Шағын топ түрлері: формалы (ресми), формасыз (бейресми) болады.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипатағы іскерліктіорнататын топ түрі. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті қажет етеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық: бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы ықтимал. Ол іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етіп, оның табысты болуына залалын тигізеді.
Формасыз (бейресми) топ - бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туатын ресмилікті қажет етпейтін топ түрі. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату біріне-бірі бауыр басу ерекше байқалады.
II. Орта топ-адамдардың көп бірлігінің жанама өзараәрекеттестік функцияда болуы.
III. Үлкен топ- көпшіліктегі адамдар бірлігінің бір-біріне әлеуметтік-құрылымдық тәуелділікте болуы. Белгілі бір іс-әрекетке тартылған адамдардың едәуір тобымен күрделі, шартты ұйымдасқан топ. Оған: білім беру мекемелері, завоз, фабрика, этнос, саяси, кәсіподақ және т.б. ұйымдар бірлестіктері жатады.
Топ объективизм тұрғысында екіге бөлінеді. Олар: шартты, нақты топ болып. Шартты (наминальды) топ–қысқа мерзім ішінде нақты міндетті атқаруда құрылған, белгілі бір атауы болмайтын топ топ.
Нақты топ-нақты өмір сүру белгілері: жынысы, туысқандық, некелігіне т.б. белгіленген және ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір-бірімен қоянқолтық араласын, іс-әрекетке түсетіндер.
Ресми тәртіптік белгілеріне қарай топ түрлеріне: ресми, ресми емес топ жатады.
Ресми топ-топ мүшелерінің заңды түрде жағдайы мен мінезі қатаң белгіленген топ. Ресми қарым-қатынастары құқықтық және моральдық (мұның үлесі аздау) нормалармен белгіленеді. Моральдық нормалардың арасынан алдымен қызмет бабына байланысты туындайтын талаптардың ролі үлкен.