Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ойыншық. Ойыншықтың түрлері Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»



бет7/11
Дата23.03.2023
өлшемі83,79 Kb.
#75820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Пирамидалар.
Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр түрлі болғанын қадағалаңыз. Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі керек. Мұндай ойыншық балаға саусақ қимылын ғана емес, логикалық ойлануына да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз. Алдымен бірге жинап, содан соң өз бетімен жинауға кіріседі.
Жиек бойымен жүргізіп шық.
Бұл ойынға мақпал қағазға жабыстырылған үй, машина, гүл, кесе сияқты суретті карточкалар пайдаланылады. Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенін сұрайды. Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шық деген тапсырма беріледі. Жабыстырып шығу арқылы ойын жалғасады.
Ойынға пайдаланылатын барлық заттар бала өміріне қауіп төндірмеуі керек.
Егер ойыншық рұқсат етілген материалдардан (бояу, лак, желім т.б.) жасалған болса, және оларға химиялық анализ жасалғанына бір жылдан көп уақыт өтпесе, онда, оларға міндетті түрде гигиеналық экспертиза жасағаннан кейін, екінші рет химиялық анализ жасауды талап етпестен пайдалануға рұқсат етуге болады. Жаңа материалдарды дайындауға рұқсатты Республиканың Мемлекеттік Санитарлық Эпидемиологиялық қызмет Басқармасы береді.
Техникалық жағдайлары бойынша санитарлық қызметпен келісімге түспеген ойыншықтар жедел түрде өндірістен алынып тасталуы керек. Изолятордағы ойыншықтарды топтық бөлмелерге апаруға тиым салынады. Бұл ойыншықтардың материалдары оларды мезгіл сайын залалсыздандырып тұруға қолайлы болуы керек. Бала бақшаларда ойыншықтарды бір топтан екіші топқа тасымалдауға тиым салынады, топтық жекелендіру принципін қатал сақтау қажет.
Себебі балалардың топ ішіндегі қарым-қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана рөлдік-сюжеттік ойын тиімді болады. 5-6 жастағы балалардың ойналатын сюжеттік ойынға 1-1,5 сағат уақыт керек. Мүмкін болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсіріп алған жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты балалардың әржақты көріп-қабылдауынан туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы.
Оқиғалы рөлді ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай қалуы мүмкін емес.
Оқиғалы рөлді ойындар өзара байланысты позициялардың негізінде жинақталады. «Ойыншықтар сөйлейді», «Аңдардың әңгімесі», «Әжесінің Еркесі», «Қызғаншақ бала» ойындарының желісін құруға болады. Осы ойындарға сипаттама берейік:

  1. «Ойыншықтар сөйлейді». Бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан бір-біреуден қолдарына алып, соның рөлінде, соның атынан өзінің ренжігенінде, қуанғанда, өкінгенде, ашуланғанда, өтініш білдіргенде, ұялғанда не дейтінін, нені армандайтынын ортаға салады.

  2. «Аңдардың әңгімесі». Әрбір бала бір-бір ойыншық аңның рөлінде қу түлкі, ашулы арыстан, қорқақ қоян, аңқау қасқыр, батыр қоян, кекшіл кірпі, маңғаз керік т.т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады.

  3. «Әжесінің Еркесі» - бұл ойынға мынандай кейіпкерлер қатысады: Ерке, әжесі, ағасы, інісі бірге ойнайтын құрбысы – Айдана. Қалған балалар талдау жасауда белсенді болу үшін әрбір кейіпкердің сөйлеген сөздерін, қылықтарын байқап, бақылап, аңғарып отырады. Ойын сюжеті: «Ерке әжесінің баласымын деп, көбіне әжесімен қарым-қатынас жасайды. Анасын тыңдамайды, өз айтқанын оларға орындатпай қоймайды. Ағасы мен інісі бір бірімен өте тату. Бірақ Ерке олармен де тату ойнай алмай, дауласып, тентек бола береді. Айдана құрбысы Еркенің қылықтарына қынжылып жүреді. Бір кездері Ерке әжесі, анасы, ағасы, інісі, құрбысы танымастай өзгереді.» Бұл ойын Р.Шапбаеваның «Әжесінің қызы» әңгімесі бойынша құрылды.

  4. «Қызғаншақ бала» ойынының балаларға тақырыбы беріліп, өздерінің «режиссерлік», қоюшылық қабілеттеріне орай ойын мазмұнын жасау ұсынылады.

Оқиғалы рөлді ойын кезінде тәрбиеші байқап, бақылап отырады, ойын барысына кесте бойынша талдау жасайды.
Содан кейін сабақта балалардың жаңа қарым-қатынас дағдыларын, біліктерін бекітуге арналған кезеңді енгіземіз.
Бұл кезеңде әрбір баланың өзіндік ішкі потенциалы, коммуникативті іс-әрекетке деген ішкі ресурсы анықталады. Бұл сабақтың екінші блогын құрайды. Бұл блок балаларға алған әсерін, яғни топтарының жоғары ұйымдастырушылық көрсетуін, әрбір баланың коммуникативтілік деңгейін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар ол өзіндік бір диагностикалық тәсіл болады. Әрбір баланың қарым-қатынасының жетілуі, белгілі бір коммуникативті дағдылар мен біліктердің қалыптасып, дамуы белгілі болады.
2-ші блоктың 5-6 жастағы балаларға арналған тапсырмалары шығармашылық негізде болады. Онда балаларға қойылым қою, ертегі құрастыру сияқты драматизациялау тапсырмалары беріледі.
«Таңертең», «Түстен кейін» атты тақырыппен балаларға «үнсіз қойылым қою ұсынылады. Оны- балалардың балалардың балабақшаға кіргеннен бастап сәскеге дейінгі және одан кешке дейін және ситуациялық қарым-қатынасты вебралды емес жолмен көрсетліп отыратын сюжеттік ойынның бір түрі. Бұл ойындар сабақтың бас кезінде бірі, соңында бірі ойналады. Екі ойынға да 20 минуттан уақыт беріледі. «Таңертең», «Түстен кейін» қойылым салыстыра отырып, балалардың вебралды емес қарым-қатынас жасау техникаларының жетістігін бақылауға мүмкіндік береді.
«Үнсіз» спектакльді екі шағын топ балалары ойнайды. Бірінші шағын топ балалар біріне-бірі қарамай, әрқайсысы басқа бір топтағы құбылысының рөлінде ойнай береді. Екінші шағын топ балаларды олардан өздерінің бейнесін тауып алулары қажет. 10 минуттан соң екінші кіші топ осы тапсырманы орындайды. Бұл ойын бойынша талдау көрсеткіштері:

  1. Қимыл-қозғалыс – өзінен басқаларға бағытталса – баланың теріс, жағымсыз деп санайтын ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.

  2. Қимыл – қозғалыс – өзіне қарай бағытталса, баланың ұнататын, оңды ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.

  3. Ашықтықты, тұйықтықты бейнелейтін қимыл қозғалыстар болады.

Оқиғалы рөлді ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. Шынайы өмірде біз балалардан «Өзім істеймін» дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар.
Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:

  • Әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту.

  • Балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға ынталандыру.

Балалардың өз бетінше жұмыс істеуін ойын барысында қалай дамытуға болады? Мұндай күрделі жұмысты ұйымдастыруда нақты бірізділік болу керек. Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда, оған ересек адаммен ынтымақтастық қажет. Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі. Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс істеуге барынша мүмкіндік беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет