Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Блум таксономиясы бойынша қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспарын құру әдістемесі



бет6/17
Дата28.05.2022
өлшемі0,49 Mb.
#35821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
курс адик дурсы-1 (копия)

1.4. Блум таксономиясы бойынша қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспарын құру әдістемесі
Қазақ әдебиеті сабақтарын өткенде оқушыларды жалықтырып немесе сол сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп алып жатамыз, сол себепті сабақ жоспарын «Блум таксономиясымен» өтуді жөн көрдім.

Білу

Бірінші білу деңгейінде оқушы бе­рілген жаңа түсінікті ұғуы, есте ұс­тау және мінездеме беруді үйренеді. Мы­салы, Махамбет жырларындағы ақын поэзиясын өр рухпен терең тү­сі­­ніп оқи білу, өлеңдегі көнерген сөз­дер­мен сөздік арқылы жұмыс істей бі­лу дең­гейінде жүзеге асады. Блум таксо­но­миясының басқа жүйелер тәрізді бас­ты ерекшеліктерінің бірі пәнаралық бай­­ланыс арқылы өрістейтінін айта ке­­­туіміз керек. Махамбеттің отты жыр­ла­­рын аудио арқылы көне сарындар­мен сүйемелдеу арқылы тыңдау да оқу­шы­ның зердесін аша түсетіні анық.

Түсіну

Келесі түсіну деңгейінде оқушылар ақын шығармашылығын мазмұндау, түсіну, суреттеу, жаңа сөз тіркестерін жасау сияқты сатылардан өтеді. Мәселен, осы тү­сін­у деңгейінде оқушылар «ереуіл» си­яқты сөздердің мән-мағынасына үңі­леді. Ереуіл ат бейнесін ақын не үшін қолданып отырғанын да топтық жұ­мыстың барысында анықтап алады.

Қолдану

Бұл екі деңгейден кейін мұғалім оқу­шыларға қолдану деңгейінің жұ­мыс­тарын таныстырады. Онда жаңа білімді тәжірибеде, жаңа жағдайда ше­ше алу үшін болжам жасалады. Айталық, оқу­шылар аталған деңгейде өлең қандай сарында жазылғандығын, тіпті Махам­беттің «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңін ақын қандай поэтикалық тілмен су­реттегенін де біліп үлгереді.

Талдау

Осы қол­дану деңгейінен кейін оқушылар тал­дау деңгейіне көшеді. Алған білімнің жіктелуі, негізгі түйінді аңғару, бүгінмен байланыстыра отырып бөліктерге бөлу, ай­қындау сияқты кәсіби талдауға нық қа­дам­дар жасала бастайды. Онда өлең құрылысына талдау да жүргізіледі. Тіл көркемдігіне, яғни эпитет, теңеу, аллите­рация, ассонанс, гиперболаны мә­тін­нен табу да бір ғана сабақ барысында қайталанып өтеді. Мұның барлығы баланың шығармашылығын дамытуға мол пайдасы бары айтпаса да түсінікті.

Жинақтау

Сабақтың соңғы күрделі кезеңі – жи­нақтау және бағалау кезеңі. Жинақтау деңгейінде оқушы дара болжамдардың тұтас бір ұғым тудыруын анықтайтын дә­ре­жеге жетеді. Өлеңдегі негізгі ой­дың қалай берілгендігі, ақынның асыл ойларының арқауы неде, тіпті Махам­бет­тің орнында өзің болсаң не істер едің, не дер едің деген сұрақтарға жауап ізделеді.

Бағалау

Ал ,соңғы бағалау деңгейінде оқу­шы­лар өз жұмыстарын өздерінше бағалап, ше­шім қабылдап, ой қорытындысын шы­­­ғарады. Осы кезеңде әр оқушы Махамбеттен ұнатқан бір-бір өлеңдерін жат­қа айтып өтеді. Тіпті әр топтан шы­ғармашыл оқушылар «Махамбетше жыр­ла­сам» деген тақырыпта өздері де өлең жа­зып оқып береді. Тұтас сабақтың әр дең­гейінде Махамбеттің өзін-өзі сипат­тайтын, тұлғалайтын ғажап теңеулері бала­лардың қиялын қарыштатып, санасын шексіз кеңістікпен ұштастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет