Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ойыншық. Ойыншықтың түрлері Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»


ІІ. БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫНШЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ



бет4/11
Дата23.03.2023
өлшемі83,79 Kb.
#75820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ІІ. БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫНШЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Баланың жас ерекшелігіне сай ойыншықтар

Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі. Тек баланың оз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойыншықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады. Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрысып, жұбатады.


Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата - аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қаранғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сейілтеді. Жатарда жарық сөнгенде де дос ойыншығы баланың құшағынан табылады.
Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойып қояды. Ашуы басылғаннан кейін ойыншығын қолына алып, жұлып тастаған қолын орнына тігіп қояды . Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады. Шынайы өмірден алынған ойыншықтар.
Қуыршақтар отбасы (жануарлардың отбасы) қуыршықтың үйі, жиһаз, ыдыс, көлік, қайық, таразы дәрігер мен шаштараздың қуралдары, сағат, темір жол, телефон т.б. Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға керек ойыншықтар олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек. 1-2 жастағы балаларға арналған ойыншықтар. Олар пластмассалық пиромидалар. Осы арқылы балалар ойлау қабілетін дамытады, ойыншықтарды ойнайды. Мысалы: ата- ана, -ана т.б. 3-4 жастағы балалардың ойыншықтары әр - түрлі болып келеді. Олар конструкторларды жинайды.
Бұл жастағы балалар шын өмірден алынған ойыншықтарды таңдайды. Өз қолдарымен жасалған ойыншықтарды сүйіп ойнайды. Бала өзін мектепке дайындайды. Есте сақтаңыз ойыншықты ауыстыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ал ескі ойыншықтарын тығып қойып, біраз уақыт өткеннен кейін қайта ұсынсаныз, баланың қызығушылығы қайта оянады 5-6 жастағы балалар ойыншықтарынан төсек орындары мен шкафтарға ауысады. Бұл жастағы балалардың ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамыған. Ойыншықтың бала өміріндегі маңызы Ойыншық - әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат.
Ойыншықты пайдалану баланың ой-өрісін кеңейтуге, онда бейнеленген заттар мен өмір құбылыстарына деген ықыласын тәрбиелеуге көмектеседі. Ойыншықтармен ойналатын бірлескен ойындарда балалардың өзара достық қарым-қатынастары қалыптасады.
Ойыншықтардың шығу тарихына тоқталар болсақ, баланың ең алғашқы ойыншығы - сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге, ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген.
Бізге белгілі ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болған. Өкінішке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді. Ежелгі ойыншықтарды ағаштан, саздан, сүйектен және металлдардан жасаған. Ежелгі славян халқында көптеген жылдар бойы табиғат анаға құрбандық шалу рәсімі болған. Құрбандыққа тек әйелдерді шалған. Осындай азаптан әйелдерді құтқару үшін бір шебер адам құрбандыққа тірі әйелдің орнына қуыршақ шалуды ұсынады.
Сөйтіп ең алғашы славян халқының қуыршағы осылай пайда болған. Бұл ақпарат оның табанына тігілген жапсырмамен расталады. Таңқаларлық жайт, алайда алғашқы пуліш аю әлі күнге дейін әрбір отбасында өмір сүріп келеді. Кубик Рубикті Венгрияда мүсінші болып жұмыс істейтін Эрно Рубик ойлап шығарған. Әлемде осындай кубиктердің 300 миллионға жуығы сатылған. Егер олардың барлығы бір қатарға тізіп қоятын болсақ, онда олар Солтүстік полюстен Оңтүстік полюске дейін созылады екен. Ең қымбат кейіпкер - Микки Маус, ол 1939 жылы шығарылған. Бұл қуыршақ 1998 жылы бір аукционда 83,5мың долларға сатылған. Ойыншықтар неге үйретеді? Ойыншық бала үшін ермек қана емес, сонымен қатар, ол оның дамуына да тиімді құрал, қимыл-қозғалысты, сезімағзаларын, тіл түсінуді жетілдіpудің де бастамасы.
Жаңа туған сәбиді үйге әкелісімен, оның кереуеті үстіне ашық боялған, көзге түсетін, дыбыс шығаратын 3-4 ойыншықты іліп қоюға болады. Олар сәбидің кеуде тұсында одан 60-70 см жоғары ілулі тұрса болады. Сәби бұл жасында дәл осы қашықтықтан көре алады. Егер нәресте ілулі шарға, сылдырауыққа көзі түскенін байқасаңыз, жанынан жүріп өткенде біреуін қозғап кетінңіз, сонда оның сазды дауысы, тербелуі және ойыншықтардың орын алмастыруы оны қызықтырып, бұларға ұзақ әрі қадала қарауға үйретеді. Бұл оның өзімен-өзі болуына үйрететін алғашқы нышан, өте қажет қасиет.
Сөйтіп, бұл білгенін одан әрі бекітуге тырысу қажет. Сәби керуетінің жанына барып біресе он жағынан, біресе сол жағынан сылдырмақты шылдырлатсаңыз, ол бұрылып дауыс шыққан жаққа қарап қанағаттанып қана қоймайды, сонымен бірге ол мойын етін де жаттықтырады. Өмірді тану тәсілі. Заттарды қолмен ұстау арқылы баспен ойлауға да жұмыс табылады. Сәби заттарды қолымен ұстап әбден зерттейді. Ол алған затын ұстап қарайды, сілкілейді, лакқтырады, аузына салады, жалайды, тістеуге тырысады.
Осындай күрделі әрекет кезінде көз, құлақ, қозғалыс, иіс сезімі iске қосылады. Кеңістікті меңгеру. Сәбиді енді кеңістікті меңгеру қуанышы титықтайды, ол тоқтаусыз еңбектейді. Еңбектеу оның қол-аяғы, арқасы, бұлшық еттерін шынықтырып нығайтады, бел етін қалыптастырады, мұның бәрі мүсіннің бұзылуына жол бермейді.
Сәби өз бетімен еңбектеп барып, қалауынша әр жерде тұрған ойыншықтарды алады. 7- 8 айлығында оған сылдырмақ, резеңке ойыншықтар, құламайтын пластмасса бұйымдары, әр түрлі доптарды, шьғыршықтарды қою қажет. Сәби бір ойыншықтан екінші ойыншыққа жетуге ұмтылады, көп жылжиды. Ойыншықтың пайдасы өте көп, бала ойыншықпен ойнау арқылы өмірді таниды.
Ал зиянына келер болсақ, қытайдан әкелінген ойыншықтар жайлы айтар едік. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі -- зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды алуға сақтану қажет. Бояуы тым қанық, алыстан мен мұндалап тұрған ойыншықтар өзі арзан, өзі сапасыз тауар. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын, мырыш элементтері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне, әрі кетсе асқазан-ішек жолдарына кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен aузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет