Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна



Pdf көрінісі
бет24/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

 
Танымдық
 
(Сыр сүлейлері шығармалары негізінде) - Сыр сүлейлерінің 
шығармашылығы туралы, оның бағыттары, өзгешелігі, жаңалығы мен жетістігі, 
ерекшеліктері мен ұқсас тұстары туралы кеңінен мəлімет алады. 
2.
 
Шығармашылық –
 
іс-əрекетті жүзеге асыруда Сыр бойы ақын-
жыраулары 
əдеби 
мұрасының 
қазақ 
əдебиеті 
тарихында 
өзіндік 
шығармашылық мектеп дəстүрін қалыптастырғандығын көрсетеді, оның 
нəтижесінде теориялық білімді практикада қолдана білуге, мəтінді талдауға 
қатысты еңбектермен жүйелі танысып, салыстыра зерттеуге дағдылану 
мүмкіндігі пайда болады. 
3. Жеке-тұлғалық бағдарланған рефлексивтік-бағалау компонентінде 
көркем туындылар туралы, ақын-жыраулар шығармашылығы туралы жан -
жақты баға беруге, талдау жасауға үйреніп, Сыр сүлейлері шығармаларын 
талдау кезінде байқалатын стильдік ерекшеліктерін түсінуге ықпал етеді.
Нəтижесі – мақсатқа тікелей байланысты мəселелерді шешу жолдарын 
түсіну.
Рефлексия – Сыр сүлейлері мұрасының игерілуі, жариялануы жөніндегі 
тың деректер жайлы түсінеді, шығармаларын жанрлық, тақырыптық 
ерекшеліктеріне қарай сараптай алады. Сыр сүлейлері
 
атанған бірнеше ақын-
жыраулар, жыршы-термешілердің шығармаларын көркемдік-стильдік жағынан 
заманауи педагогикалық техниканы меңгереді. Атап айтсақ, бұл білім 
алушылардың танымдық ойлау қасиеттері мен өзін-өзі дамыту бағытын 
анықтап, Сыр сүлейлері шығармаларындағы ұлттық рухани құндылықтарды 
дамытуға бағытталған іс-əрекеттегі олардың ішкі ресурстарын анықтайды 
[127].
Модельдегі өлшемдік бірліктер қазақ тл мен əдебиеті мамандарына Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселесін жоғары 
оқу орындарында оқыту үрдісі жағдайында тіл мамандардың кəсіби-тұлғалық 


88 
сапаларын дамытудың танымдық, шығармашылық іс-əрекеттік, жеке-тұлғаға 
бағдарланған компоненттеріне сəйкес өлшемдері мен көрсеткіштері көрсетіледі 
(кесте 4). 
Кесте 4 – Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік 
мəселесін жоғары оқу орындарында оқыту үрдісі жəне оны зерттеу əдістемелері 
арқылы болашақ тіл мамандарын қалыптастыру өлшемдері, компоненттері мен 
көрсеткіштері 
Сыр сүлейлері 
шығармаларын 
ЖОО – да оқыту 
үрдісі арқылы 
болашақ тіл 
мамандарын 
қалыптастыру 
өлшемдері, 
компоненттері 
Сыр сүлейлері шығармаларын ЖОО – да 
оқыту үрдісі арқылы болашақ тіл (филолог) 
мамандарын қалыптастыру көрсеткіштері 
Зерттеу əдістемелері 



1.Танымдық 
компоненті.
Өлшемі 
– 
мəдени таным
(Сыр сүлейлері 
шығармаларын 
ЖОО – да оқыту 
үрдісін 
жүзеге 
асыру 
қажеттілігі)
– білім алушылардың Сыр сүлейлері 
шығармашылығы, ондағы «əдеби бейне», 
«бейнелілік» категориялары жайлы танып 
білуі;
– ақындардың өлеңдеріндегі көркемдік 
құралдардың қолданысын талдай отырып, 
оның ұлттық, танымдық мəніне үңілу;
– Сыр сүлейлері қолданған бейнелілік, яғни 
образдап сөйлеу ұлттың бар болмысы мен 
дүниетанымынан 
хабардар 
ететін 
құндылығын танып – білу; – пəннің 
мазмұнындағы 
дəстүрлі 
жыраулық 
поэзияның жəне ақындық поэзияның табиғи 
сабақтастығы,
– 
көркемдік-стильдік 
жалғастық 
мəселелерін ғылыми – теориялық тұрғыда 
түсінуі;
–мəдени сөз өнерінің құндылықтарын терең 
талдауға деген көзқарас;
– өз ұлтын тіл мəдениетін терең білуге деген 
қызығушылық (қазақ əдебиетінде образ 
ұғымының маңызы білуге деген талпыныс 
жəне т. б.);
– Сыр сүлейлері жазба айтыстарындағы 
ұлттық мінез, ұлттық сипат ұғымдарын 
түсіну, оларды өмірде пайдалануға деген 
ұмтылыс);
– Сыр сүлейлерінің шығармашылығы 
туралы, 
оның 
бағыттары, 
өзгешелігі, 
жаңалығы мен жетістігі, ерекшеліктері мен 
ұқсас тұстары туралы кеңінен мəлімет алуы; 
1)
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларының кəсіби 
тұлғаның қалыптасуына 
көзқарасын 
анықтау 
үшін 
жоғарғы 
оқу 
орнының 
оқытушыларына 
дайындалған сауалнама.
2)
Студенттердің 
«Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы 
əдеби 
бейне 
жəне 
бейнелілік» туралы білім 
деңгейін 
анықтауға 
арналған 
авторлық 
сауалнамасы. 
3)
Студенттерге ЖОО – 
да 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы 
əдеби 
бейне 
жəне 
бейнелілікті 
оқытудың 
маңыздылығын 
анықтауда 
авторлық 
сауалнамалар жүргізу. 
4) 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы 
əдеби 
бейне 
жəне 
бейнелілікті контент – 
талдау əдісі.


89 
4 – кестенің жалғасы 



2. Шығармашылық–
іс-əрекеттік 
компонент. 
өлшемі
–шығармашылық 
белсенділік
 
(тілдік – 
мəдени қатынасы) 
Білім алушылар Сыр бойы ақын – 
жыраулары əдеби мұрасының қазақ 
əдебиеті 
тарихында 
өзіндік 
шығармашылық 
мектеп 
дəстүрін 
қалыптасқандығын 
көрсетеді, 
оның 
нəтижесінде 
теориялық 
білімді 
практикада қолдана білуге, мəтінді 
талдауға қатысты еңбектермен жүйелі 
танысып, 
салыстыра 
зерттеуге 
дағдылануы,
– болашақ тіл мамандарына Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы 
əдеби 
бейне мен бейнелілік мəселесін жаңа 
технологиялық əдіс-тəсілдермен меңгеруі 
практикада жүзеге асады.
1)
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы 
əдеби 
бейне 
жəне 
бейнелілікті ЖОО – да 
интербелсенді оқытудың 
тиімді 
жаңашылдық 
əдістері 
мен 
технологияларын 
контент -талдау.
3. Жеке - тұлғалық 
бағдарланған 
компонент.
өлшемі – рефлексивті 
бағалау 
арқылы 
ұлттық болмыс пен 
кəсіби өзін – өзі 
жетілдіру 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы 
бірнеше 
ақын 
– 
жыраулар, 
жыршылардың шығармаларына жаңаша 
көзқараспен жан-жақты баға беріп
шығармаларына талдау жасай отырып 
білімдерін жинақтау;

рефлексия 
нəтижелері: 
Сыр 
сүлейлерінің 
мысал, 
айтыс, 
дастандарындағы 
əдеби 
бейненің 
көрінісін өсиеттік, аңыздық, дастан 
хикаялық, мысал айтыстар деп топтап 
талдау, үйрену. Т. Ізтілеуовтің «Лұқпан 
Хакім», «Ата мен бала», Ш.Омарының 
«Маймыл», «Жарлы Тəліп», Жүсіп 
Қадірбергенұлының 
«Ағайынды 
үш 
жігіт», 
«Жүкті 
қыз», 
Бұдабай 
Қабылұлының, 
Ү. 
Жұманазардың, 
Т. Үркімбаевтың, мысалдарын ғылыми 
талдауы;
– көркем туындылар туралы, ақын-
жыраулар шығармашылығы туралы жан 
– жақты баға беру, талдау жасау; 

Сыр сүлейлерінің шығармаларын 
жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне 
қарай сараптап түсіндіру тəсілдерін 
талдау;
– оқыту үрдісінде студенттерге өзін 
жетілдіруге мүмкіндік беретін ұлттық – 
мəдени – қарым – қатынас жүйесі.
Өзін – өзі жетілдіру.
А. Маслоу.
Болашақ 
тіл 
мамандарының 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы 
əдеби 
бейне 
жəне 
бейнелілікті меңгеруін 
білдіретін кəсіби мəнді 
қасиеттерін анықтау.
Кестеде келтірілген əдістердің Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне жəне бейнелілік мəселесін жоғары оқу орындарында оқыту үрдісі жəне 
оны зерттеу əдістемелері арқылы болашақ тіл мамандарын қалыптастырудың 


90 
компоненттері мен критерийлері жəне олардың эксперименттік іс-əрекеттегі 
көрсеткіштері анықталды.
Жоғарыда 
аталған 
критерийлер 
бойынша 
Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселесін жоғары оқу 
орындарында оқыту арқылы болашақ тіл мамандарын қалыптастырудың 
танымдық, Сыр бойы ақын-жыраулары əдеби мұрасының қазақ əдебиеті 
тарихында 
өзіндік 
шығармашылық 
мектеп 
дəстүрін 
қалыптастыру 
қажеттілігінің болуы негізінде жүзеге асырылады. Білім алушылар Сыр 
сүлейлерінің шығармаларын қолдана отырып, болашақ қазақ тілі мен əдебиеті
мамандығы мамандарының қалыптасу дəрежесін сипаттайтын негізгі 
компоненттер мен өлшемдерге сəйкес келетін көрсеткіштерді анықтауға 
мүмкіндік берді. Олардың негізінде Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне жəне бейнелілікті (жоғары, орта, төмен) оқыту арқылы білім 
алушылардың Сыр сүлейлері атанған бірнеше ақын-жыраулар, жыршылардың 
шығармаларына жаңаша көзқараспен жан-жақты баға беріп, шығармаларына 
талдау жасай отырып алған білімдерін жинақтап, білім алушылардың кəсіби, 
коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мəдени жəне əлеуметтік-қызметтік 
құзіреттілігінің қалыптасу деңгейлері анықталды. Олардың төмен, орта, жоғары 
деңгейлері төмендегі кестелерде айқындалған

əрі қарай біз үш деңгейдің 
сипаттамаларын ұсынамыз (кесте 5).
Кесте 5 – Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік 
мəселесін жоғары оқу орындарында оқыту үрдісі арқылы болашақ тіл 
мамандарының қалыптасу деңгейлері 
Деңгейлері 
Негізгі 
көрсеткіштері 
Жоғары 
Орташа 
Төмен 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет