Курстың мақсаты



бет24/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Комуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Интеракция – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция – адамдардың бірін – бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Қарым-қатынас жасаудағы өзіндік мәнге ие тағы да бір қатар тұлғаның сөздік ерекшеліктерін атап өтуге болады.Адамдар сөздік және бейсөздік құралдар арқылы қатынасқа түседі.Соның ішінде адам дауысы жетекші рөл атқарады: Адам дауысының вокалды қасиеттері, диапазоны, ырғағы, экстролингвистикалық жүйеге жататын сөз темпі, паузалар, күлкісі т.б.

6 дәріс. Топ және ұжым психологиясы.


1. Топтар және оның классификациясы
2. Топтың түрлері

3. Ұжым –топтың ең жоғары түрі



Қарым-қатынас "топ" ұғымымен тікелей байланысып жатады. Топ –қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі. Топ – жалпы белгілерге, бірлескен іс-әрекет түрлеріне немесе бірлік ұғымына бара-бар ұқсас жағдайлардағы өмір сүру бірлігі.
Топтар жіктеліну: кіші, орта, үлкен болып қарастырылады.
I. Кіші топ (шағын топ)-шағын адамдар (2-40 аралығы) бірлігінің өзара жеке байланыспен өзараәрекеттестікте болуы.
Кіші топ (шағын топ)-- біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым-қатынаста эмоционалдық сипаттары болып, қатынасына сай өз әрекетін реттеп отыратын, өз қызығушылықтарында жалпы нормаларды бөлісетін, тұтас жүйеде роль орындауға қатысатын және әрбімнің өз орны бар, әрі топты қанағаттану көзі деп есептейтін, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі. Әлеуметтік тұтастықта белгілі бір белгілермен: құрылым, даму денгейі, әлеуметтік немесе таптық жағдайыіс-әрекетті орындау сипаты, композициясында ерекшеленеді. Мұндағылар бірін-бірі жақсы біледі, топ алдында тұрған ортақ міндетті орынлау кезінде өзара қоян-қолтық қатынасха болды.
Шағын топ мүшелерінің саны екі-үш адамнан құралып, өрісі 30 - 40 адамды құрай алады. Оған жататындар: отбасы, өндірістік бригада, ұшақ, ғарыш кораблінін экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, білім беру мекелелеріндегі сынып, топтар жатады. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына — шек қойылмайды. Әркім топтағы кез-келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі, оның бір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары тұрақты сипат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет