І. ОЙЫНШЫҚТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, ОНЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МӘНІ
1.1 Ойыншықтың пайдасы мен зияны, оларды таңдай білу
Біздің елімізде ойыншық жасау мемлекеттік іс болып табылады. Ойыншық такырыптарына талдау жасау, оларды көркемдеу балалардың психо-логиясын, ойыншыктың баланы тәрбиелеуші және амыт ықпалын ескере отырып, ғылыми негізде жүргізіледі. Ойыншықтың өмірлік мәні. Е.A.Аркин ойыншыққа өте көп мән берді: Баланы сезімге бөлейді * Айырылмас, тыңдайтын дос.
* Балаға ақыл береді. Ойыншықтың жасалу жолдары мен сапасы.
Ойыншықтар бөлінеді:
1. материалмен
2. дайындалуы бойынша(халықтық, қолдан жасалған)
3. дайындалуы бойынша(А.С.Макаренко)
4. әр түрлі ойындарда қолданылады:
* сюжетті-бейнелі
* техникальқ құрылыс дидактикальқ спорттық музыкалды театр
* ойыншық ермектер
* маскарадтық-шыршалық
Ойыншық икемді болуға, балалардың алуан түрлі әрекеттер жасауына мүмкіндік беретіндей болуы тиіc. Жануарлардың, қуыршақтардың, т. 6. cipeскен кескініндегі ойыншыктар бұл талапка сай келмейді.
Ойыншықтарда түп нұска ақжарқын әзілмен, көңілді, кызғылыкты, бірақ келекеге, каррикатураға айналдырылмай бейнеленуі мүмкін. Ойыншык типтілікті бейнелеуге, жаксы көркемделген болуға тиіс.
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар оларды пайдаланудың қауіпсіз болуын көздейді. Олар берік және қауіпсіз бояулармен сырланады және гигиеналық өндеуге (жууға, дезинфекцияланған ерітіндімен сүртуге, үтіктеуге) оңай болуы керек. Ойыншык жасау -- баланы куанышқа бөлейтін еңбек. Ойыншық жасay үшін мата, пласмасса, т. б заттар қолданылады. Қолдан жасалатын ойыншыктар үшін табиғи материал кеңінен пайдаланылады.
Қазіргі заманда балардың ойнайтын ойыншықтары сын көтермейді. Көптеген фирмалар ақша табу мақсатында ойыншықтардың сапасына мән бермейді. Техниканыңдамыған заманында ойыншықтардың сапасы мен бет-бейнесі өзгерді. Педагог және психологтардың зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі ойыншықтар тек баланың денсаульғына зиян келтіpіп қоймай,оның жүйкесіне де әсер етеді. Мысалы: Дүкен сөрелеріндегі толып тұрған неше түрлі құбыжық ойыншықтарды көресің. Бала түгел үлкен адам да ойыншықтарды қолға алуға қорқады.
Біздің елімізде ойыншық сатуда Қытай елінің ойыншықтары жаулап алды десек де болады. Өйткені олар арзан болғандықтан, барлық адамдар осындай ойыншықтар алады. Ал екіншіден ата-аналар балаларына алатын ойыншықтың сапасына көп көңіл аудармайды. Сапалы ойыншықтар әрине, қымбат тұрады. Қазақстанға ойыншықтар 30 жуық елдерден әкелінеді.
Соның ішіндегі бірінші орында Қытай ойыншықтары. Өткен жылдың қортындысы бойынша біздің елімізге шет елдерден келген 180 мың ойыншықтардың гигеналық талаптарға сай жасалмағаны анықталды. Соның ішінде 93 мыңның 242 ойыншықтың түрі сауда айналымынан алынып тастады.
Бояуы тым қанық, алыстан мен мұндалап тұрған ойыншыкқтардан сақтанған жөн. Себебі бояудың Құрамында фенол, формальдегид, қорғасын эелменттері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал.
Баланың ең алғашқы ойыншығы – сылдырмақ. Ежелгі Грекияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Сонымен бірге ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген.Ең ежелгі ойыншық б.з.д III ғасырда пайда болған. Ежелгі ойыншықтарды ағаштан,саздан,сүйектен және металдардан жасаған.
Ойыншық – нәзік зат болғандықтан оның өмірі де қысқа,сондықтан ойыншықтың пайда болған уақыты да белгісіз.
Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі, белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады.
Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.
Ежелгі славян халқында көптеген жылдар бойы табиғат анаға құрбандық шалу рәсімі болған. Құрбандыққа тек әйелдерді шалған. Осындай азаптан әйелдерді құтқару үшін бір шебер адам құрбандыққа тірі әйелдің орнына қуыршақ шалуды ұсынады.Сөйтіп ең алғашқы славян халқының қуыршағы осылай пайда болған. Қызықты мәлімет!
Ежелгі грек қыздары тұрмысқа шыққанша қуыршақтарымен ойнап, тұрмысқа шығу салтанатында Гера, Артемида және Афродита құдайларына қуыршақтарын сыйға тартқан.
Ойыншықтар қашан пайда болды?
Болжамдар бойынша ойыншықтар алғашқы адамдар дәуірінде пайда болды деуге де болады. Архелогтар қазба жұмыстары кезінде көне молалардан адамдармен бірге әртүрлі ойыншықтардың да жерленгені анықталды.Ежелгі грек балаларының сүйікті ойыншықтары ат бейнесі ағаштан,саз балшықтан жасалынған.
Ойыншыққа қойылатын негізгі талаптардың бірі:
Мазмұнының идеялық бағыты, адамгершілік тәрбие міндеттеріне сәйкестігі. Ойыншықтарда Қазақстан халықтарының өмірі, бейбітшілік, еңбек, адамға жағымды көзқарас, адамдардың балалардың осы заманға көлік құралдарымен, байланыс құралдарымен танысуына мүмкіндік беретін техникалық ойыншықтар.
Балалардың ой-өрісін кеңейтеді.
Дербестін дамытады.
Заттар мен құбылыстарға ықыласын тәрбиелейді.
Достық қарым-қатынас қалыптастырады.
Өз әрекеттерін үйлестіру қабілеті қалыптасады.
Ойыншықтардың маңызы.
Ойыншықтың жасалуына қойылатын талап:
Ойыншықтардың түсінігі және қызықты болуы,ол балалар өмірін, оқиғаларын шығармашылықпен бейнелеуге, бірлесіп ойнауға ықыласын күшейтеді,бірлескен ойындарда достық қарым-қатынас, өз тілегін құрдастар тілегімен үйлестіре білу, ұйымшылдық,өзара көмек,әділдік, адалдық қасиеттері қалыптасады.
Ойыншықтардың талаптары
Идеялық бағыты, тәрбие міндеттеріне сәйкестігі
Балалар өміріне қауіпсіздігі
Икемді болуы
Жууға, дезифекциялауға өтектеуге мүмкін болуы
Жақсы көркемделуі
Ойыншық түрлері:
Образды ойыншықтар
Техникалық ойыншықтар
Ермек ойыншықтар
Спорттық ойыншықтар
Театр ойыншықтары
Қолдан жасалған ойыншықтар
Шырша ойыншықтар
Музыкалық дыбыс шығаратын ойыншықтар
Гигиеналық талап!
Олардың балалар өміріне қауіпсіз болуын көздейді. Олар балалардың денесін зақымдайтын үшкір немесе қыры жұқа болмауы керек. Берік және қауіпсіз бояулармен боялады және гигиеналық өңдеуге, жууға, дизифекцияланған ертіндімен сүртуге,өтектеуге оңай болуы тиіс.
Алғашқы пүліш аю 1894 жылы пайда болды. Бұл ақпарат оның табанына тігілген жапсырмамен расталады. Таңқаларлық жайт, алайда алғашқы пүліш аю әлі күнге дейін бір отбасында өмір сүріп келеді.
Кубик Рубикті Венгрияда мүсінші болып жұмыс істейтін Эрно Рубик ойлап шығарған. Әлемде осындай кубиктердің 300 миллионға жуығы сатылған. Егер олардың барлығы бір қатарға тізіп қоятын болсақ, онда олар Солтүстік полюстен Оңтүстік полюске дейін созылады екен.
Ең қымбат кейіпкер – Микки Маус, ол 1939 жылы шығарылған. Бұл қуыршақ 1998 жылы бір аукционда 83,5 мың долларға сатылған. Сатылған мүсін Микки Маустың қазіргі бар түр-тұлғасынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Ойыншықтың қолдары ұзын, бет-әлпеті де басқаша және құлақтары да сол типтегі заманауи ойыншықтардағыдай емес, басқаша орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |