Жеке бастың қарым-қатынастары негізінен моральдық нормалар белгілейді де, әдетте, мүдделер ортақтығымен, екі жақты ықыласпен, құрмет сезімімен байланысты болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы ерекшеліктеріне байланысты. Нақты өмірде қарым-қатынастардың бұл екі түрі бір-бірінен онша алшақтамайды.
Топта кімнің танымал екендігіне қарап, онда қандай қасиет қадірлі саналатынын білуге болады. Мысалы, рухани байлықты бағалауға бейімі аз кластарда қолға түсе бермейтін қымбат заттары бар оқушылар танымал болуы мүмкін.
Қарым-қатынастар адамдардың бір-біріне ықыласының тереңдігі мен сырластығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Таныстардың, достардың, жолдастардың қарым-қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде Аристотель достықтың үш түрін: достың игілігі үшін, өзі қанағат табу үшін және өзара пайдакүнемдікке негізделген достық деп белген еді. Адамдар тек қана таза достық аясындағы ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынастардың басқа түрінде де бір-бірімен қарым-қатынас тереңдігі, мазмұндылығы, сырластығы әр түрлі жағдайда араласуы мүмкін. Қарым-қатынастардың ең терең түрі — бір-бірін сүйген адамдардың арасында болады.
№7 дәріс. Жеке адам. 1. Жеке адам туралы психологиялық түсінік
2. Жеке адам құрылымы.
3. Жеке адамның белсенділігі
1. Жеке адам туралы психологиялық түсінік Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адам түсінігі көп жоспарлы. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек;оның қандай ортаның өкілі екенін айыру;оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек.