30
арасындағы ара қашықтық маңызды аз барлау сызықтарының арасындағы
ара қашықтыққа қарағанда. Көбінесе гипсометриялық графиктер бірінші
жоғары жатқан деңгейжиектер бойынша салынады, содан соң біртіндеп
дәйектілікке төмен жатқан деңгейжиектер бойынша,
толық барланған
бөліктерден аз барланған бөліктерге қарай.
Сурет 6.2. Беттің изосызықтарын профильдер тәсілімен құру
Топографиялық қатар беті аналитикалық
Z = f (X,У) функциясы
арқылы көрсетіледі, ол шектілік, бір мағаналық, үздіксіз
қасиеттеріне ие
болады.
Ол беттердің графикалық бейнеулерімен математикалық әрекеттерді
атқаруға болады: қосы, алу, көбейту, бөлу, түбір астынан алу, дәрежеге
көтеру, дифференциялау, интегралдау.
Бұл математикалық әрекеттер тәсілін негіздеген және оңдеген П.К.
Соболевский. Топографиялық беттермен математикалық әрекеттерді жасау
арқылы тау-кен және тау-кен-геометриялық көптеген тәжіриебелік есептері
шығарылады. Егер екі Р = f(X,У) және Т =
(X , У)
функционалды
байланыстармен берілген беттер барлық жоғарыда
айтылған қасиеттерді
қанағаттандырса, онда математикалық әрекеттерінің нәтижесінде табылған
бет топографиялық қатар беті түрінде бейнеленеді. Топографиялық
беттермен математикалық әрекеттер жасау үшін олар бірдей координат
жүйесінде, бірдей масштабта, бір проекция жазықтығында бейнелеулері
керек және қосу мен алу кезінде беттердің изосызықтары бірдей қима
биіктігі
арқылы жүргізілгендері жоң болады. Одан басқа беттер мөлдір қағаз бетінде
салынған қажет. Осы аталған жағадайлар есепті шешуді жеңілдетеді және
жылдамдатады.
Топографиялық қатар беттерді қосу және алу
Екі беттің қосындысы топографиялық қатар беті болып саналады.
Беттерді бір-біріне қосқан кезде келесі жағдайлар болу мүмкін:
- беттерді бір-бірінің үстіне келтіргенде олардың изосызықтары бір-
бірімен қиылысып төртбұрыштарды құрады;
- изосызықтар қиылыспайды, бірақ бір жаққа немесе қарама қарсы
31
бағытталады;
- изосызықтар қиылысу кезінде күрделі пішінді болады.
Екі бетті бір-бірінің үстіне келтіріп, қандай
жағдаймен жұмыс атқару
керек екенің анықтаймыз, содан соң олардың үстіне үшінші бетті бейнелеу
үшін арналған мөлдір қағазды бекітеміз.
Планның барлық шегі немесе жеке бөліктері бойынша топографиялық
беттерді алу кезінде беттерді қосу кезінде сияқты жағдайлар болулары
мүмкін. Әрекетті орындау тәртібі қайталанады. Егер изосызықтар қиылысса,
онда беттердің қиылысу нүктелерін белгілейді және сол нүктелердегі алу
арқылы сандық белгілерді табады. Бірдей белгілерді төртбұрыштардың
диагональ бойынша өтетін изосызықтармен қосып, алу амалы нәтижесінде
үшінші беттің изосызықтарына ие болады. Бірінші және екінші жағдайларда,
изосызықтар қиылыспағанда немесе планда күрделі пішін пайда болғанда
беттерді бір-бірінен алу амалын олардың үстіне мөлдір қағазды келтіреді де,
тор төбелерінде бір беттің белгілерінің басқа беттің белгілерің алады.
Изосызықтардың барлық қиылыстарында бір
уақытта алу амалын орындап
бүтін
сандарды
анықтау
қажет.
Содан
соң
әдетті
тәсілмен
интерполяциялауды жүргізіп алу нәтижесінің беті құрылады.
Беттерді бір-бірінен алу амалы келесі жағдайларда қолданылады,
мысалы:
- жердің күндізгі бет негізінде қыртыс төбе бетің және изотереңдіктер
графигі;
- төбе беті негізінде қыртыс табан беті мен изоқуаттар графигі;
- жоғары жатқан тақта табан беті негізінде төмен орналасқан тақта төбе
беті мен тақта арасындағы изоқуаттар графигі.
Достарыңызбен бөлісу: