Құстар туралы әңгіме
Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.Мүсіндеу.
Тақырыбы: Құстар әлеміне саяхат. Құстар бейнесі.
Мақсаты: Балаларды табиғаттағы құстарды аялап, баптап күтуге дағдыландыру, құстар туралы мақал-мәтелдердің мәнін ашып түсіндіру, түсініктерін кеңейту Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Ағаштардың, құстардың суреттері Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті: Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы, Шаттық шеңбері Балалармен шаттық шеңбер ұйымдастыру.
-Балалар, біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізге ата-аналар қонаққа келіп отыр.
Біздің топтың ұл-қыздары
Тату тәтті ойнайды
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлайды.
Балалар бүгінгі күніміз сәтті өтсін!
-Балалар, шағын орталыққа келе жатырғанда күн қандай болды? Айналадан қандай өзгерістерді байқадыңдар?
-Құстар әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?
Онда мына сұрақтарға жауап беріңдер.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Табиғат дегеніміз не?
-Қандай құстарды білесіңдер?
-Онда құстар болып ұшайық. «Музыка»
-Біз қайда келдік? Ненің дауыстары естіледі?
Балалардың әрекеті
Қонақтар мен амандасады.
Ерте тұрып күнде мен
Терезені ашамын
«Сәлем!» – деймін күнге мен,
Шаттық әнге саламын.
Қайырлы таң, анашым!
Қайырлы таң, әкешім!
Қайырлы таң, достарым!
Ұйымдастыру, іздестіру
Әңгімелеу
-Балалар, мен сендерге «Бақтағы оқиға» атты әңгімені оқып берейін.
«Айгүл анасымен бірге келе жатты. Күн суық, жаңбыр. Бақта адам жоқ. Жолдың үстінде Айгүл кішкене ғана жұп-жұмсақ бір нәрсенің жатқанын байқап қалып, жүгіріп келеді. Көргені кішкентай
торғайдың балапаны болды».
-Одан әрі не болғанын сендердің ойларыңнан кейін айтамын.
-Ал,енді ары қарай тыңдаңдар.
«Айгүл торғайдың баласын қатты аяп, үйіне әкеліп қарайды, өз қамқорлығына алады. Күн жылығанда ұшырып жібереді. Торғайдың балапаны Айгүлді қимай бірінші рет айналып ұшып, жоғары көтеріле береді ».
-Балалар, торғайдың айналып ұшқаны- Айгүлді қимағаны, рахмет айтқаны.
Сұрақ-жауап:
-Айгүл жол үстінде нені байқап қалды?
-Айгүлдің бойынан қандай сезімді байқадыңдар?
-Айгүл қандай қыз?
-Балалар, торғайға өз тақпақтарымызды айтып берейік.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Шапалақты соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Қане, қолды жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық
Біраз сергіп алдық. Енді осы құстарға байланысты жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешуін тауып көріңдерші.
Жайнаған бақтың әншісі,
Тамсанған оған сән кісі.
Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп.
Бес қаруы белінде,
Самғап жүрер көгімде.
Балалар сендер барлығыңда сондай тапқыр балалар екенсіңдер. Олай болса, сендер құстар туралы қандай мақал-мәтел,тыйым сөздер білесіңдер?
Мақал-мәтелдер:
Мысалы: Қарға қарқылдаса, қысты шақырады.
Тыйым сөздер:
Мысалы: Аққуды атпа.
Құстарға қарап ауа-райын болжауға да болады.
Әтеш жаңбырлы күні таң ата шақырса, күн ашылады.
Құстар ертемен жем іздеуге шықса, күн жауын-шашынды болады.
Қарға жазда аузын ашып қарқылдай берсе, найзағай ойнайды.
Құстар көңілдене сайраса, күн ашық болады.
Өнер орталығы:
-Ендеше балалар, өнер орталығына барып, ермексаздан құстардың бейнесін жасап үйренейік. «Бақтағы оқиға» атты әңгімедегі мейірімді,қамқоршы Айгүлге кішкентай торғай жасап береміз бе? Жасалу жолдарын көрсету, көмектесу.
Балалардың әрекеті
-Балалар, өз ойларын айтады.
-Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Торғай, торғай, торғайым,
Жақын келіп қонбайсың.
Жем шашып берейін,
Сонда сен тоңбайсың.
-бұлбұл
-аққу
-бүркіт
-Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.
-Қара құс басып жейді.
-Сұңқар шашып жейді.
-Көкек өз атын өзі шақырады.
-Құс жеткен жеріне қонады.
-Құстың ұясын бұзба.
-Құстың жұмыртқасын жарма.
Өнер орталығында мейірімді Айгүлге кішкентай торғай жасап беруге келіседі.
Рефлексивті түзету
«Құстар қалай үн қатады?» сөзбен ойналатын ойын.
Аққу——-
Бұлбұл——-
Бүркіт ———
Көгершін——–
Торғай———–
Үйрек————-
-Балалар, біз бүгін қайда бардық?
-Ол әлемде не көрдік?
-Қандай құстарды білесіңдер?
-Бүгінгі іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Балалардың әрекеті
-қиқылдайды
-сайрайды
-шаңқылдайды
-уілдейді
-шиқылдайды
-барқылдайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі? Құстар әлеміне саяхат жасай отырып,танып біледі. Құстарды аялап,баптап күтуді,мақал-мәтел, жұмбақтар,тақпақтар, тыйым сөздерді, қамқор болуды, әңгімелеуді.
Меңгергені: Құстардың бейнесін мүсіндеп, өз бетінше дербес жұмыс жасай алуы.
Ойыншықтар әлемінде
Достарыңызбен бөлісу: |