Курстың мақсаты мен міндеті


Оқылым алдындағы тапсырма



бет22/23
Дата01.04.2022
өлшемі71,83 Kb.
#29585
түріПрактикум
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дәріс

1.Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ащуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

2.Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

3.Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді,мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы керек. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.
16. Жазылым

Жоспары:



  1. Жазылым туралы түсінік. Жазылымның ішкі дағдылары: сауаттылық, идеяны (ойды) жеткізе білуі.

  2. Сауаттылыққа қатысты дағдылар: әріптерді дұрыс және қосып жаза білу; қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу; сөздерді дұрыс таңдай білу; сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу;

  3. Ойын жеткізе білуге қатысты дағдылар: Мәтін түрлерінің ерекшеліктерін қолдана білу және мағынасын жеткізе білуде қажетті функцияларды пайдалана білу.

Жазылым төрт дағдылардың бірі және ол өндіруші дағдылар қатарына жатады. Яғни өндіруші дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Қарапайым тілмен айтқанда, жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз.

Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.



Әр жазылымның өзіне сай ерекшелігі болады. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); қағаз бетінде орналасу тәртібі; ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет