Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ойыншық. Ойыншықтың түрлері Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»



бет10/11
Дата23.03.2023
өлшемі83,79 Kb.
#75820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ІЗІМОВА ИНАБАТ

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, ойын - баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс-жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің еркін жаюы ойынға тілкелей тәуелді.


Мектепке дейінгі мекмелердегі оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.
Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа еңбек сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ. Ертеңімізді бүгін ойлап, уақытында жүзеге асырып, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу әр тәрбиешінің міндеті.
Ойын белгілі бір ғылымның зерттеу пәні болғанға дейін ол балаларды тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі ретінде кеңінен пайдаланылады.
Қорытындысында ерекше айтып өтетін нәрсе - рөлдік ойын оқытудың ең перспективті нысаны болып табылады:
- ол сабақта жағымды психологиялық климаттың құрылуына ықпал етеді:
- ынталандыруды күшейтеді және оқушылар қызметін белсенді етеді;
- қолда бар білімді, тәжірибені, әр түрлі жағдайдағы қарым-қатынас дағдыларын пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан сабақтарда рөлдік ойындарды пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін көтереді, оқытудың барлық сатыларында зерттелетін пәнге оқушылардың қызығушылығын сақтауға көмектеседі.
Оқиғалы рөлді ойындар оқытудың әр түрлі сатысында баланың жоғары психикалық даму сатысына көшуінде рөл атқарады.
Жоғарыда айтылғандар келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
- ойын әрбір сабаққа белгілі бір түрде ендірілуі тиіс
- сабақтарда ойынды пайдалану –оқу процесі тиімділігінің, қарым-қатынас жағдайын құрудың міндетті құралы
- сабақтарда ойын жүргізу оқытудың тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді
- ойын тиімділігі оны дұрыс ұйымдастыруға байланысты
- оқыту процесінде ойынды әзірлеу және ендіру оқытудың әртүрлі сатыларында ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі міндеттерін әлдеқайда үлкен жетістікпен шешуге ықпал етеді.
Ойындар келесі әдістемелік міндеттердің орындалуына ықпал етеді:
- сөз қарым-қатынасына балалардың психологиялық дайындығын құру қайталау ретінде жүргізіуі мүмкін
- бір ойын сабақтың әртүрлі сатыларда пайдалануы мүмкін
- ойынның тартымдылығы мен тиімділігінің өзінде шегін сақтай білу қажет, әйтпесе олар оқушыларды шаршатып жібереді және эмоцияға әсер ету қабілетін жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет