Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ойыншық. Ойыншықтың түрлері Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»


Ойыншықтың түрлері және оған қойылатын гигиеналық талаптар



бет6/11
Дата23.03.2023
өлшемі83,79 Kb.
#75820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ІЗІМОВА ИНАБАТ

2.2 Ойыншықтың түрлері және оған қойылатын гигиеналық талаптар

Одан кейінгі жастарда бала айналасын тереңірек танып, біле бастайды, қимыл-қозғалыстары реттеліп, тіл дами бастайды. Сондықтан бұл жастарда біраз күрделірек, түсіну үшін ойлану қажет ететін әртүрлі мозайкалар, таяқшалар мен кубиктер, құрылыс материалдары, дамыту ойыншықтары қолданылады. Мектепке дейінгі жастардағы балалар белгілі роль атқаратын ойындарға (апа, әже, дәрігер, мұғалім т.б.) көше бастайды, бұл жастарда көбінесе ұжымдық ойындарға арналған ойыншықтар пайдаланылады.


Балалардың морфофункционалдық ерекшеліктеріне, білім, интеллектуалдық деңгейлеріне сәйкес, ойындар мен ойыншықтар 5 топқа бөлінеді: бір жасқа дейінгі сәбилерге (ерте жас) арналған ойыншықтар; бір жастан үш жасқа дейінгі (ясельдік жас); үш жастан алты жасқа дейінгі (мектепке дейінгі жас); алты жастан он жасқа дейінгі (бастауыш мектеп жасы) және оннан он төртке дейінгі аралық (орта мектеп жасы) деп бөлінеді.
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау Денсаулық сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі. Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар, шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі заттардың барлығына келісім беру жатады. Көбінесе, экспертті баға беру ғылыми зерттеу институтына және ірі СЭС-ға міндеттеледі.
Ойыншықтарға күнделікті бақылауды СЭС жүргізеді және ойыншық шығаратын өндіріс орындары мен оларды халыққа тарататын дүкендерді бақылап отырудан тұрады.
Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізі талаптары төмендегідей болып келеді:

  1. Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық құжаттарына санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының дұрыс деп қойған қортындысы бар ойыншықтар ғана жатады;

  2. Ойыншық жасаумен айналысатын жұмысшыларға, тамақ өнеркәсібінің, су құбырларының балалар мекемелерінің қызметкерлеріне қойылатындай талаптар қойылады. Жұмысқа түсер кезде олар дәрігер терапевтің жалпы тексеруінен өтуі керек және туберкулез ауруына тексеріледі, әрі қарай жылына бір рет дәрігерлік тексеру-ден өтіп отырады;

  3. Ауызға тигізетін ойыншықтарды дүкеншілердің тексеріп беруіне тиым салынады. Ол үшін, ауамен үрленетін арнаулы қондырғы болуы керек;

  4. Сатылып кеткен ойыншықтарды ақауы (дефектісі) барынан басқасын қайта қабылдауға болмайды;

  5. Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық заттар бөлмеуі керек. Өтелдерді ойыншық өндірісінде пайдалануға тиым салынады;

  6. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан, түкті резеңкеден және металлдан жасалған лақтыратын снарядттарды (барлық жастағы балаларға) жасауға тиым салынады;

  7. Ойыншықтың ішін толтыруға арналған материалдар, т.б. ойыншық жасауға пайдаланылатын жүн, терілер залалсыздандырылған болуы керек;

  8. Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам залалсыздандырылатын материалдан да-йындалуы керек;

  9. Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы керек. Үшкір жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі керек;

  10. Ойыншықтың салмағы, өте ірі ойыншықтардан басқа, 7 жасқа дейінгі балалар үшін - 400 гр, 7-ден 10 жасқа дейінгі балалар үшін - 800 гр аспауы керек;

  11. Суық қаруды бейнелейтін ойыншықтардың үшкір және өткір бөлшектері болмауы керек;

  12. Боялған ойыншықтар, түссіз лакпен қапталуы керек. Олардың беті тегіс, жарылмаған болуы керек;

  13. Жеті жасқа дейінгі балаларға арналған электірлі ойыншықтардың күшінің қуаты 12 вт, ал, 7 жастан жоғары балаларға 18 вт аспауы керек.

Зерттеулерге арналған ойыншықтардың үлгісі он күннен ерте және 30 күннен кейін қалдырмай, пайдаланылғаннан кейін, саны 5 данадан кем болмай тексерілуге жеткізілуі керек. "Санитарлық ережелерде" зерттеу тәсілі берілген. СанНменЕ талаптарының сақталуын қадағалау санитарлық эпидемиологиялық қызметке жүктеледі.
Көңілді қуыршақтар.
Қазіргі кезде ағаштан жасалған көңілді қуыршақтар жай ойыншық емес, жәдігер зат болып пайдаланылатын болды. Ал ойыншықтың бұл түрі бала саусағын басқаруы мен ойлауын шыңдайтын таптырмас ойыншық.
Алдымен екі жартыны құрастыру арқылы бір қуыршақты пайдаланыңыз. Содан соң ойынды күрделендіре түсіңіз: екі қуыршақ, үш қуыршақ. Балаға аздап қиындық келтірсе асықпаңыз. Баланың жетістікке өзі жетуіне мүмкіндік беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет