Курстың мақсаты мен міндеті



бет10/23
Дата01.04.2022
өлшемі71,83 Kb.
#29585
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Дәріс

Ситуациялық әдіс жоғарыдағы кездейсоқтық әдіске ұқсас болып келеді . Мұнда мұғалім белгілі бір жағдаяттар (ситуациялар) туғызып , оның шешімін табуды оқушылардың өздеріне жүктейді. Оушылар шешімінің біреуін немесе бірнешеуін тауып ,соның ішінде дұрысын табуға тырысады. Мысалы , сөз тіркесі мен күрделі сөздердің , қабысуы мен жанасудың ерекшеліктерін анықтауда ситуациялық әдіс тиімді болмақ.

Дидактикалық ойындар әдісі көп түрлі болып келеді . Олардың ортақ қасиеттері ойын элементтерін қолданылуымен сипатталады. Ойын дегеніміз оқушылардың шабытына негізделген, олардың эмоциялық сезімін дамытатын іс-әрекет жүйесі екені белгілі. Сабақ барысындағы ойын оқушылардың тақырыпты игеру ынтасын жарысу, бәсеке түрінде дамытуды көздейттін дидатикалық мақсат болып табылады . Мысалы , «сөз жоғалту», «жалғауды іздестіру», « мәтінді қалпына келтіру», «сөз сыңарын табу» т.б. толып жатқан ойын түрлері бар .Оқушыларға шағын сабақ бергізу әдісі . Бұл әдіс сабақты жақсы үлгеретін оқушылардың теориялық ойлауын дамыту мақсатында қолданылады. Мақсаты – оқушы тақырыптың негізгі белгілерін айқын танып , оны жолдастарына түсінікті де ұғынықты етіп жеткізу әдістерін іздеп табуы болып саналады. Мысалы , сан есімнің септелуін тақырып етіп алып, мұғалім өзі түсіндірген сабақтан соң , оқушыға шағын сабақ беруді тапсырады. Жақсы үлгеретін оқушы сан есімнің заттануы , сөйтіп түрленуі туралы мұғалімнен алған білім мен оқулықтан алған мәліметтерін жоспарға түсіру керек . Жолдастарының деңгейін жақсы білетіндіктен , оқушы мұғалім «қалай түсіндірсем меңгерте аламын « дегенді ойланады. Шағын сабақ 10-20 минуттан аспайды . Шағын сабақ беру оқушылардың шығармашылық ойлануының қалыптасуына игі әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет