Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет19/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

1. Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды тандай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);
3. Педагогикалық шығармашылық (шығармашылык талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);

  1. Пәндік білім (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);

  2. Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін кабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалык

бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық).
Оқыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын, тәсілдерін, казіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық шеберліктің негізін құрайды.
Педагогикалық (білім беру) технология.

  1. кәсіби педагогтің басқаруымен жүргізілетін оқушылардың (студенттердің) өзіндік және өзара білім алу процесі, оқу жоспары мен оқу бағдарламасында анықталған білім мазмұны мен әрекет түрлерін меңгеруіне байланысты олардың жұмысының әрбір сатысында болатын өзгерістер мен түрленулер;

  2. студенттерді педагогикалық мамандықтарға кәсіби дайындауға анрналып бағытталған оқу (ғылыми) пәні;

  3. дәстүрлі педагогикада:

а) іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру және оны жарақтандыру;
ә) өте аз шығынмен нәтиже алуға мүмкіндік беретін бірізді амалдар;
б) педагогикалық проблемаларды әдіснамалық деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін педагогикалық категория;
в) педагогика, оқу процесін толық басқаруға мүмкіндік беретін жүйелі ойлау тәсілін енгізу;
г) орындалуы кепілдікпен педагогикалық мақсаттарға алып келетін әрекеттің тәртіптелген жүйесі;
д) дидактикалық инфрақұрылым, яғни оқытудың техникалық құралдарын немесе компьютерлерді пайдалану, сонымен бірге пайдаланылған әдістердің көмегімен білім берудің тиімділігін арттыратын ықпалдарды талдау жолымен білім беру процесін оңтайландыру тәсілдерін жасақтау және принциптерін анықтау:
е) педагогикалық шеберлік;
ж) оқыту мен тәрбиелеудің бірегей әдістемелері;
з) дәл берілген мақсаттары мен оған жету жолдарын нақты анықтауға және сипаттауға болатын оқу процесін басқару бағытындағы дидактикалық проблемаларды шешу.
Педагогикалык шығармашылық- педагогикалық шеберліктің маңызды және белгілі құрамдас бөлігі. Оның маңыздылығы оқыту мен тәрбиенің жоғары дәрежелі нәтижесінде және «мұғалім-оқушы» жүйесінің оңтайлы карым-катынасы нәтижесінде ғана ашылады.
Педагогикалык шығармашылықта әр түрлі проблемалы жағдайлардың пайда болуы және оларды педагогтың өз көзқарасы мен стандартты емес тәсілдермен шешуге ұмтылуы шартты. Нақты шығармашылық ақпараттың толықтығы және педагогтың оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалык өзара әрекеттесудің әр түрлі құралдары, формалары мен тәсілдерін тиімді және жаңаша колдану негізінде қаланады.
Педагогикалық стиль - педагогты (бір мектептің) өзге педагогтардан ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады.
Әр педагогтың оқу-тәрбие процесін үйымдастыру сипаты өзгеше болып келеді. Оны оқушылар байқайды. Оңтайлы сипат әлемдік позициядағы көрегенділікпен, үнемі өз-өзін жетілдірумен, жұмысқа, өзіне, тәрбиеленушілерге деген дұрыс қатынасының әр алуан бағыттылығымен сипатталады. Психологиялық-педагогикалық өзара катынасқа түсе отырып, педагог-гуманистің өзіндік танымы мен рефлексиялық қабілеті ашылады.
Аттракция (латын тілінен аиғапыс - тартылыс) - педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу кабілеттілігі.
Эмпатия- педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру.
Рефлексия - педагогтың өзін, езінің психикалык жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.
Жоғарыда аталып өткен қасиеттерді өз бойынан таба білетін педагогтың мәдениеттілігі, оның педагогикалық тындай және тыңдата білу әдісі бойынша ерекшеленеді. Күнделікті кызметте өзіндік сыншылдық негізінде ол өзінің және өзгенің әрекетін бағалай білетін жағдайда болып педагогтың оқу-тәрбие міндеттерін сәтті шешуіне мүмкіндік береді.
Білім сапасын дамытудың негізгі көрсеткіші мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты өрнектеледі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі келесі педагогикалық шарттарды жүзеге асыруы барысында дамытылады:
Мақсаттылық - мұнда мұғалім іс рекетіндегі саналы мақсат, әдістер, әрекеттердің тиімді түрлері таңдаланып анықталады да, күтілген нэтижелерге іс әрекет пен оқыту нәтижесінің корытындыларын салыстыру әрі басқару құралы кызмет атқарады.
Тұлғалық - әрекеттік. Мұнда жобалауда койылған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен, әріптестерімен педагогикалық ұтымды қарым-қатынастарды тағайындаумен байланысты іс-әрекеттер қамтылады. Ең бастысы, тындаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ететін өзіндік жұмыстарға ерекше назар бөлінеді.
Процессуалдық. Мұнда білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінде білім беру іс әрекетінің арнайы ұйымдастырылған үрдісі ретінде қарастырылады және оқытудың топтық форма мен бірлескен іс әрекетке бағдарлануын талап етеді.
Басқарушылық. Бүл жерде білім арттыру курстарындағы оқыту үрдісін рефлексивтік түрде баскаруды мұғалім-мазмүндаму деп қарастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандыгы. Бұл дүниеде теңдесі жок мамандық тек мүғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған
арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім енбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы кыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңцай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.
Төртінші кыры - байқағыштық сезімі және көрегендігі.
Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы. ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет