100
6 – кестенің жалғасы
1
2
Тапсырмалар:
Силлабуста берілген практикалық, БАӨЖ сабақтың SMART
мақсатын анықтау, презентация əзірлеу.
Кері байланыс:
Сабақ біткеннен сауалнама жəне Quiz тест/ білім алушының
рефлекциясы
Қорытынды/ бағалау:
Дəрістегі белсенділігіне қарай білім алушыларды балдық
рейтингтік əріптік жүйемен бағалау.
Дəрісте болашақ педагог мамандарға пəннің қажеттілігі, онда көтерілетін
негізгі мəселелер, өзектілігі туралы сөз болады. «Әдеби бейне», «бейнелілік»
ұғымдарына түсінік беріледі. Зерттеу нəтижесі бойынша ғылыми айналымға
еніп отырған Сыр сүлейлері мұрасының игерілуі, жариялануы жөніндегі тың
деректер
жайлы
түсіндіреді,
шығармалары
жанрлық,
тақырыптық
ерекшеліктеріне
қарай
сарапталады.
Сабақ
қорытындысында
білім
алушылармен кері байланыс орнату үшін болашақ қазақ тілі мен əдебиеті
мұғалімдері үшін дайындалған «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби
бейне жəне бейнелілікті оқыту» курсы бойынша көзқарасын анықтауға
арналған сауалнама арқылы білім алушыларға сұрақ (сауалнамадағы сұрақтарға
«иə» десеңіз – 2 балл, «жауап беру қиын» десеңіз – 1 балл, «жоқ» десеңіз – 0
балл) қойылады.
Атап айтсақ, Сіз «Сыр сүлейлері туралы не білесіз, білгіңіз келе ме?»,
«Сыр сүлейлері шығармаларымен таныссыз ба?», «Сыр сүлейлері» деген
ұғымды білесіз бе, бұрын естідіңіз бе?», «Сіздің кəсіби тұлға болып
қалыптасуыңызға Сыр сүлейлерінің ғибраттық ойлары қажет пе?», «Сыр
сүлейлерінің шығармаларын оқып, танысуға қарсы емессіз бе?», «Әдеби бейне»
жəне «бейнелілік» ұғымдары жайлы түсінігіңіз бар ма?», «Сыр сүлейлерінің
дүниетанымы мен көркемдік ойлауын айқындап бересіз бе?», «Сыр
сүлейлерінің жазба айтыстарын білесіз бе?», «ЖОО-да Сыр сүлейлерін оқытуда
қандай бағыттарды ұстанған дұрыс?», «Сыр сүлейлері шығармаларымен терең
танысып, меңгеру үшін Сізге не қажет?»
Білім алушылардың рефлекциясы: – Сабақ барысында қаңдай тың
мəліметтер алдым? – Мен үшін не түсініксіз болды? – Қай тақырыпты тереңірек
білгім келеді? – Сабақты қандай əдіспен өткен сіз үшін қолайлы? Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік туралы Quiz тест жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: