Егерде оқушы жоғарыда аталған дағдыларды өз ана тілінде меңгерген болса, онда ол дағдыларды екінші тілде қолдану оңайға түседі. Тілдік деңгейлерінің төмен болу себебінен бұл дағдыларды қолдану екінші тілде кей жағдайларда қиынға түседі. Сол себепті мәтінді оқымас бұрын ішіндегі қажетті сөздер алдын ала түсіндірілуі қажет.
Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін пайдаландыру мақсатында сабақтың кіріспе бөлімінде жаттығулар ұйымдастыруға болады. Жаттығулар мәтіндегі суретпен немесе тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болу мүмкін. Сонымен қатар миға шабуыл жаттығуын да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идеялар, сөздер немесе оқушылардың тәжірибесін тақтаға жазу, кейін оқып болған соң салыстыру.
Сонымен қатар мәтін оқушылардың жасына, тілдік дейгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алыған мәтін оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі сөйлем құрылыс тым күрделі болса, онда ол оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін.