде ежелден кең қолданылғанын айтып, айрықша маңыздылығына
баса мəн берген. Ғалымдар кейде «астарлау» (З. Қабдолов) деп атаса, кейде
«символ» (З. Ахметов) деп қолданған, Қ. Жұмалиев: «Психологиялық
параллелизмнің бір тарауы, соның дамыған, өскен түрі», - [95] деп символға
баға берген. Ал З. Ахметов: «Символ əдебиетте ойды астарлап, басқа нəрсені
суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне», - [96] дейді.
А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде символға қатысты
бірқатар семантикалық категорияларды анықтап, «бейне», «меңзеу»,
«пернелеу» - деп символмен үндестіреді.
48
Сонымен символ ұлтымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан наным-
сенімдері, ой-қиялы, сезімінен көрінетін, ойды астарлап, басқа нəрсені
суреттеу арқылы көрініс беретін балама бейне екен. Қазақ поэзиясында дала,
тау, теңіз, шаңырақ, бесік, домбыра, тұлпар, нар, арғымақ, құстар, өлім-ажал,
ақырет, бес қару, көңіл құсы, бедеу т.с.с. символдық бейнелер қолданылады.
Докторант К.Т. Құдайбергенованың пікірінше: «Ақындар поэзияны,
қилы-қилы символдарды бойына жинақтау арқылы өзінше бір көркем жүйе
құрған», - деп, күн мен ай, жұлдыз – таза адамгершіліктің символы екеніне
былайша дəлелдеме береді: тентектің жайы белгілі, асау нардай тарпынған, нар
көтерер жүк болды (Базар жырау), Тұрмағанбет ақынның «нар жүгі»,
Ш.Омарының «арабы нар», «нар қорқады жампоздан», - деп ақындар зор
тұлғасын образ-бейне, символ арқылы берген - [97] деп тұжырым жасайды.
Мəселен, «Оңғар жырау мен Ырысты қыз», «Күдеріқожа мен Ұлбике»,
«Бұдабай мен Қарлығаш», «Ырысты қыз бен он алты ақынның айтысы»,
«Керейт Даңмұрын мен Қаңлы Жүсіп», «Он алты ақын айтысы», «Алты
ақынның өмір туралы айтысы», «Кете Жүсіп, Тұрымбет, Жиенбай»,
«Т.Ізтілеуов пен Ш.Омары» т.б.
Сыр елінде Шығыстық дəстүрді қалыптастырған ақын-жыраулар
классикалық əдебиет үлгісінде жыр жазып, халықтық дəстүрге негіздеп,
ғибраттық, өнегелік сөз айта білген. Олар Шығыстық үлгіні үйрене отырып,
жаңа дəстүр қалыптастырған. Мəселен, Т. Ізтілеуов, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп,
Базар жырау, Шораяқтың Омары, Ешниязұлы Жүсіп т.б. Шығыстық дəстүрлі
тақырыптарды өз елінің жағдайына сай беріп, гуманистік ағартушылық
сарынды көтеріп, ұлттық ұғымға сəйкестендіріп жырлаған [98].
Сыр сүлейлерінің шығармаларында өмір шындығының жағымды жəне
жағымсыз жақтарын салыстыра, шендестіре бейнелеп жырлау арқылы қарама-
қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралатын тіршілік қозғалыстарының
заңдылығын саралайды. Сондықтан бұл күрделі мəселе айтыс бейнелеу тəсілі
ретінде арнайы тоқталуды қажет етеді [69, б. 70].
Қазақ əдебиетінің тарихына «Ақындардың жұмбақ айтысы» болып енген
бұл əдеби мұралар ұлттық сөз өнеріндегі көркемдік ойлаумен көрнекті
туындылар жазудың шынайы үлгілері болып халықтың жүрегінен орын алды.
Сыр сүлейлері «Ырысты мен он алты ақын», «Шəкей сал мен алты ақын»,
«Кете Жүсіп пен Қуаныш», «Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омары»,
«Шораяқтың Омары мен қызы», «Тұрмағамбет пен Шəді төре», «Тұрмағамбет
пен Ермұрат», «Керейт Даңмұрын мен Қаңлы Жүсіп», «Қаңлы Жүсіп пен
Төлеген» айтыстары академиялық басылымында жарық көрді.
Поэзияда теңеудің үлкен суреткерлік шеберлік танытатынын түйіндей
келе, Сыр сүлейлері айтыстарында кездесетін теңеулерді шартты түрде былай
топтастырдық.
1.
Тұрмыстық-шаруашылыққа байланысты теңеулер;
2.
Табиғат пен өсімдіктерге байланысты теңеулер;
3.
Жан-жануарларға байланысты теңеулер;
4.
Ұлт кейіпкерлері мен тарихи тұлғаларға арналған;
49
5.
Ару мен жігіт сипатын беретін.
Сыр сүлейлері аталмыш теңеулер арқылы бір қасиетті ғана емес, əр түрлі
қасиетті қамтуға тырысқан. Мұны Сыр сүлейлерінің өзіне ғана тəн қолтаңбасы
деп танимыз.
Ғалым Е. Қоңыров бүкіл қазақ сөздік қорындағы теңеулерді жинастырып,
жасалу жолына қарай 10 топқа бөлген. Ғалым: «Теңеулерді метафоралық
теңеуге айналдыратын басты белгі – онда теңеу белгісінің көрсетілуі жəне оның
тек қана ауыспалы мағынада қолданылуы», – деп тұжырымдайды [99]. Сайып
келгенде, метафора да, теңеу де салыстыруға, ұқсатуға негізделіп жасалады
жəне екеуінің де танымдық мəні зор. Ерекшелігі сонда метафора – қысқарған
теңеу, яғни онда теңеуге тəн қасиет – белгі көрсетілмейді.
Метафоралық теңеулер де ұлттық дүниетаным мен дəстүрден хабар
береді. Сыр сүлейлері адамның жан дүниесі мен іс-əрекетін суреттеу үшін жəне
табиғаттың алуан түрлі құбылыстарын бейнелеу үшін қолданған. Теңеу арқылы
ақындар бейнелеп қолдану арқылы кейіпкер бейнелерін əсерлі береді.
Сыр сүлейлері поэзиясындағы суреткерлік дүниетаным, əдеби бейне мен
бейнелілік, мысал, айтыс, дастандарындағы ұлттық сипат, ұлттық мінез,
көркемдік ойлау, символдық бейнені ашудың маңызы зор. Осы ойды дəлелдей
түсетін деректер, дəйектер, тұжырымдар, ұлт мəдениеті мен танымын ашудағы
мəнін талдап, оның өзіндік ерекшелігін нақты мысалдар арқылы дəлелдеуге
ұмтылдық. Зерттеу жəне оқыту бойынша жасалған тұжырымдар жинақталды.
Өлке əдебиетінде өзіндік орны бар Сыр сүлейлері: Т. Ізтілеуов,
О. Шораяқұлы, Б. Қабылұлы, Ә. Жұматайұлы, Ж. Қадірбергенұлы,
Н. Кенесарыұлы, Кете Жүсіп, Қ. Ешниязұлы, М. Дабылұлы, Ж. Үрімқұлов,
Т. Үркімбаев, Темірбай ақындар өздерінің мысал өлеңдері арқылы тағылымдық
маңызы бар ойларын ортаға салған. Мысал арқылы ұлтымыздың,
ұрпағымыздың өмірге көзқарасын қалыптастыру арқылы, рухани ойлау
дəрежесі биік адамды тəрбиелеуді көздеген. Халқымыздың ғасырлар бойы
жинақталған ізгі қасиеттерін ұрпақ бойына мысал арқылы ғибрат айтып,
дұрыстыққа, жақсылыққа шақыру – тəрбиенің ең тиімді жолы екенін білген.
Сыр сүлейлері қазақ əдебиетіне жаңашылдық бағытында мысал жанрын
алып келді. Мысал өлеңдер арқылы ой қозғаудың қай кезде де атқаратын
қызметі ерекше болған. Сол себепті де қазақ халқына жақын, таныс дүние
озбырлық пен зұлымдық, қулық пен сұмдық, даңғойлық пен жауыздық,
жалқаулық пен енжарлық, топастық пен надандық, аңқаулық пен залымдық
тағы сол сияқты əрекеттерді мысалдап, неден ғибрат алу керектігін айтып,
жақсылыққа шақырудың ең бір түсінікті амалын мысалдар арқылы жеткізген.
Ең бастысы – мысалданған дүние халық пейілімен үндесіп отырған. Мазмұны
бүкпелі болғанымен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі өткір, шымыр келеді.
Сыр сүлейлері жырлаған мысал өлеңдердің тақырыбы сан алуан,
кейіпкерлері аң, құс, өсімдік дүниесі, жануарлар, кейде оқиғаға адамдар да
қатыстырылып отырған. Әрбір мысалдың негізгі сюжетіне қоса, нақыл түрінде
түйіндеме де беріп отырады. Адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап
əжуа-күлкі етеді. Олар тудырған мысал айтыстары – ұлт əдебиеті мен
50
мəдениетінің құнды мұрасы. Сыр сүлейлерінің мысал айтыстары, көркемдік
кемелдену жолдары қазақ əдебиеті мен сөз өнері сахнасында дəйектеліп, өз
орнын алуы тиіс. Ол үшін əрбір ақынның дүниетанымы, көзқарасы, талғамы,
қабілеті даралық қасиеттерін танып-білу керек. Сондықтан Сыр сүлейлерінің
əрқайсысын жеке дара алып қарастырғанда ғана толық мағлұмат беруге болады.
Сол себепті – басты нəрселерге талдама жасауды жөн көрдік.
Көркемдеу, мəнерлеу құралдарының жүйесі Сыр сүлейлерінің көркемдік
шеберлігі мен идеялық, эстетикалық көзқарасын танытады. Олардың
шығармаларындағы даму, өрлеу дəрежесін айқындайды. Ақындардың өмірді
образ арқылы ойлауы, тануы, бейнелеп берудегі ерекшелігі сөз болғанда
олардың сөзді орнымен қолдана отырып, ойды бейнелі жеткізуі назарда
болады. Өмір шындығы мен құбылыстарды көз алдыңа елестететіндей етіп
суреттеп, образдылық бейнелеу, кейіпкердің іс- əрекетін түрлі əдіспен бейнелеп
беруінде.
Мəселен, өлеңге ажар беріп, заттың өзгеше белгісін аңғартатын образ
жасауда Т. Ізтілеуов:
Бағасын білімді ердің білмейді ешкім,
Ажарлы айдан артық ақылы жоқтан. (эпитет)
Қоянның көжегіндей ғаріп едім,
Бұл қатын бүркіт пе деп, – бұлдырықтан (теңеу), (Лұқпан Хакім)
Шораяқтың Омары «Жарлы Тəліпте»:
Тəуекел талапты ерге болған нəсіп,
Тастамас талапты ерді тəңірім шөлге. (эпитет)
Сұлу қыздың өзгеше белгілерін -ша, -ше жұрнағы арқылы жасаған, əдеби
бейне жасауда өзінше сөз қолданыс аңғарылады.
Нұр сипат ханның қызы - Гүлайымша,
Сыр мінез, сынық дертің мұнайынша.
Қаңлы Жүсіпте образ жасауға шебер, теңеу мен эпитеттердің алуан түрін
қолдана отырып, əдеби бейне жасаудың озық үлгісін көрсеткен.
Түлкідей жауыздардан досыңды айыр,
Ер болсаң, есі бүтін сонда мақтан,
Қасқырдай қара жүрек болам десең,
Байланар борбайыңа бір күн қақпан.
Ақын бір шумақ өлеңімен түлкі мен қасқырдың ерекше қасиеттерін бере
отырып, əдеби бейне адамның көркем образының картинасын ұтымды жасаған.
Ғибраттық, өсиеттік ойлар айтылып, оқырманға тəлім үйреткен.
Сыр сүлейлері өмірден алынған терең мазмұнды ойлары арқылы образды
ой түйінін жасай отырып, тəлім-тəрбиелік мəнге көңіл бөліп отырған.
Мысалдары, дастандарының басында не аяғында тезис арқылы ой түйіп,
оқиғаның мəнін ашуға ой салады. Образ жасаудың шеберлері көркемдік
кестесінде терең мағыналы сөздер ұшан-теңіз. Дүниенің образдылық –
поэзиялық бейнесін суреттеп бере алған.
«Жер, мекен, туған табиғат халықтың тіл құрамында, сөйлеу нақышында
өзінің сурет таңбасын, із-бедерін, жұпар иісін қалдырған», [100] – деп пікір
51
түйеді М. Базарбаев. Ғалымның осы пікіріне сүйенсек, образдылық суреттік
бейне жасау ақынның дүниетанымына сай бейнелі түйіндер жасауына
мүмкіндік береді екен. Әрбір ұрпақ алдыңғы толқынның сөйлеу тəсілін, ойдың,
бейнелеудің ауызекі дəстүрін алады да, оны кейінгі ұрпаққа жеткізеді.
Кейде ақындардың ақыл-нақыл, ғибрат жырлары тұтастай терең
мазмұнға, белгілі үгіт, тəлім-тəрбиеге құрылады. Мəселен;
Жолдасың жарым болса сол сияқты,
Оң келмей өзіңменен шеп кел. (Т. Ізтілеуов «Дарақ пен сая»)
Сақтаулы саспағанның сыбағасы,
Асыққан ұшырасар бір тобаға. («Жолаушы мен дана»)
Кейіпкер характерін ашу үшін ойды диалог арқылы беріп, əдеби бейне
жасау Сыр сүлейлерінің негізгі əдісі болып табылады. Шораяқтың Омары
«Қара шекпен» мысалында қасқыр, қара шекпен, түлкіні сөйлете отырып
зұлым, қу, адал адамдардың бейнесін ашады.
Қасқыр:
Қозғалтып қол аяқты қыбыр етпе!
Жемекке сені дереу түзеттім ой.
Түлкі:
Кел, қасқыр, сіз бенен біз бір жыныста,
Әрқашан қауышармыз əр жұмыста.
Қара шекпен:
Кел, қасқыр сөйлесейік жүріп жолмен,
Ажалды кім тоқтатар ұстап қолмен.
Ақын осы мысалда хайуанаттарға адалдық, ақыл-ой, мінездік қасиет
беріп əдеби бейне жасаған. Ой құбылтып, кейіпкер атынан жалғаса береді,
ақынның сөз қолдануына қарай кесек қимыл-əрекет үстіндегі адам тұлғасын
бейнелеуде поэтикалық əсірелеулер, психологиялық толғаныстар, оқыс
əрекеттер – бəрі де бейнелі сөздердің əсері ықпалды қолданылысымен
жеткізілген.
Қаңлы Жүсіптің «Түлкі, қасқыр, қой» атты мысалында да «Кішіге қызмет
ету, əбден сүндет», «Тұщы ақыл – үлкендерге үлкен парыз», «Білімсіз бен би
ақыл, пікірім кең» – деп поэтикалық əсермен суреттейді. Мысалдың шешімінде
зұлымдық пен қулықты ақылмен жеңу көсемсөздік сарындағы мəнермен
жырланған. Ақынның қорытынды шумақтары бүгінгі жəне болашақ ұрпақтарға
аманаттай айтылады. Хайуанаттарды: қой, түлкі, қасқырды сөйлету арқылы
адамдар арасындағы алуан түрлі қасиеттерді образ арқылы ашады. Диалог
арқылы кейіпкердің мінез бітімі, ой өрісіне адамдық ақыл-ой, мінездік қасиет
беріп, суреттеп əдеби бейнелейді. Зерттеуші ғалым З. Ахметов: «Жазушының
шеберлігі де оның əр кейіпкерді мінез-бітіміне, ой-өрісіне орай сөйлетуінен
көрінеді», [101] – деген. Олай болса, Сыр сүлейлері мысалдарында
кейіпкерлерді сөйлете отырып, оның ішкі сырын ашып, əдеби бейне жасағаны
көрініп тұр.
Образдылық пен суреткерлік, мағыналық пен эмоция, халық тілінің
шұрайлы кестелері Сыр сүлейлері жырларына тəн құбылыс деуге болады.
52
Поэзиядағы образдар, сөз-символдар жүйесі образдың негізінде байланысып
отырады. Жазба əдебиетте көп қолданылатын сөз басында, не сөз соңында бір
сөздің қайталанып келіп, сөйлемнің əсерлілігін күшейтетін тəсілді де ақындар
образ жасауда жиі қолданған. Шораяқтың Омары: «Қара шекпен» мысалында:
- Ау, жаным, менің өзім қасқыр едім,
Орманда неше күндей аш жүр едім.
Қашаннан жаман атқа мəшһүр едім,
Келе атқан мүсəпір боп қашқын едім.
Ақын сөз – образ арқылы «едім» сөзін бірнеше рет қайталап, алдыңғы
ойды соңғы оқиға күшейтіп тұр. Аллитерация мен ассонанстар, яғни,
дыбыстардың үндесуі арқылы сөзді ажарлап отыру да жиі кездеседі.
Т. Ізтілеуов «Лұқпан Хакім» мысалында дауыссыз дыбыстарды сөз басында
қолданып сөз өрнегін жасаған.
Жасырын сырыңды айтпа қатыныңа,
Жаңа мал біткеннен қарыз алма.
Жаныңа зақым қылар, жүргізбе ықтан [91, б. 114].
Ал, Қаңлы Жүсіп «Түлкі, қасқыр, қой» мысалында:
Ажырасып бір-бірінен қонбас болды,
Айрылса көңілі тыныш болмас болды, – [93, б. 137].
деп дауысты дыбыстардың үндесуі арқылы өлең өрнегін тарқатқан. Образ
жасау үшін жан-жануарлар, құстар мен аңдарды сөйлету, оларға тіл бітіру,
астарлап сөйлеудің де əр түрі кездеседі.
Ақындар образ жасауда ақыл, нақыл, ғибрат сөздерді орынды
пайдаланады.
1. Тұрмағамбет: Ісі жоқ кем ойлының кеңеспенен.
(Сүлеймен мен кірпік шешен)
2. Шораяқтың Омары: Тəуекел талапты ерге болған нəсіп. (Жарлы Тəліп)
3. Қаңлы Жүсіп:
Бой ұрма, есті ерлер пенделікке
Ғибрат кейінгіге патша ісі.
(Ана мен бала)
Сыр сүлейлерінің ғибраттық үлгіде айтылған сөздерінен осылай
мысалдарын тізе беруге болады. Әдеби көркем образ арқылы өмірдегі
құбылысқа өзінің бағасын осылай беріп отырған. Өмірді тану, оған баға беру
арқылы ақындардың көзқарасы, образ жасаудағы суреткерлік шеберлігі
көрінеді. Өмір шындығы мен көркемдік шындық бар. И.А. Гангаров: «Ғалым
өздігінен ештеңе жасамайды, өмірдегі бар, бірақ əлі сыры белгісіз шындықты
ашады, ал суреткер сол шындық сияқты нəрсені жасайды. Яғни, жазушының
байқаған өмір шындығы оның қиялына сəулесін түсіреді, жазушы сол сəулені
өзінің шығармасына түсіреді. Көркем шындық деген міне, осы» [102].
Қазақ əдебиеттану ғылымында стильдік ізденістер туралы М. Әуезов:
«Әдебиеттің ұлттық түр мəселесінің бір іргелі үлкен мəні – стильде. Теңеу тілі,
əр алуан көркемдік шеберлікпен келетін сөз кестесі түгел құрала келіп, жазу
стилін қалыптастырады», – деген [103]. Осы пікірге сай Сыр сүлейлері де
53
өзіндік стиль қалыптастырып, көркемдік шеберлікпен, бейнелі сөздерді
құбылтып жазу шеберлігін қалыптастырғаны байқалады.
Мысал айтысын өзіндік таңба іздерімен ауыз əдебиетінде орын алатын,
дидактикалық, өсиет-насихат үлгісіндегі, тіпті қарапайым, сонымен қатар,
ирония, сарказмге бай жанрлардың біріне жатқызамыз. Сондықтан оған
тоқталуды қажет ететін троптың ендігі бір түрі – теңеулер. Өмірдегі ұқсас
заттар мен құбылыстардың əр алуандығы сияқты салыстырулар да өзінің
эстетикалық əсер-сипаты тұрғысынан бір қалыпты емес. Салыстырулардың əрі
əсем, əрі əсерлі болып келуі үшін, сол салыстырылатын заттың нақтылығы мен
дəлдігі қажет. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін
көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Сонда
бұлар туралы оқырман түсінігі айқындау үстіне тереңдейді де, өнер
туындысының эстетикалық əсері күшейе түседі. Сыр сүлейлері мысалдарынан
дəлел келтіре кетейік.
Қасекең, қапта жатыр тайдай тулап,
Үстіне жауды тоқпақ будақ-будақ. (Шораяқтың Омары, «Қара шекпен»).
Мазала сен еңбексіз бос жатқанды.
Масадай күндіз-түні жабыла бер.
Жалқаулар сонда қояр қалықтауды.
(Әлиакбар Жұматайұлының масамен айтысы).
Алжыған қара айғырдай тарпаң басып,
Сырдағы шытырлайсың сең сияқты-ай! (Жұманазар мен домбыра).
Жолықты бір қасқырға құты қашқан,
Аузынан нар бурадай көбік шашқан. (Қарашекпен мен қасқыр).
Айтыс өнеріндегі образдар жүйесінің тағы бір қажетті саласы – мақал-
мəтелдер мен нақыл сөздер. Мағыналық дəлдігі мен өткірлігі ғасырлар бойы
ұштала шыңдалып келген сөз маржаны – мақал-мəтел, нақыл сөздерді қай ақын
болса да өз ойының ұтымдылығын арттыру үшін қолданып келген. Дəлелдеуді
қажет етпейтін аксиома іспеттес ой орамдары ақын пікірінің логикалық
жағынан ұстамды болуын қамтамасыз етуімен қатар, оның сырт түзілісіне де
нəр беріп түрлендіріп отырған.
Жұмеке, жөн айтылған сөзге тоқта-ай,
«Ақыл – дос, ашу – дұшпан» деген сөз бар.
Ашушаң жан көрмедім сен сияқты-ай. (Жұманазар мен домбыра).
Қалыпты образдар жүйесінен лайықты орын алатын троптың ендігі бір
түрі – эпитеттер. Өз орнында тұрған эпитеттің поэтикалық жүгі өзгелерден
артық болмаса, əсте кем емес. Мұнсыз теңеу мен метафоралардың да əсер-күші
əлсіреп, көмескі тартар еді. Сондықтан да айтыс ақындары эпитетті талғаммен
қолдануға мəн берген.
«Нартай мен арақ» мысал айтысында Арақ:
Мен əлі талай жанға сағымдаймын,
Сен тастап кетті екен деп тартынбаймын.
Кебетін сенің ішің маған не жоқ,
Татулас деп айтпаймын, жалынбаймын.
54
Мысалға алынған өлеңдегі жəй теңеулермен қатар күрделі теңеулер де
бар.
Көңілімде арамдық жоқ, аппақ басым,
Халықтың қалып жүрмін жаласына, –
деген жолдарда айтар сөзін анықтау үшін «аппақ басым» ақкөңілмін деген
сөздің орнына қолданылып, өлеңге əсер беріп тұр. Айтыста ақын сөзді
құбылтып, ұқсас заттармен ауыстырады. Метафора жасауда сөз мағынасын
күшейткен. Мысалы, Нартай:
Сұлулықта өткен өмір – бір кең сарай,
Күндерім өтіп жатыр саған орай.
Кейіптеу: арық, асау, көз жасын сорғалатып, буырқанып, айдаһардай
ақыртып, талайды орға домалатқан арақ емес, адам мінезіне ұқсайды. Айтыста
арақ ақынға келіп адамша сөйлеп тұрса, ақын оны сөзбен тоқтатады. Арақтың
қылығы мен қимылы – аумаған адамның мінезі мен əрекетін беріп, кейіптеу
жасап тұр. Сөздің бірінің орнына бірін қолданған метонимия да кездеседі.
Кішкентай жүрек, сорғалаған көз жасы, т.б. мысалдарды тізбектей беруге
болады.
Мақтанба, қойған сені Құдай атып,
Талайды кеттің орға домалатып, –
деген жолдар өткір айтылған ұлы мысқыл, масқара-мазақ етіп құбылтады.
«Бұдабай мен атының» айтысында: Босатып ат дорбамды бермеймісіз? –
деп торы ат арқылы сөзді ажарлап отыр. Әдебиет зерттеушісі, ғалым
С. Негимов: «Сөздің поэзиялық, көркемдік қасиеттері айтыс мəтінінде айрықша
байқалады. Ана тілінің «əшекей-кестесін» жіті аңғартып, сөздің мағыналық
байланыстарының шексіздігін, халық тілінің шалқар байлығын, кесек-кесек
оралымдарын, сөздік-бейнеліліктің өлшеусіз мүмкіндіктерін эстетикалық,
творчестволық тұрғыдан танып, қажетке жарату – ақындарға тəн ерекшелік»,
[104] – дегендей, Сыр сүлейлері де мысал айтысында ана тілінің небір шұрайлы
сөздерін қолданып, сөздік-бейнелік жасап отырған.
Сыр бойында Қорқыт атадан жалғасқан жыраулық дəстүр мен Шығыс
шайырларының жазба əдебиет үлгісі үндестігінің сан ғасырлық үрдісі бар.
Шығысқа ортақ рухани əдеби дəстүрлер үлгісі Сыр бойы шайырларында мол
сақталған. Қорқытпен тарихи-таным тамыры бір. Осындай ғажайып бай
үрдістің көптеген мысалдары Кете Жүсіп шығармаларынан да көрінеді. Себебі
Кете Жүсіптің «Сұрмерген» дастаны – Шығыс аңыздары желісімен жазылған
терең мағыналы, ой қозғайтын татымды дүние.
Шығарма сырлы да мəнді сөздерге, ерекше көркемдікке толы. Кейіптеу
арқылы маралды кəдімгідей көзге көрінер деректі нəрсеге ауыстырып отырған.
Қулық, зорлық, қастық сияқты нəрселерді пернелеп, аң бейнесінде көрсеткен.
Автор суреттеп отырған нəрсені дəл көз алдыңа əкеледі. Мысалы, сандуғаштай,
қырандай, жұмыртқадай, шидей, құрттай, кіседей сияқты теңеулерді тізбектей
беруге болады. Теңеудің алуан түрін қолданған.
Түйлігіп түріп білек, түс ортаға,
Қырандай тартқан аңға томағасын [93, б. 58].
55
Сөз мəнін өзгертіп айтатын, əсерін күшейтетін метафоралар да
баршылық.
Сен – қара ит, мен – қара құс, болған кезде,
Ерлігің емес еді ұмытылар.
Аллитерация:
Қисынға келтіре алсаң, сөз формасын,
Қомсынбай сандуғаштай сайра тілім.
Т. Үркімбаевтың «Ат пен трактор», Ж. Әлиакбардың «Масамен айтысы»,
«Темірбай мен сиыр», «Жұманазар мен домбыра», «Бұдабай мен сиырының
айтысы», т.б. айтыс өнеріндегі образдар жүйесі жалпы халық поэзиясына тəн.
Айтыс жанрының табиғатына сай адам тағдыры, кейіпкердің көркем образы
көркем бейнені жинақтап береді. Сөйтіп ақындар адам мінезін даралауға,
кейіпкердің ішкі бітімін образдан гөрі ақиқат өмірдегідей характер жасаған.
Әдеби форманың бірі – көркем образ. Адамдардың барлық қасиеті,
белгілері образ арқылы көркем шығармада берілетіні белгілі. Олай болса, Сыр
сүлейлері дастандарында ұлттық образдың даралығы, көркемдік амал -
тəсілдермен жасалғаны көрініп тұр. Ең алдымен көркем образдар ұлттық,
халықтық тілде жасалатынын ескеруіміз керек. Бейнелердің бұлайша сатылай
дамуы тек қана өлең жырларда, мысалдар мен айтыстарда ғана емес, сонымен
бірге дастандарда да берік орын алған.
Шығыстық үлгіде жазылған дастандарда деректі тұлғалардың
тұрмысымен
басталып,
ертегілік,
қиял-ғажайыптық,
мифологиялық
кейіпкерлермен, оқиғалармен баяндалуы – бəрі де халықтың тарихы мен рухани
дүниетанымымен тұтастандыра жырлаған ақындық, романтикалық ойдың
нəтижелері Сыр өңірінде жыр-дастандарды өндіріп жазған эпик-шайыр Кете
Жүсіптің «Сұрмерген», Қарасақал Ерімбеттің «Дариға қыз», Тұрмағамбеттің
«Рауа Бану», «Тұтқын қыз», Базар жыраудың «Әмина қыз», Нұртуғанның
«Мəулімнияз-Едіге» т.б. дастандарда образ жүйесін көне бастаулардан
алғанымен, оны үнемі өңдеп, заманға сай бейімдей келе, келешек мақсатқа
жұмылдыра білуінде деп түсінеміз.
Мəселен, Кете Жүсіп «Сұрмерген» дастанында мергеннің аңға шығып үш
маралға кезігіп, бірін атып алып, жеуге кіріскенде марал тіріліп кетеді.
Мылтығын қайта кезегенде, маралға тіл бітіп, Ақбай деген адамға барып,
жұмбақ сырды білуді өтінген. Ақбай өзі басынан өткен оқиғаны баяндап береді.
Алдымен қызды сиқырмен итке айналдырып жібереді, одан торғайға
айналдырады, кейін қалыңдығының бұрымындағы сиқырлы жүзікті алып, адам
қалпына келеді де, қыз мегеженге айналып, қасындағы жігіт қабанға айналады,
Ақбай қызды маралға айналдырып жібереді. Міне, осындай сюжетке құрылған
дастанда ақын көп образдылық, бір-біріне қабаттаса келуі, бейнелеу əдісінің
тиімді жолы екенін танытады.
Кете Жүсіп образдың сырын ашу үшін қаншама жан-жануарлар, құстар,
аңдарды пайдаланған. Түркі тектес халықтар əдебиетінде бұл əдіс ежелден бар.
Сөз иесінің бейнелеу тілі өмір шындығымен жанасады. Дастандағы əдеби
бейнені ұғынықты тілде бейнелеп берген. Демек, жыр дестесін санадағы мың
56
сан ойдың, қиялдың жетегімен көркемдеген. Дастандағы ажарлау (теңеу,
айқындау), құбылту (метафора, метонимия, кейіптеу, символ, аллегория,
гипербола т.б.) айшықтау (арнау, қайталау, шендестіру, дамыту, егіздеу т.б.) –
бəрі де ақындық тіл шеберлігін дəлелдейді. Дастандағы мақал -мəтелдер де
ақынның өзекті ой желісін көріктендіру үшін елеулі қызмет атқарып тұр.
Мысалы, «Қыз көргенді біз көріп, естігенді көз көріп», «Ардақты ерден ат
үркер», «Ер өледі намыстан, қоян өлер қамыстан» т.б. Дастанда кесек қимыл-
əрекет үстіндегі адам тұлғасын бейнелеуде поэтикалық əсірелеулер,
психологиялық толғаныстар, оқыс əрекеттер – бəрі де бейнелі сөздердің əсерлі
ықпалы қолданысымен жеткізілген.
Базар жырау дастандарында ойын образ арқылы бейнелеп, кейіпкердің
əдеби
бейнесін,
адамдардың
жан
дүниесімен
суреттеген.
Базар
дастандарындағы адамның тұрмысы, тіршілігі, əдет-ғұрпы, салт-санасы сөз
өнерінің бейнелеу нысаны (объектісі) болады. Адам белгілі ортада өмір сүреді,
сондықтан бір бүтін адам өмірінің картинасын көркем образ арқылы өрнектеген
«Әмина
қыз»,
«Айна-тарақ»,
«Мақпал-Сегіз»,
«Жүсіп-Ахмет»
атты
дастандарында адам образының сомдалуы жайлы ой-тұжырым жеткілікті.
«Мың бір түн» оқиғасынан алынған «Әмина қыз» дастанындағы Әмина сапарда
жүрген саудагердің əйелі есіктегі құлмен көңілдес болып, күйеуін дұғамен
төбет итке айналдырып жібергені баяндалады. Дұға күшімен жігіт Әминаны
байталға айналдырады.
Деп едім «Байтал болғыр», байтал болды,
Өзіне өз қылғаны қайта болды.
Жеті жыл ит болғаным еске түсіп,
Ұратын себебім сол байталды енді [81, б. 127] –
деп сырын ашқан жігіт образын тартымды береді. Әмина образы арқылы əйел
мекерлігін, жеңіл жүрісті əйелдің бейнесін сомдаған əділдік, адамдық,
қайырымдылық сияқты адами құндылықтарды дəріптейтін, танымдық өнегесі
мол бұл шығармада: «Біреуге ор қазба, өзің түсесің», – деген түйін жатқандай.
«Айна-тарақ» дастанында патша қызына сөз салған үш ағайынды жігіттер
образын ашуда ежелгі Шығыс фольклорында кездесетін «сиқыр» мотивін
қолданған. Оқиғаны баяндай отырып, кейіпкер психологиясын ашуға ұмтылған.
Көркем образ иелері Әмина, патша қызы, жігіттер жанды, əсерлі жасалған.
Олардың бейнелері, мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, мақсаты бейне сурет
сызғандай бейнеленген, көркем образдың даралық сипаты да басым. Базар
кейіпкер характерін ашуда оның бүкіл əрекетін суреттеуге мəн берген.
Кейіпкер портретін жасау, оларды мінездеу, даралау жүйелі іске асқан.
Мəселен, ханның қызын суреттегенде:
Атақ шыққан сұлулықтан ханның қызы,
Түрленген толған айдай, нұрлы жүзі.
Аңламай əсерімен жастық шақтың,
Қисайған талайлардың басқан ізі.
57
Халық ауыз əдебиетінде сұлу қызды күн мен айға теңеу дəстүрге
айналған. Базар жырау образды суретті ойға негіздеп, «толған айдай» теңеу,
«нұрлы жүзді» эпитет арқылы əдеби бейне жасаған.
Тіл ерекшелігі жағынан, тілі біркелкі тартымды, халықтық тілмен
жазылған. Өлең жолдарындағы теңеулік құрылымда халықтық таным-түсінік
негізге алынған. Базар толған айдай теңеуін – қыздың сұлулығын безендіруге
қолданып тұр. Адам сезіміне ерекше əсер етіп, түрлі стильдік қызметте
қолданған теңеулерде салиқалы ой айтып, салмақты ой түйген мұндай теңеулер
ақын өлеңдерінде өте мол кездеседі. Өлеңнің тілдік бейнесін жасауда
теңеулердің танымдық сипаты айрықша сезіледі. Ақын қолданған теңеулік
құрылымдағы оқиға түйіні, сөз қадірін білу, сөз қадірін кетірмеу. Дастанның
тілі тартымды, көркем баламалар мен айшықтаулар оқиға желісін əсерлі
нақыштармен бедерлейді. Бұндай көріктеулер шығарманың психологиялық-
философиялық тереңдіктерін де дəлелдейді. Мысалы:
Басында ықтияры болмаған соң,
Бейне бір тағдыр – құйын, адам – қаңбақ.
(метафора)
Көлдеуден көк ала үйрек балалайды. (эпитет)
Қызғыш құс көлді қорып жағалайды.
Базардың
«Мақпал-Сегіз»
дастанының
тақырыптық-идеялық,
композициялық-сюжеттік, стильдік жақтарынан өзіндік ерекшелігі бар
шығарма екендігі белгілі. Тарихи тұлғаларды арқау ете отырып,
шығармашылық көркемдік шешіммен жырлау дəстүріндегі дастаны арқылы
Базардың да өзіндік үнін байқаймыз. Ал «Жүсіп-Ахмет» – Орта Азиялық
сюжетке құрылған батырлық эпос. Дастанның тақырыбы, оқиғасы, құрылысы
жағынан қазақтың эпикалық жырларына мейлінше жақын тұрған құнды
шығарма. Шығарманың басты қаһармандары Ахмет пен Жүсіпті қазақ
батырларына ұқсатып бейнелейді. Олар ізгі жанды, мейірбанды биік парасатты
елін, жерін жанындай жақсы көретін ер көңіл батырлар. Дастанда зор шабытпен
жырланатын мəселе – ел қорғау, елді қызылбастардан азат ету. Бір қызығы бұл
батырлардың іс-əрекеті, мінез-құлқы, ішкі монологтары, жаумен жекпе-жекке
шыққандағы сөз саптауы – қазақтың Қамбар, Қобыланды, Ертарғын, Алпамыс
батырларын еске түсіреді. Мұның өзі заңды да. «Жүсіп-Ахмет» дастаны –
тілдік, көркемдік, идеялық-тақырыптық образдық жүйе жағынан өз алдына
зерттеуді қажет ететін дүние.
Сыр елінде өнерге өнермен жауап беріп, сюжетті қайталағанмен,
образдарды бейнелеуде өзіндік сарынын танытып «нəзирагөйлік» əдіспен
дастандар жазған ақындар көп болды. Түркі дəуірінен басталатын бұл əдіс Сыр
елінде кең өріс алған. Мəселен Фирдаусидің «Жүсіп-Зылиха» дастаны негізінде
Әли «Қисса-Юсуп», Низамидың «Хосрау-Шырын» сюжетінде Құтып «Хұсрау-
Шырын», т.б. Шығыстық үлгідегі дастандарды осы əдіспен жырлау Сыр
сүлейлерінде дəстүрге айналған.
Н. Ғабдуллин: «Нəзира» – екі шайырдың бəсекесі емес, өнерге өнермен
қайтарылған жауап. Нəзирада алдағы ақын суреттеген оқиғалар мазмұны
қайталанғанмен, кейінгі ақынның сол оқиғаларды сипаттап айтуына,
58
қаһармандардың бейнеленуінде осы шайырдың өзіндік сарынын танытатын
ерекшелігі болады», – деп ой түйген [105]. Нəзирагөйлік əдіс туралы М. Әуезов:
«Көпке мəлім болған тарихи шындықтар бойынша Шығыста бір классик
жырлаған тақырыпты келесі буында тағы бір Шығыс ақыны қайталап, əңгіме
ететін тың дастандар шығаратын дəстүр бар еді. Бұлайша əр тақырыптың əр
ақында қайталануы еш уақытта аударма деп танылмауы керек. Ол өзінше бір
қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып жырмен
жарысу есепті салт еді. Шығыс поэзиясында бұл салтты заңды деп біліп, осы
дəуірде «Нəзира», «Нəзирагөйлік» деп атау берген [106].
Ғұлама ғалым əлем елдері əдебиетімен сан ғасырлық байланыстың
нəзирагөйлік дəстүрмен жүзеге асқанын осылай тұжырымдаған. Т.Ізтілеуов осы
əдіспен жазған дастандарында кіріспеден басталып, негізгі сюжеті жырлана
келе, ақынның өзіндік ой қорытындысымен аяқтайды. Өмір шындығын көркем
бейнелеуде автор басты образдарды негізге алу арқылы шығарма шындығын
арттырған. Әсіресе, көпшілікке белгілі өмір шындығы мен уақыт тынысын
танып, ақын кейіпкер тұлғасын, мінез ерекшелігін көркем бейнелеген.
Т. Ізтілеуовтің «Мəрді диқан», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа
Бану», «Сам зая батыр», «Шаһнама» сияқты дастандарындағы поэзияның тілі,
бейнелілігі, ақын стилі, əдеби бейнелігі сөз етуге тұрарлық. Оның
дастандарындағы ойлау жүйесі мен образдылық жүйе сюжетті беруде үлкен
роль атқарады.
Иранның 500 патшасының тарихын 40 мың жолдан тұратын өлеңге
сыйғызып, нəзирагөйлік əдіспен ұлттық болмысқа лайықтап, əдеби бейнемен
өлең өрнегіне тарқатқан. «Тау тұлға Тұрмағамбетке - 125 жыл» атты еңбектің
алғы сөзінде М. Құл-Мұхаммед: «Шығыстың жеті жұлдызының бірі
Фирдаусидің «Шаһнама» дастанын қазақша сөйлетіп, өзінің асқан дарын иесі,
сөз мəйегін ағызған қас шебер екенін тағы бір дəлелдеді. Мұндай баға жетпес
туындының қазақ поэзиясына қосылуы ұлттық əдебиетіміздің мерейін биікке
көтерді, ұлттың ұлы қазынасына айналды», – [107] деген пікірі Т. Ізтілеуовке
берген əділ баға. Осы орайда ғалым Р. Бердібайдың мына бір пікірі ойды
толықтыра түседі: «Қазақ əдебиеті тарихында орны бар, бірақ шығармалары
бұл күнге дейін жеткілікті зерттеліп, танылып болмаған ақындар есімі аз емес.
Солардың бір тобы Оңтүстік Қазақстанда жасаған шайырлар: Базар жырау,
Шəді, Майлы, Шораяқтың Омары, Бұдабай, Т. Ізтілеуов т.б. десе, Т. Ізтілеуов
дастандарын зерттеп, зерделеу, халықты жаңа рухани əлеммен таныстыру
болмақ», [65, б. 334] – деген. Т.Ізтілеуов дастандарында əдеби бейне жасауға
шебер ақын. Ол психологиялық портрет арқылы кейіпкер образының ішкі
сезімімен тереңдетілуін орынды қолданады. Ақын дастандарында əдеби бейне
жасау үшін халық тұрмысында кездесетін мақал-мəтелдер, ертегілердегі көкжал
қасқыр, самұрық құс, айдаһар, жалмауыз кемпірді сөйлетіп, ертегілік мотивке
құрады. Диалог арқылы ойды өрбітіп, кейіпкер тілімен образды даралап
көрсетеді. Кейіпкер танымының көрінісін автор сөйлеу дағдысымен
нақтылайды. Сұлудың бейнесін күн мен айға теңеп, ауыз əдебиетіндегі
59
суреттеу əдістерін де шеберлікпен береді. Мысалы, «Мəрді диқан» дастанында
патша қызы Ділəпрузды:
Ділəпруз деген қызы бар еді оның,
Қыпша бел, құралай көз, жазық маңдай.
Сұлулықты осылай бейнелеу ауыз əдебиетіндегі дəстүрлі құбылыс.
«Қыпша бел», «құралай көз», «жазық маңдай» сөзімен күрделі эпитеттер
арқылы əдеби бейне жасалған.
Қазақтың мақал-мəтелдері де орынды түйінделеді. «Тұтқын қыз»
дастанында:
«Жол табам» жалғыз өзім дегендердің,
Өшпесе, өсірмейді оның бойын.
«Ердің өзіне қарама, сөзіне қара».
«Рауа Бануда»:
Еңбегім есесіге еткен еш болар,
Не ексең, соны орарсың.
Кейіпкер тілі арқылы образды даралап көрсетумен кейіпкер танымынан
көрініс береді. «Мəрді диқан» дастанында ұрылардың əрекетін дөп басып
айтқан патша қызы Меһишаның сөзі бұған дəлел:
Көңілінен хабар берер кім сөйлесе,
Деп дана ақылды ерлер айтқан бұрын.
Жəннатқа бұған ықырар болмасаң да,
Әшепкі еттіремін кесіп мұрын.
Автор сөйлеу дағдысы арқылы сол сəттегі кейіпкердің психологиялық
күйін, ойын осылай нақтылап берген. Патшаның ақылды, көріпкел қызының
сөйлеу мəнері өзгеше. Ұрылардың қорқақтық танытып, мойындау
беймазалығын автор:
Тітіреді жиһангездер жапырақтай,
Қорыққаннан қақ жарылды жүрек тақтай.
Гауһарды ханшаға бере берді.
«Бір қате бөлінді» деп ылаж таппай [91, б. 203].
Сондай-ақ ұрлықтың түбі қорлық екенін патша қызының қаталдығынан
туындаған сөздер де кейіпкер тілінде ұшырасады.
Артықша айбаттанып, ашу айлап,
Суытып сол сағатта беттің нұрын.
Деді: –Ей, шариғатқа шыр салғандар!
Табыңдар тез заматта диқан дүрін.
Т. Ізтілеуов дастандарында араб, парсы тіліндегі сөздердің көп
қолданылуы байқалады. Диалогтардағы кейіпкер көңіл-күйімен айтылып
жататын кейбір қолданыстарға түсіністікпен қарағанмен, суреттеулерде
ұшырасатын сөздердің көптігі шығармаға шырай қоспайды. Сондықтан
Т. Ізтілеуов дастандары өзі өмір сүрген уақыттың тынысын, проблемасын
көтереді.
Әдебиет сыншысы, ғалым Б. Кенжебаев: «Егер жазушы көмескі, солғын
бейнелер жасаса, егер шығарманың композициясы айқын, қисынды болмаса,
60
тілі шұбалаңқы, орашолақ болса, ондай шығарма идеясы қанша жақсы болса да
толық, піскен шығарма болмайды», [108] – деп жазуы əдеби процестегі толғағы
жеткен ойдың көрінісі болатын. Сол себепті де Т. Ізтілеуов дастандары, заман,
адамдардың мінезінің түйінді мəселелерін көтергенмен, адамгершілік, адалдық,
адам концепциясын бірінші кезекке көтеру байқалады. Дастандарындағы басты
ерекшеліктердің бірі – кейіпкерлердің аздығы, бірақ персонаждардың
əрқайсысына əлеуметтік мол жүк артқан, өз-өзімен іштей жауаптасып, қиын-
түйін жайлардың жауабын іздеген əлеуметтік-психологиялық шығармаға
бетбұрыс жасауы ұлттық поэзияны дамыта пайдалануы еді.
Қазақ халқының ауыз əдебиетінде кездесетін түс көру мотиві арқылы
ойды образда бере біледі. Мəселен, Фирдаусидің түсіне кейіпкері Рүстемнің
кіруі оқиға сюжетіне арқау болған. Ирадж екі ағасының қолынан қаза
табатынын мынандай түс көріп, жорыған.
Түсімде жеді етімді екі ит талап,
Тамсанып қан-жынымды тұрды жалап,
Ол екі ит осы жақтан Сəлім мен Түр,
Өздерін өлмейтінге жүрген балап [59, б. 218].
Әдеби бейне жасауда Т. Ізтілеуов сипаттаудан гөрі диалог арқылы ойды
өрбіту тəсілін көп қолданған. «Мəрді диқанда» диқан:
- Кешегі қойнымдағы жоқ гауһарым.
- Аңқауын қарашы, - деп, - бейшараның,
Еркіміз бұдан былай сізде, - десті.
«Тұтқын қыз» дастанында:
Қыз:
- Бірнеше сұрайтұғын сауалым бар,
Анығын айт, - деп, - ана, бас ұрды қыз.
Самұрық:
- Берейін білгенімше жауабыңды,
Емеспін өтірікті айтқан сірə.
Қаламгер бұл дəстүрді толық игерген. Ең басты ерекшелігі əлеуметтік -
тарихи құбылыстарды толық қамту, адам ғұмырының өткенін мысалдап батыл
экскурс жасау, сөйтіп оны даму, өсу қалпында суреттеу. Бірінші жақпен
баяндау оқиғаның жылдам өзгеріп, құбылып отыруына мүмкіндік берген.
Автор кейіпкер бейнесін жасауда олардың басына түскен қиын жағдайлардың
салмағын өзіне сезіндіріп, өз атынан баяндауын қолайлы санаған.
Т. Ізтілеуов қаламының қуаты - сол оқиғаларды еркін меңгеруінде,
баяндауында мақал-мəтелдерді жиі қолдана отырып, кейіпкер бейнесін, яғни,
əдеби бейне жасауда кейіпкерлерінің ой-сезімін жинақы жеткізуінде, сондай-ақ
қазақы ой-өрісі де танылып жатады. Әдебиеттанушы В. Новиковтың:
«Көркемдік шындық – эстетикалық тұрғыдан өңделген өмірлік шындық» –
[109] дегендей, дастандардағы басты кейіпкерлердің негізгі сипаттарын сақтай
отырып, шығармашылық өзгеріске жол берген, сөйтіп əдеби бейне жасауға
көркемдік таныммен барған. Кейіпкерлерін суреттеуде қазақтың ұлттық
киімдерін кигізіп:
61
Қуанып көз көрмеген киді киім,
Түлкімен құндақ та емес, жанат, тиін.
Бұл үзіндіде түлкі, құндыз бөріктер де қазақтың ұлттық киімдері, сол
арқылы қазақ ұғымына жақындатқан. Қазақ ұлтына тəн ұлттық характерді
көрсеткен.
«Әшкəбус» дастанында Әшкəбус пен Рүстем бейнесі қазақтың батырлар
жырындағы Алпамыс пен Қобыланды немесе қалмақ батырларын суреттейтін
жерлерге ұқсас. Дастанда Әшкəбус бейнесін былай береді:
Саусақтары шынардың ағашындай,
Тырнағы - тұлпарлардың тағасындай,
Аузы - үңгіріндей асқар таудың,
Мұрны - үйген шоқат шамасындай!
Бұлайша суреттеу батырлар жырында батырлардың бейнесін беруде көп
кездеседі. Бұндай əсірелеулер құбылысты шамадан тыс асырып көрсетіп
тұрады. Келтірілген мысалда Әшкəбустың аузы асқар таудың үңгіріндей десе,
ауыз əдебиетінде Ұлтанның аузы ошақтай деген. Бұл – өте үлкейтіп айту, яғни
сол шығарманың идеясын ашуда қажет. Дастанда бұлай асыра суреттеу
батырдың батырлығын мадақтау, соны дəріптеу үшін қолданған. Тұрмағамбет
дастандарында қазақ фольклорының əсер-ықпалы батырдың көзсіз ерлігін
суреттеуде де үндесіп отырады. Рүстем батырдың Әшкəбуспен жекпе-жекке
шыққан жерін Тұрмағамбет былай суреттеген:
Жақындап Рүстем де ұруға ептеп,
Білген соң айбынын ашу кетті кептеп.
Садақты тұра сала қолына алып,
Тұсынан өкпеліктің тартты өктеп.
Қазақ халқында түрлі діни сенімге байланысты садақа беру ауыз
əдебиетінің сюжетіне енген. Ақын дастандарында халықтық əдет- ғұрыптарды
қазақ халқының салт-санасына, тіршілігіне, діни сенімдеріне ұқсатады.
Мысалы,
«Боз қасқа барып үйге беремін» - деп,
Аударып көре берді жылап-сықтап. (Данышпан қарт)
Сонымен қатар ауыз əдебиетінде жиі кездесетін қыз ұзату, құда түсу
сияқты салттар да бар. Қызға құда түсуді суреттеуде қазақ халқының тұрмыс-
салтын сəйкестендіреді.
Бар екен біріңде ұл, біріңде қыз,
Деп: «Құлдық, - етті екеуі де, - ризамыз!
Қақ бөліп, құда болып алтынды алып,
Тату боп үзір-мəзірге болды олар түз. (Данышпан қарт)
Ақын дастандарында қазақ халқында жиі кездесетін бата беру, сыйлық
ұсыну, сүйінші беру сияқты ойлар арқылы бейнелілік жасайды. Фольклорлық
шығармаларда халықтық кейіпкерлердің сенімді достары да, жанашыр адамы
да болады. Ақын дастандарында осындай оқиғалар көп. Кейіпкерлерді
суреттегенде де оны қазақ халқының əдет-ғұрпы мен салтына бейімдеген.
Мысалы:
62
Қуанып көз көрмеген киді киім,
Түлкі мен құндыз да емес, жанат, тиін,
Інжу, дүр тамағына тастар тізді,
Бағасын бəрінің де білу қиын.
Бұл үзіндіде түлкі, құндыз, бөріктер де қазақтың ұлттық киімдері, сол
арқылы қазақ ұғымына жақындатқан. Дастанда тағы бір ұқсастық батырдың
көзсіз ерлігін суреттеп, образын батырлық əрекеттер арқылы ашады. Рүстем
батырдың Әшкəбуспен жекпе-жекке шыққан жерін Тұрмағамбет былай
көрсеткен:
Әшкəбус көрді-дағы тұтты қалған,
Қалқанын қақ айырып қылды талқан,
Өкпеден өтіп барып жерге батып,
Батырды аяқтарын арпаң-тарпаң.
Дастандағы батырлық əрекеттер қазақ батырлар жырында да өте мол.
Мысалы «Қобыланды батыр» жырында:
Топтап тұрған кəпірге,
Қобыланды жалғыз тиеді.
Бөлек-бөлек қылады,
Бөлінген қойдай қырады... –
деген жолдар Тұрмағамбет дастандарындағы сөз қолданыстар ауыз əдебиетінде
жиі айтылатын мотивтерді еске түсіреді.
Түйіндеп айтқанда, қазақтың бай ауыз əдебиетінің Т. Ізтілеуов
шығармашылығындағы
дəстүрлерін,
мотивтерін,
сипатын
байқадық.
Дастандарында шығыс поэзиясына тəн өрнектер өзгеше. Мысалы, «Тұтқын
қыз» дастанында батыс патшасының қызы мен шығыс патшасының ұлы
арасындағы ғашықтыққа беріктік оқиғалары сипатталады.
«Данышпан қарт» дастанында диханның тауып алған алтынын данышпан
қартқа апаруы, сондағы қарттың бидай жөніндегі əңгімені баяндауы, адал
еңбектің өтеуі қайтады деп ойын қорытындылауы, яғни, данышпан болуды
армандау сияқты ойлардан туған. Ал «Рауа Бану» дастанында əйелдің бас
бостандығы, сүйіспеншілігі, еріктілігін суреттеуі де шығыс əсерінен болса
керек. Дастанда Отанды, халықты сүюі, Рауаның хан болудан бас тартып,
халқын емдеп, қолынан келгенше жақсылық жасауы арқылы суреттелген.
Ақынның шығыс сюжетінде жазылған бұл дастандарын халықтың рухани
қажетіне
жаратуы,
оның
суреткерлік
тəжірибесінің
молдығын,
дүниетанымының биіктігін көрсетеді. Ақын қолданған əдеби бейне мен
бейнелілік айқын аңғарылады.
Сүлейлердің дара сүрлеуін салған Ерімбет Көлдейбекұлының бейне
жасауы мен кейіпкерді сомдау тəсілі айтарлықтай тың, əрі көркем шешімге
құрылған. Ақынның «Атымтай Жомарт», «Сəдуақас Сақи», «Ақташ Сақаба»,
«Хазірет Ғали мен Дариға қыз», т.б. дастандарының поэтикалық тіл орамы
ауыр. Қолданыстан шығып қалған ескі сөздер көп кездеседі. Ақын
дастандарында ойды мысалдап айтып, баяндап отырады. Образдық жүйеге орай
63
халықтық мақал-мəтелдер мол ұшырасады. Ерімбеттің ақындық күші – тілінде,
шеберлігі – қазақтың халық тілін мол пайдалана білуінде деп білеміз.
«Атымтай Жомарт» дастаны - ақынның шоқтығы биік шығармаларының
бірі. Оқиға Атымтай деген жомарт жанның халыққа жасаған сақилығы
патшаларға ұнамайды. Шом, Рум сұлтандары Атымтайды өлтірмек болады,
бірақ халық қолдағандықтан барлық қиындықтан аман өтеді, соңында оның игі
істеріне тəнті болған шахтар мен сұлтандар достыққа шақыруға мəжбүр
болады. Міне, осындай қысқа сюжетке құрылған дастанның ерекшелігі -
кейіпкердің аздығы. Ақын əдеби бейне жасауда бас кейіпкер сырын ашуда екі
тартыс арнасын қатар өрбітеді. Бірі – халық қамын ойлаған Атымтайдың
жанкешті арпалысы, екіншісі – толассыз сəтте онымен айқасқа түсетін шахтар
мен сұлтандар. Жомарт жанмен айқасқа түсіп, ақыры онымен достасқан шах
пен сұлтандар бейнесін екі жақты сынға салады.
Дастанның өн бойында іштей қажырлы Атымтайдың сақилығын
халықпен қарым-қатынасын саралап, оның əлеуметтік астарын іздесе, өзге
образдар жайлы көңілдің жыртығын бүтіндеудің жолын қарастырады. Осы
орайда, ақын тіліндегі ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыхалықтық тұрғыда
жəне автордың өзіндік қолтаңбасын көркем əдеби бейнені жетілдіруге қосқан
үлесін танытатын ерекшеліктерді мысалға келтіруге болады.
Халық айтты: «Сіз – бір сұңқар, ол – бір қарға!
Қарға да қаз болмапты, амал бар ма? –
Білдірмей, жансыз салып өлтіріңіз,
Шапқандай, обалы жоқ, жайын жарға» [110].
Ақын фразеология қорын көркемдік мақсатқа орай «Сіз – бір сұңқар, ол –
бір қарға, Қарға да қаз болмапты амал бар ма? – деп жүйелі пайдаланған жəне
поэзиялық көркемдіктің ажарын білдіретін тілдік деректер кең қолданыс
тапқан. Метафора арқылы ақынның айтар ойын образды жеткізуге қызмет
атқарған. Осындағы шах, сұлтандардың мінезін танытуда жалпыхалықтық тілде
бас имеу болып қолданылатын, яғни сұңқар мен қарғаны салыстыра отырып,
авторлық өңдеумен образды сөз жасаған. «Сұңқар» мен «қарға» кейіпкердің
негізгі бейнесін ашып, айқындап тұр. Атымтай Жомарттың айналасындағы
жуандарға бас шұлғи бермейтінін, өзінің дара тұлға екендігін білдіруде
фразеологизмдерді ұтымды қолданған. Кейіпкердің тегін емес, жомарт кісі
екенін, «сақи» бейнелі сөзімен тіркескен, өлең шумағында сұраулық мəнде
қолданған.
Сақи тұр риза болмай: «Не еткенің?» – деп
Бітірмей істі неге кеткенің, – деп
Елігі күнде базар, ығы-жығы,
Сақидың қойдан жуас момындығы.
Бұл жерде «сақи» деген ұғымды бейнелеп, образбен балап жеткізген.
Келтірген үзіндідегі кейіпкердің момын, жуас кісі екенін, «қойдан жуас»
сөзімен тіркескен сөз арқылы оқырманға таныстырады. Ғалым С. Сəтенова:
«Шығарма идеясының айқындалуы, тілінің көркемдігі, үйлесімділігі мен
əуезділігі, шеберлігі онда қолданған бейнелі фразеологиялық тіркестерге
64
байланысты. Олар əдеби туындыға образдылық терең мəн-мазмұн,
тартымдылық, эмоционалды-экспресивті нəр береді», [111] – дейді. Ғалымның
осы пікіріне орай Қарасақал Ерімбет дастандарында тыңнан образды жаңа
фразеологизмдер жасау үлгілері молынан кездесетініне көз жеткіздік. Образды
бейне жасауда ақынның дастандарының тілдік деректерін дəлелдейді. Бейнені
тілдік құрал ретінде оқырманның көңіл-күйіне əсер ете отырып, көркемдік
қызмет жасауды сөз таптарының ішінде етістіктің мағыналық байлығы мен
синтаксистік байланыс ойды құбылтып отырады.
Ғалиға алты айдан соң кетпек болды,
Ат бағып, өзін баптап күні толды.
Қаласа ханның қызы, күй патшаның,
Мұратын көңілдегі етпек болды.
Үзіндідегі əуеннің құлаққа естілер үнін жан-жақты бейнелеп көрсеткен.
Мəтін ішінде өзара мəндес болып келетін етістіктер жанды суретке жан бітіріп
бейнеленген. Ерімбет дастандарында теңеудің қолданысы мынандай
тұжырымдама жасауға негіз береді. Біріншіден, ақын теңеулерді табиғат
көріністерінде, кейіпкер келбетінде ұтымды пайдаланған.
Айбаты арыстандай түрі басқа,
Келеді көрген жанды таңырқатқан.
Ақын кейде жалпыхалықтық тілдегі теңеулерді өңдеп қолданған. Кейде
өзіндік тың теңеулерді енгізген. Жырға арқау болған нəрсені бейнелі жеткізу,
ұқсастықты дəл тауып, көре білу ақынның тіл шеберлігін көрсетіп, мəнін
айқындайды. Ойды көркем, бейнелі етіп жеткізуде өмір құбылыстарын əсерлі
эпитеттер арқылы өрнектейді.
Фатима жақсы адам, ақылы сарап,
Атасын артық қылған құдай қалап.
Белгілі идея мен ойды беру қажеттілігінен жүрек қылын шертетін
ақындық шеберлігін, сырлы да, сезімді суреткер екендігін көрсетеді.
Қарасақал Ерімбет дастандарында жалпыхалықтық тілдегі көріктеу
құралдары (теңеу, эпитет, метафора, метонимия) өзіндік сөз саптау мəнеріне
сай елеп-екшеп, шеберлікпен пайдаланып қолданғанына көз жеткіздік.
Сыр сүлейлерінің көрнекті өкілі – Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының
«Мағрупа қыз», «Абыраһанның бастан кешкендері» атты дастандары баяндау
əдісімен жазылған. Десек те, бұл дастандарда ақын адам образын жасаудың
басқаша тəсілін қолданады. «Мағрупа қыз» дастанында оқиғаны баяндай
отырып, кейіпкер портретін, кескін-келбетін суреттеп өтеді.
Мағрупа атты бір қызы –
Һүрлерден артық хош сурет,
Мағрупа көрген жан
Біле алмас анық не түстің [93, 6. 106].
деген шумақты метафоралар өрнегі бір-бірімен жымдасып келген. Өлеңнің
бірінші тармағында айтылған «һүрлерден артық хош сурет» деген ұғымнан
туындайды. Мағрупаның сұлулығын осылай жеткізеді. Жалпы «сұлу» деген
65
ұғымды бейнелеп, образбен балап жеткізеді. Қыз портретін беруде де анық,
көркем ауыстырып, баламалы түрде метафоралық образбен суреттейді.
Шұғыласы ақ жүзінің болды жарық,
Жанғандай қымбат үйде бір шамшырақ.
Дастандағы басты кейіпкердің бірі – Аяс образын жасауға ақын өмір үшін
күресе білетін жігерлі жігітті танытады. Кейіпкерлерді іс-əрекет үстінде
көрсете отырып, образ сомдайды. Үнді елінде болған бір оқиғаның сюжетімен
жазылған бұл дастанда ақынның өзіндік сөз қолданып, əдеби бейне жасаудағы
ерекшелігі көрініп тұр. Қысқа сюжетке, үлгі-өнегеге құрылған дастандарында
Қаңлы Жүсіп əр кейіпкерді жиынтық образына қарай сөз мазмұнымен
сөйлеткен. Поэзиядағы кейіпкер тілі – шығарманың көркемдік бітімін тануда
жəне өлең өрімін талдауда басты нысандарының бірі автор кейіпкер тілі
арқылы сөз таңдау, талғау жəне өрлеу, тіл құралдарын ұтымды пайдаланған.
Осы дастанда кейіпкер тілі Аястың:
«Тірідей көзге күйік болғанымша,
Бет алып бөтен жаққа кетем», – деді.
Ал Мағрупаның:
Өзіңсің шын сүйгенім раббана,
Көрмесең көздің жасын өзің тəңірім,
Ойрана осы бүгін көңіл қапа,
Айырып Аястай ғашығымнан,
Бейшара болған дертке мен мұбтала.
Келтірілген мысалдардан кейіпкер тілі Аястың намыс отына бұрқанған
ішкі сезім толғаныстарын көрсетеді. Мағрупаның бейнесі кейіпкер тілінде,
парасатты, «махаббатқа адал, уəдеге берік» деп дəл бейнеленген. Дастандағы
кейіпкер тілі тек оның образын танытып қана қоймай, бір тақырыптағы
сөздерді мəтін тізіміне лайықтап сұрыптауда, сөз таңдауда көркемдіктің бір
кілті болып табылады. Сəлім, Сəлима сөздері дастандағы кейіпкер тілінің
негізгі ұйтқысы болып табылады. Сəлімнің:
Мен-дағы сеніменен кетейін, – деп,
Қасына ағасының бүкті түзін.
Сəлиманың:
«Көтеріп көпке қолым іздегенім,
Деп айтты, – табылды ма жерден келіп».
Кейіпкер тілі арқылы ақын оның жасаған ортасын, қоғамдық жағдайын,
мінездемесін суреттеген. Кейіпкерлерді өзара сөйлестіру арқылы ақын
кейіпкерлеріне мінездеме беріп, дүниетанымы, наным-сенімдерінен мағлұмат
берген.
Қаңлы Жүсіптің суреткерлік қолтаңбасын белгілеуге, қаламгерлік
ұстанымын айқындауға тұжырым-түйінді осы жұмыстың өн бойында айтып
өттік. Ақын дастандары қазіргі əдебиеттану ғылымында лайықты орнын алар
ұлттық рухани байлықтың бірегейі деуге толық негіз бар.
Сыр топырағынан шығып, «сүлей» атанған Балқы Базар, Тұрмағамбет
Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп
66
т.б. шығармашылығында əдеби бейне біртұтас қарастырылып, əлі күнге дейін
толық зерттелмегені белгілі. Бұлардың қаламы қарымды екенін олардың əдеби
бейне жасаудағы шеберлігінен байқалып тұр. Ұлттық мінезді айқындайтын,
ұлттық ерекшеліктерді паш ететін сөз саптаулары, образды сөз қолданыстары
ұтымды бейнеленеді.
Ойды алуан түрлі тəсілдермен жеткізуде көркемдік құралдардың қай-
қайсы болса да, суреткердің белгілі бір идеялық-эстетикалық мақсатына орай
қызмет атқаратыны мəлім. Ақын атаулының басты мақсаты – айтатын ойын
терең, мағыналы, образды етіп жеткізу болмақ. Ғалым М. Дүйсенов:
«Әдебиетте бұрыннан бар метафора, эпитет, теңеулерді қайталамай, қайта
санын көбейтіп, түрлерін дамыту ақынның үлесіне тиген міндет», [112] – деген
пікірі - əдебиет ойдың жемісі екенін, оның белгілі бір ортада қалыптасып,
қаламгердің өзіндік рухани бастау көздері болатынын бейнелеудің өзгеше
бағытын ұстағанын аңғаруға болады. Болмыс шындығы мен рухани дүниенің
ұқсастықтарын дөп басып көрсетудегі бейнелеу құралдарының орынды, ойды
образды жеткізуде айқындаудың ерекшелігін көреміз.
Зерттеуші ғалымдар Ұ.Н. Жанбершиева мен К.Т. Кудайбергенова:
«Сүлейлердің тарихи жағдайларды суреттеудегі көркемдік символдарды
қолданылуында ақынның дүниетанымы айқындалады», - деп ой түйеді [113].
Осы пікірге орай, жоғарыдағы келтірілген Сыр сүлейлерінің əдеби бейне
жасаудағы шеберлігі, көркемдік ізденістерін талдау барысында мынандай
тұжырымға келдік:
- Сыр сүлейлері Базар жырау, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Кете
Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Қарасақал Ерімбет шығармаларының идеялық -көркемдік,
тілдік-бейнелілік ізденістері сараланды;
- Кейіпкер тұлғасын ашу барысында бейнелеу құралдарын қолданудағы
əр ақынның өзіндік шеберлігі нақты мысалдармен дəлелденді;
- Аталған ақындардың мысал, айтыс, дастандарындағы көркемдік əдіс-
тəсілдердің қызметі мен ерекшелігі, ақындық қолтаңбасы ашылды;
- Сыр сүлейлерінің тілдік-бейнелілік, образ жасаудағы көркемдік
ерекшелігі, символдық сөз қолданыстары айқындалды.
Сонымен əдебиеттегі əдеби бейне, көркемдік ізденістер мəселесін
қозғағанда өлке əдебиетінде өзіндік орны бар ақындардың суреткерлік
шеберлігін қазіргі əдеби үдеріс пен тұтас бірлікте қарастырылды. Ақындарды
көркемдік əдіс, стиль, бейнелілік тұрғысынан өзара байланыста алып,
салыстыра сараптадық.
Қазіргі кезде ұлт тілінің өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін
зерттеуге басымырақ көңіл бөлінуде. Зерттеу жұмысымызда тіл мен ойдың, тіл
мен танымның, əдеби бейне мен бейнелілік бірлігін дəлелдеу үшін алдымен
образды, оның табиғатын тану қажеттілігі туындайды. Соның негізінде, Сыр
сүлейлері шығармаларындағы суреткерлік дүниетаным, əдеби бейне көрінісі,
көркемдік бейне негізінде ұлт болмысына, сондай-ақ тілдегі көріктеу
құралдарын өзіндік сөз саптау мəнеріне сай елеп-екшеп, шеберлікпен
пайдаланып, жетілдіріп қолданғанына көз жеткіздік.
67
Зерттеу барысында Сыр сүлейлерінің əдеби бейнесін бірнеше топқа бөліп
қарастырдық. Зерттеуші ғалымдар пікірін саралай отырып, өзіндік тұжырым
жасадық (кесте 1).
Кесте 1 – Сыр сүлейлерінің əдеби бейнеге байланысты негізгі тұжырымдар
Әдеби бейнеге қатысты
шетелдік ғалымдардың
тұжырымы
Әдеби бейнеге қатысты
отандық ғалымдардың
тұжырымы
Зерттеу барысындағы біздің
тұжырым
1
2
3
А. Потебня пікірінше:
«Сөз дегеніміз о баста
символ,
идея
болғандықтан ғана ол
ойлауға
мүмкіндік
беретін
орган
жəне
жаратылыс пен өзіңді
одан əрі түсінудің ең
негізгі шарты əрі ол
көркем
шығарманың
барлық қасиеттеріне ие»,
– деген тұжырым
айтады.
Қ.
Жұбанов
символдың
қасиеттерін былай жіктеген:
«Символ – таңбаға тепе –
тең, өмірді өнермен образды
түрде
игеру,
мағынасы
шартты, белгілі бір мəдени
нысан, символ – өзінің
алғашқы
мазмұнын
мазмұнға форма беруде
қолданатын таңба ретінде
кездесетін символды кең
түрде түсіну»
Р. Сыздықова: «Символ –
идеяның заттық нысаны,
астарлы образ», – деген
тұжырым жасайды.
Сыр сүлейлерінің əдеби бейне
жасаудағы шеберлігі, көркемдік
ізденістерін талдау
барысында
мынандай
тұжырымға келдік.
– Сыр сүлейлері Базар жырау,
Тұрмағамбет,
Шораяқтың
Омары, Кете Жүсіп, Қаңлы
Жүсіп,
Қарасақал
Ерімбет
шығармаларының идеялық –
көркемдік, тілдік – бейнелілік
ізденістері сараланды;
–
Кейіпкер
тұлғасын
ашу
барысында
бейнелеу
құралдарын қолданудағы əр
ақынның
өзіндік
шеберлігі
нақты мысалдармен дəлелденді.
– Аталған ақындардың мысал,
айтыс,
дастандарындағы
көркемдік əдіс – тəсілдердің
қызметі
мен
ерекшелігі,
ақындық қолтаңбасы ашылды;
– Сыр сүлейлерінің тілдік –
бейнелілік, образ жасаудағы
көркемдік
ерекшеліктері
айқындалды.
– Сыр сүлейлері ойды астарлап,
басқа нəрсені суреттеу арқылы
балама бейне жасауда, даланы –
қазақ мінезіндей кеңдік, тау –
биіктік, теңіз – тереңдік т.б.
ұғымының бейнелеуі ұлттық
сипат, ұлттық мінезді танытады.
68
1 – кестенің жалғасы
1
2
3
А.
Белый:
«Символ
дегеніміз – табиғаттан
алынған
жəне
творчество
арқылы
өзгертілген
образ:
символ
дегеніміз
–
суретші мен табиғаттан
алынған
қасиеттерді
бастан кешіру сезімін
біріктіріп тұрған образ.
Осы мағынада алғанда,
өнер шығармасының өзі
символдық
болып
келеді», – деп ой түйген.
З.
Ахметов:
«Символ
əдебиетте ойды астарлап,
басқа
нəрсені
суреттеу
арқылы жасалатын нақтылы
сипаты бар балама бейне», –
дейді.
А. Байтұрсынов
«Әдебиет танытқыш» атты
еңбегінде символға қатысты
бірқатар
семантикалық
категорияларды
анықтап,
«бейне»,
«меңзеу»,
«пернелеу»
–
деп
символмен үндестіреді.
– Сыр сүлейлерінің жазба
айтысында ұлттық мінез, ұлттық
сипат жəне көркемдік ойлау
мəселесінің көрінісі анықталды;
–
Айтыс
ақындарының
дүниетанымы,
өзіндік
көзқарасы, көркемдік ойлауы
ұлттық мінезді қалыптастырды;
– Әдеби бейне мен бейнелілік
ақындар
тұлғасымен
байланысты берілді;
–
Айтыстарда
ұлттық
құндылықтар
саналатын
атауларды
жиі
кездестіруге
болады;
– Ұлтымыздың əлеуметтік –
мəдени сипатын таныта отырып,
ұлттық мінез айқындала түскен;
– Ұлттық символға айналған
«домбыра»,
«киіз
үй»,
«шаңырақ»,
«асау
тұлпар»,
«қара
нар»
т.б.
ұғымдар
бейнелік қызмет атқарып тұр.
Көркем
шығармадағы
əдеби
бейне
мен
бейнелілік туралы өз
ойларымен
оң
баға
берген
ғалымдар:
Л.И.Тимофеев,
Г.Л.Абрамович жəне т.б.
Л.И.Тимофеевтің:
«Образ – эстетикалық
мəні бар, ойдан шығару
арқылы
жинақы
жасалған адам өмірінің
əсем суреті» - деген
пікіріне сүйенсек əдеби
шығармада суреттелетін
өмір құбылыстары мен
кейіпкердің бейнесі деп
тануға болады.
Профессор Б. Кəрібозұлы:
«Поэзияның ұлттық сипаты
мен
мінезін
символдық
бейнелерден
тыс
əңгімелеудің
дұрыс
болмайтын
себебі
символдық
образдар
жүйесінде ұлттың бірнеше
ғасырлар
бойында
қалыптасқан
наным
–
сенімдері, ой – қиялы, сезім
сырлары,
арманы
т.б.
тұтастай көрінеді.
Сыр
сүлейлерінің
қазақ
əдебиетінің дамуына өзіндік
үлес қосқаны дəлелденді:
– Ауыз əдебиетінен таныс
символдардың көрініс табуы –
көркемдік жүйенің құндылығын
аңғартады;
– нар, арғымақ, құс, өлім, дүние,
ер қаруы сөздерінің символдық
жүйе
құраудағы
ерекшелігі
сараланды.
–
қазақ əдебиетіндегі жинақтық
бейне
символдық
бейнелеу
құралы
ретіндегі
қызметі
айқындалды.
Әдебиеттегі адам бейнесін жасау үшін қаламгер сан түрлі амал-
тəсілдерді қолданады. Көркем əдеби бейне жасауға қажетті материал жинап,
əдеби тұлғаны даралауға ұмтылады. Болашақ жасайтын бейнені жинақтай келе,
типтендіреді де, типтік бітімін, мінезін оқшаулай түседі. Адам бейнесін сырт
келбеті, мінезін, портретін мүсіндейді. Көркем шығармадағы табиғат
69
көріністерінің өзі адамның өмір тіршілігі, көңіл-күйімен байланысты адам
бейнесін толықтырып отырады. Әдебиеттегі бейне сөзі екі түрлі мағынада
қолданылады: 1). Көркем бейне, кейіпкер, тип. 2). Суретті сөз (сурет 1).
Сурет 1 – Әдебиеттегі бейне сөзі екі түрлі мағынада
Көркем əдіс тұрғысынан образ: 1.Романтикалық, 2.Реалистік деп бөлінеді
(сурет 2). Әдеби тек тарапынан: 1.Эпикалық. 2.Лирикалық. 3.Драмалық образ
болып жіктеледі (сурет 3).
Образ, көркем бейне жасалу тəсіліне қарай: 1.Юморлық. 2.Сатиралық,
3.Фантастикалық, 4.Трагедиялық, 5.Геройлық образ болып бөлінеді (сурет 4).
Сурет 2 – Көркем əдіс тұрғысынан образдың жіктелуі
Сурет 3 – Әдеби тек тұрғысынан образдың жіктелуі
70
Сурет 4 – Образ, көркем бейне жасаудың тəсілдері мен түрлері
Көркем бейнені эпизоттық, типтік, кезектегі бейне ретінде таныту
олардың деңгейіне байланысты жазушы шеберлігімен беріледі. Көркем бейне
жекелік жəне жалпылық деп бөліп қарастыру қаламгер танымымен
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |