Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ойыншық. Ойыншықтың түрлері Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»



бет5/11
Дата23.03.2023
өлшемі83,79 Kb.
#75820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ойыншық  баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын  кеңейтуге көмектеседі, белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық,  эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.
Ойыншық – былай алғанда нәзік зат, оның өмірі де қысқа, сондықтан ойыншықтардың пайда болған уақытын анықтау өте қиын. Ең алғашқы ойыншықтардың бала күшіне лайықталған еңбек құралы болғаны айдан анық. Кішкене садақ, жебе түп ұқсас еді.
Балалар оны аңға шығу, аңдар мен құстарды аулау ойынында пайдаланды. Едәуір кейінірек аңдарды, құстарды аулау ойынында пайдаланды. Едәуір кейінірек аңдарды, құстарды, адам кесінін бейнелейтін ойыншықтар табылды.
Біртіндеп ойыншық жасау кәсәбә пайда болды. Россияда ірі ойыншықтар кәсібі Москва түбіндегі Богородокое селосында болды. Москва облысының Подольск ауданындағы Бабенки селосында 1911 жылы орыс шеберлерінің артелі ұйымдасты олардың тоқарлық станокпен әрлеген ойыншықтар: конустар, түрлі түсті шығыршықтардың мұнаралар, жиналмалы ойыншықтар, кеспекшелер, тізбекшелер жасаумен аттары шықты.
Нижегород губерниясында Хохлома селосында ағаш ойыншықтар (самауыр, шыныаяқ т.б) жасайтын шеберлер оларды алтын түсті қызғылт бояумен әшекейледі.
Городец селосындағы шеберлер ағаштан теке, ат, бұқалар ойын жасады, Семенов селосында матрешкалар жасалды. Бұлардың құндылығы ғажайып көріктелігіне, құғылықтығында.
Дымково селосында саздан жасалған ойыншық ерте заманнан бері бар, оның ерекшелігі – формасының әдемілігі мен әшекейлерінің айшықтығы, көркемдігі. Бұл ойыншықты халық «Көңілді түтіндер» деп атайды. Оны ең алғаш жасаған – шаруа әйелі Анна Мездрина.
Біздің елімізде ойыншық жасау мемлекеттік іс болып табылады. Ойыншық тақырыптарына талдау жасау, оларды қөркемдеу балалардың ойыншықтардың баланы тәрбиелеуші және дамытушы ықпалын ескере отырып, ғылыми негізінде жүргізіледі. 1932 жылы Загорск қаласында ойыншық ғылыми-зерттеуинституты құрылды, онда суретшілер, мүсіншілер, инженерлер, педагогтар жұмыс істеді.
Негізгі талаптардың бірі – ойыншық мазмұнының идеялық бағыты, тәрбие міндеттеріне сәйкестігі. Ойыншықтарда халықтың өмірі, бейбітшілік жолындағы күрес, жасампаз еңбек, адамға гуманистік көзқарас, адамдардың достық пен жосдастыққа негізделген өзара қарым-қатынасы, мәдениеттің ғылымның, техниканың дамуы бейнесін табады. Мәселен, ойыншықтардың өкілдерін бейнелйетін қуыршақтар, балалардың осы заманғы транспорт, байланыс құралдарымен танысуына мүмкіндік беретін техникалық ойыншықтар көп.
Ойын баланың тек тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл баланың бастамашылық танытып, шығармашылық көрсететін бірегей саласы. Сонымен қатар ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер жасап үйренуі арқылы бала өмірдің саналы субъектісі бола алады. Бүгінгі күнгі мектеп жасына дейінгі балалар өз әрекеттерін ұйымдастырып, негізді ету білмейді. Көпшілігінде қиял сезімі жетілмеген, олардың шығармашылыққа талпыну құлқы жоқ, өз беттерімен ойлана алмайды.
Мектепке дейінгі жас – тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн. Ойынның күрделі болмауы балалардың коммуникативтік дамуларына келеңсіз әсерін тигізеді, себебі, ара-қатынастар тек бірге ойнау барысында қалыптасады. Бірге ойнау – қатынастардың басты мазмұны. Ойнап, түрлі ойын рольдерін орындау барысында балалар жағдайларды жан-жақтан көріп, басқалардың әрекеттері мен мүдделерін ескеріп, ереже сақтауды үйренеді. Кері жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды. Ғалым, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент О.В.Солнцеваның пікірінше, үлкендердің балалар ойындарындағы ролі олардың ересектенуімен бірге өзгереді. Басында оқытушы ойын әдістерін үйретуші ретінде, кейін екі-үш баланың ойынына қатысушы болады. Одан кейін ол балалардың ойын ұйымдастырудағы көмекшісі және ойын қатынастарын реттеушісі. Ең соңында, ол балалар ойынына сырттан қарап, қажет болған жағдайдарда кеңес беруші болады . «Өзін-өзі тану» пәні арқылы балалар өз ойы мен сезімдерін еркін білдіруге, өзін-өзі бағалауға ұмтыла бастады.
Өзін қоршаған ортаға, табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға көңіл бөліп, қамқорлық жасауға, айналасындағы балалармен достық қарым-қатынас орнатуға тырысатын болды. Мінез - құлық пен іс-әрекеттегі жағымды және жағымсыз әдеттерді ажыратып, өз қателіктерін дер кезінде мойындауға дағдыланды. Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру.
Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалар әлемі күрделі әрі ерекше, оған еніп, түсіну ең соңғы математикалық және социологиялық әдістерді меңгерген адамдар үшін де оңай емес. Балалар өз қатынастары мен ермектеріне кез-келген адамды кіргізбейді. Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл - тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет.
Ойнау барысында балалар өздерін, өз мінездерін қалыптастырады, ал ең бастысы – ойын жақсы мен жаманды ажыратуды үйретеді, ойында балалар мейірімділік пен достықты бойларына сіңіреді. Семинардың қорытыңдылау бөлімінде балабақша педагог-психологы Абильтусупова Салтанат Тұрсынханқызы семинар қатысушыларына «Ойын - өмір мектебі» тақырыбы бойынша рефлексиясын жүргізді.
Рефлексия көрсетілген іс-әрекеттер бойынша төмендегідей сұрақтармен жалғастырылды. 1. Жағдаятты ұйымдастыруда, баланың рольді тандау дербестігі ескерілді ме? 2. Сіздің байқауыңызша, балалар қандай рольді көбірек қалады? 3. Сіздің ойыңызша, бірінші ойын іс-әрекетінде психолог және тәрбиеші қандай эксперименттік жағдаяттар ұйымдастырды? 4. Егер бала ойын әрекетінде этикаға және негативті мінез құлыққа жатпайтын жағымсыз әрекетерге еліктесе, педагог қандай шешім қабылдауы керек? 5. Сіз ойындардың нәтижесін қалай бағалайсыздар? Осы қойылған сұрақтар бойынша әріптестеріміз өз ойларын, пікірлерін ортаға сала отырып, «Өзін-өзі тану» пәнінің бала тәрбиесінде пайдасы зор екенін, өзінің қайталанбас ерекшелігімен қызықтырғанын, әрі болашақта өз жұмыстарына пайдаланатындықтарын айтып өтті.
Сонымен қатар көрсетілген әлеуметтік іс-әрекеттер баланың жеке тұлға ретінде және рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына тигізер әсері мол екенін атап өтті.
Ойыншық икемді болуға, балалардың алуан түрлі әрекеттер жасауына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Жануарларлдың, қуыршақтардың, т.б сірескен кескіндегі ойыншықтар бұл талапқа сай келмейді.
Ойыншықтарда түп нұсқа ақжарқын әзілмен, көңілді, қызғылықты, бірақ келекеге, каррикатураға айналдырмай бейнеленуі мүмкін.
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар оларды пайдаланудың қауіпсіз бояулармен сырланады және гигиеналық өңдеуге оңай болуы керек.
Ал ойыншықтың түрлеріне тоқтала кетсем. Ойыншықта ең айқын көрінетін – оның прототипі (образы), яғни ол бейнелейтін және баланы тартатын нәрсе: ойыншық қуыршақ, аңдар, үй жануарлары, машиналар, ыдыс-аяқ, мебель т.б.
Образды ойыншықтардың үлкен тобын құрайтын да осы ойыншықтар. Кейде оларды сюжетті, сюжетті-образды ойыншықтар деп те атайды, өйткені олар ойын сюжетін анықтайды.
Сюжетті-образды ойыншықтардың тобында орталық орынды қуыршақ алады. Ойын кезінде олар қуыршаққа жан бітіргендей болады, онымен сөйлеседі, өзінің сырын, қуанышын айтады, оған қамқорлық жасайды. Балалардың қуыршаққа жан бітіретін себебі – ойынның ақиқаттығына сенеді. Ойыннан тыс мезгілде олар, әрине қуыршақтың тірі емес, ойыншық екенін біледі.
Пәтер, мебель, ыдыс-аяқ, әшекейлер, тұрмыстық техникалық бұйымдары киім-кешек т.б бар жерде қуыршақпен ойналатын ойындар неғұрлым мазмұнды болады. Сәбилердің сүйікті ойыншығы – мехтан немесе пүліштен жасаған аюдың баласы – жып-жылы, сүп-сүйкімді.
Мұндай ойыншықтар өмірге барған сайын кебірек еніп келеді. Олардың көбі серіппенің, электрдің, екпінді қозғағыштың
жәрдемімен жүреді, алыстан басқарылатын ойыншықтарда бар. Бұлар мазмұны жағынан алуан түрлі. Олар қозғалыс құралдарын, еңбекте пайдалатын техниканы бейнелейді.
Констурктор типтес ойыншықтар, бөлшектер жинағынан балалардың өздері жасайтын ойыншықтар кеңінен таралған. Техникалық ойыншықтар балалардың білім құмарлығын, ойлау қабілетін, дамытуға көмектеседі.
Аңдар, жануарларыдың, адамдардың күлдіргі пішіндері олар бастауын халық ойыншықтарынан, ішінара халықтық театр ойындарынан алады. Олар қимылға тосындыққа, кенеттікке негізделген. Оларды мақсаты – балалардың көңілін аулау, көңілді күлкі туғызу, қуанышқа, ренішке бірге әсерлену, әзіл-қалжың сезімін тәрбиелеу т.с.с. Билеп жүрген торайдың ырғағымен балалар қол соғып, өздері де билеп турады. Ермек ойыншықтар олар үшін былайша қызық; ал ересектер торайдың билеп, жүргенін, музыканттың неге ойнайтынын білгісі келеді.
Маскарад, шырша ойыншықтары жаңа жылды мейрамдаумен байланысты. Балалар жасынан-ақ бұл ойыншықтар шыршаның сыйы екенін, оны әдемі, көрікті ететінін түсінеді.
Маскарад ойыншықтары қайсыбір кейіпкерді болмашы бір жерімен (құйрығымен, тұмсығымен) ғана еске түсіреді, бірақ балалардың ойнауы үшін – образды беріліп кетуі үшін соның өзі-ақ жетіп жатыр.
Спорттың моторлы ойыншықтар ерекше тип болып табылады, олар дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Бұл ойыншықтарды бірнеше топқа бөлуге болады.
І топ – сенсорномоторлық аппаратты дамытатын, майда бұлшық еттерді шынықтыратын, қолдың қоспасы мен маумақтардың қимылдың дәлдігін және тапқырлықты дамытуға қөмектесетін ойыншықтар.
ІІ топ – қолдың қары мен иықтың бұлшық еттерін шынықтыруға, қол мен дене тұрқының күшін, ептілігін, қимыл үйлесімділігін дамытуға арналған ойыншықтар.
ІІІ топ – жүгіруді, секіруді дамытуға, аяқ пен дененің бұлшық еттерін шынықтыруға көмектесетін ойыншықтар (сүйрейтін арбашалар, шеңберлер, секіретін жіптер, ағаш аттар, конькилер, роликтер, велосипедтер, т.б)
Балалар бақшасында барлық топтардың спорттық моторлы ойыншықтары іріктеліп алынған болуы тиіс.
Сылдырауықтардың, кішкене қоңыраулардың, сылдырмақтардың,
сыбызғылардың, кішкене органдардың және музыкалық аспаптардың зор маңызы бар. Олар балалардың дыбысқа, әуенге деген ықыласын қанағаттандырады, оларды әніне, марштың әуенін қайталап айтуға құлшындырады.
Мазмұны жағынан образды ойыншықтар болып табылады, бірақ олардың өзінің педагогикалық орны бар. Ол – эстетикалық тәрбие беру, сөйлеу мен ойлау, қиялдау, қайталап айту қабілетін дамыту мақсатына қызмет ету.
Театр қуыршақтарын көрсету тексті айтумен қосақталып жүргізіледі, сондықтан мұндай ойыншықтармен ойнау дұрыс және мәнерлеп сөйлеуді, тыңдай білуді, репликаны дер кезінде айта білуді дамытуға көмектеседі.
Дайын ойыншық балаларды көптеген заттармен таныстырады, оларды адам өміріндегі қызметін түсінуге көмектеседі, оларды пайдалана білуге үйретеді.
Сәбилер топтарда балалардың қимылын дамытатын және жетілдіретін ойыншықтар; домалатуға, лақтыруға арналған үлкен доптар; балалар әрлі-бері сүйрететін және кубиктер салып таситын, қуыршақтарын мінгізіп серуендететін алуан түрлі әшекейлі кішкене арбалар, жүк таситын ма оны арбалар болуға тиіс.
Байқау және бақылау практикасында балабақшаларда осы курстық жұмысымда сабақтар өткіздім.
Сабақтарым: мүсіндеу, желімсіз жапсыру, құрастыру, т.б
Мүсіндеуге қызықтыру, сазбалшықпен таныстыру (жұмсақ, иілгіш, оны ұқыпты пайдалануға жаттықтыру (кленка, тақтайшаға салу). Кесек сазбалшықтан бір бөлік үзіп алу, алақан арасына салып, айналдыру, есу.
Жалпақтау арқылы қарапайым заттардың пішінін келтіру. Екі түрлі пішіннен тұратын заттарды (саңырауқұлақ, қолшатыр) жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Жасалған заттардың түрі-түсі, пішіні жайында әңгімелесу мүсіндеу жұмыстары барысында, қол, иық, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру.
Заттардың кейбір белгілеріне қарай ажырата білуге, салыстыруға жаттықтыру (қоянның құлағы ұзын, кірпінің тікендері бар).
Желімсіз жапсыруға үйретуде әр түрлі пішіндерді кеңістікте қағаз бетіне немесе фланелеграфта орналастыра білу, түстерді ажырату, көлем мен пішін, салыстырамалы көлем жайындағы түсініктерді жетілдіріп, әс-әрекетпен шұғылдану дағдыларды қалыптастырылады. Әр түрлі пішіндерді қағаздың ортасына жоғары, төмен және шетіне орналастыру түсініктерін қалыптастыру қарастырылады.
Осындай сабақтарды өткізе отырып балалардың ойлау қабілетін, ой-өрісінің дамуын арттырып, оларды түстерді, көлемді ажырата білуге баулимыз.
Түрлі жастағы топтар үшін ойыншықтар іріктеуде дидактикалық ойыншықтар сенсорлық тәрбие беру және тіл ұстарту міндеттеріне қарай іріктеледі.
Ермек ойыншықтарымен сәбилер өздері ойнай білмейді, тек қызықты бұрамалы ойыншықтардың қимылына қарап қуанады. 4,5жастағы балалар ұжым болып ойнай алады және комплектлі ойыншықтарды пайдалана алады. Мысалы: «Үй жануарлары» ойыншықтарының комплектісі бірлесіп ат қора салу, даладағы табынды күзету,т.с.
Жасау тілегін туғызады.
Топта жаңа ойыншықтың пайда болуы -- әрқашан да қуанышты жайт. Сюжетті – моторлы ойыншықтарды әкелгенде оның атқаратын қызметін, онымен жұмыс істеу тәсілдерінашып көрсету қажет.
Қандай ойыншықты да ойыннан бөліп алуға, көрнекі құралға айналдыруға болмайды. Балалар ойыншықты ойын үстінде, ойын әрекеттері кезінде игеріп, өз әлеміне қабылдайды.
Мысалы, өте сүйкімді, бірақ бейтаныс адам бейнесіндегі қуыршақпен танысқан балалар оны жақсы көріп кетеді, бірақ қалай ойнауды білмейді. Бұл жағдайда балалар әдеттегі әрекеттерін ғана жасайды: қуыршақты тамақтандыру, ұйықтауға жатқызады, киіндіреді т.с.с.с Балалар жаңа ойыншықпен танысып, біліседі.
Ойыншықтардың бала өміріндегі орны ерекше. Ойыншық -- әдейі балалар ойынына жасалған зат. Ойыншық -- әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Ойыншықтың бала өмірінде үлкен роль атқаратынын Н.К.Крупская атап көрсетті. «Балдырғандарға арналған ойыншықтар туралы» мақаласында ол былай деп жазды: «Біз балалар ойыншығы туралы мәселеге ересек адамға қандай ойыншық ұнайды деген тұрғыдан қарай алмаймыз. Біз ойыншық туралы мәселеге балаға не ұнайды және оған не керек деген тұрғыдан қарауға тиіспіз».
Н.К.Крупская ойыншықта өмірдің нақты құбылыстарда, адамдардың, жануарлардың образдарды шынайы бейнеленген болуға тиіс деп көрсетті. Ол баланың жас ерекшеліктерін зерттеуге, соларға сәйкес ойыншықтар жасауға және іріктеуге шақырды. Сонымен шағын педагогикалық оқуымның соңында айтар ұсынысым ойыншықтар баланың дене қасиеттерінің дамуын бірден-бір себепші болып табылмақ.
Сондықтан тәрбиеші – педагогтар, ата-аналар балаларды ойыншықпен ойын ұйымдастырып ойнатудан жалықпағандары абзал.
Баланың денсаулығын шыңдап, білімді азамат тәрбиелеп шығару біздің міндетіміз!
Бала тіршілігінде де, тәрбие прцессінде де ойыншықтардың маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Ойыншықтарды тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас ерекшеліктеріне негізделеді.
Ойыншықтарға арналған баланың жасы, ойыншық қорабының сыртында немесе арналып салынған қағазда көрсетіледі. Ойыншықпен бірге берілетін нұсқау қағаздағы ескертулер ойыншық арналған жас тобындағы балаларға түсінікті болуы керек және мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек.
Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау т.с.с.) дамытуға арналады. Бұл жастардағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар полимерден жасалған дөңгелектер, әртүрлі шылдырмақтар т.с.с. болып табылады. Олар мүмкіндігінше ірі, қармап ұстауға ыңғайлы, ашық түстермен боялған және дыбыс шығаруы белгілі дәрежеде болуы керек. Бір жастың соңына қарай қүыршақтар, аңдар, машина, ойыншық-әткеншектер т.б. қолданыла бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет