Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна


–  Танымдық  компоненті  көрсетіші –



Pdf көрінісі
бет25/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

– 
Танымдық 
компоненті 
көрсетіші – 
 
мəдени 
– 
танымдық 
(ЖОО 
Сыр 
сүлейлері 
шығармалары
ндағы 
əдеби 
бейне жəне 
 
бейнелілік 
мəселесін 
оқыту 
негізінде) 
осы 
үғымдарды 
түсіну. 
 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби 
бейне 
жəне 
бейнелілік 
мəселесінің мəнін дұрыс 
жəне толық айқындауда, 
Сыр 
сүлейлерінің 
шығармаларын жанрлық,
тақырыптық 
ерекшеліктеріне 
қарай 
сараптап 
қана 
қоймай, 
сонымен 
қатар 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларын 
қолдану 
кезінде 
əдеби 
бейне 
жəне 
бейнелілік 
ұғымдарды білу;
–өз ұлтын терең білуге 
құмарлық, (Сыр сүлейлері
Сыр 
сүлейлерінің 
шығармасын 
қолдану 
негізінде 
əдеби бейне жəне 
бейнелілік 
мəнін 
анықтауда 
дұрыс 
пікірлердің 
болуымен 
сипатталады. 
Сыр 
сүлейлері
шығармаларындағы 
əдеби бейне жəне 
бейнелілік 
мəнін 
қате анықтау немесе 
Сыр 
сүлейлері
шығармаларындағы 
əдеби бейне жəне 
бейнелілікті қолдану 
негізінде 
əдеби 
категорияларды 
түсіне алмау.


91 
5 – кестенің жалғасы 




 
шығармаларын 
білу 
қажеттілігі жəне т. б.; 
түсініктерін ұғыну, оларды 
өмірде 
пайдалануға 
ұмтылу; 
Сыр 
сүлейлері 
шығармашылығы туралы, 
оның бағыттары,
өзгешелігі, жаңалығы мен 
жетістігі, 
ерекшеліктері 
туралы кеңінен мəлімет іске 
асыру қажеттілігі. 
Шығармашылық 
іс – əрекеттік 
компоненті.
Өлшемі 
– 
шығармашылық 
белсенділік 
 
Білім алушылар əдебиет 
атты əсемдік əлемінің қыр –
сырымен жүйелі танысып, 
Сыр 
сүлейлері 
шығармашылығын 
толық 
игере алуы; Қазақ əдебиеті 
тарихында өзіндік орны бар 
Сыр 
сүлейлері 
атанған 
бірнеше ақын – жыраулар, 
жыршы 
–термешілердің 
шығармаларын меңгеруге 
жоғары 
белсенділіктерін 
танытуы. 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларын 
түсінеді, бірақ заманауи 
көзқараста 
сабақтастыра 
алуы 
орша деңгейде. 
«Әдеби 
бейне», 
«бейнелілік» ұғымдары 
туралы түсінігі орташа.
Білім 
алушылардың 
мəселеге 
қатысты 
зерттеулермен, 
пікірлермен 
танысуға, 
шығармашылық 
ізденіске 
талпынысы 
төмен.
Жеке – тұлғалық 
бағдарланған 
компоненті,
Өлшемі 
– 
рефлексивті 
бағалау арқылы 
кəсіби тұлғалық 
өзін-өзі 
жетілдіру 
 
 
 
 
 
 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларына 
жаңаша 
көзқараспен жан – жақты 
баға беріп, шығармаларына 
талдау 
жасай 
отырып 
білімдерін жинақтайды. 
Сыр 
сүлейлері 
атанған 
бірнеше 
ақын-жыраулар, 
жыршы – термешілердің 
шығармаларын көркемдік - 
стильдік жағынан заманауи 
педагогикалық техниканы 
жоғары деңгейде меңгереді. 
Білім 
алушылар 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы ұлттық 
рухани 
құндылықтарды 
дамытуға бағытталған іс – 
əрекеттегі олардың ішкі 
ресурстарын дамыта алады. 
Сыр 
сүлейлері
шығармаларындағы 
əдеби 
бейне 
жəне 
бейнелілік мəселесіне 
деген 
көзқарасты 
саналы 
түрде 
меңгеруінің 
орташа 
деңгейі; 
өзінің 
резервтері 
мен 
мүмкіндіктерін 
түсінеді, бірақ оларды 
сабақтан тыс оқу – 
тəрбие процесі негізінде 
ұйымдастырылған 
үйірмеде ескермейді;
- білім алушылар Сыр 
сүлейлеріндегі 
əдеби 
бейне жəне бейнелілік 
мəселесін 
қазіргіден 
болашаққа 
қолдану 
үшін сабақтарда жəне 
сабақтан тыс уақытта 
сирек қолданады. 
Сыр 
сүлейлері 
шығармалар
ын 
пайдалану 
негізінде 
əдеби бейне 
жəне 
бейнелілік 
мəселесін 
қате анықтау.


92 
Қорыта айтқанда, біз ұсынған модельді оқу үдерісіне қолданғанда, модель 
компоненттерін ескере отырып
 
білім алушылардың аталған тақырып бойынша 
білім деңгейлерінің сипаты төмендегідей болады: 
Жоғары деңгей:
 
Сыр сүлейлерінің шығармаларына деген қызығушылығы 
бар. Қазақ əдебиеті үшін Сыр сүлейлері шығармаларының маңызы жоғары деп 
санайды. Заманауи көзқараспен сабақтастыра алады. «Әдеби бейне», 
«бейнелілік» ұғымдарына түсінігі бар. Ұлттық тəлім-тəрбиеде өзіне көмекші 
құрал ретінде қолданады.
Орташа деңгей

Білім алушылардың мақсатқа жетудегі Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселесіне деген көзқарасты 
саналы түрде меңгеруінің орташа деңгейі; өзінің резервтері мен мүмкіндіктерін 
түсінеді, бірақ оларды сабақтан тыс оқу-тəрбие процесі негізінде 
ұйымдастырылған үйірмелерде, курстарда ескермейді.
Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселесі 
қазіргіден болашаққа қолдану үшін сабақтарда жəне сабақтан тыс уақытта 
сирек қолданады. Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне 
бейнелілік мəселесін оқу үрдісінде талдауға мүмкіндік беретін білімнің, 
дағдылардың, қасиеттердің орташа жиынтығы байқалады. Сыр сүлейлерінің 
шығармаларын түсінеді, бірақ заманауи көзқараста сабақтастыра алмайды. 
Кейбір тақырыптарға қызығушылығы бар. «Әдеби бейне», «бейнелілік» 
ұғымдары туралы түсінігі орташа.
Төменгі деңгей:
Сыр сүлейлері шығармаларының маңызын түсінбейді. 
Қызығушылығы орташа. «Әдеби бейне», «бейнелілік» ұғымдары туралы 
түсінігі жоқ. Сыр сүлейлері шығармаларының ұлттық тəрбиедегі орнын 
түсінбейді. Сыр сүлейлерінің шығармаларын талдау кезінде көрінетін жеке 
ерекшеліктердің төмен танылуы; өзінің резервтері мен мүмкіндіктерін 
жеткіліксіз түсінеді, іс-əрекеттің əртүрлі кезеңдерінде табысқа ұмтылмайды; 
еңбек нарығында болашақ маманның бəсекеге қабілетті мінез-құлқы 
қалыптаспаған. Сабақтарда жəне сабақтан тыс үйірмелерде өз мүдделерін 
қорғай алмайды; проблеманы стандартты түрде шеше алмайды; осы бағытта 
Сыр сүлейлерінің шығармалары туралы білім алуда ақпаратты қалай жинау 
жəне өңдеу керектігін білмейді. Сыр сүлейлері шығармаларындағы «əдеби 
бейне», «бейнелілік» ұғымдарын бағалау мен өзін-өзі бағалауды жүзеге 
асыруға, 
Сыр 
сүлейлерінің 
шығармаларын 
жанрлық, 
тақырыптық 
ерекшеліктеріне қарай сараптауға өз бетінше талдауға жəне рефлексиялауға 
мүмкіндік беретін білім-білік, қасиеттер жиынтығы жеткілікті қалыптаспаған.
Зерттеуімізде дайындаған модельдің құрылымындағы компоненттер 
(танымдық, шығармашылық - іс-əрекеттік, жеке-тұлғалық мазмұнға сəйкес 
өлшемдерін, атап айтқанда, мəдени таным (білім алушылардың өзін-өзі 
танытуына мүмкіндік беретін Сыр сүлейлері шығармалары); шығармашылық 
белсенділік (нəтижесі болашақ қазақ тілі мен əдебиеті мамандарына Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік мəселесін жаңа 
технологиялық 
тəсілдермен 
меңгеруі 
практикада 
жүзеге 
асыруы); 
рефлексиялық - бағалау (білім алушы жастардың тұлғалық өзін-өзі жетілдіруі); 


93 
оны сипаттайтын көрсеткіштерін эксперименттік-тəжірибе жұмысымызда 
дəлелдеуді керек етеді.
Жоғарыдағы бөлімде айтылғандай болашақ қазақ тілі мен əдебиеті 
мамандарының жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларындағы 
əдеби бейне жəне бейнелілік тəсілдерін оқытудың бастапқы деңгейін айқындау 
жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық үдерісінде жүзеге асырылды. Ол 
болашақ қазақ тілі мен əдебиеті мамандарының қазақ əдебиеті тарихында 
өзіндік орны бар Сыр сүлейлері атанған бірнеше ақын-жыраулар, жыршы-
термешілердің 
шығармаларын 
көркемдік-стильдік 
жағынан 
заманауи 
педагогикалық техниканы меңгереді, білім алушы өзін-өзі дамытады; Сыр 
сүлейлері шығармашылығын зерттеуге үйренеді, теориялық білімді практикада 
қолдана білуге, мəтінді талдауға, салыстыра зерттеу дағдыларын, мəселеге 
қатысты зерттеулермен, пікірлермен танысуы білім алушының үздіксіз өзін-өзі 
жетілдіру деңгейін анықтауға бағытталған. 
Осыған орай біздің зерттеуімізде жоғары оқу орындарында Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік тəсілдерін 
оқытудың əдістемесін жасау міндет етіп алынды. Бірақ, айту керек келесі 
тұжырымды: «Барлық ғылым салаларында кез келген зерттеу бағыттарының 
əдіснамалық негізділігі жүзеге асырылған жұмыстардың дəйектілігін көрсетеді. 
Баршамыз білетіндей педагогика мен психология зерттеу нысаны ортақ адам 
болғандықтан бір-бірімен тығыз байланысты ғылым салалары. Адам 
психикасы, оның ұжымдағы барлық тұлғалық сапалық белгілерінің көрінісін 
осы ғылымдар зерттейді. Сондықтан бұл ғылымдардың зерттеу əдістері барлық 
жағынан өзара ұқсас. Барлық алынатын ғылыми нəтижелер ақпараты, ми 
қабілетінен бастап тұлғаның даму жолдары бойынша мəліметтер осы зерттеу 
əдістері арқылы жүзеге асады. Зерттеу əдістері көмегімен ақиқат танылады, 
құбылыстардың заңдылық байланыстары айқындалады. Зерттеуші өз 
саласының əдістерін жетік жəне терең меңгерген жағдайда ғана ғылыми еңбегі 
сəтті шығатыны белгілі» 
[128]. 
Осыған орай, «Әдістеме» ұғымына сипаттама берейік, біріншіден, ол 
гректің «methodike» сөзінен жол дегенді білдіріп, екіншіден, төмендегі 
мағыналарда мазмұндалады: 1) əдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды 
зерттеу əдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пəндерден берілетін білім 
көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді əдістерін зерттейтін 
саласы [121, б.124].
 
Әдістеме білім алушыларды тəрбиелеу мен оқыту үдерістерінің 
заңдылықтарын зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пəндерді оқытудағы 
көрінісін жəне əр пəнді оқытудың өзіне тəн заңдылықтарын пəндік дидактика 
қарастырады. Бұлардың əрқайсысына тəн өзіндік ерекшеліктеріне байланысты 
оқыту əдістемелері болады.
Сыр 
өңірі 
ақын-жырауларының 
шығармашылығы 
мектеп 
бағдарламасында қарастырылып, оқып үйретілгенімен, олардың өмірі мен 
шығармашылығы жəне əдеби мұраларына жоғары оқу орындарында пайдалану 
қарастырылмаған деуге болады. Жоғары оқу орнында, біріншіден, 


94 
студенттердің Сыр өңіріндегі ақын-жыраулар шығармашылығы жөніндегі 
түсініктері кең өрісті болуы қажет. Екіншіден, Сыр сүлейлері шығармаларының 
ұлтжандылық тəрбие беру мүмкіндіктерін оқу процесінде қолдану үшін оның 
тиімді əдістемелік бағытын белгілеу қажет [126, б. 108].
 
Осы орайда зерттеу жұмысымызда жоғары оқу орындарында Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік тəсілдерін оқыту 
əдістемесін қолдану барысында «əдістеме» ұғымына берілген көптеген 
ғалымдар еңбектеріндегі анықтамаларға сүйендік:
- «педагогикалық үрдістің ұйымдастырушы-тəсілдік құралы» [129]; 

«анықталған 
жоспарлы нəтижеге жету үшін орындалатын 
процедуралардың ретке келтірілген жүйесі» жəне т.б. 
Демек, əдістеме тəрбиелеу мен оқытудың əдістері мен тəсілдерінің 
кешенін пайдалану тəртібі дегенді білдіреді. Сондықтан оқытудың əдістемесі 
-
кез келген пəнді оқытудың ғылыми дəлелденген əдістер, ережелер, тəсілдер 
жүйесі мен оқыту теорияларын қолдану болып есептеледі. Бүгінде əдістеме 
білім берудің жаңа инновациялық жəне сандық технологияларын пайдалану 
элементтеріне негізделеді. 
 
-
Болашақ қазақ тілі мен əдебиеті мамандарын кəсіби даярлау жүйесінде 
ЖОО-да Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік 
тəсілдерін оқыту əдістемесін қолдану маңызды роль атқарады. Әдістеме білім 
берудің педагогикалық жаңа технологияларын пайдалану элементтеріне 
негізделеді. 
 
-
Әдістемені жасаудың мəні болашақ қазақ тілі мен əдебиеті маманы 
ретінде білім алушының Сыр сүлейлері шығармашылығын зерттеуге үйретіп, 
теориялық білімді практикада қолдана білуге, ғылым салаларынан алған 
білімдеріне сүйеніп, əлемдік білім тəжірибелерімен сабақтаса, үйлесімде болу 
тенденциясын басшылыққа алады. Білім алушыларға «Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқыту» таңдау курсын 
оқыту барысында қазақ тілі мен əдебиеті мұғаліміне тəн іскерліктерді 
қалыптастыру. Ұсынылып отырған əдістеме ұлттық мəдениеттің дамуына 
өзіндік үлес қосып, оқытудың əлемдік білім тəжірибелерімен сабақтаса, 
үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа ала отырып, білім алушыларға қазақ 
тілі мен əдебиеті мұғаліміне тəн тұлғалық кəсіби сапалары мен іскерліктерін 
қалыптастыруға бағытталады.
Сыр сүлейлерінің шығармаларындағы дидактикалық мəселені оның 
ғибраттық үлгісін əр қырынан таныту басты міндет деп санадық. Сыр сүлейлері 
жырлаған мəңгілік тақырып адамгершілік категориялары, ар-ождан, өнегелік, 
сенімділікті насихаттайтын, дидактикалық талғамы мол мұра ретінде бағалы 
екенін байқаймыз [127, б. 298].
Зерттеу тақырыбымыздың тəжірибе-эксперименттік бөлімі Қорқыт ата 
атындағы Қызылорда универитеті 6В01721 (6В011700) – Қазақ тілі мен 
əдебиеті білім беру бағдарламасының екінші курсына арналған «Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқыту» атты таңдау курсын 


95 
оқу процесіне енгізу арқылы жүзеге асты. (Таңдау курсының оқу жəне жұмыс 
бағдарламасы қосымшада берілді). 
Біздің таңдау курсымыздың мақсаты - білім алушыларға Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқыту бойынша ғылыми-
теориялық түсінік беру. Осыған орай оқытушының алдында бірнеше міндеттер 
қойылып тұр: 
- білім алушыларға Сыр сүлейлерінің шығармашылығы, ондағы «əдеби 
бейне», «бейнелілік» категориялары жайлы білім беру; 
- қазақ əдебиеті тарихында өзіндік орны бар Сыр сүлейлері атанған 
бірнеше ақын-жыраулар, жыршы, термешілердің шығармаларын көркемдік-
стильдік жағынан заманауи педагогикалық техникамен оқыту, студенттің өзін-
өзі білімдендіруіне ықпал ету;
- Сыр сүлейлерінің мұрасының игерілуі, жариялануы жөніндегі тың 
деректер 
жайлы 
түсіндіру, 
шығармаларын 
жанрлық, 
тақырыптық 
ерекшеліктеріне қарай сараптау; 
- «əдеби бейне», «бейнелілік» ұғымдарын əдебиеттану заңдылықтары 
бойынша ғылыми-теориялық тұжырымдауға дағдыландыру; 
Күтілетін нəтижелер төмендегідей:
- білім алушыларға Сыр сүлейлерінің шығармашылығы, ондағы «əдеби 
бейне», «бейнелілік» категориялары жайлы білім қалыптасады; 
- қазақ əдебиеті тарихында өзіндік орны бар Сыр сүлейлері атанған 
бірнеше ақын-жыраулар, жыршы, термешілердің шығармаларын көркемдік-
стильдік жағынан заманауи педагогикалық техниканы меңгереді, студенттің 
өзін-өзі білімдендіреді;
- Сыр сүлейлерінің мұрасының игерілуі, жариялануы жөніндегі тың 
деректер 
жайлы 
түсінеді, 
шығармаларын 
жанрлық, 
тақырыптық 
ерекшеліктеріне қарай сараптай алады; 
- «əдеби бейне», «бейнелілік» ұғымдарын əдебиеттану заңдылықтары 
бойынша ғылыми-теориялық тұжырымдайды.
Таңдау курсының күнтізбелік жоспарындағы тақырыптар бойынша 
дəрістер оқытылып, практикалық сабақтар жүргізілді.
Аталмыш курсты меңгеру кезінде ғылыми əдебиеттерден ақпаратты 
өңдеу, курс тақырыптарына сəйкес арнайы зерттеу жұмыстарымен 
(монографиялар, мақалалар) танысу, зерттеу тақырыбына байланысты көркем 
шығармаларға жан-жақты баға беру, талдау жəне синтездеу жұмыстарды 
қарастыру басты басымдылық болып табылады.
Сабақ барысында компьютерлік техника, оқу-əдістемелік жəне қосымша 
білім беру құралдары, тыңдалым жəне айтылым дағдыларына сəйкес 
интеллектуалдық тапсырмалар дайындау, бейнеролик дайындау, СТО 
технологиясының «Раундробин» стратегиясы арқылы ғылыми хабарлама 
(жазбаша дөңгелек үстел) жəне т.б. əдіс-тəсілдер қолданылады. Таңдау курсы 
семестрдің соңында емтиханмен аяқталады. Білім алушы өз білімін пəн 
бойынша ауызша сұрақ-жауап арқылы тапсырады. Болашақ 6В01721 
(6В011700) - Қазақ тілі мен əдебиеті білім беру бағдарламасының білім 


96 
алушыларына Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне 
бейнелілікті оқыту əдістемесін жасауда маман дайындаудың дəстүрлі 
əдістемесін жетілдіру заңдылық.
Сонымен қатар оқу үдерісіндегі қойылған мақсаттың икемділігі жəне оған 
жетудегі əдіс-тəсілдердің білім алушылардың қызығушылығына, мамандықтың 
ерекшелігіне сай таңдалуы, педагогикалық үдерістің субъект-субъект 
қатынасында 
құрылуы, 
сапаны 
қалыптастыруда 
нəтижеге 
жетудің 
алғышарттарынің бірі ретінде, білім алушыға тек білімді меңгертіп қана 
қоймай, мəселеге қатысты зерттеулермен, пікірлермен танысуы, білім 
алушылардың үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге деген талпынысын туғызады жəне 
болашақ мамандығына қажетті құзыреттіліктерге қол жеткізуге септігін 
тигізеді. Мұндай жағдайда білім алушы ізденіп, алға қойған мақсатқа жетудің 
амалдары мен тəсілдерін таңдайды, оның орындалуын жəне нəтижесін 
бақылайды, өзін-өзі жетілдіреді. Университет қабырғасында алған білімі мен 
дағдысын, тəжірибесін болашақта мектептегі оқушыларды оқытып- 
тəрбиелеуде қолданады. Бұл идеяны жүзеге асыруда болашақ маман ретінде 
білім алушының жоғары оқу орнындағы оқу жəне оқудан тыс жұмыстарын 
ғылыми негізде ұйымдастыру маңызды роль атқарады.
Зерттеу тəжірибеміз бойынша білім сапасын арттыру жолдарын 
қарастыратын болсақ, арнайы курста түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, 
шығармашылық тапсырмалар қолдандық. Курсты өту барысында оқытудың 
жаңа технологияларының тиімділігін бірнеше əдіспен сараладық. Әр сабақ 
соңында Quiz тест, рефлексия, жағдаят, Case-study жəне т.б. білім 
алушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға бағытталған əдістер 
арқылы тақырыптың игерілуі мен түсініктілігі бағаланып отырды. Атап айтсақ, 
«Суреттердің қатесін тап», «Адасқан сөздер» дидактикалық ойындарында білім 
алушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. Сондай-ақ, креативті 
ойлау арқылы білім алушыларды шығармашылыққа үйретуде, тілдері мен 
ойларын дамытуда мына жұмыстарды алдық: 
1) бес жолды өлең, эссе; 
2) РАФТ, INSERT; 
3 ) қолжазба күнделігі; 
4) еркін жазу; 
5) миға шабуыл,
6) SWOT талдау 
7) «Блум таксономиясы» 
8) «Венн диаграммасы» 
9) «DEAL»
10) «ДЖИГСО» 
11)«Ақылдың алты ойлау қалпағы» сияқты стратегиялардың берері көп 
болды. 
Осы стратегиялардың кейбіріне тоқталайық:
1. INSERT. Пəнді оқу жəне онымен танысу барысында білім алушы:
«V» – «Мен білемін»; 


97 
« – » – «Мен білмеймін»; 
«+» – «Мен үшін жаңа ақпарат»; 
«?» - «Мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSERT - оқығаныңызды түсінуге, ойыңызды бағыттауға жəне өз 
ойыңызды жеткізуге үйрететін өте тиімді əдіс, себебі əңгіменің соңына тез 
жету, оқығанын есте сақтау, оның мағынасын толық түсіну – қиын жұмыс деп 
санаймыз.
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет