Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет4/17
Дата28.05.2022
өлшемі0,49 Mb.
#35821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
курс адик дурсы-1 (копия)

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім



Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері

Түсінік



Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді

Қолдану



Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды талдайды,саралайды салыстырады

Жинақтау



Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады

Бағалау

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды


1.2.Білім беру саласында Бенджамин Блум оқыту технологиясының алатын орны
Қазіргі таңда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру бағдарламасы негізінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерту.
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге педагогтарды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Демек, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру педагогтың өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі – Американдық психолог Бенджамин Блум 1956 жылы ұсынған танымдық саладағы оқыту мақсаттарының таксономиясы. Өзге технологиялық карталардың авторлары секілді бізде Блум таксономиясына сүйенудің қажеттігі болып отыр.
Соған орай, А.Қ.Қисымова мен Е.Б.Нұрланов Блум таксономиясын педагогикалық технологияның бір ретінде оның даму көздерін ашып берді, сондай-ақ оның даму сатыларына былайша түсінік береді яғни, таксономияның өзі ресейлік дереккөздерден ішнара алынады. Неліктен екенін білмейміз, алайда ресейлік әріптестер Б. Блумның бұл психология - педагогикалық әзірлемесін жұтаң сыптайды.[7]
Көптеген зертеушілер Б.Блумның ағылшын тіліндегі түпнұсқа еңбегіне сілтеме жасағанымен, оның әдістемесін ашып көрсетпейді. Осы қиындық бізді Б.Блумның таксономиясы жайлы ағылшын тіліндегі материалдардан танып білуге итермеледі. Белгілі болғандай, бұл әзірлеме бас кезінде білім беру технологиясына арналып дайындалмағанын көрсетеді. Оның мақсаты оқып үйретудің әмбебап психологиялық заңдылықтары ашу болды.
Психолог Б.Блум бастаған бір топ америкалық психолог - педагогтер 1956 жылы бұл заңдылықтарды ашып, жоғары оқу орындарының практикасында қолдануға ұсынды. Өнер табыс іргелі ғылымға сүйсінгендіктен өзге білім беру деңгейлерінде қолдануға болатындығын көрсетті.
1950-жылдардан бері білім беруде жасалған өзге жүйелер мен иерахиялардың ішінде Б.Блум таксономиясы түсініктілігімен әрі заманауи білім беру парадигмасы жағдайында кеңінен қолдануға жарамдылығымен ерекше болды. Б.Блумның танымдық саладағы оқыту мақсаттарының таксаномиясын сабақ, тақырып шеңберінде когнитивті (танымдық) процесс кезендерінің ретін көруге, әрбір кезеңге шығу белгілерін анықтауға арналған педагогикалық стратегия деуге болады. Стратегия оқу іс-әрекеттерін ауқымды да терең жоспарлауға (жобалауға) көмегін тигізіп, күтілетін нәтиже мен ұстаз міндеттерін айқын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Б.Блум бойынша танымдық салаға білім әрі ақыл-ой дағыдыларын дамыту процесі жатады. Бұл саланың құрамына ерекше фактілерді, рәсімдер үлгілері мен ұғымдарды еске түсе оларды тану секілді қызметтер кіреді, бұлар ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын дамытады.
Төмендегі кестеде әр алуан мінез-құлықтар алты ірі категорияларды қиындық деңгейлер деп түсінсе болады, өйткені әрбір келесі деңгейге өту үшін оның алдынғысын меңгеріп алуқажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет