Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқу тәрбие үрдісінде жаңартылған білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұғалімнің жобалау іс-әрекеті»



бет3/12
Дата18.05.2023
өлшемі64,71 Kb.
#94128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Курстық жұмыстың нысаны: әрбір оқушының өз ерекшеліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту үдерісі.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдарын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Басылымдық материалдарм мен ғылыми – әдістемелік әдебиеттерде жарияланған білім мазмұнын жаңартудағы өзекті мәселелер және оны шешудің жолдары,алғашқы нәтижелерін саралау;

  2. Оқу-тәрбие үдерісіндегі жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұнын қарастыру;

  3. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін тәжірбиеде қолдану және тиімді анықтау;

  4. Ұтымды әдіс-тәсілдерінің практикалық маңыздылығын көрсету;

  5. Оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерінің эксперименттік нәтижесін ұсыну;

Курстық жұмыстың болжамы; Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын байланыстырып жалғастырып «көпір салуға» негізделсе, онда мұғалімдер оқушылардың не білетінін және ненә жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көріп не істегісі келетінін түсінуге тырысып, осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер білімді меңгерудегі үдерістердің екі жағын да қадағалай алуға мүмкіндігі болар еді.
Курстық жұмыстың құрылымы; курстық жұмыс екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

I тарау. Жаңартылған білім беру жүйесіне теориялық сипаттама

    1. Жаңартылған білім беру – жаңашылдықтың бастауы

«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда.Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. XXI ғасырдың мектептері оқушылары өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымда өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып,өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек».
Жоғарыдағы көрсетілген тұжырым Қазақстанда білім беру саласына өзгеріс қажет екенін анық көрсетеді. Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы мұндай елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа XXI ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар XXI ғасырда табысты болу үшін нені үйрену керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты [1, 40 бет].
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірбиемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
  Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында мәселелерді шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.
 Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген [2,29-30б]
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының басымдықтары
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1 - кесте):

Құндылықтар

Дағдылар




  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Қарым-қатынас жасау қабілеті;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау;

  • Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

  • Өмір бойы оқуға дайын болу.




  • Сын тұрғысынан ойлау;

  • Білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілетті;

  • Проблемаларды шешу қабілеті;

  • Ғылыми-зерттеу дағдылары;

(тілдік дағдыларды қоса алғанда)

  • Жеке және топпен жұмыс істей білу қабілетті;

  • АКТ саласындағы дағдылар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет