Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна


Оқу фрагментінің  атауы/ мазмұны



Pdf көрінісі
бет29/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

 
Оқу фрагментінің 
атауы/ мазмұны
 
Интеракция
 
Оқу 
фрагменті-
нің əдісі 
Оқу фрагментінің 
мақсаты
 
Уақыты 

Кіріспе сөз 
 
Оқытушы/ 
Студент 
Сұрақ 
– 
жауап 
Өткен сабақтарға шолу, 
жаңа 
сабақпен 
байланыстыру 
7 мин. 

Танымдық 
сұрақтар
 
Оқытушы/ 
Студент 
Сұрақ 
– 
жауап
Білім 
алушылардың 
жаңа тақырыпқа зейінін 
аударту 
7 мин. 

Базар 
жырау 
толғауларындағы 
персонаждар жəне 
оны 
оқыту 
ерекшелігіне 
тоқталу 
 
Оқытушы/ 
Студент 
Консилиум Талдау Базар жырау 
толғауларындағы 
персонаждарға талдау 
жасау 
5 мин 

Базар 
жырау 
толғауларындағы 
табиғатын ашу 
 
Оқытушы/ 
Студент 
Консилиум Талдау «Базар жырау 
толғауларына» 
жанрлық талдау жасау 
5 мин. 

Базар 
жырау 
толғауларындағы 
тарихи 
маңызын 
саралау. 
Оқытушы/ Студент 
Консилиум
 
Оқытушы/ 
Студент 
Консилиум Талдау «Базар жырау 
толғауларындағы 
деректермен жұмыс
5 мин 

Көрнекілік
 
Оқытушы/ 
Студент
Талдау 
Базар 
жырау 
толғауларымен жұмыс 
жасау 
6 мин 

Тапсырма 
 
Студент
Эссе 
«Базар жырау толғау – 
термелеріндегі ұлттық 
болмыс» тақырыбында 
эссе 
жазу. 
Эссе 
барысында 
білім 
алушыларға 
Базар 
жырау 
толғау 
– 
термелері тыңдатылады 
13 мин. 

Кері байланыс
 
Оқытушы/ 
Студент 
Сұрақ 
– 
жауап
Білім 
алушылардың 
рефлексиясы 
2 мин 

Қорытынды
 
2 мин 


105 
Сабақ соңында білім алушылардың эссесі консилиумға қатысқан 
оқытушыларға тексеруге берілді. Сабақтың Smart мақсаты жоспар бойынша 
толық орындалғаннан кейін сабаққа қатысушы оқытушылардың пікірі 
тыңдалып, қажеттіліктері бар білім алушыларға интенсивті, арнайы қолдау 
көрсету жөніндегі ұсыныстары айтылады. Практикалық сабақ тақырыбына 
деген білім алушылардың рефлексиясы жақсы нəтиже берді. Білім алушылар: 
«Тақырыпты игеру барысында қолданылған Базар жырау толғау-термелері 
ұлттық болмысымызды аша түсті, Базар жырау толғау-термелері аудиторияға 
жағымды атмосфера тудыртты, ұлттық санамызға, рухани дамуымызға, тілге, 
жерге, елге деген құрметімізді, сезімімізді оятып, эссе жазуға ықыластарын 
арттырды. Ал көпшілік студенттер «Базар жырау толғау-термелері ұлттық сана-
сезімді қалыптастырады», – деген пікір білдірді. Білім алушылардың пікірлерін 
анықтау мақсатында төмендегідей сауалдар қойылды: – Базар жырау толғау-
термелеріндегі əдеби бейне жəне бейнеліліктің ерекшелігі неде? – Базар жырау 
толғау-термелерінің жанры қандай? – Базар жырау толғау-термелеріндегі 
ұлттық болмыс ретіндегі маңызы? – Сабақ барысында қаңдай тың мəліметтер 
алдым? - Сабақ сізге ұнады ма? – Сабақ тақырыбының Сіз үшін қандай маңызы 
болды? - Сабақтан кейінгі көңіл -күйлеріңіз қандай жəне т.б. Пəннің мақсаты 
мен міндетін орындап, оны білім алушыларға өз деңгейінде игертуде БАОӨЖ, 
БАӨЖ сабақтарының тиімді ұйымдастырылуы да маңызды.
Мұндай жұмыс түрлерінің нəтижелі болуы білім алушылар мен 
оқытушылардың кəсіби шеберлігіне байланысты. Сабақтан тыс жұмыстарда 
əдеби пікірлер сайысы, конференция, кездесулер, поэзия кеші, əдеби 
апталықтар, ашық пікір, жоба қорғау, термелер тыңдау, іскерлік ойындар, 
диспут, мұражайлық сабақ, есеп беру, көркем сабақ, іздендіру сабағы, ғылыми 
семинарлар, т.б» [136] – деген пікір білдіреді. Сондай-ақ ғалымдар оқу-
танымдық өзіндік жұмыстарды дидактикалық шарттары мен ерекшеліктеріне 
орай бірнеше топқа жіктеп көрсетеді:
1. Жаңа теориялық материалды, білімді меңгеруге арналған өзіндік 
жұмыстар. Өзіндік жұмыстардың бұл тобының дидактикалық шарттары мен 
ерекшеліктері теориялық білім, оның кəсіби сипатына байланысты анықталады. 
Мұндай жұмыстарға: жоспар құру, тезис, конспект жасау, логикалық сұрақ – 
тапсырмаларды орындау, эссе жазу, Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне, бейнелілік тəсілдерін талдаған ғылыми түсініктерді талдау.
2. Түпнұсқа шығармаларға сүйене отырып, жаңа практикалық білім алу.
3. Креативті бағыттағы өзіндік жұмыстың мақсаты – оқу материалдары 
негізінде шығармашылыққа ұмтылу жəне сол арқылы жаңа нəрселерді ашу, 
жаңа материалды меңгеру. Дəрісханадан тыс жұмыстың бұл түріне Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелеу туралы материал 
жинақтау, іріктеу, қорытынды жасау, талдау, əдіс-тəсілдер жатады. Оның 
қажетті жобалық жұмыстармен дидактикалық байланыста маңызы зор.
Жұмыстың қорытындысына байланысты сабақта конференция, хабарламалар, 
баяндамалар жасалынды [137].


106 
Бүгінгі күні бүкіл дүниежүзілік білім беру тəжірибесіне сүйенсек, 
жылдам қарқынмен оқыту үрдісін жетілдіруде білім алушылардың өз бетінше 
білім алу жəне білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға баса назар 
аударылуда. Оқытушылар білім алушылардың өзіндік жұмыстарын орындау 
барысында білімді жеке тұлғаға бағыттап оның қабілетін, дарынын дамытуға, 
білім алушылардың өздігінен білім алуына ықпал етуі тиіс. Пəнді оқытуда 
қалыпты сабақ беру əдісін жаңа мазмұнда ұйымдастырып, тиімді əдіс-тəсілдер 
мен озық технологияларды пайдалану, студенттердің өздік жұмысының сапалы 
болуына, өзіндік жеке тұлға болып қалыптасуына əсер етеді. 
Өзіндік жұмыстары үлкен тəрбиелік мəнге ие, ол болашақ ұстаз тұлғасын 
қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Оқытушылар болашақ мамандар 
даярлауда білім алушылардың өзіндік жеке тұлға болып қалыптасуын басты 
назарда ұстау керек. 
Педагогикада өзіндік жұмыс деп берілген тапсырманы оқытушының 
басшылығымен, оның тікелей қатысуынсыз, білім алушылардың өздері 
атқаратын жұмыс түрлерін айтады. Білім алушылар өзіндік жұмыстарды 
орындай отырып, сыни жəне шығармашылық ойлауы дамып, түрлі ақпарат 
көздерінен белгілі тақырыпта жаңа ақпарат таба білуге, өз ойын, пікірін қосуға 
үйренеді. Сондықтан да берілген өздік жұмысы тапсырмасының мазмұны 
мəселелік жағдаят туғыза отырып, студенттердің ойлау қабілетін дамытуы тиіс. 
Өзіндік жұмыстың тиімділігі оны дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін 
мынадай жағдайларды ескерген жөн: 
- білім алушылардың өздік жұмыстарын жоспарлау, тақырыбын белгілеу; 
- өздік жұмыс мазмұнын түрлендіру; 
- пайдаланылатын əдіс-тəсілдерін анықтау; 
- білім алушылардың жұмыстарына бағыт беріп, басшылық жасау; 
- жұмысты тексерудің тиімді тəсілдерін белгілеу; 
- өздік жұмыстың қорытындыларын шығару. 
Білім алушылардың қандай əдіс-тəсілдерді пайдаланатынын анықтап, 
жұмыстарына бағыт беріп отыру керек. Сондай-ақ, барлық білім алушылардың 
жұмыстарына бірге қорытынды шығарып, кеткен қателері болса түзеп, əр 
уақытта оқытушы басшылық жасап отыруы тиіс. Оқытушының басшылығымен 
жүргізілетін білім алушының өз бетінше жұмысы екі қызметті атқарады: 
кеңесшілік жəне бақылаушылық. Білім алушылардың өзіндік жұмысының 
кеңесшілік қызметі: 
- үйге берген тапсырманы орындауда көмек көрсетеді; 
- БАӨЖ тапсырмасына қажетті əдіс-тəсілдерін таңдауға көмектеседі; 
- білім алушыны ізденушілік, шығармашылық жұмыстарға бағыттайды. 
Білім алушының өзіндік жұмысының бақылаушылық қызметі: 
- білім алушының жұмысын бақылауға мүмкіндік беріледі; 
- білім алушының жеке, дербес, дара ерекшеліктерін тануға жол ашылады 
[138]; 
Төмендегі кестеде 2-курс білім алушыларының өзіндік жұмыстарының 
бірі ретінде дипломдық тақырыптарына орай, өндірістік практикада «Сыр 


107 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелікті оқыту» курсы 
бойынша мектептің жаңа оқу бағдарламасына сəйкес сабақтастыра отырып 
құрған қысқа мерзімді жоспарларын мысал келтіре отырып айтуға болады. 
БАӨЖ тапсырмасына орай жасалған студенттердің ҚМЖ үлгісін (қосымшада) 
ұсынып отырмыз. 
Білім алушылардың білім, білік, дағдыларын бақылауға ҚМЖ үлгілері 
арқылы кеңінен мүмкіндік ашылады. Білім алушылардың өздік жұмысын 
ұйымдастыруда əр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Бұл тапсырмалар 
белгілі бір шығармашылық жұмысқа бағытталады немесе ғылыми жұмыстың 
бір бөлігі ретінде орындалады. Оқытылатын пəннің тақырыптары əрбір 
жекелеген модульге байланысты болып келеді. Оқыту үрдісінде білім 
алушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың басты негізінде оқытудың 
модульдік технологиясы үлкен мəнге ие. Әр модульдің тақырыптары мен 
материалдары алдыңғы модульге негізделеді, оны жүйелей отырып, бекітеді. 
Сонымен қатар БАӨЖ ұйымдастыруда əр студенттің игеріп жатқан 
мамандығына сəйкес əр түрлі тақырыптар мен тапсырмаларды ұсынуға болады.
Біз қарастыратын келесі ақпapaттық-кoммуникaциялық тexнoлoгиялap 
(АКТ) қазіргі кездегі жоғары оқу орнының бітіретін мамандарға қойылатын 
жоғары талаптардың бірі, жаңа форматтағы ұстаздар дайындауда кеңінен 
қолданылатын жаңашылдық бағыттардың бірі. 
Ақпаратты табу, құрастыру жəне мəліметтермен жұмыс істеу, сыни 
ойлауын қалыптастырып, құрал-жабдықтардың, қосымшалардың үлкен 
мүмкіндіктерін пайдаланып, соның негізінде өз жұмысын бағалау жəне өзін-өзі 
кəсіби жетілдіруге мүмкіндік береді.
Курсты өту барысында оқытудың жаңа технологияларының тиімділігін 
бірнеше əдіспен сараладық. Әр сабақ соңында Quiz тест, рефлексия, жағдаят, 
Casestudy жəне т.б. білім алушылардың белсенділігі мен қызығушылығын 
арттыруға бағытталған əдістер арқылы тақырыптың игерілуі мен түсініктілігі 
бағаланып отырды. 
Білім алушылар арасында оқырмандар конференциясын құру олардың 
жылдам ойлай алу қабілеттері мен сөйлеу машығын қалыптастырады. 
Пікірталас арқылы Т. Ізтілеуовтің «Тұтқын қыз», «Мəрді диқан», «Данышпан 
қарт», «Шахнама» дастандарындағы көркем образдардың ерекшелігіне талдау 
жасалды. Әрбір сабақтың нəтижесін анықтау мақсатында білім алушылармен 
кері байланыс орнатып отыру шарт. Ал аудиториядан тыс БАӨЖ сабақтарын 
ұйымдастыру, сол арқылы білім алушылардың зерттеушілік қабілетін арттыру, 
оларды жоба жазуға дағдыландыру арқылы əрбір сабақтың оңды нəтижесін 
береді. Студенттерді эссе, жоба жазуға машықтандыруда Case – study əдісінің 
маңызы зор. Бұл əдіс бойынша сабақ ұйымдастыруда оның жоспары мен 
бағытын айқындап алу маңызды.
Кейстің атауы: «Шораяқтың Омары мен Кете Жүсіп шығармаларындағы 
типтік образдар жəне характер».
Пəні: «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік 
мəселесін оқыту».


108 
Тақырыбы: «Шораяқтың Омарының «Өсиет», «Жарлы Тəліп», «Қара 
шекпен» мысалдарындағы типтік кейіпкер» (сурет 6). 
Бағыты: «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет