Курстың мақсаты



бет26/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Ресми емес топ-мүшелерінің заңды түрде жағдайы мен мінезі белгіленген топ.
Топтың дамуына қарай түрлері: диффузды топ, ассоциация, корпорацияы болып.
Диффузиялық топ- топтағы адамдардың өзара қарым қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне байланыссыз - ақ жүзеге асуымен болатын топ түрі.
Ассоциация- мүдделері тоғысқан күрделі топ.
Корпорация- ассоциациялық негізде дамитын жеке мүдделерге сәйкес қатынаста құрылған топ түрі.
Топтың құрылымдық тұтастығына қарай түрлері: алғашқы топ пен екінші топ жатады. Алғашқы топ- ресми ұйымның бірінші құрымдары болып табылатын формалы топ болады.. Мысалы, бригада, бөлім. Екінші топ- орта топ қатарына жатады. Кіші бөлімдерден құрылған орта топ жатады.
Референттік топ әртүрлі деңгейдегі топтардың біреуіне ғана ерекеше қастерлеп, қадір тұтып, жүрек калауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қуаттайды.
Топтағы адамдары танып-білу, баскаруы "психологаялық үйлесім" ұғымымен де тығыз байланысты. Психологиялық үйлесім-бұл ұжымдағы ортақ істің табысты болуына ондағылардын өз кызметінен рахатг ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай.
Ал, мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреудің харекетін екіншісі ұнатпаған жағдайы, тіпті ақылға сыйымды нәрсенің өзі де қолдау танытпауы, біреуі екіншісін түсінбеуі, көзқараспен сенім бірлігі, мүдделермен мінез бітістерінің қарама-қайшылығы да үйлесімсіздікке себеп болады. Егер адам шамадан тыс қазымыр, тұйық, не беймаза, тәкаппар, не өркөкірек болса, топтағы адамдармен дұрыс сыйыса алмайды. Халқымыз "қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ" деп осындайларды айтқан.
Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" топ мүшелерінін өзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілікті түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдің орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңіл-күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Білек сыбанған кұлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ, өзара сыйластык, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда еңсені басар ауыртпалық сезілмейді. сары уайым, жабырқау түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, творчестволық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет