«Мәңгілік ел» құндылығы: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсетуге баулу. Өмір бойы оқуға дайын болу.
«Бір тілек» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнатамын. Оқушылар бір-біріне сабаққа қатысты жақсы тілектер айтады.
«Тобыңды тап» әдісі. Оқушыларды түрлі-түсті гүлдер арқылы 4 топқа бөлемін
Оқушылар оқу мақсаттары және бағалау критерийілерімен таныстырылады.
Ширату жаттығуы. «Серпілген сауал» әдісі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушылардың арасында бір-біріне сұрақ лақтырылады.
1. Оралхан Бөкей кім?
2. О. Бөкей ең алғашқы еңбек жолын қай жерде, қандай қызметтен бастады?
3. Автордың тұңғыш шығармасы қандай?
4. Жазушының есімін танытқан қай повесть?
5. Әңгіменің «Тортай мінер ақ боз ат» аталуының себебі неде?
6. Тортай қандай бала, ол нені армандаушы еді?
7. Ораштың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?