98
толық пайдалану: интернет көзі,
электрондық оқулық, электрондық оқыту
бағдарламалары жəне т.б.).
Мəселен, білім алушылар интернет көздерін пайдалану арқылы қажетті
жаңа деректерді, тың жаңалықтар мен ақпараттарды алып, жеке веб-сайт ашып,
алған материалдарын жүйелеп, талдайды.
Соңында мониторингтік диагностика жүргізген жөн:
- білім алушы өзін-өзі анықтайды: қандай жаңалық аштым?
- өзін-өзі бағалайды: алған нəтижем қандай?
- өзін-өзі дамытады: бұл менің қолымнан келеді ме? т.б.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау жəне өткізу
этаптары:
І. Әдістемелік іс-əрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі;
-
сабақтың мазмұны
-
оқу жағдайын ескеру
-
əдістемелік тəсілдерді қолдану
ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау.
-
сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу
жолдары).
-
сабақтың əр кезеңіндегі білім алушының негізгі əрекет түрлерін
анықтау.
-
білім алушы əрекетін ұйымдастыру əдіс-тəсілдерін таңдау.
ІІІ. Сабақты жүргізу.
-
Әр сабақтағы баланың іс-əрекетін ұйымдастыру.
-
Білім алушымен жанама қарым-қатынас.
-
жұмыс барысын бақылау жұмысы.
IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы).
-
қойылған мақсатқа жету.
-
тақырып бойынша өзгерістер енгізу.
-
оқыту нəтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер).
Дамыта оқыту білім алушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-əрекетіне
тəн. Оған тəн сипаттар:
-
білім алушының алдына ізденуді жүзеге
асыру қажеттілігін тудыру
керек;
-
іс-əрекеттің бастапқы кезеңі – білім алушылардың алдына олардың
əрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу
міндеттерін қою. Дамыта оқыту технологиясы – білім алушы құзыреттілігін
дамытуда аса маңызы бар технология.
Quiz –
бұл тест, викторина түріндегі бақылаудың түрі. Білім
алушылардың
тақырыпты
игеру
деңгейі
мен
қызығушылықтары,
белсенділіктерін анықтауда жəне келесі тақырыпқа деген ынталарын оятуда əр
сабақ соңында Quiz тест əдісін жүргізудің маңызы зор.
Рефлексия
– (лат. Reflexio – кейінге оралу) – бейнелеуді, сондай-ақ таным
белсенділігін зерттеуді білдіретін 118 термин. Көрнекті ғалымдар
99
Ш.А. Амонашвили [130], Б.С. Гершунский [131] т.б. педагогикалық
рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызған.
Педагогикада «жағдаят» əдіснамалық тұғыр ретінде негізделмегенімен,
жалпы педагогикада «педагогикалық жағдаят», «проблемалық жағдаят»,
«тапсырмалық жағдаяттар», «мəнге бағытталған жағдаят»
болып ғылыми
түсінік ретінде қолданылып келеді [132].
Case – study əдісі – білім алушылардың сыни ойлауын дамытып, сабақтың
мазмұнын ерекше құруға, шығармашылық мүмкіндігін дамытуға жағдай
жасайды. Әдістің мақсаты – білім алушылардың бірлескен танымдық
диалогтық іс-əрекетінде [133] Сыр сүлейлері шығармаларын талдау жəне
практикалық шешім шығару болып табылады. Әдебиетті оқытуда білім
алушылардың ғылыми ізденушілігін арттыру үшін
жоба қорғау, топтық,
жұптық жоба жасау, мүшайра айтыстарын ұйымдастыру жұмыстарының
маңызы зор. Білім алушылар зерттеудің топтық, жұптық жұмыстары арқылы
бір
қорытындыға келуге, ортақ шешім қабылдауға дағдылары қалыптасады.
Эксперимент барысында «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлауды
дамыту» (RWCT) технологиясы бойынша өткен дəріс сабақтарына тоқталсақ
(кесте 6).
Кесте 6 – «Оқылым мен жазылым арқылы сыни тұрғыда ойлауды дамыту»
(RWCT) технологиясы бойынша сабақ үлгісі
1
2
Сабақтың
тақырыбы:
Пəнге кіріспе.
Мазмұны:
1. Пəнді оқытудың мəні мен маңызы.
2. «Әдеби бейне», «бейнелілік» ұғымдары туралы түсінік.
3. Сыр сүлейлері шығармалары туралы ақпарат.
Достарыңызбен бөлісу: